Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Б-жоспарлау 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.19 Mб
Скачать

1. Бизнес – жоспарды құрастырудың мақсаттары мен міндеттері.

Нарық шарттарында және қатаң бәсекелестік күресте кәсіпорын

сыртқы және ішкі өзгерістерді есепке алып тез арада керекті амалдарды қолданылуы тиіс. Бұл бірнеше шарттарды орындағанда жүзеге асады:

1) Басқарма және оның инвесторлары қазіргі кездегі қаржылық жағдайды дұрыс бағалап нарықтағы орнын анықтау керек;

2) Кәсіпорын жетістікке жету үшін өзінің нақты және актуалды мақсаттарына ие болуы тиіс;

3) Мақсат қою барысында менеджмент қарқынды түрде жоспарлауды қолданылуы және ол қатаң қадағаланып жоспардың әр пунктінің орындалғанына көзін жеткізуі қажет;

4) Кәсіпорын басқармасы және инвесторлық нарықтағы жағдайды толық түсініп, ішкі және сыртқы процестерді толық зерттеуге алады.

Бизнес – жоспардың кәсіпкерге беретін мүмкіндіктері:

1) Өз идеяларын жасап оның қағаз жүзінде есептеулер жүргізіп өмір сүру ұзақтылығын тексере алады;

2) Мұндай қағаздағы вариант ішіндегі идеялар көптеген қателіктерден және керегі жоқ шығындардан құтқарып өз қаражатын және уақытын үнемдеуге көмектеседі;

3) Кәсіпкерге кәсіпорынның жұмыс істеу механизмін жақсырақ түсіндіріп нарықтық ортада қателіксіз жұмыс істеуге көмегін тигізеді;

4) Бизнес – жоспарды жасап бітірген кезде, ол кәсіпкерге көздеген мақсатына жетуге көмектесетін нақты зерттелген карта немесе схема ретінде қызметін атқарады.

2. Бизнес – жоспардың негізгі принциптері.

1) Бизнес – жоспарда төңкеріс болмау керек;

2) Бизнес – жоспар икемді болу керек;

3) Бизнес – жоспарға мамандарды тарту;

Бизнес – жоспарға кеткен уақытпен алынған пайданың арасында

байланыс пропорцияналды болып табылады. Жоспарлау үрдісінде жоспардың келесі мерзімдері қабылданған:

1) 90ай, бұл яғни ағымдағы жоспарлау;

2) апта немесе 10күн, бұл оперативтік жоспарлау.

Жоспар үшін жұмысшы кезең ай болып табылады.

3. Бизнес – жоспарлау жүйе ретінде: оның элементтері мен қызметтері.

Жоспарлау барысында келесі негізгі параметрлер анықталынады:

1) Жоспардың бөлшектенуі (гитализация);

2) Уақыт интервалы;

3) Жоспарлау әдісі, оның 3 түрі болады:

1) циклдік;

2) ағымдық (сырғымалы);

3) уақыттың белгілі бір интервалына жасалынатын жоспар;

4) циклдың ұзақтылығы;

5) жоспарлау валютасы.

Unido–ның стандартына сәйкес бизнес – жоспардың жалпы элементтері:

  1. резюме;

  2. мақсаттар мен міндеттер;

  3. өнім немесе қызмет (өндірістің технологиясы, ерекшелігі, сипаттамасы, өнімнің бәсекесін бағалау (оның сапалығын қамтамасыз етудің әдістері және т.б.);

  4. нарықты талдау (саладағы жағдай, негізгі қажеттіліктер, нарық сегменттері, бәсекелестік орта, бизнестің тиімділігін және дамуының мүмкіндіктері және т.б.);

  5. маркетинг жоспары (бағаның құрылуы, сатуды үдейту әдістері, сатудың ең оңтайлы көлемдері, таратылу сызбалары, жарнамалық жобалар және т.б.);

  6. өндірістің жоспары (қажетті материалдар,жабдықтар мен өндіріс қуаттылығы, оларды жеткізу көздері, қосалқы мердігерлер, өндіріс технологиясы, өнімнің түрлері және т.б.);

  7. мамандар мен басшылар;

  8. қажетті қаржылардың көлемі мен көздері;

  9. қаржылық жоспардың негіздері мен тәуекелдерін бағалау;

10)егжей – тегжейлі қаржылық жоспарлар.