Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
адамдармен+арым-атынас.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

Адамдармен қарым-қатынас

Сөздік

Тапсырма: 1. Төмендегі бірінші және екінші қатардағы суреттердің әр қайсысына жеке-жеке тақырып беріңіз.

2. Әр қатардағы суреттерге ортақ бір тақырып беріңіз.

---------------------------- -------------------------- --------------------------- ---------------------------- ---------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

-------------------------- ------------------------- --------------------------- ---------------------------- ------------------------

Тапсырма: 1. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын қалай түсінесіз? Сөздерді жоғарыдағы қандай суреттермен сәйкестендіруге болады?

Жұбы жазылмау, қарсыласу, судай сіңу, көздің құрты, бауыр басып қалу, үлкен сезім, жанымның жарасы, жарасымды әзілі бар, парасатты, өмір көрген, жақсы ортадан тәлім алған, дәулетті адам, асқақ , махаббатын ояту, өліп-тіріліп ғашық болу, орынсыз ойландыру, үміттендіру, сырласу

Тапсырма: Мына сөздерді жасалу жолдарына қарай кестеге орналастырыңыз.

Зат есім +етістік

Сын есім + етістік/көсмеше +етістік , сын есім+ зат есім

Зат есім ілік сеп+ зат есім тәуелдік жалғау

Зат есім +есімше

Зат есім + табыс септік +етістік

Мына сөздердің құрамына қарап, жасалу жолдарында ұқсастықты табыңыз.

қарсыласу

үміттендіру

сырласу

ойландыру,

ақтарға жауап беріңіз. Топ болып пікір алыңыздар.

І 1. Досыңыз бар ма?

2. Адал достықты қалай түсінесіз?

3. Досыңыздың бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыз?

4. Есеппен достасу дегенді қалай түсінесіз?

ІІ. 1. Сіз ғашық болып көрдіңіз бе?

2. Ғашық адамдарды қалай байқауға болады?

4. Сүйген адамыңыздың қандай болғанын қалар едіңіз?

3. Есеппен ғашық болу дегенді қалай түсінесіз?

Ситуациялық тапсырма: Досыңыз бір қызға ғашық екен, мінезі ұяң болғандықтан, өз сезімін жеткізуге бата алмайды. Сізден көмек сұрады. Сіз қалай көмектесесіз?

Оқылым

Тапсырма: Мәтінді оқыңыз. Автордың ойын түсінуге тырысыңыз.

Менің досым

(жазушының күнделігінен)

М енің мектепте Хасен деген досым болған. Екеуміз бір класта оқимыз. Оның сабақ үлгерімі онша болмады. Сондықтан оны мен бірінші партадағы өзімнің жаныма отырғыздым. Сабақтан тыс уақытта да жұбымыз жазылмайды. Әрқашан бірге жүреміз. Мектептегі үйірмелерге қатысамыз. Хасеннің қарсыласқанына қарамай, қаладағы акробатика және би үйірмелеріне жазылдық. Бұл үйірмелерге қатысқанымыздың пайдасы жақсы болды, денеміз біраз ширады. Хасенннің таныс балалары қалада өте көп. Көшеге шықсаң, онымен амандаспайтын бала жоқ. Бұрын уақытын негізінен солармен өткізіп, сабаққа онша қарамапты. Енді оның да үлгерімі жақсарды. Сабаққа ықыласы өзгерді. Қуанып жүр. Қоғамдық жұыстарға араласа бастады.

Ол өте алғыр, өте сұлу жігіт еді. Қай ортаға түссе де судай сіңіп жүре береді. Қыздардың көзінің құрты. Орысша, қазақша әдемі сөйлейді. Әдемі билейді. Кештердің сәні. Әңгімесі әдемі, жарасымды әзілі бар. Киноға екеуміз бірге барамыз. Хасен жақсы киінеді. Олардың тұрмысы бізден әлдеқайда жақсы болатын. Әкесі Досмағанбет өте парасатты, өмір көрген, жақсы ортадан тәлім алған, дәулетті адам еді. Маған да ол өз әкемдей болды. Үй-ішімізбен туысқандай жақсы араласып кеттік. Олар да мені өз баласындай көрді. Хасен екеуміздің достығымызға екі үй де қуанатын.

