
- •1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың теориялық негіздері
- •1.1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселелерінің теориялық зерттелуі
- •1.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мәні
- •1.3 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы интеграциялық байланыстың орны және дүниетану пәнінің мүмкіндіктері
- •2 Оқушылардың дүниетанымын интерграциялық байланыс негізінде қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік эксперимент
- •2.1 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымының қалыптасу деңгейінің диагностикасы
- •Сауалнама нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалды:
- •Диагностикалық эксперименттің әдістеме бойынша нәтижелері
- •1 Кесте
- •2.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі
- •Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың жолдары
- •Дүниетану, 4-сынып
- •Дүниетану, 4-сынып
- •Дүниетану, 4-сынып
- •4) Экологиялық ұғым берудегі бейнелеу өнері арасындағы байланыстар:
- •5) Экологиялық ұғым берудегі музыка пәнаралық байланысы:
- •6) Экологиялық ұғым берудегі еңбек сабағымен пәнаралық байланысы:
- •7) Экологиялық ұғым берудегі денешынықтыру пәнаралық байланысы:
- •2.3 Интегациялау арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру экспериментінің нәтижелілігі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •1. «Қорғалжын тобы»
- •2. «Марқакөл» тобы
- •3. «Барсакелмес» тобы
- •4. «Наурызым» тобы
1.3 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы интеграциялық байланыстың орны және дүниетану пәнінің мүмкіндіктері
Әлемдік ғылымда табиғатқа, қоғамға және адам ойының дамуына ғылыми көзқарас бірнеше ондаған ғылымдар шеңберіндегі білімдер жиынтығы негізінде қалыптасады. Ал шынайы ғылыми жүйеден туындаған білім өмірлік қоғамдық құбылыстарды дұрыс танып білуге мүмкіндік беретін әр түрлі пәндердің қосындысынан құралады. Сондықтан оқу жоспарындағы барлық пәндер осы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған жағдайда ғана оқыту процесі тиімді деңгейге көтеріле алады. Бұл оқыту процесінде интеграциялық байланысты жүзеге асыруды қажет етеді.
Осы орайда интеграциялық байланыс проблемасының философиялық, психологиялық, педагогикалық бағыттарын анықтау арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесін зерттеу қазіргі дидактиканың маңызды бағыты деп есептеуге болады.
Интеграциялық байланыс – күрделі және көп жақты проблема. Оның философиялық көзі ғылыми білім мен ғылымдар интеграциясы проблемасынан келіп шығады. Интеграция - ғылымның даму тарихында бұрыннан келе жатқан проблема. Ғылыми білімнің бірлігі туралы идея ертедегі ойшылдар еңбектерінде орын алған. Бұл проблеманың философиялық негізін ойшылдар Платон, Аристотель, И.Кант, Г.Гегель, Д.И. Менделеев, Эйнштейн, И.П. Павлов, Н.Винер, Д. Берналь т.б. әр қырынан шешуге тырысты. Сонымен қатар Н.И. Вавилов, И.И. Шмальгаузен, В.А. Амбарцумян, А.И. Берг, М.А. Марков т.б. ғалымдар арасындағы байланыс мәнін ашу мәселесіне назар аударған.
Классикалық педагогикада Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская, Ы. Алтынсарин т.б. ғалымдар еңбектерінде итеграциялық байланыс идеясы көрініс тапты.
Жоғарыда аталған ғалымдар еңбектерінің интеграциялық байланыс мәселесін жете түсінуде, оны жан – жақты ашып көрсетуде маңызы зор. Мысалы, оқу материалын меңгеруде пәнаралық байланыстың қызметі туралы (П.Г. Кулагин, Н.П. Черкас – Заде, Э.С. Радлов тағы басқа), интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру туралы (Т.К. Александров, Н.А. Лошкарева, Г.И. Батурина тағы басқа), пәнаралық байланыстың әдіснамалық негізін (М.Д. Зверев, В.Н. Максимова), пәнаралық байланысты оқушылардың дүние заңдылығын танып – білуге құштарлығын арттыруға әсері жөнінде (Н. А. Чурулин, В.В. Моткин) пәнаралық байланысты оқу процесін үйлесімді ұйымдастырудың бір тәсілі ретінде (А.А. Меркулова) ғылыми зерттеулерінде қарастырады. Пәнаралық байланыстың тәрбиелік мәніне Г.И. Беленький, И.Д. Зверев, В.М. Коротов, В.Н. Максимова еңбектерінде көңіл бөлінген.
Соңғы жылдары бұл мәселемен философтар А.Н. Аверьянов, К.М. Кедров, П.В. Копнина, С.Т. Мелюхина, П.Н. Федосеев, М. Чепиков, М.П. Берулава және тағы басқа шұғылданды.
