Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Б-жоспарлау 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.19 Mб
Скачать

1.Толық өзіндік кұн және шығаруға шығындар: құрылымы мен өзгеруі динамикада.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы және кәсіпкерлік тәуекелдікті бағалаудағы алатын орны саралау мен ресурстардың мүмкін шығындарының болжамы.

Айта кететін жайт, мында кәсіпкерлік қызметтегі масштаб пен мақсатталған жоспар ресурстарының шығындары емес, ойлаған ойыннан кәсіпкерліктің нақты барысының сол себепті ауытқыларының көріну, ықтимал, кездейсоқ, күтпеген шығындары мүмкін.

Мақсатталған шаралар дамуының күтпеген вариантының осы немесе басқа да шығындарының мүмкіндігін бағалау үшін, алдымен кәсіпкерлікпен байланысты барлық шығындардың түрлерін, оларды есептеп, мүмкін өлшемдерін жоспарлауын білу керек.

Болжамдау процесіндегі мүмкін шығындарды есептеу туралы айтқанда, бір жағдайда естен шығармау керек.

Егер кездейсоқ шаралар кәсіпкерліктің соңғы қорытындыларына екі рет әсерін тигізеді, тәуекелді бағалау кезінде бірдей деңгейде екеуін де ескеру қажет. Басқаша айтқанда, суммалық мүмкін шығындарды анықтау кезінде есептелген шығындардан олардың жеңісін қамтамасыз етуін алып тастау керек.

Кәсіпкерлік қызметте болатын шығындарды мақсатты түрде былай бөлінеді:

- материалдық;

- еңбектік;

- қаржылық;

- уақытты жоғалту;

- шығындардың арнайы түрі.

Материалдық шығындар түрі энергия, шикізат, өнім, мүлік, құрал-саймандардың тікелей шығындарынан немесе кәсіпкерлік жобамен қарастырылмаған қосымша шығындардан көрінеді. Осы айтылған әрбір шығындар түріне өз бірліктерін өлшеу қолданылады.

Материалдық шығындарды өлшеу үшін материалдық ресурстар түр санымен, яғни, көлемнің, ауданның, салмақтың физикалық бірлігімен өлшеу табиғи.

Бірақта әртүрлі бірлікпен өлшенетін шығындарды біріктіріп және оларды бір өлшеммен көрсету мүмкін емес. Килограммен метрді қосуға болмайды. Сондықтан да, ақша бірліктеріндегі құндылық жағдай шығындарын есептеу практикалық мүмкін емес. Бұл үшін физикалық өлшемдегі шығындар құн бірлігіне сәйкес, материалдық ресурстарды көбейту арқылы құнды өлшеуге көшіріледі.

Материалдық ресуртар санының көптілігі үшін, ақша айналымындағы құны белгілі шығындарды бағалауға болады.

әрбір материалдық ресурстардың құныдылығындағы мүмкін шығындарды бағалау үшін, кездейсоқ өлшеммен және олардың ықтималдығы туралы ережені сақтай отырып, оларды біріктіруге болады.

Еңбек шығындары кездейсоқ, күтпеген жағдайлар байланысты жұмыс уақытының шығындарынан көрінеді. Еңбек шығындары адам-сағат, адам-күн немесе жұмыс уақытының сағатымен айқындалады.

Еңбек шығындарының құндылық, ақша көрінісіне көшіру үшін еңбек-сағатты әрбір сағат құнына көбейтеміз.

Қаржылық шығындар- бұл бағалы қағаздар мен ақша қаражаттарының шығындарымен, қосымша салықтарды, айыппұлдарды төлеумен байланысты тікелей ақша залалы.

Ақша залылының арнайы түрі мемлекеттік бюджет үшін кәсіпорыннан заңды түрде құралдарды тартып алу, валюта курсының өзгеруімен және инфляциямен байланысты.

Қарыздарды төлеуді кейінге қалдыру, қаражаттарды уақытылы бермеу, уақытша және қайтарымсыз, ақырғы қаржылық шығындар болуы мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметтің процесі ойластырылғандай жүрмесе, сонда ғана уақыт шығыны көріне бастайды. Осындай шығындарды тікелей бағалау ойластырылған қорытындыға сағат, күн, апта, ай бойы кешігіп қалуынан көрінеді. Уақыт шығынын бағалауды құн өлшеміне ауыстыру үшін, кәсіпкерліктің қандай табыс, пайда шығындарынан уақыт шығынының кездейсоқ әдісіне алып келуін құру қажет.

