
- •5В050800 - Есеп және аудит
- •Модуль пәнінің типтік оқу бағдарламасы (егер пән міндетті компоненттен болса);
- •Оқытушылар туралы мәлімет:
- •Дәріс пен семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Сөж және сөож тапсырмаларын орындау мен тапсырудың тақырыптық жоспары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Философия. (каз) Книгообеспеченность
- •Дәріс тезистері «Философия. Этика және бизнес философиясы» философия
- •Философия социомәдени феномен ретінде
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Философия оның тарихи «өлшемінде». Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістанның философиялық ойлары. Ежелгі грек өркениетінің сипаты және антикалық философиялық дәстүрдің ерекшелігі
- •§3.Дүние мен қоршаған ортаны бейнелеудегі қытайлық көзқарасқа тән қасиеттер:
- •Буддизм және оның негізгі идеялары.
- •1. Қытайдың көне заманнан келе жатқан ұлттық философиялық ілімдері:
- •2. Қытай философиясының дәстүрі бойынша адамды үш ғарыштық энергияның ұйыған түрінен пайда болды дейді, олар:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Ренессанс дәуіріндегі философия. Жаңа еуропалық мәдениетіндегі философияның өз тағдырын өзі шешу мәселесі Дәрістің қысқаша мазмұны:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Декарттың рационалдық философиясы.
- •Жаңа заман дәуіріндегі нидерландтар (Голландия) философиясы.
- •Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •§5. Демография (грек., демос – халық, графе – жазамын) – Жер шарындағы халықтардың саны, тууы, өлімі, өсімі, дамуы туралы ілім. Бұл терминді 1855 жылы француз а.Гийар енгізді.
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Этика және бизнес философиясы
- •Адамгершілік және азаматтық тәрбие
- •Адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен міндеттері
- •Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
- •Глоссарий
- •1. Ортағасырлық философиясының бағыттарына талдау жасау
- •Ницшенің идеяларын жазып шығып, сипаттама беру.
- •«Философия» пәнінен 1-ші аралық бақылау сұрақтары
- •«Философия» пәнінен II аралық бақылау сұрақтары
- •2012-2013 Оқу жылына арналған «философия» пәнінен қорытынды емтихан сұрақтары
- •1 Кредит
Адамгершілік және азаматтық тәрбие
Адамгершілік тәрбие дегеніміз – оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Адамгершілік тәрбие әр уақытта, әр қоғамда болып келген. Кешегі кеңестік дәуірде адамгершілік тәрбие дұрыс болған жоқ деп айта алмаймыз. Адамгершілік кейбір бағыттар замана өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Себебі тәрбие – қоғамдық құбылыс.
Адамгершілікті мемлекет қайраткерлері, ғалым ұстаздар, көсемдер, небір жақсылар уағыздаған. Олар өз заманына сай ізгілікті, парасаттылықты, сананы сезімді, саналылықты, инабаттылықты, адалдықты, шыншылдықты тағы басқалар насихаттаған. Адамгершілік тәрбие біртұтас оқу-тәрбие процесінің негізі болып табылады. Адамгершілік қасиет мораль, этика, өнеге арқылы айқындалады. Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегелілік сана өнегелілік идеал деп бөлінеді.
Адамгершілік тәрбиенің күретамыры-мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді ббаланың жас кезінен бастап санасына құя беру керек. Бірақ мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытында түсіндіріп отырғаны жөн.
Адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен міндеттері
Адамгершілік тәрбиенің негізіг отбасынан басталып, балабақша, бастауыш сыныпта өзінің жалғасын тауып, жоғары сыныптарда күрделене береді. «Адамгершілік тәрбиесі – тәлім – тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, қоғам тағы басқа жеке ықпал арқылы іске асырылады. Жас балалардың адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз, әәсерлі өлең, өнегелі ойын, еңбек үстінде этикалы қатынас жағдайында әдепке адамгершілік әдеп – дағдылары қалыптасады. Мектеп жасындағылар үшін олардың саяси әлеуметтік саналылығын (гуманизм, ұлтжандылық, отан сүйгіштік) этикалық талғамын ішкі рухани байлығын молайтатын жүйелі жұмыстар жүргізілді Адамгершілік тәрбиенің мақсаты жеке адамды дамытудың негізгі бөлігі. Ұстаз шәкірттерге жан-жақты тәрбиені осы адамгершілік тәрбиеден бастайды. Оның адамгершілік сезімін, сенімін, белгілі мақсатқа, бағытқа жетелеу, іс-әрекетін ұйымдастыру осы адамгершілік тәрбиеден басталады. Ұстаз шәкірттердің ізгі ниеттілігін, адалдығын, кішіпейілділігін, илтипаттылығын, жауапкершілігін қалыптастырады.
