Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Б-жоспарлау 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.19 Mб
Скачать

4 Тақырып Бизнес-жоспар бизнес-жоспарлаудың тәжірибелік құралы ретінде

1. Фирманың ішкі жоспарлау жүйесіндегі бизнес жоспардың орны

2. Бизнес – жоспарды дайындаудағы қойылатын негізгі талаптар

3. Негізгі тараулар логикасы, олардың ара байланыстылығы

4. Бизнес – жоспарды қабылдаумен жүзеге асыру процесі

Негізгі сөздер: Фирманың ішкі жоспарлау жүйесіндегі бизнес-жоспардың орны. Бизнес-жоспарды дайындаудағы қойылатын негізгі талаптар. Уақыт жиектері және бизнес –жоспарды түзету. Бизнес-жоспарды қабылдаумен жүйеге асыру процессі. Негізгі тараулар логикасы, олардың ара байланыстылығы.

1. Фирманың ішкі жоспарлау жүйесіндегі бизнес жоспардың орны.

Қазіргі таңда бизнес – жоспар тағы да маңызды қызметті атқарады:

Мемлекеттік кәсіпорынның жекешелендіру процесінің инструменті болып табылады. Бұл құжат жекешелендіретін кәсіпорынды жандандырумен байланысты мақсаттарды анықтау үшін ұсыныстарды дәлелдеу үшін пайдаланылады.

Бизнес – жоспар мен стратегиялық жоспар арасындағы айырмашылық:

1) стратегиялық жоспарға қарағанда бизнес – жоспарда тек бір-ақ мақсат қойылады, ол белгілі бір жаңа бизнестің жаңа түрінің ұйымның дамуымен байланысты. Бизнес – жоспар тек дамуға байланысты;

Ал стратегиялық жоспар ұйымның басқа да стратегияларын кіргізуі мүмкін.

2) стратегиялық жоспар – бұл әдетте уақыт горизонтының өсуімен де байланысты;

3) бизнес – жоспарда құрама бөлімдері маңызды орын атқарады.

Бизнес – жоспардың техникалық – экономикалық негіздемеден айырмашылығы бұл оның өнеркәсіптік объектілердің дамуына және ұйымдастыруына арналуы. Сондықтан да техникалық – экономикалық негіздемеден жобаның техникалық - өндірістік аспектілері қарастырылады. Яғни техникалық – экономикалық негізгілерін бизнес – жоспарға қарағанда спецификалық құжат болып табылады.

2. Бизнес – жоспарды дайындаудағы қойылатын негізгі талаптар.

Бизнес – жоспар дайындау қадамдары:

  1. керекті ақпараттардың көздерін анықтау:

1.бизнес – жоспар бойынша оқулықтар;

2. мемлекеттік органдар немесе үкіметтік мекемелер;

3. кеңес беруші фирмалар (консалтинг);

4. салалық басылымдар;

5. бизнес – жоспарды дайындау бойынша курстар;

6. аудиторлық фирмалар;

7. достар, таныстар, әріптестер.

2) құрастырудың мақсаттарын анықтау:

1. бизнес – жоспардың проблемалары ішкі және сыртқы мәселелерін анықтау барысында олардың өзара үйлесімді болғаны туралы естен шығармау керек;

2. үйлесімділігі – бұл бірден жобаға қосымша көңілді аудартады;

3. банктің және басқа да қаржы компаниялардың мамандары инвестициялық жобаларды бағалауда жоғары біліктілікке ие болады;

4. мақсаттық оқитындарды анықтау;

5. құрастырылатын құжаттың жалпы құрылымын анықтау;

6. бизнес – жоспардың көзделген әрбір бөлімі үшін ақпаратты жинау;

7. бизнес – жоспарды дайындау.

Бұл жерде маңызды ереже: әрбір кәсіпкер бизнес – жоспар өзі дайындау керек. Кеңесшінің көмегі ақпараттарды жинау мен және өңдеумен анықталады.

Егер де кәсіпкер бизнес – жоспар дайындауды басқаларға жүктесе, онда:

1) кәсіпкер өзінің ұйымы туралы әлсіз және күшті жақтарын біле алмайды, қызметі туралы толық мәліметтер білмейді.

Бизнес – жоспар ішкі және сыртқы мақсаттары айқындалған жағдайда үшінші қадамға көшуге болады. Бұл өзінің оқырмандарының нақты мақсатын айқындау – бұл тек ішкі кәсіпорын қатысушылары ма,әлде сыртқы тұлғалар ма оларға кәсіпорынның инвесторы ретінде болуы мүмкін – болашақ акционерлер, коммерциялық банктер, венчурлік капитал.