П.Н. Федосеевтың пікірінше, ғылыми танымның даму диалектикасы білімнің дифференциясы мен интеграциясының өзара тәуелділігіне байланысты [5,4-б].
М.Г. Чепиков өзінің зерттеуінде ғылыми білім мен ғылымдар интеграциясының маңызын қарастырып, төмендегі жағдайларды ұсынады:
ғылыми білімнің интеграциясы жаңа жағдайда тенденциядан заңдылыққа айналады;
ғылыми білім мен ғылымдар интеграциясы табиғаттағы құбылыстар мен процестердің жалпы материалдық дүниенің бірлігін құрайтын обьективті негізге ие болады;
ғылыми білімнің интеграциясы әр түрлі жолдармен (ғылымның ұғымдық және категориялық аппаратының үйлестірілуі, әдістердің өзара байланысы т. б.) жүзеге асырылады [6,5-6-б]
Сонымен ғылымдардың өзара әрекеті мен байланысы, ғылыми білім синтезі процесінде дүниенің бірлігін қалыптастыру принципі үлкен рөл атқарады деуге болады. Осыған орай, интеграциялық процестер пәнаралық, пәнішілік сипатқа ие.
Латынша сөзінің қазақша мағынасы қайта құру,толықтыру дегенді білдірсе,сөзі «бүтің»деген мағынаны білдіреді.Соңғысы екі мағынада қолданылады
бөліктерді бүтінге біріктіру
бір типтес қоғамдық құрылыстағы екі я одан да көп мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарын біріктіру,бір-біріне ыңғайластыру процесі.
Оқыту процесіндегі интеграциялық байланыс идеясы педагогикалық ой – пікірдің дамуында педагогтарды толғандырған. Олардың зерттеулерінде мынадай ой – пікірлер мен көзқарастар кездеседі: “Егер біз дүниетанымдық көзқарас негізін қалыптастыратын болсақ, онда бытыраңқы білім бермей, олардың арасында белгілі байланыс жасауымыз керек”, «Өзара байланыстының барлығы сол күйінде оқытылуы керек» және т.б.
Қорыта келгенде, бұл зерттеулерде интеграциялық байланыс оқушының оқу, еңбек, іс - әрекетін, оқу – мен тәрбие бірлігін дүниетанымдық негізде қамтамасыз ететін әдіснамалық қағида ретінде қарастырылған.
Тарихи шолу жасағанда интеграциялық байланыс проблемасы ғылыми зерттеулерде жалғасын тауып келе жатқаны белгілі.
50-ші жылдың соңында оқытудың политехникалық аспектісінің тереңдеуімен интеграциялық байланыс жалпы және политехникалық білім арасында көрініс тапты.
Пәндер арасындағы байланыс теориясының дамуына Ш.Г. Ганелиннің басшылығымен ғалымдар зор үлес қосты. Осы проблема бірізділік принципін жүзеге асыру негізінде оқу әрекетін белсендендіру тұрғысынан қарастырылды.
Қазақстанда педагог – ғалымдар (Р.Г. Лемберг, Т.М. Иванов, А.А.Бейсенбаева және т.б.) интеграциялық байланыс проблемасын жан – жақты дидактикалық, философиялық, педагогикалық тұрғыдан бүгінгі күнге дейін ерекше ғылыми бағыт ретінде зерттеп келеді.
Ғалым – педагог А.А. Бейсенбаева пәнаралық байланысты педагогикада біржақты оқыту процесінің дидактикалық қағидасы ретінде қарап келгендігін айта келіп, қазіргі ғылымдардың интеграциялану бағытына сай пәнаралық байланыс педагогиканың әдіснамалық негізіне алынатындығын ғылыми теория ретінде дәлелдеді [19,6-7б]
Сонымен қатар пәнаралық байланыс проблемасын Қ. Мұқанов, С. Мұсабеков, Р.Б. Лотштейн, М.Ә. Құдайқұлов, И.М. Горбачев және тағы басқа зерттеді. Олар өз еңбектерінде мұғалімдерді пәнаралық байланысты жүзеге асыруға дайындау мәселесіне назар аударды.
Қазіргі уақытта педагог – зерттеушілер «интеграциялық байланыс» ұғымының мазмұнын, дидактикалық категориялар арасындағы орнын, пәнаралық байланыстың оқыту жүйесіндегі білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндетін жүзеге асырудағы ролін ашып көрсетумен шұғылдануда.
Осы орайда психология, педагогика ғылымдарының жетістіктеріне сәйкес «и н т е г р а ц и я л ы қ б а й л а н ы с» ұғымының мазмұнын анықтау мақсат етілді.