Арнайы шығындар адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, кәсіпкерліктің беделіне зиян келтіруден, сонымен бірге, басқа әлеуметтік және моралды психологиялық шараларынан көрінеді. Арнайы шығындарды саны жағынан, соның ішінде құн көрінісінен анықтау қиын.

әрбір шығындар түріне ағымдық бағалауды кәсіпкерліктің ай, жыл, уақытынан пайда болмастан бұрын, олардың мүмкіндігін және көлемдігінен көрінеді.

Тәуекелді бағалау үшін мүмкін шығындардың комплекстік анализын жасауда, тәуекелдің барлық көздерін және қандай көздер басым болатын анықтау қажет.

Кәсіпкерлік тәуекелдігін анықтағанда, жанама шығындар тәуекелдік деңгейдің саны жағынан бағалауы жойылуы мүмкін.

Егерде қарастырылып жатқан шығындардың ішінен бір түрі ерекшеленсе, көлеміне немесе басқалардың пайда болу ықтималдығына әсерін тигізсе, онда тәуекел деңгейіндегі есепте сандық бағалау да тек шығын түрін қабылдауға болады.

Алғашқы анализдың нәтижесі бойынша көлемі және шығын түрінің пайда болу ықтималдығын «сүзіп» алдық деп ескерейік. Онда құрамындағы кездейсоқ шығындарды және оларды систематикалық қайталанатындардан бөліп алу керек.

Кәсіпкерлік жобада есептелмегендіктен және тікелей болжамы, тікелей есепте берілмеген кездейсоқ шығындарды негізінен есептеу қажет. Егер шығындар алдымен көрінсе, онда оларды шығындар ретінде қарамай, шарасыз шығындар ретінде жіне есептік калькуляцияға қосылуы керек.

Кәсіпкер өзінің бизнес жоспарында баға қозғалысы, салықтар, олардың шаруашылық қызметінің пайда болу әдісінде өзгерісін ескеру қажет.

Кәсіпкерлік қызметте қолданылатын есеп әдісінің тепе теңсіздігінің күші немесе кәсіпкермен бизнес жоспар түгелдей қамтылмағандығынан, систематикалық қателіктер шығындар ретінде қаралуы мүмкін, олар күтпелі қорытындыны жаман шағына өзгертуі мүмкін.

Кездейсоқ факторлардың әсерінен болған тәуекелдікті бағалау үшін, кездейсоқтан систематикалық шығындарды құрайтындарды бөліп алу керек.

Енді кәсіпкерлік қызметтің түрінен болатын құрылымдық шығындардың бірнешеуін қарастырайық: кәсіпкерліктің өндірістік, коммерциялық және қаржылық. Осының негізінде тәуекелдікті туғызатын бірыңғай қажетті факторларды анықтап, олардың пайда болуы қандай екенін көрсетеміз. Тәуекелдіктің факторларын білу олардың қызметін төмендететін алдын ала шара қолдануды туғызады.

Кәсіпкерліктің қаржылық, коммерциялық, өндірістік шығындарынан кездейсоқ пайда болу анализіне көшу үшін, олардың факторына әсер тигізетін және бірнеше спецификалық шығындар көздерін көрсетеміз.

Оларға күтпеген саяси факторларына әсер етуші шығындарды қосуға болады. Осындай шығындар саяси тәуекелдікті туғызады.

Осындай тәуекелдіктің арнайы көздері саяси мотивтер бойынша ақша қаражаттарының және мүлікке құқығы жоқ, жеке меншіктің қарым қатынасы және түрдің трансформациясы, келісім шарттың шарттарын өзгерту, салық пайызының көбеюі жатады.

Бизнес жоспарда жасалған және табыс пен пайданың есебі бар, тұлғалардың жауапкершіліксіз қарауы арқылы пайда болған арнайы мүмкін шығындар пайда болады. Егер нәтижесінде осы факторлардың күтпелі табысы мен пайда өлшемінің қызметі кәсіпкерлік жобада көтермелі болады, ал нақты алынған қорытынды төмен болады, олардың айырмалары шығындар ретінде қабылданады.