Бір күні көрші мектептегі кешке бардық. Осы кеште Хасен Бибінұр дейтін қызға ғашық болды. Бибінұр ашық өңді сұлу қыз. Кеудесін асқақ ұстайды. Хасен сол қызбен күнде кездескісі келеді. Бірақ өзі беттемей, қасынан мені тастамайды. Бибінұрдың Бәтима деген құрбысы бар екен. Қойкөз ақсары қыз. Енді Хасен екеуміз осы екі қыздың қасынан қалмаймыз. Әлгі қыздар би алаңына келсе болды, біз солардың маңайынан табыламыз. Хасенге жақсы боп қалды. Төртеуміз топ болдық. Енді екеуміз әлгі қыздарды кездесуге шақыратын болдық. Киноға барамыз. Хасен Бибінұрмен сырласады. Біз Бәтима екеуміз әңгіме соғамыз. Бірақ алғашқы махаббатым, Әйкенім ойымнан шықпайды. Ал одан хабар жоқ. Сөйтіп жүріп әлгі қыздармен бауыр басып қалғанымызды байқамай қалыппыз. Хасен мен Бибінұрдың махаббатын тұтандырам деп жүріп өзім де Бәтиманы ұнатып қалдым. Енді іздейтін болдым. Бірақ Әйкенге туған дауылпаз үлкен сезім жоқ. Ал Хасен өліп-тіріліп ғашық болды.

Содан ойнап-күліп екі жыл өткіздік. Қыздар мектепті бітіріп оқуға кетті. Бибінұр – Алматыға, Бәтима – Жезқазғанға. Бәтима көпке дейін маған хат жазып тұрды. Бірақ менен жауап болмаған соң ол да қойды. Мен онша қиналмадым. Өйткені мен оған ешқандай уәде бермегем, дос көңілмен қоштасқанбыз. Менің алғашқы махаббаттан қалған жанымның жарасын Бәтима жаза алмады. Орынсыз ойландырып, әлденеден үміттендіріп қайтем дедім.

Сапарбек Хангельдин

Тапсырма: Сұрақтарды жұп (топ) болып талқылаңыздар.

  1. Мәтін не туралы? Мәтіндегі оқиға қай кезде болған деп ойлайсыз?

  2. Екі баланың достығында кімнің ықпалы көп болды деп ойлайсың

  3. Хасен қандай адам деп ойлайсың? Өз ойыңды мәтін мазмұнына сай дәлелде.

  4. Хасен кімдердің арасында беделді болды? Қандай қасиетімен белгілі болды?

  5. Хасен қандай отбасында өскен деп ойлайсың?

  6. Хасен мен Бибінұрдың арасындағы қарым қатынасты қалай деп атар едің?

  7. Сапарбек тің әрекетін достықтың көрінісі деп бағалауға болады ма?

  8. Сапарбектің Бәтимамен қарым қатынасы шынайы болды ма?

  9. Бұл оқиғада кімге қалай әсер етті деп ойлайсың?Кімнің жүрегі көп жараланды?

  10. Әңгімеде жазушы адамдар арасындағы қандай қарыс қатынастар туралы айтқан?

Тапсырма: Мына сөздердің мағынасына сай келетін тіркестерді мәтіннен тауып көріңіз.

Үлгі: бәріне ұнау-көздің құрты

әдемі -

ортаға тез үйрену –

мәдениетті –

өркөкірек –

шынайы махаббат –

жүрісі әдемі –

ғашық болу –

жауапсыз сезім –

уәде беру

жылы қарым қатынас орнату

ұмытпау

Тапсырма: Екі қатардан мағынасы сәйкес келетін сөздерді табыңыз және дәптеріңізге жазыңыз.

1. ерінбей көп еңбек ететін адам

2. көп ұйықтайтын, еріншек адам

3. көп оқып, ізденіп, жаңалыққа құмар адам

4. көп білетін, орынды сөйлейтін адам

5. үлкенді де, кішіні де сыйлап, сыпайы сөйлейтін адам

6. тез ашуланып, жұрттың мазасын алатын адам

7. ойланбай сөйлейтін, әр істің басын бір бастап, аяқтамай тастайтын адам

8. үнемі жан-жағындағы адамдар туралы ойлап, соларға көмектесуге дайын тұратын адам

а) қамқор

ә) жаңашыл

б) ақылды

в)тәрбиелі, әдепті

г)ұрысқақ, ашушаң

ғ) жеңілтек

д) еңбекқор

ж) жалқау

1.__, 2.___, 3.___, 4. __, 5.___, 6.___,7.____ ,8. ___

Мәтінді қажет болса қайта оқыңыз. Төмендегі сызбамен жұмыс жасаңыз.