Интеграциялық байланыс ұғымын «байланыс» ұғымына жинақтау, оның ғылыми анықтамасын беруге мүмкіндік туғызады. Түсіндірме сөздікте байланыс бір нәрсенің бірліктегі тәуелділік қатынасы ретінде анықталады. Философиялық әдебиеттерде байланыстың қарама – қарсы жағы шек қою (заттардың, процестердің, құбылыстың басқалардан айырмашылығы) деп көрсетілген. Байланыс және шек қою өзара бірлікті құра отырып, «қарым - қатынас» ұғымының екі жағы болып табылады. Қарым – қатынас құрылымы, алдымен, өзара байланыс пен шек қою жағдайында болатын заттардың жиынтығы деп анықталады.
Зерттеу жұмысында педагог – ғалымдардың интеграциялық байланысқа берген төмендегідей анықтамалары басшылыққа алынды:
«пәнаралық байланыс – мұғалім мен оқушының арасындағы іс - әрекеттер жүйесі» (П.Г: Кулагин);
«пәнаралық байланыс - оқыту процесін жүзеге асырудың дидактикалық шарты» (И.Д. Зверев, В.Н. Максимова);
«пәнаралық байланыс – білім беру мазмұны ерекшелігінің бірі» (Н.А. Лошкарева);
«пәнаралық байланыс – оқушылардың ғылыми білім деңгейін көтеретін, ойлау қабілетін дамытудағы ролін, оларда ғылыми танымдық көзқарас қалыптастыру процесін жүзеге асыратын дидактикалық шарт» (А.В. Усова).
Бұл анықтамалардан педагог – ғалымдардың білім өзінің зерттеу мақсатына қарай «пәнаралық байланыс» ұғымының мәнін әр түрлі бағытта ашып көрсеткені байқалады.
Сондықтан жоғарыдағы ғылымдар арасындағы байланыс пен пәнаралық байланыс проблемасының мәніне жасалған шолу мынадай қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді:
педагогика теориясы мен практикасында пәнаралық байланыс проблемасы зерттелгенімен, пәнаралық байланыстың теориялық және іс – жүзіндегі қолданылатын аспектілері әрі қарай дамытуды қажет етеді;
философияда дүниенің бірлігін қалыптастыру қағидасы табиғат, қоғам және адам ойы дамуының өзара үйлесімділігін объективті негізде айқындағандай, тәрбиеде де осы методологиялық қағида жеке тұлғаның дүниетанымын пәнаралық байланыс арқылы қалыптастыруда басты заңдылық болып табылады.
Сондықтан жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру үшін пәнаралық байланысты философиялық, дидактикалық, психологиялық негізде құрастырып, эксперименттік – тәжірибелік жұмыс жүйелі бағытта жүргізілді.
Біздің негізгі идеямыз бойынша бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру тұтас педагогикалық процесс ретінде оқыту процесінің маңызды қасиетін ескере отырып, пәнаралық байланыс негізінде құрылуы тиіс.
Интеграциялық байланыс дегеніміз шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым – қатынасты бейнелейтін педагогикалық категория [7,24б].
Интеграциялық байланыстың мақсаты – оқу – тәрбие процесі арқылы оқушыларды дүниетанымын қалыптастыру, оның тиімді әдіс – тәсілдерін, педагогикалық - әдістемелік мүмкіншіліктерін айқындау.
Интеграциялық байланыстың міндеттері:
ғылымдардың әдіснамалық қызметін атқаруды көздеу;
ғылымдардың бір – бірінен бөлшектенбей, ғылыми білімнің бір жүйеге топтасуын, басқаша айтқанда, интеграциялану тенденциясын жоғары дәрежеге көтеру;
білімнің, танымның, адамның психологиялық ойлауының жиынтығын көрсету;
«табиғат – қоғам - адам ойы» жүйесінде ғылымдардың интеграциялануын реттеу;
қазіргі қоғамның даму деңгейіне сай білім, тәрбие мазмұнына тірек болатындығын айқындау;
жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында оның өзіндік шығармашылық қабілетін дамыту.
Интеграциялық байланыстың мазмұны төмендегі мәселелерді қамтиды:
жеке пәндердің оқу материалын интеграциялық байланыс негізінде іріктеу;
бір – бірімен шектес байланысты интеграцияны тереңдетіп оқыту арқылы оқушыларда тұтас ғылыми түсініктерді қалыптастыру;
интеграциялық байланыстың тәрбиелік, білім берушілік, дамытушылық қызметін көрсету;
пәнішілік, интеграциялық және цикларалық байланыстарды жүзеге асыру жолдарын айқындау;
сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды интеграция негізде жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру;
интеграциялық байланыс негізінде оқу – тәрбие процесінің жаңа сапалық деңгейге көтерілуін зерттеуде психологиялық, педагогикалық, диагностикалық әдісті кеңінен қолдану;
оқыту процесінде интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жан – жақты мүмкіндіктерін белгілеу.
