- •© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәлімет:
- •Оқу туралы мәліметтер:
- •1.3. Курстың пререквизиттері
- •1.4. Курстың постреквизиттері
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.7. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •1.8. Студенттердің білімін бағалау бойынша ақпараттар:
- •1.9. Курстың саясаты мен рєсімдеуі
- •Лекция сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшелігі Сұрақтар:
- •2 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және олардың Қазақстан Республикасының заңдылығында бекітілуі
- •3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
- •4 Тақырып. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың функциялары, нысандары және әдістері
- •6 Тақырып. Мемлекеттік-басқарушылық шешімдер
- •7 Тақырып. Әкімшілік рәсімдеу
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтату.
- •14 Тақырып: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
- •2.3.Семинар сабақтарының жоспары
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мәні және ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілуі
- •3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрамын жетілдірудің мәселелері
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтың құқықтық мәртебесінің өзекті мәселелері
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мазмұны. Мемлекеттік басқарудың тәсілдерін, нфсандары мен функцияларын жетілдірудің мәселелері.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқару шешімдері (нормативтік құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және күшіне ену мәселелері)
- •7 Тақырып. Әкімшілік рєсімдеу: тарихы мен қазіргі кезең
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамсыздандыру мәселелері
- •9 Тақырып. Мемлекеттік қызмет институты
- •10 Тақырып. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі
- •11 Тақырып. Мемлекеттік қызметке тұру
- •12 Тақырып. Мемлекеттік қызметті өткеру
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтатылуы.
- •14 Тақырып. Мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалуын студенттердің µзіндік ж±мыстары бойынша µткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқару тетігі (механизмі)
- •2 Тақырып. Мемлекеттік қызмет қағидалары
- •13 Тақырып. Саяси мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы
- •14 Тақырып. Салық қызметіндегі заңдылықтарды жетілдіру
- •2.6 Студенттің өзіндік жұмыстар бойынша сабақтар жоспары
- •Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптар кілттері
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •«Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша «5b030200-Халықаралық құқық», «5в030100 - Құқықтану» (4 жылдық ж»не 3 жылдық) мамандықтары үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 38
6 Тақырып. Мемлекеттік-басқарушылық шешімдер
1. НҚА-дің түсінігі мен жіктелуі
2.НҚА-дің жобаларын жоспарлау, дайындау және келістіру
3.НҚА-дің реквизиттері, құрылымы және мәтінінің стилі
4.НҚА-ді қабылдау мен жариялауының тәртібі
5.НҚА-дің уақыт, кеңістікте және адамдар арасындағы әрекеті
6.Атқарушы биліктің жергілікті және орталық органдарының НҚА-ін мемлекеттік тіркеу.
Дәріс
1. Нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiк лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны болып табылады.
Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
Қазақстан Республикасы үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары және өзге де актілер.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, өкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен өкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi.
Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.
Дайындау жоспарларында:
нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн бейнелейтiн атауы;
дайындау мерзiмдерi;
жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.
Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен дайындалатын заңдар жобаларының әзiрлеушiлерi Парламент депутаттары болып табылады.
Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпыға мiндеттi маңызы болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi олардың жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган балама жобалар дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша бiрнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға хақылы. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда - оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға келiсуге жiберiледi.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы;
актiнiң нысанына нұсқау
осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып;
нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi;
нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;
тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы;
нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiн осылай тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;
елтаңбалы мөр.
Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен нөмiрленедi. Баптардың (тармақтардың) нөмiрленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң нөмiрленуi де дербес және басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады.
Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мақсаты мен себептерiн, оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын баяндаудың алдынан кiрiспе бөлiм (преамбула) берiледi.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Заңмен белгiленедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi сонымен қатар:
кодекстер үшін - Заңмен.
Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;
заңдар үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның iшiнде Парламент пен оның палаталарының регламенттерiмен;
2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актiлерiмен;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заң актiсiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiмен;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкiмет туралы заң актiсiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және үкiметiнiң актiлерiмен;
орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн - Үкiмет пен осы органдар туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы органдардың қызметiн реттейтiн қаулыларымен;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен айқындалады.
5. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:
Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;
Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердің өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашєы ресми жарияланған күннен бастап;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап;
Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар қабылданған күннен бастап, ал әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстiлерi - мемлекеттiк тiркеуден кейiн күшіне енеді.
6. Егер мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық акт:
азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;
жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органның құзыретiне шегiнен шығып кетсе;
егер келiсу қажет болып, келiсiлмесе;
мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Орталық мемлекеттiк органдар қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер: [1, 8, 11].
Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3].
Қосымша әдебиеттер: [5, 17, 27].
