- •© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәлімет:
- •Оқу туралы мәліметтер:
- •1.3. Курстың пререквизиттері
- •1.4. Курстың постреквизиттері
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.7. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •1.8. Студенттердің білімін бағалау бойынша ақпараттар:
- •1.9. Курстың саясаты мен рєсімдеуі
- •Лекция сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшелігі Сұрақтар:
- •2 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және олардың Қазақстан Республикасының заңдылығында бекітілуі
- •3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
- •4 Тақырып. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың функциялары, нысандары және әдістері
- •6 Тақырып. Мемлекеттік-басқарушылық шешімдер
- •7 Тақырып. Әкімшілік рәсімдеу
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтату.
- •14 Тақырып: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
- •2.3.Семинар сабақтарының жоспары
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мәні және ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілуі
- •3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрамын жетілдірудің мәселелері
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтың құқықтық мәртебесінің өзекті мәселелері
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мазмұны. Мемлекеттік басқарудың тәсілдерін, нфсандары мен функцияларын жетілдірудің мәселелері.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқару шешімдері (нормативтік құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және күшіне ену мәселелері)
- •7 Тақырып. Әкімшілік рєсімдеу: тарихы мен қазіргі кезең
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамсыздандыру мәселелері
- •9 Тақырып. Мемлекеттік қызмет институты
- •10 Тақырып. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі
- •11 Тақырып. Мемлекеттік қызметке тұру
- •12 Тақырып. Мемлекеттік қызметті өткеру
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтатылуы.
- •14 Тақырып. Мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалуын студенттердің µзіндік ж±мыстары бойынша µткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқару тетігі (механизмі)
- •2 Тақырып. Мемлекеттік қызмет қағидалары
- •13 Тақырып. Саяси мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы
- •14 Тақырып. Салық қызметіндегі заңдылықтарды жетілдіру
- •2.6 Студенттің өзіндік жұмыстар бойынша сабақтар жоспары
- •Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптар кілттері
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •«Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша «5b030200-Халықаралық құқық», «5в030100 - Құқықтану» (4 жылдық ж»не 3 жылдық) мамандықтары үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 38
8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету
Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету
Мемлекеттік басқаруда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету
Мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз ету
Дәріс
1. Мемлекеттік органдардың нақты және қалыпты жұмыс істеуі біріншіден, ішкі құрылымның ұтымды қалыптасуымен, басқарушылық еңбек өндірісінің өсуімен және басқарушылық жүйенің тіршілік қызметінің дамуымен, ал келесі жағынан, мемлекеттік органдардың сыртқы байланыстарының жетілуімен тығыз байланысты. Бұл жерде мемлекеттік басқаруды кадрмен, ақпараттық және ғылыми қамтамасыз ету туралы сөз болып отыр. Ерекше орынды басқарудағы мемлекеттік тәртіпті және заңдылықты күшейту және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру сұрақтары алады. Бұл сұрақтар осы тақырыптың мазмұны болып табылады.
Ақпарат – басқарудың бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады. Ақпараттың арқасында мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдық құбылыстарға тиімді әсер ете алады. Ақпараттың көмегімен мемлекеттік басқару жүйесі сыртқы ортамен бірге әрекет етеді.
Ақпараттың үзіліссіз қозғалысы мемлекеттік аппараттың, оған бағынышты басқару объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отырады. Мемлекеттік басқару саласында қолданылатын ақпарат, өзінің мәні мен табиғаты бойынша әлеуметтік ақпараттық болып табылады. Кең мағынада қоғамдық процесстерді басқаруда қолданылатын және қоғамда қалыптасқан ақпарат туралы айтылып отыр.
Бұл жерде нормативтік-құқықтық актілерде орын алатын басқарушылық шешімдер шығару туралы сөз болып отыр. Бұл салада құқықтық ақпарат деген ұғымды айтуға болады, яғни құқық нормаларында мазмұндалатын ақпарат.
Басқарушылық ақпарат әр түрлі қайнар көздерден құралады. Олардың қатарына:
1) Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3) нормативтік-құқықтық актілер;
4) жеке құқықтық актілер және т.б.
