Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіл білімі силлабус (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать
  1. Агглютинация (латын тілінен –жабыстыру, қабысу)- жалғаудың бір түрі; түбірге немесе негізгі сөзге бір мәнді жұрнақтардың жалғануы арқылы сөз және форма тудырудың түрі

  2. Аккомодация (латын – бейімделу) – көршілес дауыстының әсерінен дауыссыз дыбыстар артикуляциясында болатын өзгерістер.

  3. Акустика (есту) – физика тарауы, дыбыс туралы ілім. 2) дыбыстық акустика – жалпы акустика тарауы, дыбыстық сигнал құрылымын, дыбыстық пайда болуы мен қабылдануын қарастырылуы.

  4. Акцент (латын – «екпін») – 1) екпін; 2) дыбысталудың бір ерекшелігі; 3) жеке алып ерекшелеу; 4) шетел тілдерінен енген дыбыстарды туған тіл нормаларына сай дыбыстау.

  5. Алфавит –(грек алфавитінің алғашқы екі әрпі атауынан туған alpha u beta) тарихи тәртіппен орналасқан фонографиялық жазу әріптерінің жиынтығы.

  6. Антонимия –(гректің anti - қарсы және onima - атау) қарама-қарсы мағыналы лексикалық бірліктер арасындағы семантикалық қатынас түрі.

  7. Тілдерді ареалды жіктеу – аумақтық қарым-қатынасқа түсу негізінде, әлем тілдерін зерттеу және оларды ұқсастығына қарай жіктеу.

  8. Артикуляция (латын «мүшеге бөліп айту») – дыбыстарды айту кезінде сөйлеу мүшелерінің жұмысы.

  9. Ассимиляция (латын –ұқсасу) – сөйлеу кезінде бір типтес дыбыстардың артикуляциялық ұқсасуы. (мысалы, қатаң, ұяң ұқсастығы).

  10. Әріп – жазудың фонографиялық белгісі.

  11. Әдеби тіл – жалпыға ортақ белгіленген нормасы мен қоғамда жоғары статусқа ие және тарихи қалыптасқан жалпыхалықтық тілдің түрі .

  12. Белгі – ақиқат шындықтың кез келген құбылысын көрсетуге және ақпаратты жеткізуге арналған материалдық-идеалдық құрылым.

  13. Белгілеу(тілдерді) Кодификация- тілдік норма мен қалыптардың грамматикада, сөздіктер мен анықтамаларда бекітіп жүйеленуі.

  14. Валенттілік (латын –«күш») – сөздің басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түсу қабілеттілігі.

  15. Вариант (латын «өзгермелі») – тілдік бірліктің әртүрлілігі, білдірудің бір тәсілі, нақты сөйлеу бірліктерінің іске асу түрлері.

  16. Генеалогия (гректің «шежіре») – тұлғалар мен құбылыстардың шығу тегі мен туыстық байланыстарын зерттейтін пән.

  17. Гиперо-гипонимикалық топтар – сөздердің семантикалық өрістегі ұқсастығы мен иерархиялық байланыстылығы. Гипероним – басқа сөздердің мағынасын өзіне бағындыратын бірлік.

  18. Гипоним – сематикасы жағынан басқа сөзге тәуелді сөз.

  19. Грамматика (грек «әріп, жазба») 1) грамматикалық құрылым, ереже жүйесі мен тіл бірліктерінің үйлесімді құрамы. 2) грамматикалық құрылым жайлы ілім.

  20. Грамматикалық форма – лексика тұрғысынан өзгермей, тек грамматикалық мағынасы өзгеретін лексема нұсқасы.

  21. Грамматикалық класс(сөздің)- ортақ грамматикалық мағынасы және морфологиялық, синтаксистік белгілері бар лексемалар жиынтығы

  22. Грамматикалық мағына – тілдік бірліктер арасындағы байланысты көрсететін жалпылама мағына.

  23. Графика – алфавит әріптері мен диакритикалық таңбалардың дыбыстық тіл құрамына қатысын зерттейтін тіл білімінің саласы.

  24. Денотат- сөзбен берілген зат немесе шындық құбылысы.

  25. Диакритикалық белгілер - әріп оқылуындағы өзгерістер мен нақтылауларды көрсететін жазу жолы үсті, асты немесе ішіндегі таңбалар.

  26. Диалект – белгілі бір аймақ шеңберінде қолданылатын тіл ерекшеліктері.

  27. Диахрония – бір уақыт шеңберінде тілдің тарихи дамуы және даму үрдісінде тілді зерттеу.

