
- •© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәлімет:
- •Оқу туралы мәліметтер:
- •1.3. Курстың пререквизиттері
- •1.4. Курстың постреквизиттері
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.7. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •1.8. Студенттердің білімін бағалау бойынша ақпараттар:
- •1.9. Курстың саясаты мен рєсімдеуі
- •Лекция сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшелігі Сұрақтар:
- •2 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және олардың Қазақстан Республикасының заңдылығында бекітілуі
- •3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
- •4 Тақырып. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың функциялары, нысандары және әдістері
- •6 Тақырып. Мемлекеттік-басқарушылық шешімдер
- •7 Тақырып. Әкімшілік рәсімдеу
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтату.
- •14 Тақырып: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
- •2.3.Семинар сабақтарының жоспары
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мәні және ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілуі
- •3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрамын жетілдірудің мәселелері
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтың құқықтық мәртебесінің өзекті мәселелері
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мазмұны. Мемлекеттік басқарудың тәсілдерін, нфсандары мен функцияларын жетілдірудің мәселелері.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқару шешімдері (нормативтік құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және күшіне ену мәселелері)
- •7 Тақырып. Әкімшілік рєсімдеу: тарихы мен қазіргі кезең
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамсыздандыру мәселелері
- •9 Тақырып. Мемлекеттік қызмет институты
- •10 Тақырып. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі
- •11 Тақырып. Мемлекеттік қызметке тұру
- •12 Тақырып. Мемлекеттік қызметті өткеру
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтатылуы.
- •14 Тақырып. Мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалуын студенттердің µзіндік ж±мыстары бойынша µткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқару тетігі (механизмі)
- •2 Тақырып. Мемлекеттік қызмет қағидалары
- •13 Тақырып. Саяси мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы
- •14 Тақырып. Салық қызметіндегі заңдылықтарды жетілдіру
- •2.6 Студенттің өзіндік жұмыстар бойынша сабақтар жоспары
- •Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптар кілттері
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •«Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша «5b030200-Халықаралық құқық», «5в030100 - Құқықтану» (4 жылдық ж»не 3 жылдық) мамандықтары үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 38
14 Тақырып: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың реформасының концептуалдық негіздері
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың реформасының негізгі бағыттары
Дәріс
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау мәселесінің өзектілігі бірқатар объективтік және субъективтік сипаттағы факторларда көрініс тапқан. Ең алдымен жас мемлекеттің қалыптасуы мемлекеттік қызметтің жаңартылған кадрлық құрамының қалыптасуын да талап етеді. Басқа жағынан Қазақстанның стратегиялық даму бағыты демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде мемлекеттік қызметкерлердің сапалы құрамымен болу керек.
2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында мемлекеттік қызметті реформалау мен кадр саясатына байланысты негізгі идеялар анықталған. Реформаның басты мақсаты – Қазақстан үшін нарықтық экономикаға бейім, тиімді, жаңа мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын дайындау. Берілген мақсат келесі міндеттерді шешкенде жүзеге асырылады:
мемлекеттік аппарат кадрлерін тиімді қолдану мен іріктеу жүйесін жетілдіру;
мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен даярлаудың жүйесін жақсарту;
мемлекеттік қызмет кадрлерін басқарудың жалпымемлекеттік жүйесін қалыптастыру;
- мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес;
мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін арттыру.
2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында кадрлерді алу, дайындау мен өсу жүйесін жақсарту мемлекеттік басқаруды реформалаудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Онда мемлекеттік қызметтің жоғары репутациясын құру мен қолдау стратегиялық міндеті қойылған.
Мемлекеттік аппараттың түбірімен жаңаруының тағы бір шарасы, ол азаматтардың әкімшілік мемлекеттік қызметке түсердегі міндетті конкурстық іріктеуден өтуді енгізу болып саналады.
Реформаның маңызды нәтижесіне «мемлекеттік қызметшілерді оқытудың концепциясын» қабылдау жатады. Бұл құжатта оқытудың мақсаты мен міндеттері, жүйесі мен қағидалары, мемлекеттік қызмет кадрлерін оқыту процессін ресурстық және құрылымдық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалаудың келесі маңызды звеносы болып кадрлерді басқару жүйесін бекіту болып табылады.
Мемлекеттік қызметті реформалаудың маңызды бағытына (сәйкесінше кадрлік саясаттың объектісі ретінде де) сыбайлас жемқорлықпен күрес жатқызылады. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше назар аударылып, қатал күрес жүргізу көзделген.
Республикадағы мемлекеттік қызметті реформалаудың өзекті бағытына мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа мемлекеттiк бағдарламасын (1994 ж.) орындаудың басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы (1995 ж.) болды.
Заңнаманы одан әрi жетiлдiру процесiнде Конституцияның үстемдiгi және төменгi деңгейдегi актiлер нормаларының жоғарғы деңгейдегi актiлерге сәйкес тұру принциптерiн бұлжытпай ұстану қажет.
