- •Қаржы-экономикалық факультет Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы
- •Лекциялардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының әдістемелік нұсқаулары
- •Осөж сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Осөж тапсырмаларын орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Сөж тапсырмаларын орындаудың жалпы мақсаттары мен әдістемелік нұсқаулары
- •Сөж материалдары Рефераттар тақырыбы
- •Баяндамалар тақырыбы
- •Глоссарий
- •Дәріс кешені
- •1. Бизнес – жоспарды құрастырудың мақсаттары мен міндеттері.
- •2. Бизнес – жоспардың негізгі принциптері.
- •3. Бизнес – жоспарлау жүйе ретінде: оның элементтері мен қызметтері.
- •3 Тақырып Бизнес-жоспарлаудың әдістемесі мен ұйымдастырылуы
- •1. Өткен тенденцияларды талдау: әдістер мен тәсілдер.
- •Өткен жағдайды талдау: әдістемесі мен тәсілдері.
- •3.Бәсекелестік күрестегі позициялар
- •4 Тақырып Бизнес-жоспар бизнес-жоспарлаудың тәжірибелік құралы ретінде
- •1. Фирманың ішкі жоспарлау жүйесіндегі бизнес жоспардың орны.
- •2. Бизнес – жоспарды дайындаудағы қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың ара байланыстылығы және шығатын параметрлері.
- •2) Қаржылық талдау.
- •2. Өнімнің өмір сүру циклы.
- •3. Зерттеудегі өнімнің сұранысы мен ұсынысын болжау әдістері.
- •5. Фирманың бәсекелестігі: табу әдістері, ақпаратты өңдеу, тұжырым жасау.
- •1.Толық өзіндік кұн және шығаруға шығындар: құрылымы мен өзгеруі динамикада.
- •1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың
- •Техникалық талдау
- •1.2 Қаржылық талдау
- •1.3 Экономикалық талдау
- •1.5 Институционалдық талдау
- •1.6 Тәуекелді талдау
- •A. Қаржыландыру және төлемдер кестесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Емтихан сұрақтары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
1.3 Экономикалық талдау
Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады.
Экономикалық талдау міндетті қойылымның мысалын қарастырайын. С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:
Компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын;
Импортталған қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын;
Кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін;
Нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдік еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады.
Міндет – мемлекеттің осындай жобаны іске асырудан табатын пайдасын төменде көрсетілген нұсқалармен салыстыра отырып анықтау;
Компанияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу;
Ұқсас тауарларды шетелден сатып алу;
Осылайша, экономикалық талдау процесінде бұл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек.
Егер жобаның қаржылық үлесі белгілі болса да, экономикалық үлес өте сирек бағаланады. Сондықтан да ірі инвестициялық жобалар үшін олардың қаржылық тиімділігінен гөрі, экономикалық тиімділігі мен экономикалық тартымдылығын талдау қалыптасқан. Инвестициялық жобаның экономикалық тартымдылығын өлшеу келесі нұсқау бойынша іске асуы мүмкін.
1 қадам. Мақсаттарды таңдап, оларды өлшейді. Мысалы:
Мемлекеттің мақсаттары |
Мақсаттың салмағы |
Қатты валютаның ағылуы |
0,30 |
Қатты валютаның үнемделуі |
0,20 |
Жергілікті нарықта өнімнің көбеюі |
0,15 |
Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету |
0,20 |
Аумақтарды дамыту |
0,15 |
Барлығы: |
1,00 |
қадам. Альтернативті жобалардың әрқайсысына әр мақсатқа жету үшін сандық өлшемін анықтайды ( абсалютті мәнде немесе жақсысына қарай пайыздық қатынаста ). Әр жоба үшін кешенді ( комплекстік ) критерийдің салмақтадлған мәнін есептейді:
G=0.3 • w+0.2 • w+ 0.15 • w + 0.2 • w + 0.15w
қадам. Үздік вариантты таңдауы жалпыланған критерийдің мсаксимум критерийі бойынша жүргізіледі.
Экономикалық тиімділікті бағалаудың іріленген процедурасы мынадай түрге ие:
қаржылық талдаудың қорытындысын ұсыну;
экономикалық талдау тұрғысынан шығындар мен табыстың жаңа жіктелуін жасау;
қаржылық мәндерді экономикалық мәндерге ауыстыру ( олар сыртқыжәне ішкі нарық бағасы мен шығындардың үйлеспеуіне байланысты);
ресурстарды қолдану және өнімдер алу үшін басқа мүмкіндіктердің құнын бағалау;
ішкі төлемдер бойынша барлық есептеулерді шығарып тастау ( өйткені олар мемлекеттің жалпы байлығын өзгертпейді);
жыл сайынғы экономикалық құралдар ағымын инвестицияның бастапқы көлемімен салыстыру ( бұл нәтиже болады).
