- •1 Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың теориялық негіздері
- •1.1 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселелерінің теориялық зерттелуі
- •1.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың мәні
- •1.3 Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы интеграциялық байланыстың орны және дүниетану пәнінің мүмкіндіктері
- •2 Оқушылардың дүниетанымын интерграциялық байланыс негізінде қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік эксперимент
- •2.1 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымының қалыптасу деңгейінің диагностикасы
- •Сауалнама нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалды:
- •Диагностикалық эксперименттің әдістеме бойынша нәтижелері
- •1 Кесте
- •2.2 Интеграциялық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі
- •Оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымын интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың жолдары
- •Дүниетану, 4-сынып
- •Дүниетану, 4-сынып
- •Дүниетану, 4-сынып
- •4) Экологиялық ұғым берудегі бейнелеу өнері арасындағы байланыстар:
- •5) Экологиялық ұғым берудегі музыка пәнаралық байланысы:
- •6) Экологиялық ұғым берудегі еңбек сабағымен пәнаралық байланысы:
- •7) Экологиялық ұғым берудегі денешынықтыру пәнаралық байланысы:
- •2.3 Интегациялау арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру экспериментінің нәтижелілігі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •1. «Қорғалжын тобы»
- •2. «Марқакөл» тобы
- •3. «Барсакелмес» тобы
- •4. «Наурызым» тобы
7) Экологиялық ұғым берудегі денешынықтыру пәнаралық байланысы:
- баланың кеңістікті болжауы;
- уақыт жайында түсініктерді қалыптастыру;
- баланың қимыл-қозғалысындағы тәртіп; дәлдік;
- ұлттық ойындардың қолданылуы; (Аталған байланысты көрсететін сабақ барысынан үзіндіні 2.2 тарауынан көре аласыз)
- қимыл-қозғалыстың негізін ұғыну;
- бұлшық еттерді арнайы шынықтыру;
- гигиеналық талаптардың негізімен танысу;
Оларды орындауға дағдылану сияқты іс-әрекеттер табиғат-экология тазалығы, адам денсаулығы үшінгі оның маңызына байланыстырылды.
Төменде экология тақырыптарын оқу пәндерімен аралық байланыстары көрсетілді.
Ең әуелі оқу сабақтарын жүргізу барысында жаңа оқыту технологиялары жайлы бірер сөз келтіруге болады. Оның себебі оқу сабақтарында экологиялық ұғым беруді оқушы бойына қалыптастыру үшін бірнеше инновациялық технологияларды пайдалануға, ол туралы зерттеуге тура келді.
Бұның өзі әртүрлі пәндердің тақырыптары мен мазмұн ерекшеліктеріне байланысты болды. Көбінесе оқуға жағымды жағдай жасау, ұжымдаса жұмыс жасау, тірек-сзбалар қолдану сияқты, оқушылардың қабілеттері мен қызығушылығын ескере отырып жұмыс жасау, деңгейлік тапсырмалар беру сияқты ұжымдық ойлау, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлік тапсырмалар беру технологиялары көбінесе қолданылады.
Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың бойына экологиялық ұғымдарын қалыптастыру үшін бірнеше жаңа оқыту технологиялары пайдалана отыра , зерттеу жұмыстары жүргізілді
Зерттеу тәжірибелік жұмыстар тек оқу сабақтарында ғана емес сонымен, бірге сыныптан тыс тәрбие сағаттарын өткізген кезде де жүріліп отырді.
Оқу сабақтарында ана тілі пәні бойынша дайындалған “ Абай – қазақ халқының ұлы ақыны” тақырыбындағы тәрбие сағатынан берілген үзіндіге қорытынды жасасақ оқушыларға бұл тәқырыпты беруде түрлендіріп, сабаққа байланысу тұстарын дәлдікпен таба білу қажеттігін көрсетіп берді.
Математика байланысы негізінде “ Қосу, көбейту, бөлу” жайлы өткенде экологиялық ұғыммен байланыстыратын амалдар пайдаланылды. Математикадан аталған тақырыпты өткен кезде орманның қандай пайдасы барын экологиялық тепе-теңдік дәлдігін арттыру, оны біз математикалық қандай дәлдіктер арқылы ұғындыра аламыз деген мақсатта жүзеге асырылды.”Қосу, көбейту, бөлу” тақырыбын өткен кезде табиғаттқа байланысты экологиялық ұғым беретін бөлігінен қысқаша үзінді беріліп, тапсырма тірек-сигналдармен өрнектелді.
Бастауыш сынып пәндерінің ішіндегі дүниетану пәнінде экологиялық ұғымның барлығын осы пәнмен байланыстыра отырып беруге болатындығын эксперимент барысында көз жеткізілді.
Эксперимент кезінде “Жануарлар әлемін қорғау, қорықтар” тақырыбында сабақ өткізілді. Мұнда Қазақстандағы қорықтар, оларды қорғау жайлы оқушыларды төрт топқа бөліп, “Қорғалжын”, “Марқакөл”, “Барса келмес”, “Наурызым” деп ат қойылды және әр топ өз аттарын қорғап, әрбір топ келесі сабақта “мұғалім” ролін атқарды, ал мұғалімдері оқушы болып сабаққа қатысып, тапсырмалар орындалды.
Төрт топ өздеріне берілген тапсырмаларды өте тиянақты, белсенділікпен орындады. Оқушылыр өздері іденіп, білімдерін көтерді. Қорықтарға байланысты ақпараттарды жинаған кезде өзіндік пікірлерімен, көзқарастарымен, өздерінің саралауымен, мұғалім нұсқауы бойынша нақты ақпараттарды дайындады.
Экологиялық ұғым беруде дүниетану пәнінде ұжымдасып жұмыс жасау, іздену осылайша өз нәтижесін берді.
Сонымен қатар бейнелеу өнері, еңбекке баулу, ән-әуез, дене шынықтыру пәндерінде де пәнаралық байланыс арқылы экологиялық ұғым қалыптастыру нәтижелері оқушылардың экология, табиғатты қорғау, сезіну білімі мен тәрбиесінің артқаны көрінді.
Осындай әр түрлі жаңа оқыту технологияларын қолдана отырып, оқушылардың экологиялық ұғымдарын қалыптастыруда, табиғатты қоғауда тыңғылықты білім алып, ғылыми танымының, көзқарасының қалыптасып, ақыл-ойы мен рухани күш жігерінің дамуына жан-жақты білім беріп, дұрыс тәрбиелеу ісінде толып жатқан сүрлеулі көп күрделі мәселелерді шешуге болады.
Анықтаушы мен қалыптасушы эксперимент көрсеткіштерін салыстырсақ мынадай нәтиже берді.
Қалыптастырушы эксперимент барысында бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың әдістемесі құрылды. Дүниетану пәніне байланысты оқыту процесінде оқушылрадың оқу икемділігін интеграциялық байланыс негізінде қалыптастырудың жолдары анықталып, көрсетілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу икемділігін қалыптастырудың мүмкіндігі мол екенін тәжірибе жүзінде дәлелденіп, зерттеу жұмысының маңыздылығын көрсетті.
Зерттеу барысында оқушылардың оқу икемділігін қалыптастыру бағытында интеграциялық байланысқа ерекше мән беріліп, қалыптастырушы эксперимент жүргізілді.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардан қайта алынған сауалнама көрсеткіштерінің жоғарлағаны байқалды.