Егер де шынымен де пайданың номиналды мағыналары нақты анықталса, онда осындай шартты шығындар есептелмеуі де мүмкін болар еді.

Компаньонның жауапкершілігімен және жағдайымен қарастырылған кәсәпкердің шығындары ерекше орын алады. Қарыздың өтелмеуінен, қарызнердің төлей алмай қабілетімен және соқтығысуындағы тәуекелдіктің өтірік болуы мүмкіндігі айқын.

Көрсетілген кәсіпкерлік түрінің тәуекелділікті қолданылуы және шығындардың жойылуы мүмкін жағадайларды қарастырамыз. Тәуекелдіктен түгелімен қашуға мүмкін емес, бірақ та кәсіпкер олардың жоғалуын төмендетуге тырысу керек.

Сонымен, енді кәсіпкерлік шығындар жеңетін шығындардың потенциалды мүмкіндіктерін қарастырамыз.

А. Өндірісті кәсіпкерліктегі шығындар.

1. өндірістің жоспарланған көлемін төмендету және еңбектің өнімділігін төмендететіп, өнімді реализациялау, өндірістік күш қуатты қолданбау немесе қарапайым құрал жабдықтар, еңбек уақытының жоғалуы, қажетті материалдардың санының жетіспеуі. Мүмкін шығындар құн өлшемінде мына формуламен өлшенеді:

DD =DO * Ц,

Мында, DO өндірілген өнім көлемінің құндық төмендеу мүмкіндігі;

Ц өнім көлемінің бірлік бағасы.

2. бағаның төмендеуі, онымен өнім бағаланады, сұраныстың төмендеуі, баға инфляциясы мүмкін шығындарға әкеледі, мына формуламен анықталады:

DD =DЦ * О,

Мында, DЦ өнім көлемінің баға бірлігінің төмендеу мүмкіндігі;

О шығарылатын өнімнің жалпы көлемі.

3. Материалдық шығындардың көтерілуі, энергияның, майдың, шикізаттың, материалдардың қайта шығындарына әкеледі, ол мына анықталады

DD= DMI * Ц I +DM2 * Ц2+ ….,

Мында, DD= Σ DMI * Ц I; DM материалдық ресурстың қайта шығындалу мүмкіндігі,

Ц ресурстың баға бірлігі.

4. Басқа шығындардың көбеюі, транспорт шығындары, сауда шығындары және т.б.

5. әрбір жұмысшыға еңбек ақы төлеу шығындарының көбейіп кетуі.

6. салық және басқа да төлемдерді төлеудің көбеюі.

7. табиғи апаттардың шығындарын ескеру қажет, айыппұл шығындарын ұмытпаған жөн.

Б. Коммерциялық кәсіпкерліктегі шығындар

1. кәсіпкерлік жобаны жасаудаға сатып алынған тауарлардың құнының өзгеруі, ол мына формуламен анықталады:

DD=О *DЦ,

Мында, О сатып алынған тауар көлемінің физикалық өлшемі,

ОЦ сатып алынушы бағаның көтерілу мүмкіндігі.

  1. реализация көлемінің төмендеуі сатып алынған көлемінің төмендеуімен салыстыру.

  2. тауарды қолдану кезінде тауардың сапа шығындары, тауардың тұтынушылық бағасы.

  3. кіріс, пайданың төмендеуі арқылы салыстырмалы түрде шығындар айналымының үлкеюі. Мұндай шығындар арасында қосымша шығындар, айыппұлдар, төлемдер жатады.

  4. бағаның төмендеуі.

  5. реализация көлемінің төмендеуі.

В. Қаржылық кәсіпкерліктегі шығындар

Қаржылық кәсіпкерлік мағынасы жағынан коммерциялық кәсіпкерлікке ұқсас, бірақ та мында тауар болып ақша, бағалы қағаздар, валюта есептеледі. Қ

Қаржылық тәуекелдікті бағалау кезінде ақша курсының, бағалы қағаздардың өзгереуін, ақша валюта операциясының шектеулілігі, кәсіпкерлік қызметте қаржылық ресурстардың бір бөлігін алып қалуды ескеру қажет.

Бизнес-жоспардағы ұйымдастырушы жоспар: басқарушы және өндіріс персоналын тартудағы негізгі сұрақтар, кадрлар саясаты және стратегиясы, іс кестесі немесе календарлық жоспар. Жұмысшылар саны және еңбек ақы шығындарын есептеу.

