- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
- •Темербаева Жанна Амангелдиевна
- •Студенттерді модульдік технология арқылы оқытудыҢ ұтымдылығы
- •Мазмұны
- •1 Кредиттік оқу жүйесінде студенттерді модульдік технология
- •2 Кредиттік оқу жүйесінде модульдік технология арқылы оқытудың үлгісі бойынша тәжірибелік- эксперименттік жұмыс нәтижесі..........................................................63
- •1 Кредиттік оқу жүйесінде студенттерді модульдік технология арқылы оқытудың ғылыми теориясы
- •1.1 Кредиттік оқу жүйесінде модульдік технология арқылы оқытуды жоғары оқу орындарында енгізудің мәселелері
- •1.2 Кредиттік оқу жүйесінде модульдік оқыту технологиясының тиімділігін арттыру жолдары
- •1.3 Студенттерді кредиттік технология арқылы оқытудың үлгісі
- •2 Кредиттік оқу жүйесінде модульдік технология арқылы оқытудың үлгісі бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
- •2.1 «Инженерлік сызба» пәнін модульдік технология арқылы оқытудың мазмұны, түрлері және әдістері
- •1 Модуль Инженерлік сызба пәні
- •1.1 Блок Геометриялық формалар: орталық және параллель проекциялы сызбаларды алудың әдістері
- •Мысал :
- •1.2 Блок Тік бұрыштап проекциялау әдісі
- •1.3 Блок Қиғаш бұрыштан проекциялау
- •2 Модуль Геометриялық элементтердің (нүктелер, түзулер және жазықтықтар) кешенді сызбалар
- •2.1 Блок Нүктенің проекциясы
- •2.2 Блок Түзулердің проекциясы
- •2.3 Блок Жазықтықтың проекциясы
- •2.2 Модульдік технология арқылы оқытудың тиімділігінің мониторингі
- •Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстың нәтижелері
- •Мұндағы: n – іріктеу көлемі;
- •2004 - 2005 Оқу жылының анықтаушы кезеңінің мақсатын нөлдік болжам арқылы тексереміз
- •2006-2007 Оқу жылының қалыптастырушы кезеңін алдыңғы жылдағыдай есептейміз.
- •Дәстүрлі Модульдік Жеке оқытуды
- •Креативтік деңгейде шешілетін есептермен тестілер.
- •I денгей
- •II денгей
- •I I денгей
- •1.Берілген ав түзудің ізін анықтаңыз.
- •3. Берілген к нүктесі жазықтықта жата ма жоқ па?
- •III денгей
- •IV денгей
- •Базалық білім қорын тексеру үшін бақылау тапсырмалары
1 Модуль Инженерлік сызба пәні
1.1 Блок Геометриялық формалар: орталық және параллель проекциялы сызбаларды алудың әдістері
Фигураның белгілі бір ереже бойынша жазықтыққа түсірілген кескіні проекция деп аталады. Егер затта жазықтыққа кескіндеген кезде проекциялаушы сәулелер бір нүктеден тарайтын болса, онда мұндай әдісті орталық проекциялау деп атайды (3а сурет). Орталық проекциялау әдісі сәулет және бейнелеу өнерінде кеңінен қолданылады. Орталық проекцияны кейде конустық немесе перспективалық проекция деп атайды. Егер нәрсе кескінін алуда өзара параллель проекциялаушы сәулелер қолданылса, онда мұндай әдісті параллель проекциялау деп атайды. (3б сурет). Түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесі олардың қиылысу нүктесі деп айтады.
Мысал :
а) б)
а) орталық проекциялау (S - проекция центрі); б) параллель проекциялау (S – проекция бағыты); П – проекция жазықтығы; C, D, E – проекциялаушы нүктелер
Сурет 3 – Проекциялау тәсілдері
Тапсырма:
1) Проекциялау аппараты: S – проекциялау центрі және П – проекциялар жазықтығы белгілі. Берілген АВС үшбұрышының екі төбесінің проекциялары белгілі деп қарастырайық, оның центрлік проекциясын салуды аяқтау керек (3 сурет).
