Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАЗА ТАРИХ 9 СЫНЫП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
156.45 Кб
Скачать

§4.Қазақстан 1917ж.Қазан төңкерісі кезінде

  1. Ташкентте қаңдай кеңес пайда болды? Мұсылман жұмысшылары депутаттарының Кеңесі

  2. 1917 ж.маусым айында шаруа және қазақ депутаттарының қаңдай кеңесі құрылды? Біріккен Қостанай уездік Кеңесі

  3. Мамыр айында семей облысындағы қай кешен жұмысшылары ереуіл жасады? Даубай кешені

  4. Перовск кеңесі кәсіподақтарымен және солдаттарымен бірлескен мәжіліінде бүкіл өкімет билігін кеңестерге беру қажет екендігі туралы қаарды қашан қабылдады? 1917ж.29 тамызда

  5. Революциялық өрлеу қуатты серпін алған уақыт? 1917ж.күзіне қарай

  6. Қазан төңкерісі қашан болды? 1917ж.

  7. Большевиктардың үндеуі? «ресей мен шығыстың барлық мұсылмандарына»

  8. Ферғана хандығының бұрынғы астанасы? Қоқан

  9. Бүкілтүркістандық Тқтенше IV съезд қашан және қай жеже ашылды? Қоқан қаласында 22қарашада

  10. Съезді кім ашты? Мұстафа Шоқай

  11. Съезд нені жариялады? «Түркістан – Ресей Фед.құрамындағы аумақтық орналасуы жағынан автономиялық республика»

  12. Түркістан автономиясының нормаларын белгілеу қайда жүктелді? Құрылтай жиналысына

  13. Съезд салтанатты түрде нені мәлімдеді? Түркістанды мекендейтін аз ұлттардың құқықтары баоынша сақталады

  14. Түркістанның үкіметі? Уақытша кеңес

  15. Министр төраға және ішкі істер министрі? М.Тынышбаев кейінірек оны алмастырған м.Шоқай

  16. Жаңа мемлекеттік құрылым қалай аталды? Туркестони Мухтариат(Түркістан автономиясы)

  17. Автономиядағы мемл.дін? ислам

  18. Съездін Түркістан халықтарына үндеуі? «...қазір бұғаудан азат болған Түркістанға өз жерінің қожайыны болып өз тарихын жасайтын күн туып отыр...»

  19. Қоқанда мұсылмандардың орасан зор манифестациясы қашан болды? 1917ж.қарашада

  20. Ташкенттің қай жерінде мындаған адам қатысқан митинг отті? Жәми мешітінде

  21. Ташкент кеңесі қос мұсылман үкіметін қашан жоймақшы болды? 1918ж.қаңтарда

  22. Орынборда өткен Жалпықазақ съезі қашан болды? 1917ж.желтоқсанда

  23. «алаш» партиясы бағдарламасының жобасы қай газетте жарияланды? Қазақ

  24. Жетісу губерниясында «алаш» партиясының блогы сайлаушылар дауысының 57,5%-ын алды. «алаш» партиясы Семей уезінде 85,6%, Торғай, Орал губернияларында 75% дауыс жинады.

  25. Өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге елеулі оппозиция болғандар? «алаш» партиясы

  26. 1917 ж.қарашасы мен 1918 ж.қаңтары аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің басым көпшілігі «алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдатының көрсетті

Екінші тарау

  1. Кеңестер қазақстанда. Азамат соғысы. 1920жылдардың алғашқы жартысындағы қазақстан

§5.Қазақстанда кеңес билігінің орнауы

  1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРЛІ АУДАНДАРЫНДА әр кезде орнатылған үкімет? Кеңес

  2. Барлық демократиялықұйымдар мен жұмысшы, шаруа солдат қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалистік партиялардың, қала думаларының Ташкентте өткен өлкелік съезі қашан болды? 1917ж.15-22 қарашада

  3. Түркістан өлкесінде орнаған жаңа үкімет? «түркістан халық комиссарлары кеңесі»

  4. Халық комиссарлары кеңесі неше адамнаң тұрды? 14 адамнан, алайда мұсылман халқының бірде бір адамы болған жоқ

  5. Кеңес үіметі кең байтақ Ресей жеріне өз билігін орнатып үлгерген уақыт? 1917 ж.қазанынаң 1918ж.наурыздың басына дейін

  6. Қазақ даласына Кеңес билігі ең алдымен қай жерлерде орнады? Теміржол бойындағы қалаларда

  7. 1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының билігін өз колдарына алғандар? Перовск (Қызылорда) кеңесі

  8. Әулиеата, Черняев қалаларындағы билік кеңес қолына қашан көшті? 1917 ж.қарашада

  9. Атаман А.И.Дутов басқарған қазақтардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқаран Алашорда үкіметі, эсерлер мен меньшевиктер орталық кеңес үкіметіне қарсы бірікті.

