Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік қызмет және басқару (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
779.26 Кб
Скачать

13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтату.

              1. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың жалпы шарттары

              2. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері

              3. Саяси мемлекеттік қызметшілердің отставкаға шығуы және жұмыстан босатылуы

Дәріс

1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн:

  1. олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi; 1-1) тараптардың өзара келісуі бойынша мерзімді еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір жылға ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;

  2. келiсiм-шарт мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;

  3. мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;

  4. Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;

  5. меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;

  6. Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;

  7. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;

  8. заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк  әкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы;

  9. аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

  10. Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңдарында көзделген өзге де негіздемелер негіз болып табылады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi қызметтен босатуды мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi. Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң уәкiлеттi органға шағымдануға, сондай-ақ өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң ауысуы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілердiң жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң бастамасы бойынша атқарып отырған лауазымдағы мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негiз бола алмайды.

2. Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;

  2. мемлекеттік орган таратылған;

  3. мемлекеттік саяси қызметші өзінің табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер берген;

  4. "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған;

  5. өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлікті сенімді басқаруға бермеген;

  6. сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылық жасаған;

  7. мемлекеттік саяси қызметшіге қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

  8. жоғары тұрған басшылық мемлекеттік саяси қызметшінің өз өкілеттігінен бас тарту туралы жеке жазбаша өтініші негізінде орнынан түсуін қабылдаған;

  9. атқаратын лауазымына оны тағайындау (сайлау) құқығы бар лауазымды тұлға (орган) тиісті шешім қабылдаған;

  10. республика заңдарында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.

Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі сол сияқты мемлекеттік орган қайта құрылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.

Мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздерде орнынан түсуге өтініш береді. Егер орнынан түсудің негіздері заңдарда көзделмесе, мемлекеттік саяси қызметшілер еңбек заңдарында көзделген жалпы негіздер бойынша жұмыстан босатылады.

3. Отставка дегенiмiз мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде жүзеге асырылады.  Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан дәлелдi бас тартылады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тартылу туралы шешiм жазбаша арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Саяси қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда қызметтiк өкілеттiгiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен қызметтен босауға құқығы бар.

Мемлекеттiк саяси қызметшiлер Конституцияда, Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша отставкаға шығады. Лауазымдық өкiлеттiгiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуы үшiн негiз бола алмайды, қайта жұмыстан босату үшiн негiз болады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер: [1, 12, 13, 15, 16].

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5].

Қосымша әдебиеттер: [22, 23, 24, 25].