Осыған орай интеграциялық байланыс әдіснамалық – философиялық негізде қарастырылып, мынадай қағидалар топтастырылады:
адамзат арасындағы қарым – қатынастың объективті түрде болу қағидасы;
интеграциялық байланыс арқылы дүниетанымды қалыптастырудың диалектикалық негізде жүргізілу қағидасы;
оқушылардың танымдық іс - әрекетін үздіксіз ұйымдастыру қағидасы;
интегарциялық байланыс арқылы оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастыру қағидасы [7,18б].
Тағы бір көңіл аударарлық жай психологтар оқушылардың интеграциялық байланыс арқылы әр түрлі пәндердегі білімдерді қабылдауы олардың білімдерін бір жүйеге түсіріп, ақыл – ойына серпіліс туғызып, таным қызметіне шығармашылық сипат береді деп тұжырымдайды.
Пәнаралық байланыс психологтар И.М. Сеченов, И.П. Павлов, ашқан, кейіннен Ю.А. Самарин дамытқан оқушылардың ақыл – ой әрекетінің психологиялық, физиологиялық негізін, ми жұмысының жүйелік принципін ескергенде жүзеге асады.
Ю.А. Самариннің пікірі бойынша, оқыту процесінде пәндер арасында байланыс құру білімнің беріктігін қамтамасыз етудегі тұтас және жүйелі көзқарастарды қалыптастырудағы қажетті педагогикалық жағдай болып табылады. Ми қыртысындағы бұрынғы «іздерді» тірілту, жандандыру және үйлесімді сигналды әсерлерді бірнеше рет қайталау жолдары арқылы тұрақты ассоциацияға (психикалық – жүйелілік процестер арасындағы байланыстар) жетуге болады. Пәнаралық байланыс нәтижесінде мұндай қайталаулар, «тірілтулер, жаңарулар» болуы мүмкін. Жаңа ассоциациялық байланыстарды қалыптастыру процесінде тек қайталау ғана емес, жаңа жағдайда, әсіресе, «іздерді» тірілту жандандыру бағалы [9, 504б].
Қорыта келгенде, тұтас, жүйелі білімді қалыптастыру үшін пәннің мазмұнын интеграциялық байланыстың «ұрығын» анықтау қажет. Психологтар өздерінің зерттеулері арқылы оқу пәндерінің арасындағы байланыстың мәнін психикалық процестердің заңдылықтарымен дәлелдейді. Ол заңдылықтардың бірі – пәнаралық және ғылымдар жүйесінің арасындағы ассоциациялық байланыстар болып табылады.
Зерттеу процесінде интеграциялық байланыстың білім мазмұнына ғана емес, оқыту процесінің басқа да құрамды бөліктеріне ықпал ететіндігі анықталды. Әрбір ғылым адам ойы дамудың, танымның жемісі болғандықтан, жалпыадамзаттық құндылықтар білім мазмұнына алынуы керек деп есептеледі.
Осы орайда бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастырудың негізгі бір жолы – интеграциялық байланысты күшейту.
Интеграциялық байланыстың міндетті түрде жүзеге асырылуы арқылы оқушыға берілетін білімнің тиянақтылығын қамтамасыз етуге болатындығын алғаш А.Коменский айтқан-ды. Одан кейінгі дәуірде осы пәнаралық байланыстың психологиялық негізін құрған орыс халқының ұлы педагогі К.Д.Ушинский болды. Кейінгі кездегі совет педагогтері М.А.Данилов, В.В.Давыдов, Н.А.Лошкарева еңбектерінде де пәнаралық байланыс туралы тұжырымды пікірлер айтылды. 1960 жылдардағы жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнында біраз өзгеріс болып, оқушыларды тәрбиелеу, білім беру және дамыта оқыту міндеті де қойылды. Осы тұста да пәнаралық байланысқа үлкен мән берілді. Сондықтан да соңғы жылдары Қазақтың ғалымдары мен әдіскерлері оқушыларды дамыту жолдарының бірі ретінде пәнаралық байланысқа ден қойып, бұл саланы көбірек зерттеуге кірісті. Бұған Н.Оразханова,С.Мұсабеков, С.В.Илларионов, А.А.Бейсембаева, т.б. зерттеулері жатады [ 8,17б].
Бағдарламалық талаптарда интерациялық байланысты жүзеге асыру әр уақытта да назардан тыс қалған емес. Себебі пәнаралық байланыс арқылы берілетін білімнің жан-жақты меңгерілуі, білім сабақтастығы қамтамасыз етіліп, пәнді оқытудың тиімділігі артатыны белгілі.