Мәтіндегі автордың көтерген мәселе (проблема)-----------------------------------------------

Көтерілген мәселенің өзектілігі -----------------------------------------------------------------------

Автор не ебепті осы мәелені көтерді? Оған не себеп болды деп ойлайсың?----- Автор мәселені қалай дәлеледеп, ашады?-----------------------------------------------------------

Автор қандай ой ұсынады?-------------------------------------------------------------------------------

Сен бұл пікірмен келісесің бе?---------------------------------------------------------------------------

Әңгімені басқаша қалай атауға болады?-------------------------------------------------------------

Әңгімеде болған оқиғада сен өзіңді қалай ұстар едің?-------------------------------------------

Сөйлесім

Тапсырма. Ассоциаграмма толтырыңыз.

. Менің әлеуметтік рольдерім,. Қандай ортада кіммен қарым қатынасқа түсесіз? Қарым қатынастың қандай түрін қалыптастырасыз?

Бала студент дос әке немере көрші әріптес курстас спортшы суретші .............................

Тапсырма.Мәтінді оқыңыз. Төмендегі кестені толтырыңыз. Мәтінді қалай атауға болады?

Қ арым-қатынас – бұл адами қатынастардың күрделі түрі. Ол ұнату, дос болу немесе ұнатпау, сүю, жақсы көру, табысқа жету, мақтану, қызғану, намыстану, құрметтеу, ұялу, ренжу, сағыну, қолдау, көмектесу, хабардар болып отыру, дұшпан болу, көре алмау, ұрысу, таласу, дауласу, жек көру , болуы мүмкін. Адамдар әр түрлі себептермен жақындасады. Қарым –қатынастың қандай түрлері бәрімізге тән? Бұл отбасылық қарым –қатынас, ұжым мүшелері арасындағы қарым –қатынас, туыстар арасындағы қарым –қатынас, ұлттар арасындағы қарым қатынас , достар арасындағы қарым -қатынас Әр қарым –қатынас түрінің өз ерекшелігі бар. Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекет ету, олардың бірін-бірі түсіну және өзара әсер ету, өзара түсіністік, бірлесіп іс-әрекет жасау қабілеттерін қалыптастырады. Топтық және жекелік қарым-қатынас арқылы халықтардың мәдени құндылықтары, салт-дәстүрлері өзара әрекетке түседі. Қарым-қатынас арқылы адамдар бірін-бірі танып біледі. Бастапқыда эмоционалдық деңгейде танып жалпы, біржақты пікір пайда болуы мүмкін. Егер де адам туралы жақсы пікір қалыптасса, кейбір жағдайларда тіпті оның бойындағы теріс белгілері де байқалмайды. Ал теріс пікір қалыптасса, онда оң белгілері ескерілмей, теріс белгілерді таңа береді. Қарым-қатынас арқасында оң мен сол пікірден арылып, адам туралы шынайы пікір, көзқарас орнығады.

Жағымды қарым –қатынас түрлері

жағымсыз қарым -қатынас түрлері

Ойнайық та ойлайық!

Ойын тәртібі: Бірінші ойыншы екінші ойыншыға төменде берілген сұрақтың біреуін қояды. Үшінші ойыншы екінші ойыншының жауабын қайталайды.Осылай жалғаса береді. (Қажет болған жағдайда сұрақты қайталап қоюға да болады).

Мысалы: 1-Студент:-Сіздің досыңыз көп пе?

2-студент. Жоқ , досым көп емес. Бірақ сенімді 2 досым бар. Жолдастарым көп.

3-студент. Оның досы көп емес. Бірақ сенімді екі досы бар. Ал жолдастары көп.

  1. Сіз адамдармен тез қарым –қатынас жасайсыз ба?

  2. Сіз қандай ортада өзіңізді еркін сезінесіз?

  3. Адамдармен қайшылыққа жиі түсесіз бе? Болса, оның қандай себебі бар?

  4. Сізге қандай адамдар ұнайды?

  5. Мәтінде айтылған қасиеттердің қайсысы Сіздің бойыңыздан табылады деп ойлайсыз?