  28. Дивергенция – екі немесе одан да көп тілдік құбылстардың немесе тілдердің тарихи даму барысында бір-бірінен алшақтауы.

  29. Диссимиляция- біркелкі немесе ұқсас дыбыстардың әр басқа немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеруі.

  30. Диэреза – сөз ішінде белгілі бір дыбыстың немесе буынның түсіріліп айтылуы.

  31. Дыбыс – акустикалық тұрғыдан –сөйлеу мүшелерінің қатысы арқылы пайда болған ауадағы діріл, вибрация; артикуляцияда – сөйлеу мүшелер жұмысының өнімі; функционалды тұрғыдан – мағына ажырату және құрылымдық қызмет атқаратын фонема варианты.

  32. Жазу – уақыт пен қашықтыққа тәуелсіз, сөйлеудің графикалық тіркеу түрі.

  33. Жаргон –белгі бір әлеуметтік топта қолданылатын жалпыхалықтық тілдің түрі.

  34. Жаргонизм – жаргонға тән ерекше сөздер тобы.

  35. Жалпыхалықтық тіл – тілдің қызмет ететін бар топтарының(әдеби тіл, диалект, жаргон т.б.) жиынтығы

  36. Жүйе - өзара байланысты бірліктер жиынтығы.

  37. Идеограмма – идеографиялық жазу таңбалары (цифрлар, химиялық, математикалық белгілер, иероглифтер)

  38. Идеография – шартты белгілермен сәйкес келетін адам санасындағы ұғымдарды

  39. Иерархиалық қарым-қатынастар – тілдік бірліктер арасындағы өзара тәуелді пен бағынышты қарым-қатынас түрі.

  40. Иероглиф -

  41. Инкорпорация – лексикалық мағынасы жағынан тәуелсіз екі немесе одан да көп негіздердің тұтас синтаксистік-морфологиялық бірлікке айналатын синтаксистік байланыс түрі.

  42. Калькалау – басқа тілден сөзбе-сөз аудару түрі.

  43. Комбинаторлық өзгерістер – қатар орналасқан дыбыстардың өзара әсерінен болған артикуляциялық өзгерістер.

  44. Кірме – тілдің сөздік құрамына басқа тілдерден енген сөздер.

  45. Конвергенция – тарихи даму барысында екі немесе одан да көп тілдер мен тілдік құбылыстардың сәйкес келуі немесе жақындасуы.

  46. Коннотация – эмоционалдық, бағалауыштық немесе стилдік бояуы бар сөздің қосымша мағынасы.

  47. Құрылым – жүйе бірліктерінің арасындағы байланыс жиынтығы.

  48. Лексема – тілдің сөздік құрамындағы бірлік, сөз.

  49. Лексика – тілдегі сөздер жиынтығы немесе сөздік қор.

  50. Лексикография гректің(lexikon) сөздік және (graph)жазу мағыналы термин. Тіл білімінің сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі саласы.

  51. Лексикология-тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ілім.

  52. Лексикалық мағына –нақты бір тілде сөйлеуші санасында қалыптасқан белгілі бір ұғым немесе объект жайлы ақпарат беретін сөз мазмұны.

  53. Метатеза – сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың немесе буындардың орын алмастыруы.

  54. Метафора – белгілі бір ұқсастықтарына қарай екі я одан да көп зат немесе құбылыстардың бір атаумен аталуы.

  55. Метонимия - белгілі бір зат немесе құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реальды байланыстылығына қарай алмастыру амалы.

  56. Морф – ең кіші мағыналы тілдік бірлік.

  57. Морфология – сөз құрылымын, өзгеру тәсілдері мен заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы; белгілі бір тілдегі сөздер құрылымы менөзгеру тәсілдерін, олардың ережелерін зерттейтін жүйе.

  58. Неологизм – жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.

  59. Номинация – атау, ат беру.

  60. Омонимия - әртүрлі тілдік бірліктердің сәйкес келуі.

  61. Орфография – сөздер мен олардың құрамын дұрыс жазу ережелер жиынтығы.

  62. Парадигмалық қарым-қатынастар – бір тілдік деңгейдегі бірліктердің өзара шартты, қарама-қайшы және байланысты қатынаста болуы.

  63. Пиктограмма – пиктографиялық жазу таңбалары.

  64. Пиктография – нақты ақпарат сурет не суреттер жиынтығы арқылы берілетін жазу түрі.

