Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАЗА ТАРИХ 9 СЫНЫП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
156.45 Кб
Скачать

VII тарау. 1940-1960жж. Қазақстан

§18. Қоғамдық саяси өмір

  1. Кеңес одағының комунистік партиясы (КОКП) бұл кезде өзінің саяси ұйым ретінде функциясын кейін ысырып өойып, мемлекетті басқару жүйесімен бірігіп кеткен, жоғарыдан төмен қарай, бұйрықпен басқарылатын, иерархиялық пирамидалық құрылымға айналған болатын

  2. Партия өзінің жұмысын қолында күші бар ведомстваларға Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне, Ішкі істер министрлігіне сүйеніп жүргізді

  3. 1949ж.Қазақстан комунистік большевиктер партичсының IV СЪЕЗІ болып өтті.

  4. Қазақастан К(б)П орталық комитетінің бірінші хатшысы болып Ж.Шаяхметов сайланды. Ол ұйымды 1954ж.дейін басқарды

  5. 1950ж.комунистердн саны 58920 адам болса, 1960ж. 345115-ке жетті

  6. Республиканың жоғарғы мемлекеттік билік органы Қазақ Кеңес Социалисті Республикасының Жоғарғы Кеңесі деп есептелді

  7. 1957ж.КОКП Орталық комитетінің «Еңбекшілер депутаттары Кеңестерінің қызметін жақарту және олардың бұқарамен байланысын күшейту туралы» қаулы қабылдады

  8. Осы қаулыдан кейін Республика Жоғарғы Кеңесінің тұрақты комиссияларының саны 3-тен 8-ге жетті

  9. 1947 жылғы екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрамында 300 депутат болса,үшінші сайлауында 400, 1955ж.төртінші сайлауында 450 депутат болды

  10. Жоғарғы және жергілікті кеңестер депутаттарының мөлшермен 2\3-сі комунистер болып отырды

  11. 1940ж.соныңда Қазақстан кәсіпшілер одақтары 1млннан астам еңбекшілерді біріктірді

  12. 1948ж.Қазақстан кәсіподақтарының республикалық I конференциясы өтті

  13. 1963ж.кәсіподақ мүшелерінің саны 3 млн 281 мын адамға жетті. Бүл жұмыс істейтіндердін 89 пайызы

  14. Қазақстан комсомолы екпінді құрылыстарға, ірі кәсіпорындардың салынуына, тың игеруге үлес қосты

  15. Комсомол ұйымы жастар тәрбиесі мен балалардың коммунистік құрылымы пионер ұйымының жұмысына бақылау жасады

  16. 1951 жылдан 1960 жылға дейінгі аралықта республикадағы комсомол мүшелерінің саны екі есе артып, 760 мың жасты біріктірді

  17. Әкімшіл әміршілік басқару жүйесі 1950 жылдардың ортасында ғана одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту мәселелерін күн тәртібіне қойды

  18. КСРО Министрлер Кеңесінің 1955ж.мамыр айындағы қаулысы бойынша одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау мен қаржы бөлу тәртібі өзгертілді

  19. 1954-1956жж.одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына өнеркәсіп пен көліктің 144 кәсіпорны өтті

  20. 1956-1958жж.бастап одақтас республикалар әділет органдарына басшылық жасау, сот құрылымын анықтау, азаматтық, қылмыстық кодекстерді бекіту істерімен аналысатын болды

  21. 1957ж.КСРО Министрлер Кеңесінің құрамына лауазым бойынша одақтас республикалар Министрліктер Кеңестерінің төрағасы, ал КСРО Жоғарғы сотының құрамына одақтас республикалар Жоғарғы соттарының трағалары енгізілді

§19. Саяси қысым жағдайында

  1. 1946ж. БК(б)П Орталық комитетінің «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы қаулылары шығып, бірқатар көркемөнер қайраткерлерінің соққыға ұшырауы Қазақстандағы ұлт зиялылырының қудалаудың жаңа толқыны жол ашты

  2. 1947ж. «Қазақ КСР ҒА-ның тіл және әдебиет институттарының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысымен ХХ ғасыр басындағы рухани мұраны ғылыми зерттеуге шек қойылды

  3. Мәскеуде «Дәрәгерлер ісі», Ленинградта «ленингрд ісі» жүріп жатқан кезде, Қазақстанда «Бекмаханов ісі» жүріп жатты

  4. 1943 жылы Алматыда жарық көрегн «Қазақ КСР тарихы атты» көлемді еңбектің негізгі авторларының бірі? Ермұхан Бекмаханов

  5. Е.Бекмахановтың сынға алынған монографиясы? «ХІХ ғасырдыың1920-1940жж. Қазақстан»

  6. Сынаушылар Бекмахановтың еңбектерін орысқа қарсы жазылған және онда Ресейге қарсы ұлттық көтерілістер дәріптелген деп айыптады

  7. 1950ж.желтоқсанында «Правда газетінде» «Қазақстан тарихы мәселелерінің маркстік лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаланың жариялануы Бекмахановты реси түрде саяси айыптаудың басы болды

  8. 1951ж.сәуірде Қазақстан К(б)П Орталық комитетіосы мақалаға байланысты қаулы қабылдап, оны дұрыс деп бағалап, автордың « буржуазиялық ұлтшылдық көзқарастарын» айыптады

  9. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас еркіндігінен айырылып, алыс лагерьлердің біріне айдалды

  10. Мәскеу мен Ленинградтағы кейбір ірі ғалымдардың араласуымен Бекмаханов 1954ж.ақталып шықты

  11. 1940-1950жж.басында әділетсіз саяси айыптауға ұшырамаған қазақ зиялылары кемде кем

  12. Саяси айыптауға ұшыраған зиялылар? Жұбанов, Жұмалиев, Сүйлейменов, Ысмайлов, Кеңесбаев, Мұқанов

  13. Биология медицина және геология ғылымдары салаларында жемісті еңбек етіп жүрген көптеген ғалымдарға «Космополит» деген айып тағылды

  14. 1950 жылдары «Өзгеше ойлайтын»» деп жаза тартқан кеңес азаматтары 90 мыңнан астам

  15. КОКП нын ХХ съезінен кейін ақталғандар: Асфендияров, Жандосов, Исаев, Мирозиян, Мендешев, Масанчи, Нұрмақов, Розыбакиев, Сейфуллин