Әдетте бизнес жоспардың негізгі элементтері болып мыналар табылады: титульдік бет, негізгі бөлім, аналитикалық бөлім, қорытынды бөлімі және фирмаішілік жоспарлау бөлімдері. Бизнес жоспардың негізі болып, оны ұйымдастырушыларының бұл жобаға баға беруі болып табылады:

  1. өнім өндіру көлемі мен мүмкіндіктері;

  2. тұрақты тұтынушылары;

  3. ішкі және сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі;

  4. нарық сегментінің ішінде;

  5. салынған капиталдың өзін өзі өтеу мерзімі;

  6. бизнес жоспарды ұйымдастырушыда капиталдың жеткілікті болуы.

Егер ұйымдастырушыда құжаттарынан басқа ештеңе жоқ болса, онда олар таңдаған нарық сегметіндегі орнын сақтап қалу үшін жобаны одан әрі толықтырып, тиімділік түрлерін ұсыну керек. Сонымен қатар, құрылған топтағы қатысушылардың жоғары білімді, біліктілігі, ұйымдастырушылық қабілеттері, психикалық үйлесімдіктері болуы міндетті. Бұл кезеңде, яғни бизнес жоспарға дайындық кезінде мынадай сұрақ туындайды: жекелеген жұмыстарға жетекшілік етуді кімге тапсыру керек? Бизнес жоспарды құрудағы жұмысты оның ұйымдастырушылары көбінесе өз мойындарына алады. Бұл жағдайлар көбінесе бизнес жоспардың қарапайым, көп қаражатты керек етпеуі және іске салынған капиталдан айырылып қалу қаупі болмаған кезде. Егер де бизнес жоспарды құру қиын болған жағдайда өз жұмыстарын жақсы білетін мамандарды топ қатарына қосу қажет. Себебі олар бизнес жоспардың құқық, есеп, қаржылық жақтарын жетік біледі және де олар өндірістің техникалық жақтарын да жақсы біледі. Топтың өз жұмысшылары мен жалдамалы жұмысшыларының біріккен күші жақсы нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Бизнес жоспар бұл инвесторды жобаның пайда әкелетіне көзін жеткізетін бірден бір құжат.

Бизнес жоспардың құрылымы мен көлемін табуға тиісті сұрақтар бойынша жай және күрделі болып ерекшеленеді. Дұрыс құрылған бизнес жоспар төмендегідей 9 бөлімнен тұрады:

  1. Резюме

  2. Негізгі бөлім

  3. Тауардың салалар бойынша қорытындысы

  4. жобаның негізгі мазмұны

  5. өндірістің жоспары

  6. маркетинг жоспары

  7. ұйымдастыру жоспары

  8. тәуекел мен қауіпсіздендіруді бағалау

  9. қаржылық жоспар.

Бизнес жоспардың жалпы көлемі 25 бет машина жазуынан аспауы қажет. Алғашқы бетінде кәсіпорынның аты мен мекен жайы, кәсіпорын директорларының аты мен телефон нөмірі, жобаның мақсаты, жобаның жалпы құны (акция, кредит) сияқты мәліметтерді осы бөлімнен оқуға болады.

Негізгі бөлімінде жоба жайында қысқаша баяндама мен бұл жобаның табысты болатынына нақты дәлелдер келтіріледі. Бұл бөлім мұқият жасақталып, жоғары деңгейдегі деректі талап етеді, яғни кәсіпкер өндіретін өнімі жөнінде тұжырымды, айқын елестетуі тиіс, себебі ол қаражат беруші инвесторларды өзінің ойы, іс әрекетімен жете сендіруі керек.

Тауардың нарық салалары бойынша қорытындысы нарықтың сыйымдылығын бағалауға арналған.

Жобаның негізгі мазмұны туралы бөлімінде шамамен 5 беттей тауар туралы мәлімет, оның импорттық тауарлардан айырмашылығы, патент, сауда белгісі, тауарды экспорттау туралы мүмкін болатын шарттар көрсетіледі.

Өндірістік жоспар бөлімінде шамамен 5 беттей болады, оны өндіріспен тікелей шұғылданатын кәсіпкерлер жасақтайды. Басты мақсаты болып потенциалды серіктестіктерді, болашақ инвесторларды иландыру үшін кәсіпкер қандай мөлшерде, сапалы, қажетті мерзімінде жаңа тауар шығара алатынын көрсетуі керек.