Ақпараттарға, мемлекеттік басқарудың тиімділігі бойынша белгілі бір талаптар қойылады. Олардың қатарына ұтымдылық, жаңалық, жеткіліктігі, пайдалылығы, мемлекеттік органдардың (лауазымды тұлғалардың) өкілеттігіне тиістілігі, қолжеткізушілігін жатқызуға жатқызуға.
Басқарушылық шешімнің ақпараттың мазмұны ерекше маңызға ие. Басқарушылық шешімдердің сапасына талаптарды арттырудың шарттары ақпараттармен жұмыс істеудің әкімшілік процедураларымен байланысты.
Сонымен бірге, басқарушылық шешімдердің ғылыми сараптамасы туралы айта кеткен жөн. Оны сәйкес кәсіби білімі және арнайы зерттеу практикасы бар мамандар жүргізеді.
Мемлекеттік органда ақпаратпен жұмыс жасауды ұйымдастыру өзіне әр түрлі кешендік процедураларды қосып қарастырады.
2. Мемлекеттік басқарудағы заңдылық – бұл басқару қатынастарының барлық субъектілерінің мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген нормативтік – құқықтық актілерді дәл және мүлтіксіз сақтауы мен орындауы. Заңдылықтың қағидалары – негіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар, олар заңдылықтың негізіне жатады және оның мәнін білдіреді. Заңдылықты бұзған үшін жазалаудың болмай қалмайтындығы – заңдылықты бұзудың әрбір фактісі тиісті мемлекеттік – құқықтық баға алуға тиіс және кінәлілер жасалынған әрекетілікке бара-бар жаза тартуға тиіс.
Мемлекеттік тәртіп – мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының белгіленген тәртібі, ол бойынша барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар өздеріне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді дер кезінде жеке орындауға тиіс.
Мемлекеттік тәртіптің түрлері:
Ұйымдастыру белгісі бойынша - өнеркәсіптік, көліктік, құрылыстық, саудалық, әскери, білімдік және басқа.
Функционалдық белгісі бойынша – ақпараттық, жоспарлық, ұйымдастыру, атқару, қаржылық, есептік, қызметтік және басқа.
Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілдері – атқарушы билік аясында заңдылық пен тәртіпті қолдау мен нығайту жөніндегі мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың қызметінің құқықтық, ұйымдастыру әдістерінің, нақтылы тәсілдерінің, операцияларының, жұмыс нысандарының жиынтығы. Заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерінің түрлеріне – мемлекеттік бақылау, мемлекеттік қадағалау, сот бақылауы, шағымдану жатады.
3.Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алған сәттен бастап, мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың ең үздік, әмбебап құрылымын іздестіру процессінде. Мемлекеттік дамудың 2030 жылға дейін арналған стратегиясында – Қазақстан үшін жаңа үлгідегі, мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын өмірге әкелу мақсаты қойылған, әрине бұл құрылым нарықтық экономикаға ең тиімдісі болады.
Бұл өз ретінде мемлекеттік басқарудың ғылыми қамтамасыз етілуін, тәжірибелік жұмыстар мен елдегі мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттарын жүйелі түрде шешуді қажет етеді.
Бұл мемлекеттік басқарудың қамсыздандыру түрі ұйымдастырудың басқарушылық қызметін ғылыми негізде, яғни қорытындылар мен ұсыныстарды ғылыми басқаруда қолданылады. Ғылыми негіз деп бұл жерде - басқару жөніндегі қазіргі таңдағы білімдердің жиынтығын айтамыз. Сол білімдер негізінде мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметтері құрылады.
Ғылыми басқару – бәрімізге мәлім белгілі теориялық жалпылауды қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар, ұсыныстарды қалыптастырады, ол өз ретінде мемлекеттік аппараттың тәжірибелік қызметіне арналса, екінші жағынан, басқарушы кадрлардың квалификациясын жетілдіру және де дайындау жүйесіне арналған.
Қазақстан дамуының 2030 ж. стратегиясында көрініс тапқан басқарудың мақсаттық концепциясына сай қандай да болмасын жүйенің аралық кезеңде немесе қызмет түрлерінде болсын жұмыс істеуі басымдықтар мен түпкі мақсаттарға жетуге негізделу керек. Осыған орай, мемлекеттік басқаруды ғылыми қамтамасыз етудің мақсаты ол – тапсыпмаларды сәтті шешіп, экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік – саяси салалардың тиімді жолдарын іздестіру жатады.
