
- •1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың теориялық негіздері
- •1.1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселелерінің теориялық зерттелуі
- •1.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мәні
- •1.3 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы интеграциялық байланыстың орны және дүниетану пәнінің мүмкіндіктері
- •2 Оқушылардың дүниетанымын интерграциялық байланыс негізінде қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік эксперимент
- •2.1 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымының қалыптасу деңгейінің диагностикасы
- •Сауалнама нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалды:
- •Диагностикалық эксперименттің әдістеме бойынша нәтижелері
- •1 Кесте
- •2.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі
- •Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың жолдары
- •Дүниетану, 4-сынып
- •Дүниетану, 4-сынып
- •Дүниетану, 4-сынып
- •4) Экологиялық ұғым берудегі бейнелеу өнері арасындағы байланыстар:
- •5) Экологиялық ұғым берудегі музыка пәнаралық байланысы:
- •6) Экологиялық ұғым берудегі еңбек сабағымен пәнаралық байланысы:
- •7) Экологиялық ұғым берудегі денешынықтыру пәнаралық байланысы:
- •2.3 Интегациялау арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру экспериментінің нәтижелілігі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •1. «Қорғалжын тобы»
- •2. «Марқакөл» тобы
- •3. «Барсакелмес» тобы
- •4. «Наурызым» тобы
Дүниетану, 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың мақсаты: Шөлді жердің өсімдігі мен жануарларының
өсіп-өну жағдайлары, бейімділігі туралы
түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Оқушылардың бұрынғы игерген білімдерін толықтыра отырып, олардың ойлау қабілетін арттыру.
Қоршаған ортаны қорғау және сақтауға баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі.
Сабақтағы көрнекіліктер: Шөл өсімдіктері мен жануарларының суреттері, сөз тіркестері, біріккен сөздер, кесте, Қазақстан Республикасының физикалық картасы.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: І. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
дала өсімдіктері мен жануарлары туралы сурет салу.
өз жерінде өсетін дала өсімдігі мен жануары туралы материал жинақтап, оның бейімделу ерекшелігін зерттеп келу.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Қуаң далаға қандай жерлер жатады?
Көктемде, жаз және күзде даланың көрінісі қандай болады?
Өздерің тұратын жерде өсімдіктің қандай түрлері өседі және қандай жан-жануарлар тіршілік етеді?
IV. Жаңа материалды игеру.
1. – Балалар, шөл дегеніміз не?
- Бұл сөзді қатыстырып қандай сөз тіркестерін жасауға болады?
шөлді жер шөлдеп қалдым шөлейтті жер
шөл дала шөлді жердің шөбі шөлім қанды
2. Жаңа материалды хабарлау. Шөл өсімдіктері мен жануарлары.
Қазақстан Республикасының физикалық картасы көрсетіледі.
- Қазақстанның шөлейт жерлері Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Бұл жердің ауасы құрғақ, жауын-шашыны аз. Жазы ыстық, қысы суық. Аязды күндер көп болады. Жазда өзендердің көбі кеуіп кетеді. Тұрақты ағатын өзендері – Жем, Ойыл, Торғай, Сарысу, Аягөз.
3000-нан атам көл бар. Олардың көпшілігінің суы ащы болады. Шөл далада өсетін өсімдіктердің тамыры ұзын болады. Неліктен деп ойлайсыңдар?
Шөл даланың түрлері кесте бойынша түсіндіріледі:
Түрлері |
Құмды шөл |
Сортаңды шөл |
Сазды шөл |
Тастақты шөл |
Ерекшелігі |
- өзендер мен көлдердің орнында пайда болған - беті құрғайды, асты ылғал |
-қарлы даладай аппақ болады; - су топырақтың үстіңгі қабатында жатыр, үнемі буланып, жер бетіне тұз ала шығады |
- құмды шөлдердің арасында жатады |
- жалаңаш, құлазып жатады; - Қазақстанда онша көп емес; - тастар көп жатады. |
Орналасқан жерлері |
Қызылқұм, Арал маңы, Қарақұм, Мойынқұм, Сарыесік, Атырау және Каспий маңы (Нарын, Тайсойған, Қарақұм т.б.) |
Үстірт |
Үстірт, Бетпақдала, Сырдария өзенінің оңтүстігі |
Сарыарқа оңтүстігі, Бетпақдала шығысы, Үстірт, Қызыларай сілемі |
Өсімдіктері |
Селеу, өлеңшөп, боз жусан, қоңырбас, құм түймедағы, сексеуіл |
|
Жусан, бұйырғын, ши, селеу, қыңырбас |
Қалың бұталар – тоғай, тікенекті жиде, жантақ, шеңгел |
Жан-жануарлары |
Сарышұнақ, қосаяқ, құм тышқаны, құм қояны, қарсақ, қасқыр, бүркіт, бозторғай, күзен, қарақұйрық, ақбөкен, жылан, бүйі, қарақұрт, кесіртке, қосаяқ, сарышаян, бұлдырық, тасбақа, кірпі, т.б. |
|||
Шаруашылығы |
Өсімдік шаруашылығы: көкөніс, бақша, егін Мал шаруашылығы: қой және жылқы, түйе |
|||
Қорықтар |
Барсакелмес (1939), Үстірт (1984) мемлекеттік қорықтары бар |
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар тізбектей оқиды.
Мәтін соңындағы сұрақтар қойылады.
Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріне біріккен сөздер оқулықтан, кестеден теріп жазып алынады: Қызылқұм, бозторғай, тасбақа...
Селеу өсімдігі мен ақбөкенге сипаттама беріледі.
Шөл дала өсімдіктері мен жануарлары туралы жұмбақ беріледі:
Ұшарымды жел біледі,
Қонарымды сай біледі.
(Қаңбақ)
Маң, маң, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан
Бұл қай жануар?
(Түйе)
V. Сабақты қорытындылау.
- Шөл жағдайындағы өсімдіктердің қандай маңызы бар?
- Шөлді жердегі өсімдік пен жануарлар дүниесін қорғау үшін қандай жолдарды іздестірер едің?
- Шөл жануарлары шөл жағдайларына қалай бейімделген?
- Шөл өсімдіктері мен жануарлары арасындағы өзара байланысты түсіндір.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: кесте бойынша дайындалып келу. Сурет салу.