  6. Бойыңыздағы қандай қасиеттерден арылғыңыз келеді? Неге?

  7. Досыңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

  8. Қай елдің салт-дәстүрін жақсы білесіз? Бұл салт дәстүрді қайдан үйрендіңіз?

  9. Өмірде Сізге жақсы немесе жаман жағынан әсер еткен адамдар болды ма?

  10. Сіз кімді пір тұтасыз? Не үшін ол адамды пір тұтасыз?

Тыңдалым

Мына сөздерді мағына жақындығына қара өзара жақындастырыңыз.

Үнемдеу ұғым

Сыйлау келіспеу

Қайшылық ерлі -зайыпты

Негіздеу пайдалану

Жұбай байлықты сақтау

Қолдану құрметтеу

Түсінік басшылыққа алу

Отбасылық қарым қатынас

Мәтінді тыңдаңыз. Қажетті сөздермен толықтырыңыз. Тұжырымдардың шын /жалғандығын анықтаңыз.

Қытай мәдениеті көпбалалы отбасының қ----------------------------негізі. Конфуций фиософиясы б ойынша отбасы кішкентай мемлекет, --қ--------------------. Конфуцийзм қытай мәдениетінің мәнін анықтайды. Конфуций философиясы бойынша отбасындағы үйлесімді қарым қатынас бес қ---------------------негізделеді.

Бірінші құндылық - ұ-------------------- арасындағы қайшылықты шешуге бағытталған. Ол бойынша отбасында үлкендерді құрметтеп, ал -к-----------------үлкен сүйіспеншілікпен қарау керек. Әдетте, үлкендер тарапынан деспотизм орын алса, ал жастар тарапынан эгоизм орын алады. Бұл пікірмен сіз келісетін шығарсыз.

Екінші құныдылық - жұбайлар арасында ү---------------------- қарым - қатынас орнатуға бағытталған.

Үшінші құндылық бойынша көршілермен жылы қарым қатынас орнату керек.

Төртінші құндылық бар материалдық байлықты -с------------------------, үнемшілдікпен қолдану керек.

Бұл құндылық еңбекпен, үнемділікпен қалыптасады.

Бесінші құндылық қоршаған ортаны с-----------------шақырады.

Алайда қазіргі уақытта тууды шектеу отбасы туралы қытайлықтардың түсінігін шайқалта бастады. Бұл жағдай, әсіресе, үлкен қалаларда байқалып отыр. Бірақ бұл жалпыхалықтық сипат алаған жоқ. Екі мың жыл бойы қалыптасқан түсініктерді жою мүмкін емес. Өйткені қытай халқына дәстүрді сақтау, құрметтеу тән.

Шын жалған

1.Қытай отбасы үлкен болмаған

2.Қытай отбасыда әкенің сөзі шешуші болағн

3.Қытай отбасы еңбек пен үнемшілдікті ұнатады.

4.Қытай отбасында қарым –қатынас өзара құрметке құрылған.

5.Қытай отбасының философиясының негізін конфуцийзм құрайды.

6. Қытайдың дәстүрлі отбасы қазір өзгеріп жатыр.

Тапсырма: Қазіргі қазақстандық отбасыға сипаттама беріңіз. Қазақстандық отбасында қандай құныдылықтар бар деп ойлайсың?

Тапсырма: Төмендегі кестені толтырыңыздар.

Семантикалық кесте

сөз немесе

сөз тіркесі

Перифраза

Болымсыз перифраза

Шыншыл адам

Шындықты тура айтатын адам

Шындықты жасырмайтын адам

Мақсатшыл адам

жомарт

арманшыл

Үмітке сенетін адам

сенгіш

Мейірімді

Жамандық жасамайтын адам

Күшті

білімді

Тұрақты адам

Жасампаз адам

Тапсырма: Бота деген құрдастарыңыз өзінің қандай адамдармен дос және бірге болғысы келетінін өлең жолымен жеткізуге тырысыпты. Сіздер қандай адаммен дос болғыларыңыз келеді? Ойларыңызды өлең жолдарымен жеткізсеңіздер де болады.

Үлгі: Көңілді жүретіндермен

Терең ойлап, мағыналы өмір сүретіндермен

Танысқым келеді менің

Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен,

Шындықты жақтап жүретіндермен,

Сыйластық сырын білетіндермен,

Танысқым келеді менің.