Стратегияда көрініс тапқан мемлекеттіліктің дамуы мемлекеттік органдар құзыретінің жетілдірілуімен, сонымен қатар олардың жауапкершілігі мен өкілеттілігінің арасындағы теңдікпен байланысты. Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің негізгі тәсілі – құқық.
Нормативтік актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. ҚР АІЖК
3. ҚР ӘҚБК
4. Құқықтық саясат тұжырымдамасы.ҚР Президенті Жарлығымен бекітілді.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3].
Қосымша әдебиеттер: [8, 15, 21].
9-тақырып. Мемлекеттік қызмет жария-құқықтық институт ретінде
Мемлекеттік қызметтің қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны мен маңызы.
Мемлекеттік қызметтің өзіне тән белгілері
Мемлекеттік қызметтің қағидалары
Мемлекеттік қызметті басқару
Дәріс
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (33-бап 4-тармақ) мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға негізгі, бастапқы талаптар қояды. Ал одан бөлегі Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі № 543-1 «Мемлекеттік қызмет туралы» заңында қарастырылған. Заң мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негіздерін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттеу мен олардың әлеуметтік қорғалуын анықтайды.
Мемлекеттік қызмет азаматтардың еңбек қызметінің бір түрі болып табылады, сондықтан еңбекті ұйымдастырудың жалпы қағидаларына сүйенеді.
Мемлекеттік қызмет басқару персоналының мақсатты, әлеуметтік-пайдалы, объективті қажетті және ұйымдастырылған қызметі. Оның өзінің пәні болады.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметіне нақты бір белгі тән болады. Бұл белгілердің бірі еңбек пәнінің спецификалығы болып табылады. Мемлекеттік қызметте белгілі бір қызмет түріне жатқызылған, яғни, кәсібіне, мамандығына, квалификациясына, лауазымына байланысты жұмысты атқару көзделеді.
Мемлекеттік қызметтің басқа белгісінің бірі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне жеке өзінің қатысуы болып табылады.
Мемлекеттік қызметке тән бір белгі ол лауазымды тұлғаның мемлекеттік органның ішкі еңбек тәртібі мен регламентіне бағынуы.
Лауазымды тұлғалардың айлығы да мемлекеттік қызметтің сипаттаушы белгісіне жатады.
2. Еңбек құқығы ғылымымен анықталған жалпы белгілермен қатар мемлекеттік қызмет өзінің арнайы ерекшеліктерімен сипатталады (мемлекеттің міндеттері мен функцияларымен байланысы, басқарушылық қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік биліктік өкілеттіктер және т.б.) Бұл сұрақтардың барлығы басқа құқық салаларының нормаларымен реттеледі (конституциялық, әкімшілік, қылмыстық және т.б.)
Мемлекеттік қызмет-мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі міндеті.Берілген анықтама мемлекеттік қызметтің кәсіби қызмет ретіндегі келесідей белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
а) мемлекеттік қызмет мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері мен міндеттерімен байланысты;
ә) мемлекеттің экономика салаларын, әлеуметтік саланы және әкімшілік-саяси құрылыс саласын дамытудағы міндеттері мен қызметтері мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге асырылады;
б) мемлекеттік қызмет құрылатын арнайы аппарат шеңберінде жүзеге асырылады;
в) мемлекеттік қызметтің ерекшелігі басқарушылық қызметтерді жүзеге асырумен байланысты;
г) мемлекеттік қызметшілер мемлекет атынан қызмет жасауына байланысты оларға басқару қызметін жүзеге асыруға қажетті мемлекеттік – биліктік өкілеттіктер беріледі;
ғ) мемлекеттік қызмет қатаң түрде Конституция, заңдардың нормаларына, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерге негізделеді;
д) мелекеттік қызмет - тәжірибелік, ұйымдастырушылық қызмет, орындаушылық сипатқа ие;
е) мемлекеттік қызмет өкімдік сипаты бар қызмет. Бұл дегеніміз мемлекеттік қызметшілердің өздерінің қызметтерін атқарғанда заңдық өкімді ұйғарымдар қолдана алу құқығы;
ж) мемлекеттік қызмет саясаттан тыс сипатқа ие. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметшілер өздерінің лауазымдық қасиеттері мен өкілеттіктерін орындағанда тек қана заң талаптарын басшылыққа алып, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктерінің және олардың органдарының шешімдерімен байланыспауы керек.
