Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Блок2.Тема1..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
83.97 Кб
Скачать

Рмқк «марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: жалпы медицина

Пәні: акушерство және гинекология

Кафедра: акушерство және гинекология

4 Курс

2 блок: Акушерлік және гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы

1 тақырыбы: Акушерлік және гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесі.

Құрастырушы:

доцент қ.а., м.ғ.к.

________Кәрімова Б.Ж.

Ақтөбе 2010 ж.

Кафедра отырысында талқыланды

«_____»_________________ 2010 ж.

Кафедра отырысында бекітілген

«____»________________ 2010 ж.

№ ____ хаттамасы

Акушерство және гинекология кафедрасының жетекшісі _____________ Тусупкалиев а.Б. М.Ғ.К., доцент

  1. Тақырып: Акушерлік және гинекологиялық көмектің ұйымдастырылу жүйесі.

2. Мақсаты: студенттерде акушерлік іс және гинекологиялық көмектің ұйымдастырылуы туралы түсініктің қалыптастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білуі керек: Қазақстан Республикасындағы акушерлік іс және гинекологиялық көмектің құрылымы және ұйымдастырылуы; Қазақстан Республикасында перинатальды көмектің аймақтандыру; акушерлік іс және гинекологиялық қызмет жұмысының негізгі көрсеткіштері.

Студент істей білу тиіс: перзентханаға түскен жүктілерден, босанушылардан анамнезді сұрастыру, жалпы зерттеуді жүргізу, перзентханаға жатқызуға көрсеткіштер, медициналық құжаттарды толтыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- акушерлік іс дамуының негізгі этаптары;

- қазіргі этаптағы акушерлік білім және тәжірибенің проблемалары;

- еліміздегі акушерлік көмектің ұйымдастырылуы;

- әйелдер кеңесі және босану үйінің жұмысының негізгі көрсеткіштері;

- акушерлік-гинекологиялық көмек қызметінің негізгі тапсырмалары;

- Қазақстан Республикасындағы перинатальды көмектің аймақтандыру;

- ана және перинатальды өлімді төмендету жолдары.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері: сабақтын басында ассистент топты тексереді (егер студент болмаса, себебін анықтайды) және сұрастыру арқылы сабақтын тақырыбын анықтайды.

Бастапқы білім деңгейін тест арқылы тексереді (15 мин), тесттерді тексеріп – 5 минут, қорытындысын айтып, қателерін талқылайды – 15 минут.

Содан кейін ассистент Қазақстан Республикасындағы акушерлік іс және гинекологиялық көмектің құрылымы және ұйымдастырылуы; Қазақстан Республикасында перинатальды көмектің аймақтандыру; акушерлік іс және гинекологиялық қызмет жұмысының негізгі көрсеткіштерін талқылайды (60 мин). Ассистент перзентхананың құрылымын, әрбір бөлімшенің жұмысын талқылайды. Қарауды қабылдау бөлімінен бастайды, ассистент «фильтрдің» мағынасын оның құрылымын талқылайды. Қабылдау бөлімнің мақсаттарын айтады. Қабылдау бөлімнен кейін топ жүктілер патологиясы бөлімшесіне барады. Онда ол бөлімшенің мақсаттарымен, құрылымымен, госпитализацияға көрсеткіштерімен танысады. Әрі қарай топ босану, босанғаннан кейінгі бөлімшеге, нәрестелердің реанимация бөлімшесіне, нәрестелер патологиясы бөлімшесімен танысады – 162 минут. Оқу бөлмесінде тақырыпты бекіту үшін қорытынды білім деңгейін интерактивті оқыту әдісі арқылы «Қаламсаптың столдын ортасына қою» қадағалайды.

Барлық топқа тапсырма беріледі (мысалы: ана өлімі бойынша қаіуп топтары; ана өлімі бойынша қауіп фаторлары), әрбір студент қағазына жауаптың бір вариантын белгілейді де және оны көршісіне береді, ал қаламсабын столдын ортасына қояды. 30 минут ішінде топ ең жоғарғы мөлшерде жауап варианттарын беру керек. Қағазға жазылған тапсырма, бір студенттен келесі студентке беріледі. Жауабын жазған студент қағазды келесісіне беріп, қаламсабын стол үстіне өзінің алдына қояды. Жауабын білмей қалған студент қағазды келесіге береді, бірақ қаламсапты өзінде ұстайды. Берілген вариантты қайта беруге болмайды, қайталау болмау керек. Тапсырма орындалды. Жауаптары жазылған қағаз оқытушыға берілді. Ол оларды санайды. Санау барысында әрбір вариантты талдау жүргізіледі.

Сабақтын соңында жалпы білім деңгейін қорытындылайды (6 минут) және келесі сабақтын тақырыбымен, әдістемелік нұсқаумен таныстырады (6 минут).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]