Әр қоғамда, өмірде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, топаралық, халықаралық қатынастарды мораль адамның сана сезімін реттейді, қалыптастырады. Мораль принциптері барлық адамдарға тарайды, олардың өзара-қатынас формаларын қуаттайды, бекітеді немесе керісінше өмір талаптарына байланысты олардың өзгеруін талап етеді. Адамгершілік тәрбиеге тән міндеттері бар. Олар:
-Шәкірттерді өмір талабына сай қоғамдық моральдық нормасын орындаауға қатыстыру;
-Шәкірттердің адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру;
-Шәкірттердің санасына және мінезіне ұстаздық ықпал жасау;
-Республикаға, оның Президентіне, Әнұранына, рәміздеріне шәкірттердің сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Бұл міндеттерді іске асыру оңай емес. Ол үшін тәрбие шаралары ұтымды болуы керек, балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн, объектіге – шәкіртке ықпал етушылер бірауызды болғаны керек. Адамгершілік тәрбиенің мазмұны тәрбие бағдарламаларында, соның ішінде «Атамекенде» де бар.
Бастауыш сыныпта оқушылардың адамгершілік, достық, жолдастық. Қазақстан туралы ұғымдары қалыптасады, кеңиді. Ұстаздарды, үлкендерді, туыстарды, ата-аналарды құрметтеуге, еңбекетуге, ізеттілік нормасын сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар тәртіпке, жолдастық өзара көмек беруге, түсінуге дағдыланады. Олар оқу еңбегіне өзінің қатынасын, мектептегі, жанұядағы қоғамдық орындардағы мінез-құлқының қандай болу керектігін біледі. Осы сыныптың оқушылары оқу-тәрбие процесінде өздерінің дербес және қоғамдық мінез-құлқы туралы адамгершілік тәрбиенің мазмұнын кеңейтеді. Жас жеткіншектер 5-9 сынып оқушылары өздерін ересектер қатарына санап өз бетімен тіршілік етемін деп мөлдір қиялға да кетеді. Сондықтан олар өзінің мүмкіншіліктеріне сын көзімен қарамайды, қате түсініктер жібереді. Олар еріктік қасиеттер жөнінде дұрыс түсінбейді. Шешімділік пен шапшаңдықты, табандылық пен қайсарлықты, желөкпелік пен батылдықты шатыстыра береді. Бұл жастағы шәкірттердің адамгершілік дамуына ұйымшылдық, тәртіптілік, инициативтік, қамқорлық, құндылық тағы басқа қасиеттер әсер етеді. Жасөспірімдер немесе 10-11 сынып оқушылары ғылымға, мамандық таңдауға ынталары өседі. Олар әділеттік, борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс тағы басқа моральдық категорияларға ерекше көңіл бөледі. Олар үлкендермен қарым-қатынас жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Бұл жастағыларға ерік берген жөн. Әрине бүгінгі жағдайда мұның бәрін дұрыс орындауға болады деуге де қиын. Бірақ ізеттілік, ұстамдылық сияқты әдеттерді қалыптастыру қажет.
