Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАЗА ТАРИХ 9 СЫНЫП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
156.45 Кб
Скачать

§23. Тың игерудін нәтижелері

  1. 1940-1950жж.ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды

  2. Алтыншы бесжылдық (1956-1960жж.) жоспардың орындалмауын көрер көзге жасыру үшін, жетіжылдық (1959-1965жж.) жоспардың өзі орындалмады

  3. Республика бойынша жалпы өнім өндіруді 70 %- ға арттыру көзделгенімен, іс жүзінде ол 15 %-ға ғана артты

  4. Тың игерушіге «адам мекендемеген құла түзге» бара жатқандықтары, олардың « иесіз жатқан ен даланы тұнғыш игеруші» болатындықтары туралы қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс түсінік берілді

  5. Тың игеру желеуімен 1960ж.басына дейін Қазақстанға 2 млн-ға жуық адам қоныс аударды

  6. Сол жылдары Теміртауда салынып жатқан металлургия комбинаты «Бүкілодақтық комсомолдық екпінді құрылыс» деп жарияланған болатын

  7. 1958ж.соңына дейін облысқа 132 мын адам, келесі жылы тағы да 170 Мың адам келіп қоныстанды

  8. Айналасы бірнеше жылдың ішінде бір облысқа 300 мыңнан астам адамды орналастыра қою оңайға түспеді

  9. Нәтижесінде қала халқының үлесі 1939 жылғы 28 %-дан 1959 жылы 44 %-ға дейін артты

  10. 1939 жылмен салыстырғанда, республика тұрғындарының саны 3 млн 216 мың адамға өсіп, 1959 жылы 9 млн 295 мың адамға жетті

  11. Аталған мерзм ішінде Одақ халқы 9,5 %-ға көбейгенде, Қазақстанда бұл көрсеткіш 52,8 % болды

  12. 1959 жылғы халық санағы бойынша, республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мың, барлық халықтың 29 % ғана

  13. 1950 жылдардың ортасынан бастап, Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасыынаң бір бөлігі тарихи отанына оралуға мүмкіндік алды

  14. 1960жж.басына дейін Қытайда тұратын қазақтардың 200 мыңы Қазақстанға оралды

  15. 1950 жж.мал шаруашылығының жағдайы ауыр болды

  16. 1951-1952жж.шығын көп болып , мал басы мардымсыз өсті. Тек 1951 жылы ғана 330 мын ірі қара, 3,2 млн қой мен ешкі, 89 мың жылқы, 64 мың шошқа шығын болды

  17. 47 ұжымшар мен 225 кеңшар ет өндіруге бағытталып қайта құрылды

  18. 1954-1958жж.мал шаруашылығана 52 мыңнан астам адам жіберілді

  19. 1958 жылы 1239 комсомол жастар бригадалары құрылды

  20. 1956 жылмен салыстырганда, 1965 жылы мал басы 67,4 %-ға көбейіп, жалпы саны 39 млнға жетті

§24. Мәдениеттің дамуы: ғылым және өнер

  1. 1946 жылы маусым айында КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылыым академиясы құрылды

  2. Қазақстанда жаңа ғылым ордасын құруға Вавилов, Бардин, Панкратов ұйымдастырушылық көмек көрсетті

  3. Академияның тұнғыш президенті болып Қаныш Иантайұлы Сәтбаев сайланды

  4. 1950-1965 жж.арасында республикадағы ғылыми зерттеу институттарының, филиалдар мен бөлімшелерінің ссаны 38 ден 84 ке дейін, ал оларда істейтін қызметкерлердің саны 3,3 мыңнан 18,2 мыңға дейін өсті

  5. Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелері 1946-1949жж.халық шаруашылығана енгізу үшін 900-ден астам ұсыныстар мен зерттеулер ұсынды

  6. Сәтбаев бастаған бір топ ғалымға металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Лениндік сыйлық берілді