Сурет 3
Сұрақтар
1. Проекция деген не?
2. Орталық проекциялау деген не?
3. Параллель проекциялау деген не?
Әдебиеттер
1 Ж.М. Есмуханов. Сызба геометрия. – Алматы: Мектеп, 1987. –168 б.
2 Ж.М. Есмуханов, Е.М. Мақышев, Е.Ж. Есмуханов. “Сызба геометрия есептері” – Алматы: Білім, 1995. – 272 б.
3В.О.Гордон, М.А.Семенцов-Огиевский. “Курс начертательной геометрии. – Москва.: Наука, 1968. – 368 стр. с илл.
4 Н.В. Белов, А.А. Виксель. Начертательная геометрия. – М.: Высшая школа, 1972. – 238 стр., с илл.
5 А.Т. Аймурзаев и др. Начертательная геометрия и черчение. Алматы. 1998. – 183 стр., с илл.
1.2 Блок Тік бұрыштап проекциялау әдісі
Проекциялау бағыты S проекциялар жазықтығына перпендикуляр болатын параллель проекциялардың жеке түрін тік бүрыштап проекциялау дейді. Берілген АВ түзуінің П жазықтығындағы кескінін салу үшін, одан П1 жазықтығына перпендикуляр түсірейік. Жазықтыққа перпендикуляр деп сол жазықтықпен 90 бұрыш жасайтын түзуді айтады.
АВ түзуінен П жазықтығына түсірілген перпендикулярдың табаны А1В1 түзуі АВ түзуінің П1 жазықтығындағы тік бұрыш проекциясы (4 сурет).
Мысал:
П – проекциялар жазықтығы, АВ – проекциялатын түзу; - АВ түзуінің П1 жазықтығына көлбеулік бұрышы
Сурет 4 – АВ түзуін П1 жазықтығына тік бұрыштан проекциялау
Проекциялау бағыты S проекциялар жазықтығына перпендикуляр болатын параллель проекциялардың жеке түрін тік бүрыштап проекциялау дейді. Берілген АВ түзуінің П жазықтығындағы кескінін салу үшін, одан П1 жазықтығына перпендикулыр түсірейік. Жазықтыққа перпендикуляр деп сол жазықтықпен 90 бұрыш жасайтын түзуді айтады.
АВ түзуінен П жазықтығына түсірілген перпендикулярдың табаны А1В1 түзуі АВ түзуінің П1 жазықтығындағы тік бұрыш проекциясы (4 сурет).
Тапсырма:
Берілген СD кесіндісін П1 жазықтығына тік бұрыштап проекциялау керек (5 сурет).
Сурет 5
АВСD төрбұрыш берілген проекция жазықтығына параллель, осы төртбұрышты тік бұрыштып П1 жазықтығына проекциялау керек (6 сурет).
Сурет 6
Сұрақтар
1. Тік бұрыштап проекциялау деп нені айтады?
2. Жазықтықта нәрсе кескіні қалай салынады?
3. Жазықтыққа перпендикуляр деп нені айтады?
Әдебиеттер
Ғ. Ақпанбек. Сызба геометрия. – Алматы.: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1998. – 208 б.
2 Ж.М. Есмуханов, Қ.Қ. Қонақбаев. Сызба геометрия. – Алматы: Мектеп, 1968. – 217 б.
3 Ж.М. Есмуханов, Е.М. Мақышев, Е.Ж. Есмуханов. Сызба геометрия есептері. – Алматы: Білім, 1995. - 272 б.
4 В.Н. Виноградов. Начертательная геометрия. 2-е изд., перераб. - Москва: Просвещение, 1989. - 239 с.
5 А.В. Бубенников. Начертательная геометрия. - Москва: Высшая школа, 1985. - 288 с.