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін оқыту процесінде ғылыми-материалистік дүниеге көзқарасты қалыптастыруға болады. Адамгершілік сезімін тәрбиелеу мен гуманизм үшін ана тілі, әдеби шығармалардың көркем фильмдердің, ертегілердің маңызы зор. Ауыз әдебиетінен балалар ертегілердің басты кейіпкерлеріне, эпостық жырлар батырларының ерліктеріне еліктеп өседі. Ертеректе оқушыларымыз негізінде орыс әдебиетінің үлгісінде тәрбиеленген. Қазір Қазақ немесе Қазақстандық әдебиеттің, солардың кейіпкерлерінің үлгісінде тәрбиелеуге мүмкіндік бар. Мұнда біз орыс әдебиетіндегі үлгілерді Повел Карчагин, Олег Кашевой, Алексей Мересьевті тағы басқаларды жоққа шығарып отырғанымыз жоқ. Олардың бойынан адалдық, отансүйгіштік, жігерлік, қайраттылық тағы басқа қасиеттерді табамыз. Бірақ жас ұрпақ негізінен өз ұлтының үлгісінен адамгершілік қасиетті танып білгені жөн. Жалпы оқушыларымызды алыс-жақын шетел әдебиеттерімен де сусындатқанымыз жөн. Абай, Пушкин, Шиллер, Шекспир, Гюголерді қатар оқыса, ол өте жақсы нәтиже береді.
Оқу процесінде адамгершілікке тәрбиелейтін пәннің бірі-ана тілі, тарихи оқиғалар. Ол шәкірттерді отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеалдық сенімді қалыптастырады. Әсіресе қазіргі кезде қазақ халқының тарихын қайта жазуда, хандарымыз бен билерімізді, шешендеріміз бен жырауларымызды тірілтіп тәріптеуде қазақ халқы тарихының орны бөлек. Тәуке, Жәнібек, Абылай, Кенесарысынды хандарымыз, Қабанбай, Бөгенбай, Сәмен, Рысбек, Қойгелді, Райымбектей қолбасшыларымыз, Аңырақайдағы шайқас (Ол – қазақтың Бородиносы. Бұл 300 жылдық соғысты Ұлы Отан соғысы деп тегін айтпайды), Төле би, Қазыбек би, Айтеке би тағы басқалар туралы тарихи деректер жас адамның рухани көкжиегін кеңейтеді, өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, күреспен, құрбандықпен және ұрпақтардың батырлығымен жасалғандардың бәріне құрмет көрсетуді тудырады, ізгі талап-тілектерді оятады.
Тарих пен әдебиеттен басқа пәндер әсіресе, қазақтың ұлттық педагогикасы, географиясы, ән-күй, тағы басқалар балаларды адамгершілік тәрбиеге үйретеді. Осы пәндер арқылы оқушыларымыздың бойына еңбексүйгіштік, тәртіптілік, ұқыптылық, дәлдік сияқты моральдық қасиеттерді сіңіруге болады.
Оқушыларды тек пәндер арқылы емес, басқа сыныптан тыс, үйірме жұмыстарында да адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Оған бастауыш сынып оқытушының, сынып жетекшісінің этикалық әңгімесі, моральды-этикалық жиындар, пікір-сайыстар тағы басқалар жатады. Сонымен екінші сұрақ бойынша қорытынды.
Жас өспірімдердің адамгершілік тәрбиесінің мазмұны мектептегі пәндер, мектептен, сыныптан тыс өткізетін іс-шаралар арқылы қалыптасады. Осы өткізілетін сабақтар, іс-шаралар неғұрылым маңызды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қонымды болса, олар соғұрлым баланы адамгершіліке тәрбиелеуге зор ықпал жасайды. Адамгершілік тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олар:
Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялык ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты. Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдщ айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасьш таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық, — "малшашпақ" пен "дүниекоңыздықтың" орта шені; батылдык — "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек корқактықтың" дәл ортасы; қарапайымдылык — "ұяңдық" пен "ұятсыздыктың" ортан белі және т.б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын күлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды "сөйлей алатын хайуан" ретінде қарастырған. Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде "калокагатия" идеалы дүниеге келген болатын. "Калокагатия" термині өзінін амбиваленттілігіне (екіжактылыіына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. "Калокагатия" термині грек тіліндегі екі сөздің ("Kalos" — әсем, сұлу және "agathos" — ізгі, мейірімді) қосындысынан шыкқан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, бұл термин ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.
Гедонизм — грек тілінің "ләззат іздеу, кызыққұмарлык" деген мағынадағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты — өмірдің қызығына бату, ләззат алу Эвдемонизм — көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны — адамның бақытқа жетуі.