Тапсырма: Мына сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын сөздіктен қарап немесе оқытушының көмегімен түсінуге тырысыңыздар, мағынасы ұқсас сөздерді табыңыздар.
Көрші хақы, ұлағатты сөз, қағида, ынтымақтастық, мызғымас, сүйеніш, сүйініш, суық
Тапсырма: Қасыңыздағы көршілеріңізбен пікір алысыңыздар.
«Алма алмаға қарап, рең алады» деген мақалдың көршілерге қандай қатысы бар?
«Көрші тату болса, ырыздық артады» деген ойды қалай түсінесіз?
Көршілеріңізді білесіз бе?
Қимас көршілеріңіз бар ма?
Тапсырма: Мәтінді тыңдап, автор не туралы айтқысы келетінін түсінуге тырысыңыздар.
Тренингтер
1. «Туған күн» ойыны
Мақсаты: Студенттер ортасында қарым - қатынастың кейбір жағымсыз формаларын көрсету, коммуникативті іскерліктерін қалыптастыру және т.б.
Жүргізілуі: Ойынның алдында жүргізуші әрқайсысына билет береді. Онда өзін қалай ұстау керектігі жайында көрсетілген, яғни қатысушылар билетте жазылған рөлде ойнауы тиіс. Билет ойынның соңына дейін құпия сақталады, тек талқылау кезінде ғана кімге не істеу керектігін айтуға болады. Егер ойынға 15-тен адам қатысса, 2 адамға бір билеттен ұсынуға болады.
Билеттегі тапсырмалар:
1. Туған күн иесі - барлық қонақтарды әңгімеге тартуға тырысады.
2. Білгішсымақ - кез-келген әңгімеге қыстырылуға тырысады.
3. Таласқыш - бәрімен ерегесіп, таласады.
4. Келісімге келтіруші - кикілжіңді басуға ұмтылады.
5. Бәріне және барлығына көңілі толмайтын адам.
6. Асаба - туған күн иесіне көмекші.
7. Қызық мінезді адам - кез-келген әңгімені басқа арнаға бұруға тырысады.
8. Әдепсіз адам.
Ойыннан кейін талқылау жргізіледі. Туған күн кикілжіңмен аяқталуы да мүмкін. Бірақ бұл талқылау үшін жақсы, студенттердің мінез - құлқын байқауға мүмкіндік береді.
2. «Шығарма» ойыны
Мақсаты: Ойын психологиялық байқағыштықты, байқампаздықты дамытады. Ойынға қатысушылар үйден бір-бірлері жайында ертегі немесе фантастикалық әңгіме түрінде шығарма жазып келуі керек. Келесі сабақта әрқайсысы өздерінің шығармаларын оқиды, ал қалғандары кім жайында жазылғанын табады. Топта студенттердің шығарма «батырын» тез табатындығын, байқау ептілігін тексереді. Шығарманың көбісі бір адам жайында жазылуы мүмкін.
Талқылау:
Бір адам жайында неге көбісі жазғандығын талқылайды: ол мүмкін қызық адам шығар. Кім жайында топта шығарма жазылмаса, бұл да жақсы тренинг болып саналады.
3. «Мен сізге жазамын.....» ойыны
Қазір тапсырманың соңында әрқайсыларың хат аласыңдар, барлық ойыншылар түгел қатысуы қажет. Егер әуелі өз парағыңыздың оң жақ төменгі бұрышына өзіңіздің ата - жөніңізді жазып, оң жақта отырған көршіңізге бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен кейінгі отырған ойыншыға береді. Қалғандары да сағат тілімен бір-біріне беріп отырады. Қолыңызда көршіңіздің аты жазылған парақ бар. Оған бірнеше сөз арнаңыз. Не жазу керек?
Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін жазыңыз: жақсы сөз, тілек, мойындау, күмән келтіру; бұл сурет те болуы мүмкін. Бірақ сіздің ойыңыз 1-2 фразадан тұруы керек. Сіздің жазғаныңызды басқа адам оқып қоймас үшін, сіз парағыңыздың жоғарғы жағын бүктеңіз. Содан соң бұл парақ сол жақта отырған көршіңізге беріледі. Ал, сізге басқа ойыншының парағы беріледі, сіз сол параққа келесі бір адам туралы қысқа пікіріңізді жазасыз. Сіздің атыңыз бен фамиляңыз жазылған өз парағыңыз өзіңізге қайтып келгенше ойын осылай жалғаса береді. Бұл хат әр қатысушының бәрін айналып шығады және әркім бұрын айтқысы келіп жүргенін жазады. Ойын соңында әрқайсысы өздері жайлы жазылған парақты оқиды. Осы хаттың нәтижесінде барлық қатысушылар бір - біріне деген эмоциялы жақсы қасиеттермен алмасады.
Талқылау:
1. Өзінің басқа адамдардың пікірін оқығанда қандай сезімде болдың?
2. Қазіргі көңіл – коқытушы бұл парақты сақтап, өмірдің қиын кезеңінде қарап, еске түсіруге болатындығы жайында кеңес береді. Яғни жаныңдағы адамдар сені қалай «көңілді», «сенімді», «тәртіпті», «ойынпаз» т.б. екеніңді ойлайтынын көреміз.