  65. Полисемия – көпмағыналық, шындық өмірдегі әр түрлі құбылыстыбір сөзбен атау.

  66. Праязык – туыстас тілдердің шыққан ең алғашқы түп-төркіні.

  67. Прокликтика - өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айтылу құбылысы.

  68. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, өзіне тән құрылысы бар тілдің ең кіші коммуникативті бірлігі.

  69. Сөйлеу актісі – белгілі бір тілде сөйлеу және оны қабылдау үдерісін қамтитынжеке іс-әрекет түрі.

  70. Сөйлеу – тілдің код(таңба, белгі) қызметінің материалдық түріндегі іске асуы.

  71. Сема - - ең кіші мағына.

  72. Семантика – тілдік бірліктер арқылы берілетін ақпарат, мазмұн; мағына мен мазмұнды зерттейтін тіл білімі саласы; таңбалық жүйені мағына беру тәсілі деп қарастыратын семиотика саласы.

  73. Семантикалық өріс – бір заттық – ұғымдық топқа қатысты лексемалар жиынтығы.

  74. Семиотика – таңба мен таңбалар жүйесі жайлы ілім.

  75. Синекдоха –Бүтіннің орнына бөлшекті,жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы.

  76. Синонимия – мағыналары бір-біріне жақын мәндес сөздер.

  77. Синтагмалық қарым-қатынастар – (гректің «біріккен, қатар құрылған» сөзінен) бір тілдік деңгейде қатар орналасқан бірліктер арасындағы сәйкестік қатынас.

  78. Синтаксис – белгілі бір тілдегі сөз тіркесі мен сөйлем құрылысының тәсілі мен ережелер жүйесі; белгілі бір тілдегі сөз тіркесі мен сөйлем құрылысының тәсілі мен ережелер жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы.

  79. Синхрония – тілдегі құбылыстардың белгілі бір дәуірдегі қалыпы.

  80. Сингармонизм –сөз ішіндегі дауыстылардың үндесуі.

  81. Сөздік мақала - бір немесе бірнеше өзара байланысқан тілдік бірліктер жайлы ақпарат беретін тәуелсіз мәтін үзіндісі.

  82. Сөздік – ақпараттық мақаласы алфавиттік тәртіппен орналасқан анықтама.

  83. Сөз – қарым-қатынас жасауда қолданылатын тілдің ең негізгі единицасы.

  84. Сөз тіркесі – екі немесе одан да көп сөзден тұрып және өзара мағыналық, грамматикалық тұрғыдан байланысқа түскен сөздер жиынтығы.

  85. Субстрат – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері.

  86. Суперсубстрат

  87. Супплетивизм әр түрлі түбірлерден жасалып, формалары әркелкі болып келгенімен, лексикалық мағыналары бір-бірімен жақын сөздер

  88. Табу – сөзге тыйым салу.

  89. Тақырыптық қатар – парадигмалық байланысқа түскен және бір семантикалық өрісте қолданылатын сөздер жиынтығы ( мысалы, раушан, роза, түймедақ, бәйшешек, қызғалдақ)

  90. Тілдердің типологиялық жіктелуі – тілдердің құрылымдық ұқсастығы мен жақындығын, олардың туыстығына байланыссыз зерттейді.

  91. Транскрипция - сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл жеке таңбалар арқылы көрсету.

  92. Транслитерация – жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке аударып жазу.

  93. Тіл деңгейі – бір тектес тілдк бірліктер жүйесі.

  94. Тіл біліміндегі функция – тілдің адам қоғамындағы атқаратын қызметі.

  95. Фон – тілдегі фонеманың жарияланым түрі.

  96. Фонетика – тіл дыбыстарын, тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін лингвистиканың саласы.

  97. Фонология фонеманың қоғамдық, яғни әлеуметтік қызметі туралы ілім

  98. Фразеологизм –дайын күйінде қолданылатын тұрақты идиомалық тіркес.

  99. Ұғым – зат пен құбылыстың басты белгілерінің ойда қорытылып, жалпыланған бейнесі.

  100. Түбір - сөздердің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін және лексикалық мағынаны білдіретін түпкі бөлшек.

  101. Энликтика – дербес екпін жоқ, тек өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айтылуы.

  102. Эпинтеза-белгілі бір дыбыстың сөз құрамына кірігуі.

  103. Этимология –сөздердің пайда болу және даму жолын зерттейтінтіл білімі саласы.

  104. Эвфемизм – бір затты немесе құбылысты сыпайылап жеткізу құралы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]