Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік қызмет және басқару (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
779.26 Кб
Скачать

4 Тақырып. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде

  1. Адам әлеуметтік жүйенің негізгі элементі ретінде

  2. Азаматтардың бірлесуінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны

  3. Халықтың аумақтық принцип бойынша бөлінуі

  4. Халықтың өндірістік принцип бойынша бөлінуі

  5. Мемлекеттік басқарудағы салалық және қызметтік бастамалар

  6. Мемлекеттік басқарудың субъектілері мен объектілерінің өзара байланысы

  7. Мемлекеттік басқару жүйесінің “сыртқы саласы”

Дәріс

1. Тұлға – басқарудың тұтас, жүиелік объектісі – адамның биологиялық, әлеуметтік және рухани қасиеттерінің органикалық бірлігі. Осыған сәйкес басқарушылық әсер етудің тікелей объектісіне азаматтардың сыртқы бақылауы мен реттеуіне жататын әрекеттері, яғни адамдардың ерікті (саналы) әрекеттері жатады.

Әр адамға өздерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында көптеген қоғамдық қатынастарға қатысуға кең ауқымды мүмкіндіктер беріледі. Мемлекет қоғамдағы ең өзекті қатынастарды құқықтық нормалардың көмегімен реттейді. Осылайша құқық қоғамдық жүйедегі қажетті тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мемлекет адамға әр түрлі қоғамдық қатынастардың қатысушысы ретінде ерекше заңдық қасиет – құқықтық мәртебе береді.

Заңдық кепілдіктер – азаматтардың құқықтық мәртебесінің сипаттамасын толықтырады. Жалпы және арнайы кепілдіктер Конституция мен Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдылығымен анықталған.

2. Әлеуметтік жүйедегі жалпылаудың жоғары деңгейінде мемлекеттік басқару объектісі ретінде экономикалық, әлеуметтік, және саяси-әкімшілік салалары қарастырылады.

Басқару объектісі ретінде өндірістер, мекемелер әр түрлі ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және т.б. қарастырылады. Аталған объектілердің құққықтық субъективтілігі олардың мемлекеттік тіркеуден өту уақытынан пайда болады. Осы көрсетілген тәсілмен басқару объектілерінің құқықтық мәртебе сипаттамасымен байланысты.

3. Мемлекеттік басқарудың объектісі ретіндегі қоғамдық жүйені құрылымға бөлудің келесі деңгейіне ол халықты аумақтық принцип бойынша бөлу болып табылады. Біздің ата заңымыз Конституция бойынша республика территориясы біртұтас, бөлінбейтін және ешкімнің қолсұқпаушылығы танылған. Мемлекеттік шекараны қорғаудың құқықтық негіздері «ҚР-ың мемлекеттік шекарасы туралы» 13 қаңтар 1993 ж. Қабылданған арнайы заңмен анықталады.

Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістiгi айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық.

Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергiлiктi мүдделерiн қолайлы ұштастыру негiзiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыру негiзгi екi категорияға - аймақтарға және елдi мекендерге бөлiнедi.

4. Өндірістік принцип бойынша халықтың бөлінуі, әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың маңызды бөлігі ретінде сипатталады. Мұнда мемлекет саясаты қоғамдық еңбек ұйымдары, қоғамдық еңбек ресурстарын қолдану аясында жүргізіледі. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық салада еңбек құқығын жүзеге асыруға Қазақстан шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға мамандық таңдауына кепілдік береді.

5. Ұйымдық – техникалық аспектіде сала мамандырылған өнеркәсіп жиынтығын құрады (мекемлер, ұйымдар). Ол өз ретінде халықтың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты мен басқа да қоғамдық маңызы бар қызметтерді атқарады, сонымен бірге салалық түрге сай басқа да топ субъектілерінің мүдделерін қамтиды.

Әр сала қоғам өмірінің жеке-жеке әлеуметтік саласының (экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік саяси құрылыс) нақты түріне жатады. Өзінің қажетті қоғамдық функцияларын орындай отырып азаматтардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Заңдылық арқылы нақты сұрақтар анықталады, ол арқылы мемлекет әр саланың дамуын қамтамасыз етеді.

6. Мемлекеттік басқару жүйесі өз қызметінің түрі бойынша экономикалық, әлеуметтік немесе әкімшілік-саяси қоғамдық өмірдің салаларына кіретін мамандырылған мекемелердің, ұйымдардың, өндіріс орталықтарының мемлекеттік органдардың байланыстарынан ғана тұрмайды. Осыған, сонымен қатар, басқарудың субъектілері мен объектілер арасындағы белгілі ұйымдық байланыстары кіреді. Мемлекеттік басқару біржағынан, басқарушы жүйе ұйымының әрбір объект сыныптарымен, басқа жағынан, басқарудың субъектісі мен объектісі арасындағы қатынастарды орнатумен сипатталады. Соңғылардың өзара қатынастары тікелей және кері байланыс деп аталатын жолдарымен жүзеге асады.

Сонымен, мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең маңыздысы болып, субъектілердің (мемлекеттік орган) және объектілердің (қоғамдық жүйе) тура және кері байланысы болып табылады. Қоғамдық үрдістерді басқару мазмұны мен мәні тек осылармен анықталады. Ал мемлекеттік аппараттың ішкі өзара байланысына тоқталсақ, олар өздерінің функционалдық қызметіне байланысты басқару субъектісінің ішкі ұйымдасуына оның нақты үйлестірілген жұмысына бағытталған.

7. Мемлекеттік басқару жүйесі өзінің барлық қатынасты жекебастылығымен, тұрақтылығымен, автономиясымен «сыртқы ортамен» өзара іс-әрекет жасайды. Бұл жерде сыртқы ортамен байланыстың айрықша түрі қарастырылады. Бұл адаммен табиғат арасындағы өзара іс-әрекетпен, халыққа жұмыс және көмек көрсетумен, қоғамдық құрылымдармен және т.б. байланысты қатынастар. Кең мағынада алғанда сыртқы орта – бұл басқарудың жеке салалары, жалпы мемлекеттік басқару жүйесі қызмет атқаратын саяси, экономикалық және өзге жағдайлар.

Мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы объективті жағдайлардың алғашқы қатарында табиғи-географиялық түрі тұрады. Мемлекеттік басқаруды қалыптастыратын объективті жағдайлардың екінші қатарына құрылымдық-функционалдық байланыс «табиғат-қоғам» жатады. Бұл фактор адаммен табиғат байланысын көрсетеді.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 4, 5, 6, 7].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3].

Қосымша әдебиеттер: [12, 13, 14].