3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет келесідей қағидаларға сүйенеді :
заңдылық;
қазақстандық патриотизм;
мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құұығы;
азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi;
мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;
жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi.
Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
4. Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін сәйкес функциялары мен өкілеттіктері бар арнайы органдар құрылады. Олардың қатарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет бойынша агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері жатады.
Бұл агенттіктің негізгі міндеттері, қызметтері мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Президентінің 1999 ж. 3 желтоқсанындағы № 280 жарлығымен бекітілген Ережемен анықталған.
Мемлекеттік саяси қызметшінің қызметтік міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарымен, Ережемен, тиісті мемлекеттік орган туралы Ережемен және лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі міндеттері:
мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға жәрдемдесетін шешімдер қабылдау;
қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау;
мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау, сондай-ақ орындалуы үшін дербес жауапкершілік;
мемлекеттік органның жұмысын басқару;
бағынысты мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық жасау болып табылады.
Мемлекеттік саяси қызметшілерге мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын қоса атқаруға жол берілмейді.
Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі:
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
мемлекеттік орган таратылған;
мемлекеттік саяси қызметші өзінің табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер берген;
"Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда (бұдан әрі - Заң) белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған;
өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлікті сенімді басқаруға бермеген;
сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылық жасаған;
мемлекеттік саяси қызметшіге қатысты соттың айыптау өкімі заңды күшіне енген;
жоғары тұрған басшылық мемлекеттік саяси қызметшінің өз өкілеттігінен бас тарту туралы жеке жазбаша өтініші негізінде орнынан түсуін қабылдаған;
атқаратын лауазымына оны тағайындау (сайлау) құқығы бар лауазымды тұлға (орган) тиісті шешім қабылдаған;
республика заңдарында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.
Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі сол сияқты мемлекеттік орган қайта құрылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін.
Мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздерде орнынан түсуге өтініш береді. Егер орнынан түсудің негіздері заңдарда көзделмесе, мемлекеттік саяси қызметшілер еңбек заңдарында көзделген жалпы негіздер бойынша жұмыстан босатылады.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер: [1, 12].
Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 4].
Қосымша әдебиеттер: [18, 19, 20].
10-тақырып. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі
Мемлекеттік органдардың штаты мен жеке құрамы
Мемлекеттік лауазымдардың жіктелуі. Лауазымды тұлға түсінігі.
Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық шектеулері
Дәріс
1. Мемлекеттік органдардың практикалық қызметі ол өзіндік құрамға, дұрыс іріктеуге және басқару кадрларының орындарына байланысты. Сондықтан мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық жұмыстарында кадрлық сұрақтар маңызды орын алады.
«Штат» - түсінігі мемлекеттік органдардың құрылымынан бөлінбейді. Органдардың құрылымын олардың бөлімшелерінің жиынтығы реттейді, олардың арасындағы функциялары мен өкілеттігін бөлу берілген органдарға жіктелген. Дәл әкімшілік-басқарушылық персонал мемлекеттік органның құзыретін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты штаттың және мемлекеттік органнның құрылымдық байланысы туралы сұрақ тек теоретикалық қана емес практикалық мағынаға ие.
Штаттың тізімінде лауазымдардың саны және атаулардың тізімі, оларды мемлекеттік органдардың құрылымдық деңгейлері бойынша бөлу, сонымен қоса әр лауазым бойынша лауазымдық жалақы бекітіледі. Бекітілген штаттық тізім бойынша мемлекеттік органдардың құрылымы туралы, қызметкердің штаттық құрамы туралы жалпы сипаттама алуға болады. Штаттық тізім негізінде мемлекеттік органның қызметшілерінің тізімінің құрамын анықтауға болады.