Маркетингтік жоспар бөлімінде тауардың таралу схемасы, бағасы жасақталуы, сатуды ынталандыру әдістері, тұтынушыларды сервис қызметімен қамту, қоғамдық пікірді жасақтау жатады. Тауарға деген сұраныстың, оған техникалық, экологиялық, заңдық және басқа да өзгертулердің ықпалы жөнінде факторлар көрсетіледі. Сонымен қатар, тауардың бәсекелестік қабілетіне де баса назар аударылады.

Ұйымдастыру жоспарында кәсіпорынның басқару жүйесі жазылады. Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастыру, оған ұйымдастыру құрылымын жасақтау кіреді және оны қамтамасыз етеді. Қабылданған ұйымдастыру құрылымы жасақталатын бөлімдердің жұмыс мазмұнын анықтайды, мамандарға істі терең білу талабын қояды. Мұнда және де бағалы қағаздарды иеленуші қатары, олардың үлесі және акционерлер арасындағы тартылған акциялар мөлшері ашық түрде жүргізіледі. Көбінесе бұл бөлімде директорлар кеңесі мүшелері туралы мәлімет, қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие болғандар, жоғары ұйымдастыру персоналына қатысушылары арасындағы міндеттерді бөлу сияқты мәселелер қараладыү

Тәуекел мен қауіпсіздендіруді бағалау бөлімі маңызды болып келеді. Кәсіпкерлік іс тәуекелмен тығыз байланысты, сондықтан да кәсіпорын құрғанда жан жақты талдау жасау керек.

Тәуекелдің барлық типтерін, олардың шығатын көздерін, пайда болатын уақытын ескеру қажет. Осыдан кейін, тәуекелден болатын шығындарды жою немесе азайтуды алдын ала ойластыру керек. Ондай шаралар бірнеше вариантты шешім қабылдауды, тәуекелді қауіпсіздендіруді бағдарламасын жасауды талап етеді.

Бизнес жоспардың қаржылық жоспарында алдыңғы бөлімдерінің барлық көрсеткіштерінің ақшалай есебі беріледі. Ол 5 бетке дейін жазылады. Ал жоспарда мына көрсеткіштер болады: өнім өткізудің көлемі туралы болжам, ақшалай табыстың және төлемдердің балансы, табыс пен шығынның кестесі, кәсіпорынның активі мен пассивінің жалпы балансы, зиянсыздық нүктесінің есебі.

Қашан және қандай мерзімге дейін кәсіпкерге белгілі іске салынған қаражатының өзін өзі өтеуін маңызды болып табылады. Соған байланысты график қолданылады:

Бизнес жоспардың қорытынды бөлімі болып инвестициялық ұсыныстар табылады. Инвестициялық ұсыныстар бұл жоба ұйымдастырушыларының инвестордың қызығушылығын тудыратын және капитал салымының ұтымды екеніне сендіретін анкета түріндегі құжат. Мұнда жобаның ұйымдастырушысы туралы мәліметтер, капитал салынған объект жайлы қысқаша сипаттама, қаржылық күтілімдер және басқа да инвесторға қажетті мәліметтер көрсетіледі.

8 тақырып. Бизнес-жоспарда тәуекелдікті бағалау.

1. Болашақта сату көлемі тарауын қамтамасыз етуші ретіндегі өндірістік бағдарлама.

2.Өндірістік жоспарды дайындау әдістемесі.

3.Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қоргау , экология сұрақтарының көрсетілуі.

4.Максималды және номиналды өндірістік құаты түсініктемелері.

Негізгі сөздер: Қандай болсын бизнесте тәуекелдік жағдайларды табу қажеттілігі. Жүргізілетін есептерде мүмкіншілік теориясының элементтері. Нақты, критикалық, апаттық тәуекелдіктердін мәні мен сипаттамалары. Болуы мүмкін залалдарды табудың тәжірибелік маңыздылығы. Залалдар түрлері.

Ақпаратты өңдеу әдістері.

Болуы мүмкін залалдардың тәуеклдігін минимизациялау әдістері: өзін- өзі сақтандыру, лимиттеу, толығырек ақпарат алу, диверсификация, сақтандыру.

Тәуекелдікті бизнес-жоспарда көрсету және оны төмендету.