Қолданыстағы заңдар нормаларын мына шараларды:
құқықтық реттеудегі ахаулықтарды толықтыруды және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдетудi;
заң жобаларына, соның iшiнде олардың ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне сай болуына, ғылыми сараптама жүргiзу практикасын жалғастыруды және кеңейтудi;
заңнаманы бiр iзге келтiру мақсатында онда қолданылатын терминдердiң мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi бiрыңғай тiзбесiн қалыптастыруды;
қабылданатын барлық заңдарды тиiмдi iске асыру үшiн жағдай жасау мақсатында оларды қаржылай қамтамасыз етудiң жеткiліктілiк принципiн мұқият сақтауды;
қылмыс, сыбайлас жемқорлық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға тiкелей немесе жанама түрде жағдай туғызушы алғышарттарды анықтау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына криминологиялық сараптама енгiзудi;
заң жобалары қызметiн жоспарлауды жақсарту мақсатында оны перспективалық (3 жылға) жоспарлау практикасын енгізудi iске асыру жолымен жетiлдiру қажет
ұлттық заңнама ауқымын орта мерзiмдi перспективаға жүйелеу жөнiндегi жұмысты жоспарлау, құқықтық реттеудi талап ететiн қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргiзу қажет. Мұндай алдын-ала талдау нормативтiк құқықтық актiлермен реттелмеген және түрлi деңгейдегi реттеудi қажет ететiн қоғамдық қатынастар саласын айқындауға мүмкiндiк бередi.
Заңнаманы жүйелеу оның барлық үш нысанын қолдану: инкорпорациялау, топтау және жинақтау арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
Кез келген қоғамда, әдеттегiдей, түрлi индивидуумдар, әлеуметтiк топтар, ұйымдар мүдделерiнiң қарама-қайшылығы болуы мүмкiн. Осы орайда сүйемелдеу сияқты құбылысқа өркениеттi, заңдық шеңбер беру қажет.
Бүгінде заң актiлерi мемлекеттiк органдарға мазмұны заң шығарушының қалауына сай емес, ал кейде оған тiкелей қайшы келетiн заңға тәуелдi актiлер қабылдауға мүмкiндiк беретiн бланкеттiк (сiлтемелiк) нормалардың көп мөлшерiн қамтиды. Мемлекеттiк органдардың норма түзушiлiк тәжiрибесiнде тар салалық, ведомстволық көзқарас жойылмаған, соның нәтижесiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, адам құқықтарына, бостандықтарына және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерiне қысым жасау орын алған. Әрi бұл жәйт заңдарды iс жүзiнде заңға тәуелдi актiлермен алмастыруға әкеп соқтырады. Осыған байланысты заң актiлерiн әзiрлеу процесi сiлтемелiк нормалар санын қатаң түрде азайтумен және заңдарды мүмкiндiгiнше тиiмдi нақтылаумен сипатталуға тиiс. Сонымен бiрге қабылданған заңдардың толықтай iске асырылуын, соның iшiнде қажет деген заңға тәуелдi актiлердiң дер кезiнде қабылдануын қамтамасыз ететін тетіктердi жетiлдiрген жөн.
Жергiлiктi норма түзушiлiктiң сапасын арттыру қажет болып отыр. Бұл орайда да жалпыға мiндеттi маңызға, ведомствоаралық сипатқа ие немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты жергілiктi мемлекеттiк органдардың актілерiн тiркеу мiндеттілiгi туралы заң нормаларын iске асыруға бағытталған қосымша шаралар қолға алынуы қажет.
Қазiргi кезде жоғары заңгерлiк бiлiм алуды қамтамасыз ететiн оқу орындарының қатары өте көп. Алайда, бұл ұйымдарда мамандар даярлау сапасы ойдағыдай емес. Бұл шұғыл шешiмiн талап ететiн мәселе. Сонымен қатар жемiстi дамып келе жатқан отандық құқықтық ғылымға қолдау таныту жөнiндегi шаралар қолға алынуы қажет.
Құқықтық мемлекет қµру және жоғарыда айтылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар құқықтық саясатты өздерiнiң күнделiктi қызметiнде iске асыруы тиiс. Оның негiзгі принциптерi болып:
заңдылық, яғни Конституция мен заңдардың, оларға негiзделген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілердiң нормаларын сақтап, орнымен қолдану;
адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының ұлықтылық жағдайын бiлдiретiн адам құқықтары мен бостандыєтарының басымдылығы;
гуманизм, яғни адамның жеке тұлға ретiндегі жоғары құндылығын, оның еркiн дамуға және қабiлетiн көрсетуге деген құқықтарын тану, қоғамдық қатынастар сапасына баға берудiң өлшемi ретiндегi жеке адам игiлiгiнiң орнығуы;
қазақстандықтардың өз Атамекенiн жан-жақты қолдауы мен адалдығы және Отанына сүйiспеншiлiгi ретiндегi қазақстандық патриотизм толық дәрежеде орнығуға тиiс.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер: [1, 12, 13, 15, 16].
Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 4].
Қосымша әдебиеттер: [33, 34, 35, 36].