  7. 1950 жылдар ішінде қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді

  8. ҚазМУде философия факултеті ашылды

  9. 1958ж. Қазақ КСР ҒА ның Философия және құқық институты құрылды

  10. 1961ж.Тіл білімі, әдебиет және өнер институттары шаңырақ көтерді

  11. Тарихшылар 1957-1959жж. «Қазақ КСР тарихының» екі томдығы жариялады

  12. 1950жылдардың соңында «КСРОда социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті» деген ресми түпкілікті шешім қабылдады

  13. 1947 жылы Мұхтар Әуезов «Абай» романының екі кітабын жазып бітірді. Шығарма КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды

  14. 1955 ж.жазушының іргелі туындысының жалғасы « Абай жолы эпопеясы» дүниеге келді

  15. 1959ж.Мұхтар Әуезовке әдебиет пен өнер саласындағы Лениндік сыйлық берілді

  16. Ғабит Мүсіреповтың «Оянған өлке» романы 1950 жылдардағы ұлттық прозаның тағы бір жетістігі болды

  17. Сәбит Мұқанов «Сырдария» романында замандастарының өмірін, еңбегін, армандарын, мақсаттарын нанымды бейнеледі. Сонымен қатар ол «Өмір мектебі» трилогиясын жазды

  18. Ғабиден Мұстафин 1949 ж. Мәскеуде өткен Қазақ кеңес әдебиетінің онкүндігінде орыс тіліне аударылған «Шығанақ», «Миллионер» повестері әдеби қауымның назарын аударды. Кейіннен «Қарағанды», «Дауылдан кейін» романдарын жазды

  19. 1950жж.қазақ поэзиясы неғұрлым байып,алуан түрлі сипатты ала бастады

  20. Әбділдә Тәжібаев бірқатар пэзиялық циклдер, «Шайтан», «Портреттер» поэмаларын жазды

  21. Ерғалиев «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы»; Жароков «Жапанда орман жанғыртты»; Бекхожин «Мариям Жагорқызы»; Молдағалиев «Жыр туралы жыр» поэмаларын жазды

  22. Шуховтың «Тың игерушілер» атты очерктер кітабы одаққа танымал шығарма болды

  23. Ұйғыр жазушысы Абдуллин «Гүлстан» повесін жазды

  24. 1952ж. Голубович Қазақ драма театрында М.Әуезовтың «Абай» драмасын қойды

  25. Штейн басқарған жылдары Орыс драма театры қазіргі заман тақырыптарын игеруге бетбұрыс жасады

  26. Харламова өнерге сіңірген еңбегі үшін КСРО халық әртісі атағын алды

  27. Сац басқарған Жасөспірімдер театры үлкен шығармашылық өрлеу үстінде болды

  28. Қазақ мемлекеттік хор капелласы шығармашылық ұйым ретінде қалыптасты

  29. Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі Жастар мен студенттердің дүниежүзілік VІ фестивалінің лауреаты атанды

  30. Дерижёр Қажығалиевтің басшылығымен Құрманғазы атындағы ұлт аспапатар оркестрі ұлттық және әлем классиктерінің шығармаларын орындады

  31. Қазақ Мемлекеттік филармониясы еңбекшілерге мәдени қызмет көрсетті

  32. 1946 жылы «Біржан Сара» операсы қойылды

  33. 1949жылы осы қойылым үшін сазгер Төлебаев, қоюшылар мен орындаушылар бір тобы КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері атанды

  34. Сазгер Брусиловский «Дударай», Төлебаевпен бірігіп «Амангелді» операларын, Қожамияров тұнғыш ұйғыр операсы «Назугумды» жазды

  35. Ұйғыр сазгерінің «Ризвангүл» симфониялық поэмасы 1954ж. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды

  36. Қазақ академиялық опера және балет театрында осы өнердің көп ұлтты ұжымы қалыптасты

  37. Симфониялық музыка өнеріндегі композиторлар: Великанов, Мусин, Рахмадиев, Мұхаматжанов, Жұбанова

  38. Телжанов «Жамал», «Атамекен»; Мәмбеев «Тауда», «Киіз үй жанында»; Кенбаев «Шопан әні», «Сұхбат» атты суреттердің авторы