
- •© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәлімет:
- •Оқу туралы мәліметтер:
- •1.3. Курстың пререквизиттері
- •1.4. Курстың постреквизиттері
- •1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.7. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.7. Әдебиеттер тізімінің мазмұны:
- •1.8. Студенттердің білімін бағалау бойынша ақпараттар:
- •1.9. Курстың саясаты мен рєсімдеуі
- •Лекция сабақтарының тезистері
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшелігі Сұрақтар:
- •2 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және олардың Қазақстан Республикасының заңдылығында бекітілуі
- •3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
- •4 Тақырып. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың функциялары, нысандары және әдістері
- •6 Тақырып. Мемлекеттік-басқарушылық шешімдер
- •7 Тақырып. Әкімшілік рәсімдеу
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтату.
- •14 Тақырып: Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
- •2.3.Семинар сабақтарының жоспары
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мәні және ерекшеліктері
- •2 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың қағидалары және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілуі
- •3 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрамын жетілдірудің мәселелері
- •4 Тақырып. Мемлекеттік басқару аясындағы азаматтың құқықтық мәртебесінің өзекті мәселелері
- •5 Тақырып. Мемлекеттік басқарудың мазмұны. Мемлекеттік басқарудың тәсілдерін, нфсандары мен функцияларын жетілдірудің мәселелері.
- •6 Тақырып. Мемлекеттік басқару шешімдері (нормативтік құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және күшіне ену мәселелері)
- •7 Тақырып. Әкімшілік рєсімдеу: тарихы мен қазіргі кезең
- •8 Тақырып. Мемлекеттік басқаруды қамсыздандыру мәселелері
- •9 Тақырып. Мемлекеттік қызмет институты
- •10 Тақырып. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі
- •11 Тақырып. Мемлекеттік қызметке тұру
- •12 Тақырып. Мемлекеттік қызметті өткеру
- •13 Тақырып. Мемлекеттік қызметті тоқтатылуы.
- •14 Тақырып. Мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқаруды реформалаудың негізгі бағыттары
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалуын студенттердің µзіндік ж±мыстары бойынша µткізілетін сабақтардың жоспары
- •1 Тақырып. Мемлекеттік басқару тетігі (механизмі)
- •2 Тақырып. Мемлекеттік қызмет қағидалары
- •13 Тақырып. Саяси мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы
- •14 Тақырып. Салық қызметіндегі заңдылықтарды жетілдіру
- •2.6 Студенттің өзіндік жұмыстар бойынша сабақтар жоспары
- •Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •Дұрыс жауаптар кілттері
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •«Мемлекеттік қызмет және басқару» пәні бойынша «5b030200-Халықаралық құқық», «5в030100 - Құқықтану» (4 жылдық ж»не 3 жылдық) мамандықтары үшін
- •470061, Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 38
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Заң факультеті
Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасы
«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ БАСҚАРУ”
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
«5B030200-Халықаралық құқық», «5В030100 - Құқықтану» (4 жылдық және 3 жылдық) мамандықтары үшін
Қарағанды
2012
Құрастырған: аға оқытушы Садықова Құралай Қажимханқызы
«Мемлекеттік қызмет және басқару» курсы бойынша оқу-әдістемелік кешенде сипатталады: оқу пәнінің суреттемесі, бақылау нысандары, дәрістер, семинар сабақтарының жоспары, семинарларға дайындалуға арналған әдістемелік нұсқамалар, оқытушының басшылығымен жүргізілетін тәлімгерлердің өздік жұмыстарының жоспары, курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары, өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмалары.
Кредиттік технология бойынша оқитын «Халықаралық құқық» мамандығының студенттеріне арналған.
Оқу әдістемелік кешен типтік бағдарламаға сәйкес дайындалған.
Мемлекеттік қызмет және басқару пәні бойынша «Халықаралық құқық», «Құқықтану» мамандықтары студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен. //Дайынд. Садықова Қ.Қ. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. - бет.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
Оқытушы туралы мәлімет:
Садықова Құралай Қажимханқызы – конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы.
Кафедра Бас корпуста орналасқан (Университет көшесі, 28)
333, 342 бөлмелер
Оқу туралы мәліметтер:
«5B030200-Халықаралық құқық» мамандығы үшін
Оқу түрі |
Оқу мерзімі |
Курс |
Се-местр |
Кре- диттер |
Лекциялар |
Семи-нарлар |
СӨЖО |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау нысаны |
Күндізгі |
4 |
2 |
3 |
2 |
15 |
15 |
30 |
30 |
90 |
Емтихан |
«5В030100 - Құқықтану» (4 жылдық және 3 жылдық) мамандығы үшін
Оқу түрі |
Оқу мерзімі |
Курс |
Се-местр |
Кре- диттер |
Лекциялар |
Семи-нарлар |
СӨЖО |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау нысаны |
Күндізгі |
4, 3 |
2 |
4, 3 |
3 |
30 |
15 |
45 |
45 |
135 |
Емтихан |
1.3. Курстың пререквизиттері
Курс басталмастан бұрын мынадай пәндерді оқып-білу қажет: Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық, Еңбек құқығы, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық.
1.4. Курстың постреквизиттері
Мемлекеттік қызмет және басқару курсын өткеннен кейін «Әкімшілік процесс» курсын оқу қажет.
1.5. Пәннің қысқаша мазмұны:
«Мемлекеттік қызмет және басқару» курсын оқытудың мақсаты студенттерге мемлекеттік басқару теориясы мен мемлекеттік қызметті ұйымдастыру шеңберінде біртұтас білім беріп, мемлекеттің құқықтық саясаты Тұжырымдамасының негізгі ережелерін анықтау.
«Мемлекеттік қызмет және басқару» оқу курсының мазмұны бірқатар объективтік факторларға сүйенеді. Бұл біріншіден ел Президентінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына жолдауындағы көзделген стратегиялық міндет.
Екіншіден Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында мемлекеттік басқарудың күрделілігі.
Курстан нақты міндеттердің қатары айқындалады:
тәлімгерлерге мемлекеттік басқарудың мәні мен механизмі жөнінде, оны жүзеге асырудың нысандары мен әдістері туралы жүйелі білім беру;
мемлекеттік қызмет институтының нормативтік-құқықтық негіздерін және мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесін оқып-білу;
мемлекеттік қызметке кірудің, өткерудің және тоқтатудың тәртібін зерттеу;
мемлекеттік қызметшілердің заңдық жауапкершіліктері сұрақтарына талдау жасау;
мемлекеттік қызметтік заңдылыққа дұрыс анализ жүргізу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдылығы мен шет елдердің заңдылығының арасында салыстырмалы анализ жасау;
«Қазақстан-2030» стратегиясының аясында мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің жетілуінің негізгі бағыттарын қарастыру.
1.6 Оқыту қорытындылары (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
Бұл пәнді игерген студент мемлекеттік қызмет саласында әрекет ететін барлық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді біліп шығады. Сонымен қатар еліміздегі мемлекеттік қызметке тұру, оны өткері, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі және т.б. үйренеді.