Интеграциялық байланыс екі түрлі жолмен жүзеге асырылады. Бірінші – уақытылы байланыс, екіншісі – ұғымдық байланыс. Уақытылы байланыс әрбір бағдарламалық талаптарды іске асыру барысында берілетін жаңа ұғымды келесі пән бойынша алған, ұғыммен күнбе-күн байланыстырып отыру арқылы болса, ал ұғымдық байланыс - әр пәнді оқыту барысында олардың бәріне ортақ ғылыми ұғымдарды солардың бәрінде де қолдануға көңіл бөлу арқылы жүзеге асады. «Дүниетану» деген мағынаға ой жүгіртсек, «тану» сөзі қандай болмасын процестің тындырылған түрін түсіндіреді. Тындырылған процеске жету үшін немесе, екінші сөзбен айтқанда оқып, танып-біліп әрбір жаңа білімді меңгеру үшін мұғалім әрдайым осы танымдық міндетке қызмет етерлік әдіс қолданып, ұтымды жұмыс түрлерін іздестіреді. Сол арқылы оқушының ми қызметінің белсенділігін арттырып, ізденмпаздығын жетілдіреді. Соның бірі берілетін білімнің жүйелілігін жүзеге асыру, пәнаралық байланысты күшейту. Бұл үшін – оқылатын пәннің өз ішіндегі мәтін мазмұндарының байланыстылығымен қоса сол сыныпта оқылатын әрбір пәннің бір-бірімен байланысына көңіл бөлінеді. Бұл берілген ұғымды оқушының тиянақты меңгеруін қамтамасыз етуге көмектеседі. Байланысты күшейту үшін оқушының өмір тәжірибесі мен бұрын алған білімін жаңадан қабылдағалы отырған білімнің мазмұнымен байланыстырудың тиімділігі байқалды [7,30б].
Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімнің байланысының маңызын психологтар да ерекше атап көрсетеді. Баланың кез келген затты, құбылыс пен оқиғаны, сол сияқты әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін жете тану үшін алдымен оларды оқитын мәліметтері жайында түсінік қалыптастыру керек. Ол үшін бұрыннан белгілі таныс зат енді танығалы отырған затпен салыстыру, талдау, жинақтау арқылы олардың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындау, осы арқылы әр пәннен алған білімдерін байланыстыру іске асырылады. Мұғалімнің көздейтін мақсаты оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, тұтастығын сақтау болды. Сол сияқты ілесе отырып байланыстыру да жиі қолданылды. Кез келген пәнді оқыту барысында ұтырлы бөлімін тауып, сабақ желісіне басқа пән мазмұнындағы байланыстылықты, заңдылықтарды кіріктіре кету жүзеге асады [8,21б]
Пәнаралық байланыс кезінде педагогикалық ситуациялар жасалып, оқушылардың ой желісінің жалғасуына, ұғымды тиянақты меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады.
М.Жұмабаев «... суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтау білуі ес деп аталады», - деп еске анықтама береді де, еске сақтаудың білім алудағы өте жоғары ролін ашып көрсетеді. Ес болмаса, бүгін жаттағанын бүгін ұмытып тұрса, өмірінде адамның білімі артпас еді...» Ес болса ғана адам білімді бола алады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол болса, ой да терең болады»,-дейді [15,160б].
Ал. Т.Тәжібаев есті ең күрделі психологиялық процесс ретінде қарап, «Ес бұрын тәжірибеде қабылданған нәрселерді мида қалдыратын, жаңғыртатын және оларды кейіннен танып, еске түсіретін психикалық функциялар» екенін айтады. Бұл қағидаларға жүгініп отырған себебіміз – пәнаралық байланыстың қай түрі болса да, бала есінің тиянақтала түсуіне әсер ететіндігі. Бұрын оқып өткен мағлұматты не жаңа оқып отырған материалды басқа пән мазмұнымен байланыстыру арқылы қалайда естегі қалған ұғымды жаңғырықтыру, қайталау, тиянақтай түсу мақсаты жүзеге асады. Сонымен қатар оқушыларда білім негіздерінің (пәндердің мазмұны) бірлігі туралы пікір қалыптасады [16,117б].
