Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-апта 1,2,3-саба__ - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
70.14 Кб
Скачать

1-сабақ

Іскер адамның жұмыс күнін жоспарлауы

Жұмыс күні, жоспарлау, нәтижелі, орындау мерзімі, жұмыс күнінің басы, жұмыс күнінің соңы, көрсету, көрсетілген, қолайлы, бөлік, белгілеу, белгіленген, тапсырма, жоспарланған, жоспарланбаған.

1. Берілген сөздермен сөз тіркесін жасап, сөйлемдер құраңыз.

1) жоспарланбаған а) көрсетілген

2) жұмыс күнінің ә) түрде

3) мерзімі б) нәтижелі

4) міндетті в) басы

5) жоспар г) жұмыс

6) жұмысы ғ) құру

2. Етістіктерді жедел өткен шақ формасына қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Мен жұмысқа кеше (шығу) ...................... . Ол жақсы жұмысқа (орналасу) ..................... . Сіз жұмысқа неге (кешігу) ...................... ? Сен бүгін жұмысқа сағат нешеде (келу) ...................... ? Сіздер бүгінге қанша жұмыс (жоспарлау) ...................... ? Сендер қай банктен несие (алу) ...................... . Олар бастықтың тапсырмаларын (орындау) ...................... .

3. Сұрақтарға болымсыз формада жауап беріңіз.

Үлгі: Сіз бүгінгі жұмыс күніңізді жоспарладыңыз ба? – Жоқ, мен бүгінгі жұмыс күнімді жоспарламадым.

Сіз кеше жұмыс берушімен сұхбаттасуға бардыңыз ба?

Сіз банктен несие алдыңыз ба?

Сіз жаңа қызметкермен таныстыңыз ба?

Сіз оның жаңа жұмыс орнын көрдіңіз бе?

Сіз кеше есеп-шот аштың ба?

4. Берілген сұрақтарды мәтіннің баяндалу ретімен орналастырып, жауап беріңіз.

А) Жұмыстарды маңыздылық дәрежесіне қарай қаншаға бөлу керек?

Ә) Жоспарланған жұмыстың міндетті түрде қаншасы орындалады?

Б) Уақытты үнемдеуге не көмектеседі?

В) Жұмыс уақытын жоспарлаудың қандай қағидалары бар?

Г) Аса маңызды жұмыстарға қандай жұмыстар жатады?

Кез келген іскер адам үшін жұмысының жүруі, нәтижелі болуы оның жұмысын қалай жоспарлайтынына байланысты. Жұмыстың дұрыс жоспарлануы көп жағдайда уақытты үнемдеуге көмектеседі. Мәселен, сіздің жұмыс күнін жоспарлауға кеткен 10 минутыңыз жұмыс күніңіздің 2 сағатын үнемдейді екен. Олай болса, жұмыс уақытын жоспарлаудың басты қағидаларымен танысып көрейік.

  • Алдымен жоспарлаудың оңтайлы жолдарын анықтап алыңыз. Жоспар қысқа әрі анық болғаны дұрыс. Ұзақ жоспар дайындау көп уақытыңызды алуы мүмкін.

  • Әр тапсырманың нақты әрі шынайы орындалу мерзімін көрсетіңіз.

  • Әр жұмыстың маңыздылық дәрежесін анықтаңыз.

  • Жұмыс уақытыңыздың тек 60%-ын ғана жоспарлаңыз, кездейсоқ туындайтын жұмыстарға 20%-ын, ал қалған 20%-ын жоспарланбаған істерге қалдырыңыз.

Жұмыстарыңызды маңыздылық дәрежесіне қарай үшке бөліңіз: аса маңызды, маңыздылығы орташа және қалғандары.

Аса маңызды жұмыстарға жататындар:

- орындау мерзімі белгіленген жұмыстар;

- көп күш пен уақытты қажет ететін стратегиялық міндеттер;

- орындалуы сіз үшін қиындықтар тудыратын жұмыстар.

Маңыздылығы орташа жұмыстарды сіздің күнделікті қайталанып отыратын міндеттеріңіз бен жұмыстарыңыз құрайды.

Қалғандарына орындалмай қалса да, сіз үшін жағымсыз салдары болмайтын істер жатады.

Жоспарланған істің міндетті түрде 50%-ының орындалатынын ұмытпаңыз. Олай болса, іске сәт!

қағида – принцип

оңтайлы жолдары – оптимальные способы

шынайы – реальный

маңыздылық дәрежесі – степень важности

кездейсоқ туындайтын жұмыстар – спонтанные дела

қиындық тудыратын жұмыстар – сложные дела

күнделікті қайталанып отыратын – повседневные; повторяющие каждый день