
- •Қаржы-экономикалық факультет Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы
- •Лекциялардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының әдістемелік нұсқаулары
- •Осөж сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Осөж тапсырмаларын орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Сөж тапсырмаларын орындаудың жалпы мақсаттары мен әдістемелік нұсқаулары
- •Сөж материалдары Рефераттар тақырыбы
- •Баяндамалар тақырыбы
- •Глоссарий
- •Дәріс кешені
- •1. Бизнес – жоспарды құрастырудың мақсаттары мен міндеттері.
- •2. Бизнес – жоспардың негізгі принциптері.
- •3. Бизнес – жоспарлау жүйе ретінде: оның элементтері мен қызметтері.
- •3 Тақырып Бизнес-жоспарлаудың әдістемесі мен ұйымдастырылуы
- •1. Өткен тенденцияларды талдау: әдістер мен тәсілдер.
- •Өткен жағдайды талдау: әдістемесі мен тәсілдері.
- •3.Бәсекелестік күрестегі позициялар
- •4 Тақырып Бизнес-жоспар бизнес-жоспарлаудың тәжірибелік құралы ретінде
- •1. Фирманың ішкі жоспарлау жүйесіндегі бизнес жоспардың орны.
- •2. Бизнес – жоспарды дайындаудағы қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың ара байланыстылығы және шығатын параметрлері.
- •2) Қаржылық талдау.
- •2. Өнімнің өмір сүру циклы.
- •3. Зерттеудегі өнімнің сұранысы мен ұсынысын болжау әдістері.
- •5. Фирманың бәсекелестігі: табу әдістері, ақпаратты өңдеу, тұжырым жасау.
- •1.Толық өзіндік кұн және шығаруға шығындар: құрылымы мен өзгеруі динамикада.
- •1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың
- •Техникалық талдау
- •1.2 Қаржылық талдау
- •1.3 Экономикалық талдау
- •1.5 Институционалдық талдау
- •1.6 Тәуекелді талдау
- •A. Қаржыландыру және төлемдер кестесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Емтихан сұрақтары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың
ара байланыстылығы және шығытын параметрлері.
Маркетингтік талдау да, тұтынушылар мен бәсекелестерді талдау болуы қажет. Тұтынушыларды талдау тұтынушылардың сұранымын, нарықтық потенциалды сегменттері мен сатып алу процесінің сипатын анықтау керек. Ол үшін жобаны жасаушы нарықты мұқият зерттеп, оған әсер ететін институционалды шектеулер мен нарық құрылымының шеңберінде негізгі маркетингтік жоспар құрылады. Ол жоспарда өнімді әзірлеу стратегиясы, баға белгілеу, тауардың нарыққа жылжу мен өтуі анықталуы тиіс. Бұл «аралас маркетинг» элементтері тұтасқа бірігіп, нарықта өнімге неғұрлым бәсекеге ыңғайлы жағдай жасауы керек. Маркетингтік жоспар фирманың басқа да шығаратын өнімдерінің және жабдықтау аспектілерін есепке алу керек. Маркетингтік жоспар шеңберінде мүмкіндігінше бәсекелестердің әрекеттерін және оның осы жоспардың орындалу мүмкіндігіне тигізетін әсерін болжау керек.
Маркетингтік талдау сұранысты алдын ала болжауды қамтиды. Инвестициялық жобаны даярлау барысында жобаның дәлдігін қалаулы дәлдікке жету шығындарымен салыстыра отырып анықтау керек. Шешім қабылдау процесі белгісіздік жағдайында іске асса да, дұрыс болжау осы белгісіздік дәрежесін азайтады. Инвестициялық жобалаудың барлық маркетингтік аспектілерін қарастырудың мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі мағыналық бөлімдеріне тоқталайық. Маркетингтің барлық сұрақтарының түйісуі келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарықты талдау, бәсекелестік ортаны талдау, өнімнің маркетингтік жоспарын жасау. Аталған бөлімдердің қажетті шарты қолданылатын ақпараттардың шынайылығы болып табылады. Төменде көрсетілген блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген.