Венчурлік немесе тәуекелді капитал салынушылары – бұл коммерциялық ұйымдар,кәсіпкерлік жобаларды қаржыландыру көздері, яғни белгілі бір кезеңдерде болатын жағдай (құру барысында модернизациялық және кеңейту кезеңдерінде) бизнес түріне байланысты әртүрлі тәуекелді деңгейінде оларды қаржыландыру яғни үлкен шаруашылық ұйымдар құрамына кіретін ұйымдар болып табылады.

Венчурлік капитал салынушылары қарыздық келісім – сөздер жүргізу кезінде қаржыландыру, акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды алу кезінде қаржыландыруға қажет болатын үшін көзделеді.

Венчурлік капитал салымының мақсаты – жоғарғы пайда табу үшін тәуекелдікке бару болып табылады.

Нарықтық экономикасы басым елдерде венчурлік капитал – күнделікті кең таралған құбылыс. Оның ұйымдастыру формалары әртүрлі.

Ерте кезде венчурлік капиталдың алғашқы түрі ол бай адамдардың жеке салымдары болған және отбасылық ұйымдар инвестициялық банктердің бөліктері бэолып табылады. Бұл венчурлік капитал салымдары көбінесе толықтай құрылған және даму үстіндегі ұйымдарға арналған. Олар жаңа ұйым құрудағы тәуекелдікке бармаған. Одан кейін аралас, яғни мемлекеттік және жеке кәсіптік құрылымдардың құрылған немесе жаңа құрылып жатқан ұйымдарға көшті. Венчурлік қор (АҚШ – та ұзақ инвестициялық компаниялар) олар негізгі шағын бизнестің құрылу себепшілері болды.

Соңғы 30 жылдықта жекеменшік венчурлік компаниялар пайда болады.

Көбінесе олар сақтандыру, пенсиондық, қайырымдылық қорлары мен тірісі мол жеке тұлғалар мен бірігіп жұмыс істеу кезінде пайдаланылады.

Қазіргі кезде венчурлік компаниялар әрі фирмалар мен қаржылық және өндірістік жағынан қамтылған кәсіпорынмен жұмыс істеуде.

Егер бизнес – жоспар құрастырушы болашақ оқырмандар ордасын айқындағысы келсе, төртінші қадамға жол ашылады. Бұл құжаттардың ортақ құрылымын айқындау.

Әдетте бизнес – жоспар құрастырғанда оның құрамына мыналар кіреді:

  • сыртқы беті (титулка)

  • резюме

  • өз бизнесінің тарихы (егер кәсіпорын құрылған болса)

  • тауар немесе қызметтер сипаты

  • жұмысшылар сипаты, яғни тауар нарығындағы қызметтер

  • бәсекелестер: бәсекелік стратегияның таңдалуы мен бағалануы

  • өндірістік жоспар

  • маркетингтік жоспар

  • ұйымдық жоспар

  • қаржылық жоспар

  • тәуекелділікті бағалау

  • зерттеу жоспары мен жұмыс барысы

  • тәуекелділікті бағалау мен сақтандыру

  • ұсыныс (аппендикс).

5 тақырып. Бизнес-жоспарды маркетингтік зерттеу

1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың ара байланыстылығы және шығатын параметрлері

2. Өнімнің өмір сүру циклы

3. Зерттеудегі өнімнің сұранысы мен ұсынысын болжау әдістері

4.Қалыптасқан тенденцияларды экстрополяциялау әдісі, экономикалық – математикалық модельдеу, эксперттік бағалар әдісі. Болжау әдісін таңдау критериялары

5. Фирманың бәсекелестігі: табу әдістері, ақпаратты өңдеу, тұжырым жасау

6. Өнім бәсекелестігі: Бағалау критерийлері, табу әдістері, ақпаратты өңдеу. Өнім сапасын бағалаудағы мәселелер.

Негізгі сөздер: Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың ара байланыстылығы және шығатын парметрлері.

Өнімнің өмір сүру цикылы. Зерттеудегі өнімнің сұранысы мен ұсынысы болжау әдістері. Қалыптасқан тенденцияларды экстрополяциялау әдісі, экономикалық-математикалық моделдеу, эксперттік бағалар әдісі. Болжау әдісін таңдау критериялары.

Фирманың бәсекелестігі: табу әдістері, ақпаратты өңдеу, тұжырым жасау.

Өнім бәсекелестігі: Бағалау критериелері, табу әдістері, ақпаратты өңдеу. Өнім сапасын бағалаудағы мәселелер.