Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Б-жоспарлау 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.19 Mб
Скачать

1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың ара байланыстылығы және шығатын параметрлері.

Маркетингтік талдауда да, тұтынушылар мен бәсекелестерді талдау болуы қажет. Тұтынушыларды талдау тұтынушының сұранымын, нарықтың потенциалды сигменттері мен сатып алу процесінің сипатын анықтау керек. Нарықты құрылымдық зерттеулерді мемлекеттік немесе жеке кәсіпорынның өнімінің бәсекелестерін анықтаудан бастау керек.

Ол үшін келесі талдаулар жүргізіледі:

1) Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.

Сонымен қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу керек:

1) технология өзін алдын - ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болуы тиіс;

2) технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағындырмау керек.

2) Қаржылық талдау.

Инвестициялық жобалардың қаржылық бөлімінің жалпы нұсқасы қарапайым тізбекте негізделген:

1) кәсіпорынның қызметінің соңғы 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайына талдау жасау;

2) инвестициялық жобаны дайындау кезеңіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасау;

3) негізгі өнім өндірісінің залалсыздығына талдау жасау;

4) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы пайда мен ақша ағымдарын болжамдау;

5) инвестициялық жобалардың тиімділік бағасы.

3) Экономикалық талдау - жобаның мемлекеттік байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады.

4) Институцияналдық талдау - инвестициялық жобалардың ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және әкімшілік тұрғыда есепке алынуы мен сәттілікпен орындалуын бағалайды.

Оның негізгі мақсаты - инвестициялық жобамен бірге жүретін сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығын бағалау.

2. Өнімнің өмір сүру циклы.

Тауарлардың өмірлік цикл концепциясы бойынша келесі сатылар ажыратылады:

1) тауарды құрастыру - бұл кезеңде компания тауарлардың жаңа идеясын іздеп тауып іс жүзіне асырады;

2) нарыққа шығару;

3) өсу кезеңі - нарықты тез арада жаулап алу және пайданы жоғарылату;

4) шыңдалу кезеңі - бұл кезеңде сатылымдардың көлемі азаяды;

5) құлдырау.

3. Зерттеудегі өнімнің сұранысы мен ұсынысын болжау әдістері.

Болжамдаудың қарапайым әдістемелеріне бөлуге келмейтін әдісі саналады. Кешенді әдістеме - бұл бірнеше қарапайым бір-біріне байланысты әдістемелерден тұратын тәсіл.

Болжамдаудың әдістемелерінің жіктемесі келесі мақсаттарды қамтиды:

1) зерттеу процесін қамтамасыз ету және тәсілдерді талдау;

2) объектілердің болжамын құрастыру барысында таңдауға әдістемеге қызмет көрсету.

Жіктелудің 2 негізгі түрлері:

1. дәйекті, оның негізгі ережелері:

1) кез-келген ұғымның қалыптасу барысында белгілі бір типті болу керек;

2) ұғымның түрлерінің көлемі бір-бірін болдырмау қажет;

3) жіктелудің барлық объектілерінің толық қамтамасыз етілуі.

2. параллелдік - бұл күрделі ақпараттық негіздеме.

Ол бірнеше белгілерден тұрады. Бұл белгілер тәуелсіз бір-бірімен. Бұл белгілердің жиынтығы зерттеу объектісіне тән тек қана олардың жиынтығы толық сипаттамаларға мүмкіндік береді.

5. Фирманың бәсекелестігі: табу әдістері, ақпаратты өңдеу, тұжырым жасау.

Маркетингтік ақпараттың барлығы қолда бар болуы бәсекелестік күресте үстемдік алуға, қаржылық қауіп-қатерді, тұтынушылардың көңілін анықтауға, сыртқы ортаны бақылауға, жарнамаға деген сенімді, тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Ақпарат алудың көзіне байланысты зерттеу, кабинеттік болып бөлінеді.

Бірінші ақпарат болып анық мақсатпен бірінші қайнар көзінің өзінен емес басқа бір жеткілікті түрде ақпаратты иеленіп отырған ортаңғы буындардың жиналғанынан алады. Бірінші ақпарат жию қашанда қымбатқа түседі, ұзақ уақыт және білікті мамандарды қатыстыруды талап етеді.

Маркетингтік шешімдерге арналған ақпараттар жүйесі - бұл маркетинг саласында шешімдер қабылдау үрдісінде қолданылатын ақпаратты, жүйелі жоспарлы жинаудың, талдаудың және тартудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Маркетинг жоспары - фирма саясатының элементтерінің бірі, бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсаттарына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы, нысандалған құжат.

Жоспар икемді болуға, кәсіпорын ахуалының өзгерістеріне байланысты түзетулер енгізуге мүмкіндік беруге тиіс.

Маркетинг жоспарлары мынадай белгілер бойынша бөлінеді:

1) қамту ауқымы;

2) іс-әрекет ету мерзімі;

3) мәнділігі;

4) әзірлеу әдістері.

6 тақырып. Бизнес-жоспардағы маркетинг стратегиясы.

1. Маркетинг стратегиясының түрлері.

2.Өткізуу және бәсекелес нарығын бағалау нәтижесі бойынша стратегия таңдау.

3.Түрлі сценариелер бойынша сатудың болжамды көлемін табу. Зерттеудегі бизнестің сұранысы мен ұсынысының болжамды бағаларының ара байланыстылығы.

Негізгі сөздер:Бизнес-жоспарда баға белгілеудің көрсетілуі: бағаның құрылымы, баға факторлары, маркетинг зерттеулері мен ара байланыстылығы.

Маркетинг стратегиясындағы жарнаманың орны мен маңыздылығы. Түрлі жарнамалардың айрықшалықтары мен жетіспеушіліктері. Жарнама беруге қойылатын талаптар.

