Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАЗА ТАРИХ 9 СЫНЫП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
156.45 Кб
Скачать

§6.Қазақстан шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарында(1918-1920жж)

  1. Азамат соғысы- мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы

  2. Бірігіп большевиктерге қарсы азамат соғысын бастағандар? Ақтар деп аталатын күш

  3. Ақ легионерлер Петропавлды 1918ж.мамырдың соныңда, ал маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей Қостанайды басып алды

  4. 1918ж.маусымда Орынборды алып, Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастаған кім? Атаман А.Дутов

  5. Ақгвариялық «Сібір үкіметін» ресми түрде таныған алашорда үкіметі атаман А.Дутовпен бірігіп Кеңес өкіметіне қарсы шықты

  6. Антанта Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды

  7. Тамыз айында Иран мен капии сырты облысына ағылшын әскерлері енді. Орта Азия мен Қазақстанды интервенттер мен ақ гвардияшылардың басып алу қаупі төнді

  8. Орал облыстық Кеңесін талқандаған ақ казактар қаланы қашан алды? 1918ж.наурызда

  9. Ақ казактарда қарсы күресу үшін құрылған «ерекше армия» сол жылдың жазында Оралды азат етуге екі рет әрекет жасады, бірақ қаланы алудың сәті түспеді

  10. «Сібір армиясының» Екінші Жеке Дала корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісу майданына атаман Аннековтың дивизиясын және басқа да әскер бөлімдерін қашан жіберді? 1918ж.қараша айында

  11. Кеңестер Қазақстан мен Түркістанда қаңдай әскери бөлімдер құрды? Мұылман бөлімдері

  12. Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинаау қашан көрініс тапты? 1920ж.

  13. 1920 жылдың соңында Қазақ Әскери Комиссариаты Бөкей ордасында, Орал және Торғай облыстарында неше әскери бөлім мен бөлімше құрды? 37

  14. 1919жылдың қаңтар айында Қызыл армия қай қалаларды алды? Орынбор мен Орал

  15. Әскер бөлімдеін құру істерімен Дала өлкесінің төтенше комиссары Ә.Жангелдин, Торғай уезінің әкери комиссары А.Иманов, қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев, сонымен қатар әскери бөлімшелердің командирлері мен комиссарлары және басқалар белсене қатысты.

  16. Кеңарал болысында астыртын жұмысты 1916жылғы қозғалыс жетекшілерінің бірі Өтеп Ыбыраев, Ой болысында Кәкімжан Саркин басқарды

  17. Солтүстік Жетісуда Кеңес үкіметін орнатуда үлкен рөл атқарған қоғаныс? Черкасск қорғанысы(1918 жылғы маусым - 1919 жылғы қазан)

  18. Колчак тылында шаруалар көтеріліс жасап, 1919ж.сәуірде қай қаланы шабуылмен алды? Қостанай

  19. Қазақстандағы Колчак әскерлерін талқандау кімдерге жүктелді? Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына

  20. Оңтүстік топты кім басқарды? Фрунзе

  21. Оңтүстік топ Уфаны қашан азат етті? 1919ж.маусымда

  22. Шілдеде Оралды қоршауға алған ақ гвардияшыл әскерлерді талқандауға кімдер қатысты? 25-чапаев дивизиясы мен қазақ атты әскер бригадасы

  23. 1919ж.жазында Колча қолын Оралдан асыра қуып тастаған әскер? Шығыс әскер

  24. Орынбор контрреволюциясының неегізгі күші — Колчак әскерлерінің Оңтүстік армисына қарсы Ақтөбе бағытында шабуылға шыққандар? Түркістан майданының 1-армиясы

  25. 1919жылы қыркүйекте 1-армия ақтөбе майданының бөлімдерімен түйіскен станция? Мұғалжар станциясы

  26. Түркістан майданының әскерлері атырауды қашан алды? 1920ж. 5 қаңтарда

  27. Шығыс майданының 5-армия қолбасшысы? Тухачевский

  28. 1919ж.күзінде Шығыс майданның 5-армиясы Солтүстік, содаң соң Шығыс Қазақстанды азат ете бастады

  29. 1919ж.қарашасындаКолчак үкіметі құлатылып, әскери революциялық комитет құрылған қала? Семей

  30. Семей облысының солтүстігі ақ гвардияшылардан азат етіліп, Жетісу майданы жойылды? 1920ж.наурыздың аяғы

  31. 1919 жылғы желтоқсанда Кеңес үкіметі қаңдай теміржол желісін салуға шешім қабылдады? Александров – Гай — Ембі. Бұл теміржол орал‑Ембі мұнайлы ауданың Орталық ресеймен жалғастыруға тиіс еді.

  32. Кеңес үкіметі елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз ету үшін қаңдай теміржол желісін салуды маңызды деп санады? Жетісу теміржолының Петропавл —Көкшетау желісі

  33. Астық дайындау мен бөлу монополиясына азық салғырты қашан қосылды? 1919ж.қаңтарда

  34. Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі, егістіктерді суландыру,тжол салу, отын дайндау, жүк тасу жұмыстарын орындау үшін не енгізілді? Еңбек салығы

  35. 1920-1921жж өлкедегі еңбек армиясының қатарында қанша адам болды? 6 мыңға жуық

  36. Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан аудандарында астық дайындалды

  37. Көктем және жазда өлкеге орталықтан астық дайындаушылар ретінде қанша жұмысшы келді? 11 500-ге жуық

  38. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнайды өңдіру 4 есе, ал Қарағандыда көмір өндіру 5 есе қысқарды. Ал мыс өндіру тоқтап қалды.

  39. 1921 жылдың ақпан айында патша армиясының полковнигі Николаев пен есаул Токарев бастаған 25 мың адамнаң тұратын отряд Петропавл қаласында Кеңес үкіметі органдарының үйін қиратты

  40. 1921 ж.наурыз айында Орал губерниясында Сапожков отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті. Қарқаралы уезінің 70-тен астам басшы партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолына қаза тапты.

  41. Азамат соғысының кескілескен қырғыныңда қаза болғандар саны? 8 млн адам

  42. Ерекше қатыгездікпен көзге түскен казактар? Атамандар Дуов пен Анненков

  43. Б.Анненковтың сот процесі қашан болды? 1927ж.Семейде

  44. Ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуге қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі А.Байтұрсынұлының сіңірген еңбегі зор болды. Ол «Төңкеріс және қазақтар» деген мақала жазды

  45. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі қаулсында: «Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар, сондай ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық «Алашорда» үкіметінің мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауы тиіс»