- •© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәлімет:
- •Оқу туралы мәліметтер:
- •1.3. Курстың пререквизиттері
- •1.4. Курстың постреквизиттері
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.7. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •1.8. Студенттердің білімін бағалау бойынша ақпараттар:
- •1.9. Курстың саясаты мен рєсімдеуі
- •Лекция сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшелігі Сұрақтар:
- •2 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және олардың Қазақстан Республикасының заңдылығында бекітілуі
- •3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
- •4 Тақырып. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың функциялары, нысандары және әдістері
- •6 Тақырып. Мемлекеттік-басқарушылық шешімдер
- •7 Тақырып. Әкімшілік рәсімдеу
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтату.
- •14 Тақырып: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
- •2.3.Семинар сабақтарының жоспары
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мәні және ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілуі
- •3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрамын жетілдірудің мәселелері
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтың құқықтық мәртебесінің өзекті мәселелері
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мазмұны. Мемлекеттік басқарудың тәсілдерін, нфсандары мен функцияларын жетілдірудің мәселелері.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқару шешімдері (нормативтік құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және күшіне ену мәселелері)
- •7 Тақырып. Әкімшілік рєсімдеу: тарихы мен қазіргі кезең
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамсыздандыру мәселелері
- •9 Тақырып. Мемлекеттік қызмет институты
- •10 Тақырып. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі
- •11 Тақырып. Мемлекеттік қызметке тұру
- •12 Тақырып. Мемлекеттік қызметті өткеру
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтатылуы.
- •14 Тақырып. Мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалуын студенттердің µзіндік ж±мыстары бойынша µткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқару тетігі (механизмі)
- •2 Тақырып. Мемлекеттік қызмет қағидалары
- •13 Тақырып. Саяси мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы
- •14 Тақырып. Салық қызметіндегі заңдылықтарды жетілдіру
- •2.6 Студенттің өзіндік жұмыстар бойынша сабақтар жоспары
- •Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптар кілттері
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •«Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша «5b030200-Халықаралық құқық», «5в030100 - Құқықтану» (4 жылдық ж»не 3 жылдық) мамандықтары үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 38
3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
1. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түсінігі.
2. Мемлекеттік органдар жіктелуінің негізі.
3. Мемлекеттік орган құру тәртібі және құрылымы.
Дәріс
1. Мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде нақты құрылымға; ішкі бөлімше басқаруына ие. Әрбір мемлекеттік орган құрылым және кадрлармен анықталған өкілеттілік беруінде мемлекет атынан әрекет етеді.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы объективтік шарт ықпалымен және қоғамдық даму фактілерімен; сонымен қатар мемлекеттік басқарудағы субъективтік шарттармен құрылады. Объективттік шарт және факторлар белгілі мемлекетте құрылып фукцияланған ішкі ортаны құрады.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының шетелдік моделін жергілікті объективті жағдайларға бейімделмей механикалық ауыстыру немесе көшіріп алу аз пайдалы болады. Немесе керісінше; жергілікті объективтік жағдайлар және қоғамдық даму фактілерінің есебі мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді және мемлекеттік құрылымның ұйымдастырушылық моделін құрастыруға рұқсат береді.
Мемлекеттік аппараттың және мемлекет механизмінің негізгі элементі болып толығымен мемлекеттік орган табылады.
Мемлекеттік органдар нақты сапалы белгілерге ие. Оларға:
мемлекеттің еркі бойынша және заңдық тәртіпте органдардың құрылуы;
мемлекеттік аппараттың құрылуында органдардың орнын және рөлін анықтау;
мемлекеттің міндетінен және қызметінен туындайтын арнайы қызмет және қызметтің құқықтық-ұйымдастыру нысанын жүзеге асыру;
қызмет аясына тең мемлекеттік-билік өкілеттігін беру;
заңда бекітілген ұйымдастырушылық құрылымның жиынтығы (мемлекеттік лауазымды болу т.б.);
Кәсіби негізде мемлекеттік органдардың құзыреттілігін жүзеге асыратын адамдардың ерекше тобының жиынтығы;
өз атынан және мемлекет атынан түсуі;
азаматтардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау және кепілдік беру;
мемлекет алдындағы жауапкершілігі.
2. Пайда болған мемлекеттік аппарат толық жүйе ретінде бөлек жүйе астынан тұрады, нақты айтқанда мемлекет қызметінің аясында өзінің міндетін және құзіреттілігін шешетін органдардың жеке топтарынан тұрады. Мемлекет органдары бір-бірінен пайда болуымен, құзіреттілік сипатымен көлемінен, мемлекеттік қызметті атқаруда әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді.
3. Мемлекеттік орган басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан (мекеме, ұйым және т.б.) әлдеқайда ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдарға анықтама беруге тырысқан. Сонымен, мемлекеттік орган болып бекітілген заңнама тәртібінен құрылған, мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындауға құзыретті мемлекеттік мекеме табылады.
Мемлекеттік органды құру барысында бұлжытпай оның қызметі, негізгі міндеттері мен құзыреті анықталады. Мемлекеттік органның міндеттері мыналарды анықтайды:
А) ҚР заңшығарушы актілерімен;
Ә) мемлекеттік органды құру туралы актімен;
Б) Мемлекеттік орган туралы Ереже. Бұл уақытта органның құзыреті анықталады, оның негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік орган жедел басқару құқығындағы мүлікпен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органның мүліктік кешені мемлекет бөлген мүлік есебінен құрылады, және негізгі қорлар мен айналым құралдарынан тұрады, олардың құны мемлекеттік органның барысында көрініс табады. Республикалық мемлекеттік органның атына тіркелген мүлік актісінің негізінде мемлекеттік меншікке жатқызылады. Орган атына тіркелген мүлік, сәйкес әкімшілік территориалдық бірлік есебінен құрылған коммуналдық меншікке жатқызылады. Мемлекеттік органға мүлік билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Мемлекеттік органның құрылуы мемлекет пен қоғамның дамуының объективті, субъективті факторы ретінде анықталады. Айтып кеткендегі объективті факторларға, мемлекеттік басқарудың объектісі ретіндегі әлеуметтік жүйенің қажеттілігінен туындайды. Субъективтік факторлар нарықтық жағдайда мемлекеттің қызметін орындап және міндеттерін шешуге бейімделген мемлекеттік органды қалыптастырумен байланысты.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер: [1, 2].
Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3].
Қосымша әдебиеттер: [8, 11].