Жаманға жағынбайтындармен,

Жоқтыққа тарылмайтындармен,

Арманнан арылмайтындармен,

Табысқым келеді менің.

Жанары мөлдірегендермен,

Жүрегі елжірегендермен,

Үмітке сендіре білгендермен,

Достасқым келеді менің.

Мұң, қайғы жеңбейтіндермен,

Өсекке сенбейтіндермен,

Наданға ермейтіндермен,

Бас қосқым келеді менің.

Грамматика

Тапсырма: Сөйлемдерді кестедегі сөздермен аяқтаңыздар. Есімшені көрсетіңіздер.

Үлгі: Ерінбей көп еңбек ететіндердің ісі алға басады.

  1. Көп ұйықтайтындардың ....

  2. Көп оқып, көп ізденетіндердің ... .

  3. Көп білетін, орынды сөйлейтіндердің ... .

  4. Үлкенді де, кішіні де сыйлайтындардың ......

  5. Тез ашуланып, жұрттың мазасын алатындардың.... .

  6. Ойланбай сөйлейтіндердің, әр істің басын бір бастап, аяқтамай тастайтындардың ....

  7. Үнемі жан-жағындағы адамдар туралы ойлап, соларға көмектесуге дайын тұратындардың ....

ісінің берекесі болмайды, жұмысы бітпейді, жастарға берері көп, уақыты аз болады, қасында болу өте қиын, жүрегінің кеңдігіне таң қаласың, сөзін ынта қойып тыңдайсың

Тапсырма: Зат есімдерді есімшеге ауыстырыңыздар.

Үлгі: Апам мектепте оқитын баласының киімін алды. Апам мектепте оқитынның киімін алды.

1. Көп сөйлейтін адамның сөзін тыңдағым келмейді. 2. Уақытын бос өткізетін жастардың әрекеттерін түсінбеймін. 3. Эмоцияға беріліп, көп ұрысатын адамдардың жүйкесі тез тозады. 4. Топқа қосылмай өз бетінше жүретін курстасымның қылығына таң қаламын. 5. Ән айтатын құрбымның даусына халық риза болды.

Тапсырма: Жақшаның ішінде сәйкес келетін сөзді қойып жазыңыздар.

Шындықты айтатындардың (жүрегі таза, ашушаң) болады. Ешкімге жағынбайтындардың (білімі, жұмысы,) жақсы жүреді. Жоқтыққа тарылмайтындардың (мінездері, ойлары) ашық болады. Арманнан арылмайтындардың (қылықтары, жүрістері) баларға ұқсайды. Үмітке сендіре білгендердің (жігерлері, әдеттері) мықты болады. Өсекке сенбейтіндердің (уақыты, жұмысы) жоқ. Наданға ермейтіндердің (жолы, қалауы) болады.

Сөйлесім

Тапсырма: Мына сұрақтар бойынша 5 адамнан топ құрып, пікірлесіңіз.

  1. Дос болу дегенді қалай түсінесіз?

  2. Адам қандай қателіктер жіберуі мүмкін?

3. Табысқа қалай жетуге болады?

4. Сіз кімге ұқсағыңыз келеді? Неге?

Тыңдалым

Мына сөздердің сөздіктен қарап, мағынасын анықтаңыз.

Тіл табысу

Бұзылу

Күйзелу

Ыңғайсыз сезіну

Ұрыс

Мәтінді тыңдаңыз. Жамалға қандай кеңес берер едіңіз?

Ұжымдағы қарым - қатынас

-Сәлеметсіздер ме? Менің атым - Жамал. Жасым 27 де. Балаларға арналған үлкен дүкенде жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Жақында басшылар менің қызметімді жоғарылатты. Содан бері әріптестеріммен қарым - қатынасым бұзылды. Мен осы уақытқа дейін олармен жақсы қарым - қатынаста болатынмын. Ешкіммен қайшылыққа барған жоқпын. Бәрімен тіл табысуға тырыстым. Жаңа қызметімде бұрыннан істеп жүрген адамдар өз талаптарын қоя бастады. Мен мінезі жұмсақ адаммын. Сондықтан қарсы тұра алмадым. Оны бір әріптесіме айтқанмын. Ал ол болса бұны ұжымға айтыпты. Содан үлкен ұрыс шықты. Бұл басшыларға жетті. Қазір мен басқа кезекте істеймін. Бірақ күйзеліп жүрдім. Ал көп адамдармен қарым - қатынасым бұзылды. Өзімді жұмыста сондай ыңғайсыз сезінемін. Мен өзімді қалай ұстау керек екеніні білмеймін. Әріптестеріммен бұрынғы қарым - қатынасымды орнатқым келеді.

