Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссерт козейбай г (1).rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
22.76 Mб
Скачать

4. «Наурызым» тобы

Наурызым мемлекеттік қорығы — 1934 жылы құрылған. Қорық орманды дала табиғатын сақтауға негізделген. Наурызым қорығының қазіргі уақытта алып жатқан жер көлемі – 87,7 мың/га. Оның 17662 гектары немесе 19,5%-ы орманды алқаптардың үлесіне т иеді. Олар — Терсек, Сыпсың және Наурызым реликті қарағайлы орман алқаптары. Сонымен қатар қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер де бар. Аталған көлдер, әсіресе көктем мен күз айларында нағыз "құс базарына" айналады. Мысалы, бірқазан, жабайы үйрек, аққу, дуадақ, т.б. Жалпы қорық аумағында құстардың 200-ден астам, сүткоректілердің – 30, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан астам және омыртқасыздардың 700-ге жуық түрі мекендейді. Ал өзен-көлдерде балықтың 10-ға жуық түрі тіршілік етеді. Қорықтың мақсаты реликті қарағай ормандарын, сирек кездесетін өсімдіктер әлемі мен көл жағалауын мекендейтін құстарды сақтауға бағытталған. Сонымен Наурызым мемлекеттік қорығы — табиғаттың көркін бұзбай сақтап қалған, қайталанбас бір бұрышы.

1