Мемлекеттік органның құрылымы мен штатына байланысты қызметкерлердің үш тобын бөліп көрсетуге болады: 1) органның басшылығының құрамына кіретіндерді; 2) органның құрылымдық бөлімшелерінде өздерінің негізгі қызметін жүгізетіндер; 3) қосымша құрам. Кейде оларды басқарушы, жедел және қызмет көрсететін персонал деп атайды.
2. Мемлекеттік қызметші ретінде - мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Заңдылықта мемлекеттік қызметшілерді жіктеу көзделген. Олардың құрамына саяси мемлекеттік қызметшілер мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер кіреді.
Мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi. Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекекттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары және Парламент палаталарының төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары; Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер; орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), оолардың орынбасарлары атқаратын лауазымды адамдар жатады.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер санаттарға бөлінеді. Қызметтердің санаттары Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі. Онда А – санатының тобына Қазақстан республикасы Президентінің әкімшілігі; В – санатының тобына Парламент палаталарының аппараттары, Премьер-министрдің кеңсесі, Жоғарғы Соттың аппараты, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы; С – санатының тобына Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін органдар, Орталық атқарушы органдар, Үкімет құрамына кірмейтін Орталық атқарушы органдар, Орталық атқарушы органның ведомствосы, облыстық, аудандық, аумақтық органдар; Д – санатының тобына облыстардың, аудандардың, кенттердің, ауылдардың(селолардың) әкімдерінің аппараттары, облыстардың, аудандардың мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, аудандардың соттарының аппараттары; Е – санатының тобына жергілікті атқарушы органдар кіреді.
3. Әрекет етуші заңдылық бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң: Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға; лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға; басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге; жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына; өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне; тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға; өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге; бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына; әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға; мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға; зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға; жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Мемлекеттiк қызметшiлер:
Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға; өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға; мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға; өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға; заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға; басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге; мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгінен түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге; қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға мiндеттi.
4. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық шектеулері заңдылықпен байланысты. Мемлекеттік қызметші депутаттың өкілді органы және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызметте болуға құқығы жоқ; басқа ақылы қызметпен айналысуға (педагогикалық, ғылыми және басқа да шығармашылық қызметтен басқа), кәсіпкерлік қызметпен айналысуға; мемлекеттік органдарда үшінші жақтардың өкілі болуға; ереуілдер мен митингілерге қатысуға (егер олар мемлекеттік органдардың қалыпты әрекет етуіне әсер етсе); лауазымдық өкілеттіктерді атқарғанда жеке мақсатта азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін пайдалануға құқығы жоқ.
Мемлекеттiк қызметшi белгiленген тәртiпке және заңдарға сәйкес, қызметке кiргеннен кейiн бiр ай iшiнде мемлекеттiк қызмет өткеру уақытына өзiнiң меншiгiндегi коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар пакеттерiн) және осы адамдарға заңды тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалға берілген өзге де мүлiктi қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi.
Мемлекеттік қызметші сеніп тапсырылған мүлкінен түскен, ұтыстардан түскен, дивиденттерден, сыйақалардан келген және басқа да заңды қайнарлардан алынған табыстарды алуға құқылы.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер: [1, 12, 13, 14].
Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5].
Қосымша әдебиеттер: [1, 2, 3, 4].
11-тақырып. Мемлекеттік қызметке түсу.
Жалпы мемлекеттік қызметке түсудің шарттары
Саяси мемлекеттік қызметке түсудің тәртібі.
Әкімшілік мемлекеттік қызметке түсудің тәртібі.
Мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамы
Дәріс
1. Мемлекеттік қызметті өткеру бұл мемлекеттік-қызметтік қатынастардың пайда болуын, өзгертілуін және тоқтатылуын тудыратын өзара байланысты, өзара бір-біріне себепші заңдық айғақтардың жүйесі.
Мемлекеттік қызметті өткерудің элементтері: мемлекеттік қызметке кіру; мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау; қызметті ауыстыру; қызмет атқару жеңілдіктері мен оны ынталандыру; мемлекеттік қызметкерлердің жауаптылығы.
Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға: Қазақстан Республикасының азаматы болуға; егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға; қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер: өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының көмекшісi болуға; педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға; өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.
2. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады
Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметтік міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарымен, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы ережемен, сәйкес мемлекеттік органдар туралы ережелер мен лауазымдық нұсқамалармен анықталады.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі функцияларына мыналар жатады:
мемлекеттік саясатты анықтау мен жүзеге асыруға септігін тигізетін шешімдер қабылдау;
қабылданған шешімдердің орындалу барысына бақылау жасау;
орындалу барысын реттеу мен бағалау;
мемлекеттік органның қызметін басқару;
бағыныстағы мемлекеттік қызметшілердің жұмысын басқару;
Мемлекеттік саяси қызметші мен мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымдарын бірге өткеруге тыйым салынады.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің еңбекақысының жүйесі Қазақстан Республикасының Президентімен анықталады.
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, өз өкiлеттiгiн доғарған және ұсынылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, мәслихат депутаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасуға құқығы бар. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер мен тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн Парламент депутаттарының, мәслихат депутаттарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi.
4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымдарға орналасуға арналған кадрлар резервiн уәкiлеттi орган мен оның аймақтық бөлiмшелерi қалыптастырады.
Кадрлар резервi:
конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадрлар резервiне тiркеу үшiн ұсынған азаматтардан;
мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс негізiнде оқудан өткен азаматтар;
мемлекеттiк органдар кәсiби деңгейiн көтеру мақсатында халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтардан;
аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиясы кадрлар резервіне есепке алуға ұсынған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден жасақталады.
Кадрлар резервiне тiркелген азаматтар бiр жыл iшiнде конкурстан өтпестен мемлекеттiк органдардағы тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға тағайындалуы мүмкiн.
Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi туралы ережемен реттеледi.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер: [1, 12, 13].
Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5].
Қосымша әдебиеттер: [37, 38, 39, 40].
12-тақырып. Мемлекеттік қызметті өткеру
Лауазымды тұлғалардың құзыреті
Қызметтік этика және жұмысының стилі
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялау
Мемлекеттік қызметкерлерді марапаттау
Мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі
Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту
Дәріс
1. Саяси мемлекеттік қызметшілердің функционалдық міндеттері Конституциямен, ҚР-ң заңдарымен, сәйкес мемлекеттік орган туралы ережемен, ҚР-ң Президентінің жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы ережемен(10 наурыз 2000 жыл № 357), және лауазымдық нұсқамалармен реттелінеді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің негізгі міндеттері:
мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға жәрдемдесетіншешімдер қабылдау;
қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылау;
мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау, сондай-ақ орындалуы үшін дербес жауапкершілік;
мемлекеттік органның жұмысын басқару;
бағынысты мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық жасау болып табылады.
Мемлекеттік саяси қызметшілерге мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын қоса атқаруға жол берілмейді. Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі:
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
мемлекеттік орган таратылған;
мемлекеттік саяси қызметші өзінің табысы мен мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер берген;
"Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған;
өзіне меншік құқығы бойынша тиесілі мүлікті сенімді басқаруға бермеген;
сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылық жасаған және т.б. жағдайларда тоқтатылады.
Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттігі сол сияқты мемлекеттік орган қайта құрылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздерде орнынан түсуге өтініш береді. Егер орнынан түсудің негіздері заңдарда көзделмесе, мемлекеттік саяси қызметшілер еңбек заңдарында көзделген жалпы негіздер бойынша жұмыстан босатылады.
2. Әрбір мемлекеттік қызметші осы ережелердің сақталуы үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде:
Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге;
Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге;
мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік
құндылықтарын ұстануға;
мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға;
мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс.
Мемлекеттің өкілі ретіндегі мемлекеттік қызметшінің парызы мен міндеттері:
Республиканың Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтау;
мемлекет мүдделерін қорғау;
Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесу;
өзінің қызметтік міндеттерін әділ әрі қалтқысыз атқару;
заңмен белгіленген өзі қабылдаған шектеулерді сақтау және т.б.
Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілер:
басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдікпен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша заңда белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;
азаматтар мен заңды тұлғалардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге;
мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының өзге тілдеріне, оның әр алуан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және т.б.
3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.