Сол сияқты интеграциялық байланысты күшейтудің екінші жолы – арнайы жүргізілген кешенді топсаяхаттар. Мұндай жағдайда ана тілі пәнінің де, дүниетану пәнінің де мүддесіне жарайтындай мазмұнда ұйымдастырылған топсаяхаттар өте тиімділік көрсетті. Жыл мезгілдеріне байланысты топсаяхатқа шыққан оқушылардың табиғат туралы түсінігі кеңейіп, алған ұғымдары бекіп, нақтылы заттар мен құбылыстарды танып білсе, ана тілі сабақтарына байланысты табиғат тамашасына қызыға қарау, әдемілік пен сұлулықты сезіну сияқты эмоциялық әсерді де асыру жағы орындалады. Осы арқылы оқушылардың эстетикалық талғамы қалыптасады.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский пән аралық байланысты жете көрсетіп, оқушылардан үнемі оқыған заттары мен құбылыстарының ішкі және сыртқы байланыстарын ашуды талап етті. Оқудың қызықтылығы, тартымдылығы мен нәтижелігі сонда ғана қамтамасыз етіледі деп есептеді. Өйткені, қызығушылық бала сезімін кеңейтіп, тереңдете түседі, сол арқылы таным да тиянақты болады деп білген. [23,178б]
Әсіресе білім беруге арналған кешенді топсаяхаттар баланың әртүрлі затты, құбылысты, өсімдік пен жануарларды және адамдар арасындағы қатынасты нақты жағдайда көруін, олардың ішкі, сыртқы байланыстарын байқауын жүзеге асырады. Кешенді топсаяхаттың тиімділігін, әсіресе, уақыт үнемдей отырып, интеграциялық байланысты күшейтуге көмектесетіндігі Ю.К.Бабанский де атап көрсетеді. Осы жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып, бастауыштағы сауат ашу кезеңінің өзінде-ақ оқушылардың табиғатқа бақылау жүргізуін, байқағандарын әңгімелеп беруге төселуін көздей отырып, оның нәтижесін тек әліппені оқытуда ғана емес, дүниетаным сабақтарында пайдалану жүзеге асырылды.
ХҮІІІ ғасырдағы атақты педагог И.Г.Пестолоцийдің пікірі бойынша, балаға білім берудің табиғи жолы – сезімдік қабылдауға жол ашу екендігін айтып, оқыту барысында қолданылатын көрнекіліктер мен бақылау әдістеріне аса жоғары мән берген болатын [17,267б]. Сонан бері қаншама уақыт өтсе де, бұл әдістердің мәні төмендеген емес, педагог зерттеушілер назарынан тыс қалған да емес. Сол әдістерді кеңінен қолдануға негіз салатын дүниетану материалдарын оқыту және оның интеграциялық байланысын күшейту болды. Баланың танымы мен ойлану қабілетінің және ой-өрісінің дамуындағы, жекебас ретінде қалыптасуындағы табиғатты оқытудың маңызы туралы пікірлерді академик В.А.Сухомлинскийдің еңбектеріне көптеп кездестеріміз. Ол «... Балалардың сезіміне, түйсігіне, қиялына ықпал жасаңдар, шексіз әлемге деген терезені біртіндеп қана ашыңдар», - деп уағыздайды. Ғалым жас балалардың табиғат аясында ой еңбегінің де өркендейтінін, зор эмоциялық өрлеу кездерінде бала ойы ерекше айқын, ал есте сақтауы неғұрлым интенсивті түрде болатынына көз жеткізе білген [18,5б].
«Дүниетану» пәнінің мазмұны оқушыларды қоршаған өмірдің әр түрлі объектілері мен құбылыстарын зерделеуге бағытталған танымдық іс-әрекет әдістерімен және тәсілдерімен жүйелі түрде қаруландыруды қамтиды.
Пәннің оқыту мақсаты оқушылардың дүниеге біртұтас көзқарасын қалыптастыру және ондағы адамның орнын түсінуге көмектесу.
Пәннің оқыту міндеттері
табиғат объектілері мен құбылыстарының алуан түрлілігі, олардың қасиеттері, салалары мен күйлері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың арасындағы өзара байланысты, өзара тәуелділікті, олардың кеңістік пен уақыт бойынша өзгерістерін түсінуді қамтамасыз ету;
өзінің көңіл-күй ахуалына, денсаулығына деген дұрыс қатынасты тәрбиелеу;
өзінің іс-әрекетін ұйымдастыра алуға және өзін ұстай білуге үйрету;
оқушыларда адамгершілік, еңбек және эстетикалық мәдениет негіздерін қалыптасытру, оларды әлеуметтендіру;
экологиялық мәдениет пен ойлау стилін тәрбиелеу.
Өзінің мазмұны, қисыны және құрылымы жағынан пән мынадай елеулі ерекшеліктермен сипатталады:
біріншіден, «Дүниетану» - «Айналамен танысу» (1-2 сыныптар), «Табиғаттану» (3-4 сыныптар) пәндерін алмастырған мектептің бастауыш сатысындағы жаңа пән және ол «Адам», «Қоғам», - «Табиғат» деп аталатын үш ірі дидактикалық блоктан тұрады;
екіншіден, әрбір блоктың материалы білім мазмұнына жаңа түсініктер мен ұғымдарды жүйелі түрде енгізу есебінен сыныптан сыныпқа қарай күрделене түседі;
үшіншіден, адам алғаш рет әлеуметтік тұлға ретінде жеке оқылып, адамның сезім мүшелерінің қызметі мен маңызы, тілдің әлеуметтік ерекше ролі, ойлау, бақылау, тыңдау, оқу және ойға тоқу, басқаға айту, тәжірибе, дүниені зерделеу әдістері қарастырылады.