  10. Балтық теңізшілері азық отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған жыл? 1917ж.желтоқсан

  11. 1918ж. қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі қаңдай шешім қабылдады? Бүкіл уезде Кеңес өкіметін орнату

  12. Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі қашан жеңіп шықты? 1918ж.басында

  13. Ақмола даласы мен Ертіс бойындағы Атбасар, Қызылжар, Көкшетау қалаларында Кеңес өкіметі орнауына не ықпал етті? Батыс Сібірдің уақытша революциялық комитеті

  14. Атбаса, Қызылжар және Көкшетауда өкімет билігі Кеңестер қолына көшкені туралы қаулы қай съезде қабылданды? Батыс сібір кеңестерінің III съезі

  15. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құлатылып , кеңес өкіметі орнатылғаның хабарлаған ревком? Ақмола

  16. Қызыл гвардия отрядының қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Павлодар Кеңесі өкімет билігін өз қолына қашан алды? 1918ж.қаңтарында

  17. Өкімет билігі үшін тайталасқа түскен күштердің арақатынасын ескере отырып , Семей большевиктеріне көмеке келгендер? Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер

  18. Семейде өкімет билігі Кеңестер қолына қашан көшті? 1918ж.акпаннын 16-сынан 17-сіне қараған түні

  19. Оралда Кеңес өкметі қиын жағдайда қашан орнады? 1918ж.қаңтарда

  20. 1918 жылғы наурыз айында қалада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерінің облыстық съезі болып, онда Орал обл.да өкімет билігінің облыстық Кеңес атқару комитетінің қолына көшкені, казактардың «әскери үкіметі» мен алашорда үкіметінің таратылғаны туралы шешім қабылданды.

  21. Контрреволюциялық күштер төңкеріс жасаған түн? Наурыздың 28-нен 29-на қараған түн

  22. Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, оллардың көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты.

  23. Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес үкіметі қашан жарияланды? 1917ж.желтоқсанда

  24. Жетісуда жұмысшылар майдангер солдаттар және «Жетісу -2» қазақ полкінің революциялық пиғылдағы жауынгерлері кқтеріліс қашан жасады? 1918ж.наурыздың 2нен 3не қараған түнде

  25. Бүкіл жетісу облысында Кеңес үіметі қашан жеңіп шықты? 1918ж.наурыз

  26. Іріткі салу және ішкі контрреволюцияға қарсы күресу үшін кеңес елінің барлық жерінде қаңдай орган құрылды? Бүкілресейлік төтенше комиссия

  27. Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық I съезд қашан болды? 1918ж.наурыз, сәуірде

  28. Осы съезд қаңдай шешім қабылдады? Қызыл Армия бөлімдерін құру және жергілікті өкімет органдары туралы

  29. Қазақ депутаттары Кеңестерінін ақмола уездік съезі алашорда автономиясын теріске шығарған қарарды қашан қабылдады? 1918ж.наурызда

  30. Торғай облыстық кеңестер съезінің қаулысымен Алашорданың Орынборда шығарылып тұрған орталық органы – «Қазақ» газеті жабылды

  31. Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше V съезі қашан өтті? 1918ж.сәуірде

  32. Съезд РКФСР-дің ажырағысыз бөлігі ретінде Түркістан автономиялы Кеңестік Социалстік Републикасын жариялады.

  33. Кеңестік Шығыстағы тұнғыш кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылым болған оның құрамына Сырдария және Жетісу облыстары да енді.

  34. Қазақ, ұйғыр және орыс еңбекшілері арсындағы қатынастарды жақсартуға өз үлесін қосқан? А.Розыбакиев

  35. Қазақ АКСР – ін құру жөніндегі жұмыстар интервенция және азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды

  36. Екібастұз, Қарағанды, Риддер кеніштерін, Ембі кәсіпшіліктерін, Спасск мыс балқыту зауытын, темір жолдарды, Ертіс пен арал кемешілігін, балық, тұз кәсіпшіліктерін, банк пен қазынашыларды, Зингер компаниясының кәсіпорындарын , былғары зауыттарын, диірмендерді, баспаханаларды мемлекет қарамағына алу туралы декрет қашан қабылданды? 1918ж.көктемде

  37. Кәсіпорындарда 8сағаттық, ал шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді

  38. Кедей шаруаларға бұрын казактардың, капиталистер мен патша шенеуніктерінің қарамағында болып келген 3,5 млн десятина жер қайтарылады.

  39. «шабуыл мен тегеурін» кеселіне шалдыққан большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, осы арқылы орта шаруаларды социализмге сүйреп енгізбек болды

  40. 1918 жылдың қаңтар наурыз айларында астық отрядтары Петроградқа, басқа да орталық аудандарға 6млн пұтқа жуық астық, соның ішінде Түркістан республикасының ашыққан халқына 200 вагон астық жіберді

  41. Семей, Ақмола облыстарында көтерме-бөлшек сауда жойылып, оның міндеттері азық комитетіне қашан берілді? 1918ж.көктемінде

  42. Халық шаруашылығының негізінде теңестіре білу ұстанымын қабылдаған қаңдай құрылғы пайда болды? Әскери комунистік

  43. Жаңа дүние орнатудың әмбебап әдісі ретінде не қолданылды? «қанаушыларды экспроприациялау» психологиясы