Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАЗА ТАРИХ 9 СЫНЫП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
156.45 Кб
Скачать

Қарқын алуы

  1. 1987 жылдын басынан 1991 жылдың соңына дейінгі уақытта Қазақстан Ресей қарамағындағы келешегі күңгірт, тәуелді одақтас республикадан дүние жүзіндегі іргелі мемлекеттермен терезесі тең, тәуелсіз елге айналды, тарихтың осындай қысқа мерзімі ішінде ғасырлардың үлесіне татитын ауыр да маңызды жолдан өтті

  2. Қазақстанның жаңа басшысы Колбин шын мәнінде генерал губернатор миссиясын атқарды

  3. Жаңадан сайланған КСРО халық депутаттарының І съезінде Колбиннің Халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне сайланып, Қазақстаннан кетуіне дейін осылай болды

  4. 1989 ж.маусымда Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.Назарбаев келді

  5. 1987 жылы Қазақстан КП Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылры шықты

  6. «Қазақ КСРндегі тілдер туралы Қазақ КСРнің заңын» республиканың жоғарғы Кеңесі 1989 жылы қыркүйекте қабылдады

  7. Бұл құжатта егеменді Қазақстан республикасының мемлекетті тілі қазақ тілі деп көрсетілді

  8. 1990 жылдың маусымынан 1991жылдың маусымына дейін республикада қазақ тілінде 482 балабақша, 155 мектеп, 4 кәсіптік техникалық , ЖОО факультеттері, бөлімдері ашылып, қазақ тілін үйрететін топтар құрылды

  9. 1988ж.Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-1950жж.жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды. Олар: Шәкерім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақым Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев

  10. Осы кезден бастап баспасоз бетінде аса көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанжа Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұбановтардың өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты шындықтар айтылған материалдар көптеп жариялана бастады

§34. Демократяландыру үрдісінің одан

Әрі жалғасуы

  1. 1989 жылдың күзінде Қазақстанның Жоғарғы және жергілікті кеңестерінің сайлауы өтті. Бұл сайлауда алғаш рет балама кандидаттардың дауысқа түсу құбылысы көрініс берді

  2. 1990жылдарға аяқ басар шақта партияның барлық іске араласуына шек қойыла бастады

  3. 1980 жылдардың соңында Қазақстанда жоғарылардың бұйрығынсыз, компартияның рұқсатынсыз, халықтың қайнаған ортасынан шыққан саяси белсенді адамдардың ұйымдастыруымен түрлі қозғалыстармен саяси бірлестіктер пайда бола бастады

  4. Алдына ізгі мақсаттар қойған, антиядролық, экологиялық қозғалыс? Невада – Семей

  5. 1989 ж.28 ақпанда Алматыда бой көтерген бұл қозғалыстың ұйымдастырушысы, деялық жетекшісі? Олжас Сүлейменов

  6. Бұл саяси ұйым «5-5» формуласы бойынша әлемдегі аса ірі полгондардың бәрін жою, әскери мақсаттағы ядролық соғыс қаупін ыдырату сияқты ғаламдық мәселелерді көтерді

  7. 1990 ж.жазында «азат» азаматтық қозғалысы құрылды

  8. «Славян» қоғамы Қазақстанда тұратын славян текті жұрттар өкілдерінің мүдделерін қорғау ниетін көздеп құрылды

  9. Қазақстандық немістердің «Видергебурд» ұйымы аз уақыт ішінде мүшелері көп, қаражаты мол, танымал бірлестікке айналды

  10. 1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы бірлестіктер саны жүзден асып кетті

  11. 1991 ж.маусымда «Қазақ КСРндегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды

  12. 1989ж.шілдеде Ресейдегі Кузбасс, Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге шығуы Қарағанды көмір бассейнінде істейтін жұмысшылардың бас көтеруіне ықпал етті

  13. Кеншілер алғашында экономикалық талаптар қойды:еңбекақыны көбейту, шахтадағы жұмысты жақсарту, азық түлік түрлерін молайтуды алға тартты. Кейін саяси талаптар қойды

  14. Ереуілшілерді тоқтату үшін Қарағандыға келген КСРО көмір өнеркәсібі министрі Шадовтың уәделеріне олар қанағаттанбады

  15. Осы кезде Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Назарбаев шұғыл түрде ұшып келіп кеншілермен бірнеше кездесулер өткізді

  16. 1989 ж.маусым аййында Маңғыстау обл. Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды

§35. Экономикада қалыптасқан жағдай

  1. «Қазақ КСРнднгі меншік туралы заң» бұған дейінгі социалистік қоғамдық даму бағытынан бас тартып, экономикада түбегейлі бетбұрыс жасап нарықтық қатынастарды еңгізудің бастамасы болды

  2. Әлемдік экономикалық кеңістіктердің 1\3-іне дейін таралып, жарты ғасырлық тәжірибеден өткен социалистік өндіріс тәсілінің тамырына балта шабылды

  3. 1988ж.республикадан сыртқа 6,7 млрд кеңестік сомның өнімі шығарылғанда, 13,8 млрд сомның өнімі сырттан әкелінген еді

  4. Ресми түрде жарияланған «шаруашылықтың экстенсивті формаларыны интенсивті формаларына көшейік» деген бағдардан кейін де іс оңға баспай қойды

  5. 1991 ж.ішінде республикаға келісім бойынша жеткізілмеген бұйымдардың мөлшері ай сайынекі есеге жуық артып отырды

  6. Бұл жылы республика кәсіпорындарының 11 %-ын құрайтын 533 зауыт пен фабрика зиянмен шыықты

  7. 1980 ж.соңында Орталық тарапынан бақылаудың әлсіреуінен республикалардың тікелей шет елдермен экономикалық, сауда байланыстарын жасау мүмкіндігі арта түсті

  8. Қазақстанның бұл уақытөа дейінгі экспортының 97 %-ы шикізаттар, материалдар және жартылай дайын өнімдерден тұрды

  9. Орталықтан аулақтану тенденциясы меңдеген сол кездегі өзге одақтас республикалар сияқты Қазақстан үкіметі де «Қазақ КСРндегі еркін экономикалық аймақ туралы», «Қазақ КСРндегі шетел инвстицялары туралы» заңдар қабылдады

  10. Республикалық сыртқы экономикалық байланыс министрлігі, Сыртқы экономикалық банк құрылды

  11. 1990 ж.сауданың көлемі 1,5 есе артты

  12. 1990ж.қарашасында Сауд Арабиясымен біріккен «Әл-Баракабанк-Қазақстан» құрылды

  13. Корея республикасының «Самсунг» корпорациясымен байланыс орнады

  14. Оңтүстік Корея кәсіпшілері Алматыда ресторан ашты

  15. Қазақстанның Қытаймен сауда байланыстары артты, Алматы–Үрімші әуе, Жаркент–Инин автобус қатынасы орнады

  16. 1991 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда 24 елдің қатысуымен 35 біріккен кәсіпорын ресми тіркелді

  17. Республикаға сырттан тартылған инвесторды 5 жылға дейін пайда салығынан босатты

ҮШІНШІ БӨЛІМ