Сатуды ынталандыру бағдарламасы: мақсаты, мәселелері, объектілер, әдістері, жүргізу мерзімдері, міндеттері және жұмысты реттеу, бақылау.

Сатудан кейінгі қызмет көрсету маңыздылығы және бизнес-жоспардағы оны жүргізу бағдарламасы. Сатудан кейінгі қызмет көрсету көрсеткіштері мен шығындар сметасы.

Маркетинг басқарудың нарықтық бағытталу концепциясы ретінде кәсіпорынның өзгермелі жағдайға тез жауап беруімен шартталатын болғандықтан, маркетингтік қызметтің ең негізгі сатыларының бірі – маркетингтік стратегиялар мен жоспарларды дайындау болып табылады. Бұл мәселенің мәні қазіргі ұйымдар әрекет ететін орта жағдайы барынша агрессивті және белгісіз болған сайын артып отыр.Кейде кәсіпкерлер осындай тұрақсыздыққа байланысты стратегиялық жоспарлауды тек бос әуре деп түсінеді. Бірақ жетістікке жеткен тез дамитын ұйым басқарушылары күні бүгін қызметті қандай бағытта дамыту керектігі туралы нақты мәліметтер қажеттігін біледі.Осы бағыттың ұзақ мерзімдегі пайдалылығы мен ұйымның мәніне ықпал ететіні жоспарларда анық көрсетілуге тиіс.

Маркетингтік стратегиялар ұйым мақсаттары мен оған жету жолындағы түрлі проблемалар арасындағы байланыстырушы жүйе болып табылады. Маркетингтік стратегиялардың түрлері өте көп, бірақ оларды дайындаудың универсалды ортақ схемасы жоқ. Сондықтан олардың мазмұны мен бағыты әр түрлі болады: нарықтар мен нарықтық сегменттерді қамту стратегиясы, бәсекелестік стратегиялары, жаңа нарыққа шығу стратегиясы, бағалық стратегия, сондай-ақ нарықтық сұраныс пен тауарлық саясатқа байланысты қолданылатын стратегиялар. Әрбір фирма өз қызмет түрінің ерекшеліктеріне байланысты өз маркетингтік қарекетінің жеке әдітемесін, қызметінің жалпы концепциясын жасайды. Ең бастысы, жоспарлау кезінде маркетингтің өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізудің кешендік жүйесі екенін естен шығармаған жөн.

Кез-келген кәсіпорынның жетістігі шығарылатын өнімдердің номенклатурасын нарық динамикасымен оптималды түрде сәйкестендіре алу қабілетіне тәуелді. Сондықтан маркетингтік мақсаттарға жетуге көмектесетіндей әрбір нарық немесе оның жеке сегменті, сонымен қоса әрбір жеке өнім үшін бір уақытта бірнеше стратегия дайындалуы мүмкін.

Маркетингтік стратегияларды дайындау – бұл негізгі міндеті алға қойылған мақсаттарға жету болып табылатын және де кері байланысты білдіретін үздіксіз, циклдық процесс. Маркетингтік жоспарлау үрдісі жай қарапайым ресми жоспар жасаудан гөрі маңыздырақ.Бұл үрдіс ұйымда және оның сыртында қалыптасқан жағдайға қарамастан универсалды болып табылады. Жоспарлау процесінің ресмилік деңгейі компанияның көлемі мен оның тауарлық-нарықтық диверсификациялану дәрежесіне тәуелді.

Сонымен, ақырында жоғарғы басшылықтың қатысуымен дайындалып, жоспар-кестелермен бекітілген дұрыс маркетингтік стратегиялар ғана қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада компания қызметінің барлық жетістігін анықтай алады.

Өткізу және бәсекелес нарығын бағалау нәтижесі бойынша стратегия таңдау.

Түрлі сценариелер бойынша сатудың болжамды көлемін табу.

Зерттеудегі бизнестің сұранысы мен ұсынысының болжамды бағаларының ара байланыстылығы.

Бизнес-жоспарда баға белгілеудің көрсетілуі: бағаның құрылымы, баға факторлары маркетинг зерттеулері мен ара байланыстылығы.

 Маркетинг стратегиясындағы жарнаманың орны мен маңыздылығы. Түрлі жарнамалардың айрықшалықтары мен жетіспеушіліктері. Жарнама беруге қойылатын талаптар.

Сатуды ынталандыру бағдарламасы: мақсаты, мәселелері, объектілер, әдістері, жүргізу мерзімдері, міндеттері және жұмысты реттеу, бақылау.

Сатудан кейінгі қызмет көрсету маңыздылығы және бизнес-жоспардағы оны жүргізу бағдарламасы. Сатудан кейінгі қызмет көрсету көрсеткіштері мен шығындар сметасы.

7 тақырып. Бизнес-жоспарды қамтамасыз етуші тараулары.

1. Болашақта сату көлемі тарауын қамтамасыз етуші ретіндегі өндірістік бағдарлама.

2.Өндірістік жоспарды дайындау әдістемесі.

3.Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қоргау , экология сұрақтарының көрсетілуі.

4.Максималды және номиналды өндірістік құаты түсініктемелері.

Негізгі сөздер: Өндірістік құатты динамикасында көрсету. Толық өзіндік кұн және шығаруға шығындар: құрылымы мен өзгеруі динамикада. Бизнес-жоспардағы ұйымдастырушы жоспар: басқарушы және өндіріс персоналын тартудағы негізгі сұрақтар, кадрлар саясаты және стратегиясы, іс кестесі немесе календарлық жоспар. Жұмысшылар саны және еңбек ақы шығындарын есептеу.