Аттестациялауда бағалаудың негізгі критериіне қызметшілердің өздеріне белгіленген міндеттерді орындай алу қабілеті жатады
Аттестациялауды өткізудің тәртібі мен шарттары ҚР-ның Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №327 Жарлығымен бекітілген Ережемен анықталған. Аттестация өткізуге дайындықты, мемлекеттік орган басшысының тапсырмасы бойынша кадр қызметі ұйымдастырады.
Ол мынадай шараларды қамтиды:
аттестациядан өтушіге қажетті құжаттарды дайындау;
аттестация өткізудің кестесін әзірлеу;
аттестация комиссияларының құрамын айқындау;
аттестация өткізудің мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
мемлекеттiк қызмет істерi жөнiндегi уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен сынақ мерзiмдерi және оны өткiзетiн орны туралы келiсу.
Аттестациялаудан жүкті әйелдерден басқа барлық әкімшілік мемлекеттік қызметшілер өткізіледі
Мемлекеттік қызметке алғаш рет түсіп отырған тұлғалар аттестациялаудан мемлекеттік қызметте үздіксіз үш жыл болғаннан кейін өтеді. Содан соң әр үш жыл өткен сайын аттестациялаудан өтіп отырады.
4. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн:
бiржолғы ақшалай сыйақы беру;
алғыс жариялау;
бағалы сыйлықтармен марапаттау;
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеудiң өзге де нысандары арқылы көтермеленуi мүмкiн.
Мемлекеттiк қызметшiлер ерекше еңбек сiңiргенi үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталады.
Аталған марапаттау шараларынан басқа мемлекеттік қызметшілер ерекше қызметтері үшін мемлекеттік сыйлықтарға ұсынылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсанындағы заңымен республиканың жоғарғы сыйлығына ие азаматтарды марапаттаудың тізімі мен тәртібі беріледі.
5. Мемлекеттiк қызметшiлердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ Заңда белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тәртiптiк жазалар:
ескерту;
сөгiс;
қатаң сөгiс;
қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн.
Тәртiптiк жазаны:
лауазымдық өкiлеттiгiне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады;
жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңында өзгедей жауаптылық көзделген әрекет үшiн қолдануға болмайды;
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленетiн тәртiппен қолданады.
Тәртiптiк лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi оны тағайындаған басшы белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн. Мемлекеттiк қызметшi өз iс-әрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. Мемлекеттiк қызметшiлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауапты болады.
6. Жаңа мемлекет құру, қоғамның саяси және экономикалық қайтақұрылуы жағдайында мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жүйесінің орны артады.
Мемлекеттік қызметшілер кадрлерін оқытуды жетілдірудің, олардың кәсібилігі мен құзыреттілігін жоғарылатудың бағдарламалық құжаты болып Қазақстан Республикасының Үкіметінің 13 қараша 2000ж. №1706 қаулысымен мақұлданған Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың концепциясы табылады.
Концепцияның негізгі ережелері орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің кадрлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыруда басшылыққа алынады.
Оқытудың негізгі түрлеріне жатады: дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, жұмыс орнында оқыту және өзіндік оқу.
Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби оқытудың қосымша түріне сынақ ісі (стажировка) жатады. Ол алдын-ала теоретикалық дайындалу нәтижесінде алынған жаңа кәсіби білімдерін тәжірибеде қалыптастыру мен бекіту мақсатында ұйымдастырылады.
Басқарушылық кадрлерді оқытудың инфрақұрылымында ерекше орын ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет Академиясына беріледі.
Мемлекеттік қызмет кадрлерінің кәсіби деңгейлерін арттыру және басқару кадрлерін дайындау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ҚР Үкіметінің 7 мамыр 2002ж. № 506 қаулысымен мемлекеттік қызметшілерді оқытудың Еуразиялық орталығы құрылды.
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың аймақтық орталықтарына ерекше орын беріледі. Олар қосымша білім беру ұйымдары болып табылады және мемлекеттік қызмет Академиясында әзірленген бағдарламалар мен әдістемелер арқылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды, аймақтағы кәсіби білім бағдарламасын жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың жүйесінде маңызды орынды мемлекеттік органдардың кадрлік қызметтері алады. Оларға мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды, дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру жүктеледі.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
Нормативтік актілер: [1, 15, 16].
Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 5].
Қосымша әдебиеттер: [22, 23, 24, 25].