Бұл ұғымдарды меңгеруден алған білім, біліктері оқушының өзін-өзі тануына көмектеседі. Осыдан айналадағы дүниені зерделеп білуге мүмкіндігі бар екеніне оның көзі жетеді, сенімі артады.
«Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынас» (2-сынып), «Адам-табиғат перзенті» (3-сынып), «Адам- қоғам перзенті» (4-сынып) тақырыптарын зерделеу барасында оқушы өзін-өзі танып білуден біртіндеп адамның дүниедегі алатын орны мен рөлін түсінуге негіз салады.
Адам туралы бөлім «Табиғат», «Қоғам» дидактикалық бірліктерімен тығыз байланысып, мұндағы адамның басты құралы – еңбек деген идея пән мазмұнының өзекті арқауы боп тартылады. Адам – нақты дүниенің үш саласында басты тұлға – кейіпкер болып, бүкіл мазмұнды интеграциялаушы фактор ролін атқарады.
Дүниетану мазмұнындағы табиғат, қоғам, адам еңбегі туралы материалдар, бұрынғыдай маусымдық емес, жүйелілік ұстанымы бойынша құрылған. Мұндай құрылымның бірнеше артықшылығы бар. Ең бастысы – білім бөлшектенбей, жүйемен беріледі. Сондықтан, оның дүниетанымдық тәрбиелік мүмкіндігі толық пайдаланылады және оқушының бастауыш сатыдан соң басталатын ғылым негіздерін қиналмай зерделеуіне қажетті теориялық ұғымдар жүйесінің тыңғылықты меңгерілуін қамтамасыз етеді.
Дүниені танып білудің логикалық әдіс—тәсілдері (талдау, салыстыру, синтез т.б.), зерделеудің ғылыми әдістері мен тәсілдері (бақылау, тәжірибе, картамен, сұлбамен жұмыс, әр түрлі аспаптар көмегімен өлшеу, бағдарлау, шартты белгілерді қолдану, сызбамен, кестемен жұмыс т.б.) дербес мазмұн ретінде оқытылып, оларды бүкіл оқу материалын зерделеуде берілетін уақыттың 20-30 процентіне жуығын алатын лабораториялық, сарамандық, қоғамдық-пайдалы жұмыстарды, топсаяхаттарда іс жүзінде қолданып, бекіту көзделеді.
Дүниетану пәнінің тағы бір ерекшелігі – бұл мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әр-түрлі салаларынан (қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары, экономика, этика, эстетика, құқық, өнер, т.б.) хабардар ету негізінде дүниені танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе-эксперимент, модельдеу, талдау, синтездеу, салыстыру т.б.) оқушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білім мазмұнын қамтитын ақпараттардың әрсалалығы мен ауқымдылығы мазмұн берілуінің жүйелілігі, білімнің теориялық деңгейінің жоғарылығы дүниетану пәнінің пропедевтикалық сипатын айқындайды және келесі сатыларда оқушылардың физика, химия, биология, тарих, қоғамтану т.б. сияқты ғылым негіздерін нәтижелі зерделеуін қамтамасыз етеді.
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми тұрғыда қалыптастыруға 3-сыныптан бастап бүкіл тіршілікті тіршілік ортасына қарай топтап берудің де маңызы зор. Мысалы, суда, шөлде және т.б. тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктер туралы мағлұматтар беру арқылы тіршіліктің барлық ортада да кездесетіні жайында білім бере отырып, оқушылардың жоғарғы сыныптарда оқитын жаратылыстану пәндерін ғылыми ұғынуына негіз қалау мақсаты жүзеге асады. 1- сыныпта өсімдіктердің, жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайларды оқып-үйренген оқушы енді сол қажеттіліктерді қамтамасыз ететін күн сәулесінің, судың, топырақтың жеке қасиеттерімен танысып, денесі ретіндегі табиғаттан алатын орнын біледі. Бұл табиғаттағы үзілмейтін зат айналымын түсінуге негіз қалайды. Табиғат заттары мен құбылыстарының бір-біріне әсерін түсінген оқушыда экологиялық көзқарас дамып, олардың дүниетанымының ажырамас бөлігіне айналады. Дүниетанымы дұрыс қалыптасқан оқушылардың қоршаған ортаға қатысы, мінез-құлқы өзгереді. Мінез-құлық ішкі сипат болғанымен, оның көрінісі оқушылардың іс-әрекетінен байқалмай қалмайды. Ол білім мен тәрбиенің тұтастығы арқылы қалыптасып, әдетке айналады. Қоршаған ортаға үнемділік көзқарас, жанашырлық, кішіпейілділік осының бәрі де оқушылардың дүниетанымы негізінде әдетке айналатын қасиет. Қазіргі жағдайда қоғам дамыған сайын табиғи орта байлығы өте тез қарқынмен пайдаланылуда. Болашақ қоғам иесі- оқушылардың осы мәселені жете түсініп, ысырапқа жол бермеуі үшін олардың дүниетанымының дұрыс қалыптасуы - өзекті мәселе.
