
- •Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •4 Курс
- •Акушерство және гинекология кафедрасының жетекшісі _____________ Тусупкалиев а.Б. М.Ғ.К., доцент
- •Тақырып: Акушерлік және гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесі.
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •Акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
Акушерлік және гинекологиялық көмекті ұйымдастыру
Акушерстваның дамуының негізгі этаптары.
Акушерлік дағды мен ғылымның қазіргі этаптағы мәселелері.
Еліміздегі акушерлік көмекті ұйымдастыру.
Перзентхана мен әйелдер кеңесінің жұмыстарының негізгі көрсеткіштері.
ҚРның денсаулық сақтау Министрлігінің 2007 жылдың 21желтоқсаннан №746 бұйрығы «Қазақстан Республикасында перинатальды көмекті регионализациялау».
ВОЗ ұсыныстарында негізделген және халықаралық дағдыда қабылданған, жүзеге асыру үшін перинатальды көмектің регионализациясының жүргізілуін қажет ететін, тірі туу және өлі туу критерияларына көшу үшін босануға көмектесу дағдыларынның жоғары эффективті технологиялардың енгізуін қарастыру. Регионализация – бұл ана мен бала денсаулық сақтау ұйымдарының перинотальды көмек көрсетудің, олардың жүктілігі немесе босанудың қауып топтарына сәйкес келетін үш деңгейі бойынша бөлінуі.
Регионализацияның мақсаты – босануға көмектесу жүйесінің бар мүмкіндіктерін рациональды пайдаланудың арқасында перинатальды көмектің сапасын жақсарту.
Перинатальды көмектің бірінші деңгейі. Бірінші деңгейдің ұйымдары 37 аптадан жоғары босануы және жүктілігі асқынусыз өткен әйелдерге квалифицирленген медициналық көмек көрсету. Бірінші деңгейдің перзентханалары базалық қамтамасыз етуден басқа, нәрестенің реанимациясына арналған құралдармен, СРАРтың (өкпеде оң қысымды қамтамасыз ету құралы) болуы мен интенсивті терапия палаталармен (3 жататын орыннан кем болмайтын), клиникалық және бактериологиялық лабораториялармен қамтамасыз ету.
Жүктілер, босанушылар және босанып болушылар түскен жағдайда жоғары деңгейдегі госпитализацияны талап еттетіндерге жағдайын және перинатальды асқынуының пайда болуын стабилизациялау, қауып дәрежесін бағалау және жүктілер мен нәрестелерді аудару үшін «өзіне» перзентханадан одан жоғары деңгейдегі мамандандырылған транспорт шақыру.
Перинатальды көмектің екінші деңгейі. Екінші деңгейдің ұйымдары босануы және жүктілігі асқынусыз өткен әйелдерге, босануы мен жүктілігінің орташа қауыпы бар, сонымен қатар гестация мерзімі 32 аптадан жоғары болатын уақытынан бұрын босануға квалифицирленген және арнайы мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
Босануға көмек көрсетудің екіші деңгейі базалық қаматамасыз етуден басқа нәрістелердің реанимация және интенсивті терапия бөлімшелері болуы керек (3 жататын орыннан кем болмайтын), СРАРтың 34 жүйесі, сонымен қатар клиникалық және бактериологиялық лабораториялармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Штатта неонатологтардың тәуіліктік посты қажет кезекшіліктерін қарастыру.
Екінші деңгейдегі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін көрсеткіштер болып табылады:
Жүктіліктің 32 аптадан жоғары болатын уақытынан бұрын босану;
Ауыр акушерлік анамнез (үйреншікті көтереалмаушылық, цервикальды жетіспеушілік, бедеулік, суегіздік, жатырдағы тыртық);
Перинатальды көмектің бірінші деңгейде емі эффективті болмаған жағдайда жүктіліктің үзілу қауыпы;
Преэклампсияның жеңіл дәрежесі;
Көпұрықты жүктілік ешқандай асқынуларсыз;
Анемияның орташа дәрежесі, ртериальды гиертензияның бірінші дәрежесі;
Анамнезінде жатырға акушерлік немесе гинекологиялық операциялардың болуы;
Акушерлік анамнезі ауыр емес 35 және одан жоғары жастағы алғаш босанушылар;
Ішімдікті, темекіні, наркотикті және тағы да басқа дәрілермен зиян шегуі;
Арнайы несеп жыныс инфекциялары (хламидиоз, микоплазмоз, ЦМВ,ВПГ және т.б.);
Ұрықтың жамбаспен келуі;
Нәрістелерді үшінші деңгейге аударуға көрсеткіштер:
Уақытынан бұрын босанумен байланысты тыныс алуының терең бұзылыстары және басқа да асқынулары бар, ӨЖЖ қажет ететін нәрестелер;
Инфекционды аруы, босану жарақаттары бар арнайы және интенсивті күтімді қажет ететіндер;
Перинатальды көмектің үшінші деңгейі. Үшінші деңгейдің ұйымдары перинатальды патологияны жүзеге асырумен бірге жүкті әйелдердің жоғары қауыпы бар, босанудың асқынуымен өткен, сонымен қатар гестация мерзімі 32 аптаға дейін болатын уақытынан бұрын босануға, сонымен қатар мамандандырылған көмекті қажет ететін нәрістелерге арнайы мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
Үшінші деігейде ауруханаға жатқызу көрсеткіштері:
Гестация мерзімі 32 аптаға дейін болатын уақытынан бұрын босану;
Преэклапсияның ауыр дәрежесі, эклампсия;
Плацентаның уақытынан бұрын ажырауы;
Акушерлік қан кету;
Суегіздік;
Қағанақ суы ерте кеттен, 32 аптаға дейін болатын уақытынан бұрын босану жағдайы;
Ауыр кезеңдегі экстрагенитальды аурулар;
Құрсақ ішілік ұрық дамуының кідірісі;
35 жас және одан жоғарыларға ауыр акушерлік анамнезі бар алғаш босанушылар;
Кесар тілігінен кейін асқынулардың болуы немесе анамнезінде екі және одан да жоғары кесар тілігінің болуы;
Изоиммунизация резусімен бірге;
Ұрықтың туа біткен ақауларымен бірге;
(32 аптаға дейінболатын) индуцирленген босану;
Ұрықтың өлуі, антенатальды және неонатальды өлуі немесе анамнезінде уақытынан бұрын босанудың болуы;
Ұрықтың көлденеңнен орналасуы;
Бала және ана денсаулық сақтауды ұйымдастырудың үшінші деігейінде қазіргі уақыттағы қымбат тұратын құралдармен, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау ұйымдарында тіркелген, штаттық нормативке сәйкес мамандармен қамтамасыз ету. Үшінші деңгей ұйымдарында реанимация (6 жататын орыннан кем емес) және ауру нәрістелерді күтуге арналған (күні жеткендерге және күні жетпей туылғандарға бөлек бөлек) интенсивті терапия бөлімшелері, тәуілік бойы неонатальды пост, сонымен қатар экспресс клиникалық және бактериологиялық лабороториялары болуы керек.
Н БҚММУ 703-07-09. Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар. Екінші басылым.