Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мемлекеттік қызмет және басқару (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
779.26 Кб
Скачать

7 Тақырып. Әкімшілік рәсімдеу

  1. Басқарушылық процесс және оның сатылары

  2. Жеке құқықтық актілер: түсінігі, талаптары

  3. Басқарушылық қатынастар және олардың жіктелуі

  4. Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу

Дәріс

1. Әлеуметтік жүйеге басқарушылық әсер етудің тиімділігі көбіне мемлекеттік аппараттың жұмысын ұымдастырудан білінеді. Осыған сәйкес заңдылықта және басқару тәжірибесінде әкімшілік процедуралар қалыптасты. Олардың мәні басқарушылық қызметті жетілдіру, мемлекеттік органдардың мүлтіксіз қызмет жасауы мен өзара байланысын үйлестіру, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік мүдделерді қорғау.

Әкімшілік процедуралар келесідей қағидаларды негізге алады: заңдылық, төмен тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жоғары тұрғандарына бағыныстылығы; барлығының сот пен заң алдындағы теңдігі; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы; азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарастырғандағы бюрократизм мен сарсаңға салуға жол бермеу және т.б. тұрады.

2. Мемлекеттік органдар (лауазымды тұлғалар) мемлекеттік қызметтерді (лауазымды өкілеттіктерді) жүзеге асырғанда жекеше құқықтық актілер түрінде рәсімделетін шешімдер қабылдайды. Бұндай түрінде жеке қолданыстағы құқықтық актілер Қазақстан Республикасының заңдылығына кірмейді және сәйкесінше нормативтік құқықтық актілерге жатпайды. Оларды қабылдаудың, рәсімдеудің, орындаудың және орындалуына бақылау жасау процедурасы басқаша. Өз құзыреттері шегінде мемлекеттік огандардың қабылдаған құқықтық актілері келесідей реквизиттерді ұстануы керек:

  1. жеке құқықтық актілердің атауы. Мұнда қабылданатын актінің нысаны көрсетіледі. Мысалы жарлық, бұйрық, өкім және т.б.

  2. берілген актінің пәнін көрсететін атау

  3. актіні қабылдаудың орны мен мерзімі

  4. берілген актіге қол қоюға өкілетті тұлғаның қолтаңбасы

  5. органның мөрі

Әкімшілік процедураның келесісі құқықтық актіні орындауды ұйымдастыру болып табылады. Берілген әкімшілік процедура өте маңызды , жауапты және нақтылаушы болып табылады, өзара байланыстағы және өзара бағыныштағы компоненттерден тұрады.

Әкімшілік процедуралардың маңыздыларының қатарына қабылданған құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау жатады. Бақылаудың бірнеше түрі болады:

  1. құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау

  2. мемлекеттік органдардың басқарушы лауазымды тұлғаларының тапсырмаларын орындауға бақылау жасау

  3. ішкіаппараттық бақылау

  4. сыртқы бақылау

Басқару теориясында басқарушылық қызметтің кезеңділігін басқарушылық цикллдің сатылары деп атау танылған. Басқарушылық процесстің келесідей сатылары танылған:

Даулы жағдай және оның анализі . Бұл басқарушылық циклдің сатысы қоғамның дамуының өзекті мәселелерін анықтаумен байланысты.

Мақсатын анықтап алу. Бұл саты мемлекеттік басқарудың нақты мақсатын қалыптастырумен байланысты.

Мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын таңдау. Мұнда мемлекеттік басқарудың субъектісі алға қойған мақсатына жету үшін қажетті жолдар мен құралдарды іздеуге байланысты ұйымдаструшылық әрекеттер жасайды.

Әрекеттердің бағдарламаларын әзірлеу. Мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын таңдауға байланысты алдын-ала жұмыс аяқталғаннан кейін алдағы әрекеттерді әзірлеуге байланысты бағдарламаны дайындау сатысы басталады.

Басқарушылық шешімді қабылдау. Бұл басқарушылық циклдің негізгі сатысы. Онда басқарушылық процесстің барлық мәні шоғырланған және әр түрлі процедураларды қосады.

Шешімді орындауды ұйымдастыру. Бұл саты мемлекттік басақарудың ұйымдастырушылық мәнімен тікелей байланысты. Бұл сатының мәні өкілетті мемлекеттік органдармен қабылданған шешімдерді дер кезінде және дәл орындауға байланысты ұйымдастырушылық шараларды әзірлеу мен қабылдауда жатыр.

Үйлестіру, реттеу,түзету. Бұл саты басқарушылық әсер етудің көздеген жағдайларының өзгеруіне байланысты туындайды.

Шешімді орындауды бағалау. Басқарушылық циклдің бұл сатысы да маңызды және жауапты болып табылады. Оның тағайындалуы басқарушылық қызметтің анализі және нәтижелерін шығару.

3. Басқарушылық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше бір түрі, онда адамдар әлеуметтік мәртебеге ие – басқарудың субъектілері мен объектілері. Бұл қоғамдық қатынастарда бір адамдар басқаларымен басқарады. Мемлекеттік басқару саласында бір жақ тарапқа (мемлекеттік орган) белгілі бір функциялар мен өкілеттіктер берілсе, екіншілеріне бірінші тарап жағынан әсер ету көрсетіледі.

Басқарушылық қатынастар ерікті болып табылады, себебі мемлекеттік басқару адмдардың әрекетіне, санасына әсер етумен байланысты.

Басқарушылық қатынастардың келесі белгісі - өкімдік. Басқарушылық қатынастарды биліктік қатынастар деп те атайды.

Өзінің табиғаты бойынша басқарушылық қатынастар ұйымдастырушылық сипатқа да ие.

Мемлекеттік басқару саласындағы қатынастар басқару субъектілері – мемлекеттік органдардың ерекше мәртебесімен сипатталады.

Мемлекеттік-басқарушылық қатынастардың тағы бір ерекшелігі онда бір тарап ретінде әрқашан мемлекеттік орган қатынасқа түседі.

Мемлекеттік басқару механизміндегі басқарушылық қатынастар мағынасына қарай келесі тәртіпте көрінеді:

  1. мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қатынастар

  2. мемлекеттік органдар мен тікелей бағынышты объектілер арасындағы қатынастар

  3. мемлекеттік органдар мен тікелей бағынышты емес объектілер арасындағы қатынастар

  4. мемлекеттік органдардағы ішкіаппараттық қатынастар және т.б.

  5. Құқық салалары құқықтық реттеу механизмінде бастапқы, алғашқы орынға ие. Оларда басқарушылық қатынастардың тараптарының әдетінің моделі белгіленген.

Мемлекеттік басқарудың әдісі – басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі, амалы, ол басқарудың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін, басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік басқару әдісінің белгілері-мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты, басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді, басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы (амалы), тиісті ообъектіге арналған, алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі, белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.

Мемлекеттік басқару әдістері ықпал ету сипатына қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура өз ішінде иландыру және мәжбүрлеуге бөлінеді. Ал жанама әлеуметтік-психологиялық және экономикалыққа бөлінеді.

Басқарудың әкімшілік әдістері мынадай түрлерге бөлінеді: көрініс нысаны бойынша - әкімшілік-құқықтық, әкімшілік-ұйымдастырушылық; заңдық мәні бойынша – нормативтік, жеке даралық; ықпал ету тәсілі бойынша – міндеттейтін, уәкілдік беретін, көтермелейтін; нұсқама нысаны бойынша – кесімді, тапсырма беретін, ұсыныс жасайтын;

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 3].

Қосымша әдебиеттер: [5, 7, 17].