Қазіргі таңда ғылыми – техникалық прогресс пен қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жалпы білім беретін мектепті бітірушінің тек ғылым негіздерін меңгеріп қана қоймай, қоғамдағы өмірлік жағдайларға бейімделуін, өзіндік ізденістерін талап етеді.
Сондықтан, осы заманғы жалпы білім беретін мектептердің білім мазмұнында төмендегі қағидалар қарастырылады:
оқыту процесінде қазіргі заман ғылымының ғылымаралық байланыстарын ұғындыру қағидасы;
туған халқының, ұлтының мәдени-тарихи байлығын меңгеруде жалпыадамзат мәдениетіне қатысты білімдерді ұштастыратын сабақтастық қағидасы;
мемлекеттік тілді басқа да ұлтаралық, халықаралық қатынас құралдары тілдерін оқып үйренудің маңыздылық қағидасы;
білім мазмұнын дербес жүйе ретінде қатыстыра отырып, жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету қағидасы;
қоғамдық өмірде ғылым саласында негізгі білімнің дербес және жылжымалы компоненттер арқылы қайталануын негіздейтін “қосарлана жүру” қағидасы;
Бұл қағидалар дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми дүниетанымды меңгеруде, әлемдік құбылысты қабылдауда білім мазмұнының тұтастығы мен жүйелілігі нәтижесінде жүзеге асырылады. Әрбір оқу пәнінде бейнеленген ғылымның өзіне тән танымдық құрал ретінде тілі және әдістері болатыны белгілі. Сондықтан білімнің бұл элементі пәнаралық байланыстың қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Интеграциялық байланыс білім мазмұнының негізгі бөліктерін жекелеуге, оқу іс-әрекетінің жалпы ғылыми тәсілдерін, түсініктерін дамытуға, оқушылардың еңбек әрекетінде әр түрлі пәндердегі білімдерін кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, білім мазмұнына қойылатын жаңа талаптар интеграциялық байланыстың қажеттілігін дәлелдейді. Сондықтан әр пәннен білім жеке дара түрінде берілумен шектелмей, өмірмен байланыстырылып, жалпы дүниетанымды қалыптастыруда ғылымдар жүйесінің негізі берілуі тиіс.
Оқушылардың дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың теориялық негіздер мәселелері туралы философиялық, психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге, баспасөз материалдарына бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына, жалпы білім беретін мектептің, оқу бағдарламасына талдау жасай отырып, төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
Ғалымдардың басым көпшілігі дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетаным көзі – білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақталады деп тұжырымдаған.
«Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты...», «... адамның өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи процестер» - дейді, философтар Д. Кішібеков пен Ұ. Сыдықов. Табиғатты танып, білу, игеру барысында адам қоршаған ортаға ауқымды, қуатты ықпал ете алатын күш екенін және осы қарым – қатынас барысында дүниетанымы қалыптасатынын А.Г. Спирин, В.С. Степин, Д.П. Горский, А.П. Шептулин, А.Ф. Файзуллаев еңбектері де әр саладан дәлелдейді.
Осы орайда интеграциялық байланыс проблемасының философиялық, психологиялық, педагогикалық бағыттарын анықтау арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру мәселесін зерттеу қазіргі дидактиканың маңызды бағыты деп есептеуге болады.
Интеграциялық байланыс білім мазмұнының негізгі бөліктерін жекелеуге, оқу іс-әрекетінің жалпы ғылыми тәсілдерін, түсініктерін дамытуға, оқушылардың еңбек әрекетінде әр түрлі пәндердегі білімдерін кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қорыта келгенде, білім мазмұнына қойылатын жаңа талаптар интегарциялық байланыстың қажеттілігін дәлелдейді. Сондықтан әр пәннен білім жеке дара түрінде берілумен шектелмей, өмірмен байланыстырылып, жалпы дүниетанымды қалыптастыруда ғылымдар жүйесінің негізі берілуі тиіс.