Нарықтық зерттеу мақсаты- тұтынушылардың сұранымын анықтау, маркетинг бойынша шешім қабылдауды жеделдету және сапаны жоғарлату үшін нарық сигменттері мен сатып алу процесін анықтау. Сұраныс пен өнімді өткізуді талдауда келесі сұрақтар қарастырылуы керек:
Потенциялды сатып алушы кім? өнімді сатып алу себептері қандай? Сатып алу қалай жүргізіліді? Қандай ақпараттар керек және оларды қалай жинауға болады?
Нарықты құрылымдық зерттеуді – мемлекеттік немесе жеке кәсіпорнындардың, жергілікті ұлттық немесе халқаралық компаниялардың, дәстүрлі немесе жаңа, маркіленген немесе маркіленбеген өнімдердің бәсекелестерін анықтаудан бастау керек. Нарыққа енген жаңа қатысушылардың ( болашақ бәсекелестер) мүмкіндіктері мен мәнін және тауар алмастырушылар тарапынан ( мысалы, мақта мен синтетика, алкогольсыз сусындар мен жеміс – жидек шырындары ) бәсекені бағалау керек.
Техникалық талдау
Инвестициялық жобаны тнхникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
Жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау.
Жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
Жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциялды мүмкіндіктерін тексеру;
Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу керек:
технология өзін алдын – ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болуы керек;
технологиялық импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.
Егер өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі схемалардың бірі бойынша біреуімен щетелдік технология мен қондырғаларды тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:
шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
технологиялық « ноу – хауды » іске асыратын жаңа қондырғының сатып алу;
« Turn- key » - қондырғыны сатып алу, зауыт салу, технологиялық процесті қалыптастыру;
« Product – in - hand» - « turn - key» + кәсіпорынның қажетті дайын өнім шығарғанға дейін персоналды оқыту;
өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;
шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек.
Технология таңдау ережесі кейбір альтернативті технологияларды кешендік талдауды және қандай да бір агрегаттарған критерийдің негізінде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.
Альтернативті технологиялардың ішінен таңдаудың негізгі факторларды технологияны қолдануының келесі аспектілеріне негізделеді:
Сәйкес маштабтарда таңдалған технологияларды бұрынғы бойынша қолдану ( нақты бір нарық үшін масштабтар аса үлкен болуы мүмкін ).
Шикізатқа қол жеткізушілік ( потенциалды жабдықтаушылардың саны қанша, олардың өндірістік қуаттылығы қандай, шикізаттың сапасы, шикізаттың басқа тұтынушылардың саны қанша, шикізаттың құны, жеткізудің әдісі мен құны, қоршаған ортаға қатысты тәуекелі ).
Коммуникациялар мен коммуналды қызметтер.
Технологияларды сатып отырған ұйымның патенті мен лицензиясы бар екендігіне көз жеткізу керек.
Ең болмағанда технологияны сатушының өндіріспен серіктесе жүруі.
Технологияның жергілікті жағдайларына бейімделуі ( температура, ылғалдылық т.с.с. ).
Жүктемелі фактор ( пайыз түрінде номиналды қуаттылықтан жобаның жағдайларымен ) және толық өнімділікке сәйкес, тұрақты жағдайына шығу үшін уақыттың керектігі.
Экология мен қауіпсіздік.
Капиталдық және өндірістік шығындары.
Ең үздік техникалық шешімді таңдау үлгісі
1- кесте
Сәттіліктің негізгі формалары |
Фактордың мөлшері |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 – кестеде көпбаламалы таңдаудың үлгісі келтірілген, онда әр фактор он баллдық шкала бойынша бағаланады.
Жалпылаған критерий мына формула бойынша есептеледі:
Gw=wG+wG+…+wG
Мұндағы - жеке критерийдің салмағы, G - жеке критерийдің шамасы.
Критерийдің жоғарғы мәніне ие техникалық жоба ең жақсысы болып саналады. Қарастырған мысалымызда А және D техникалық баламалары бірдей дерлік, бірақ D басымырақ.