.

Тапсырма: Төмендегі мақал-мәтелдерді сәйкестендіріңіздер. Бір мақалды таңдап, оны қандай ситуацияда қолдануға болатынын түсіндіріңіз.

1. Не рой яму другому, сам в нее попадешь.

а) Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады

2. По одежке встречают, по уму провожают.

ә) Көрпеңе қарап көсіл

3. Язык мой, враг мой

б) Кісіге көр қазба, өзін түсерсің

4. По одежке вытягивай ножки

в) Ештен кеш жақсы

5. У страха глаза велики

г) Асықпаған арбамен қоянға жетер

6. Тише едешь, дальше будешь

ғ) Қорққанға қос көрінеді

7. Нет дыма без огня

ж) Басқа пәле – тілден

8. Лучше поздно, чем никогда

з) От түтінсіз болмайды

ТЫҢДАЛЫМ. Ұлттық мәдениет

Тапсырма: Мәтінді тыңдап, автор не туралы айтқысы келетінін түсінуге тырысыңыздар.

Ісі арқылы адамды бағалау

Кімнің кім екенін кескін-келбетіне қарамай-ақ, ісінен де білуге болады ғой. Бұл орайда біздің данагөй қазақ былай демейді ме:

Туыстың кім екенін, басыңа іс түсіп, жалалы болғанда білерсің. Бауырдың кім екенін, жаның күйзеліп,жаралы болғанда білерсің. Достың кім екенін, өмір өткелдерінен өтіп, саналы болғанда білерсің. Жолдасың кім екенін, басыңнан бақ тайғанда білерсің. Баланың кім екенін күш-қуатың кетіп, қартайғанда білерсің. Келіннің кім екенін, жағдайың кетіп, жантайған-да білерсің. Әйелдің кім екенін, шаңырағың шайқалғанда білерсің.

Адам тану-даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын. Кінәсіз бола тұра ақталғысы келмейтіндер де, «менің ақтығыма сенеме, сенеді, сенбейді ме, өзі білсін», - дейтіндер де бар. Оның бәрі адам жанының күрделілігінен.

Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан-дүниесінің айнасы.

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Тапсырма: Мәтінді тағы да тыңдап, дұрыс нұсқасын жазыңыздар

Туыстың кім екенін,

басыңа іс түсіп, қартайғанда білерсің.

Бауырдың кім екенін,

жағдайың кетіп, жантайған-да білерсің.

Достың кім екенін,

жалалы болғанда білерсің

Жолдасың кім екенін,

шаңырағың шайқалғанда білерсің.

Баланың кім екенін күш-қуатың кетіп,

басыңнан бақ тайғанда білерсің.

Келіннің кім екенін, жаның күйзеліп,

жаралы болғанда білерсің.

Әйелдің кім екенін,

өмір өткелдерінен өтіп, саналы болғанда білерсің.

Грамматика

Табыс септігіндегі есімше

Төл сөз

Төлеу сөз

1. -Мен “ Болашақ” бағдарламасына тапсырдым,-деді Анар.

2. -Сіз ертең кездесуге барасыз,- деді әріптесім

3.Атам :-Адам уәдеде тұруы керек”,-деді.

4.Біздің көршіміз өте көңілді адам ,-деді Максим.

1.Анар “Болашақ” бағдарламасына тапсырғанын айтты.(нені?)

2. Әріптесім менің ертең кездесуге баратынымды айтты .(нені?)

3.Атам жақсы адам уәдеде тұруы керек екенін айтты. .(нені?)

4. Максим көршісінің көңілді адам екенін айтты. .(нені?)

Сөйлесім

Тапсырма: Сұрақтарды қасыңыздағы жолдасыңызбен бірге талқылаңыз.

  1. Сіз достарыңызды қандай қасиеттеріне қарай таңдайсыз?

  2. Өзіңіздің бойыңыздағы қандай қасиеттерді ұнатпайсыз? Неге?

  3. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген ойды жалғастырыңыз.

  4. Досыңыздың қандай қасиеттері Сізге ұнамайды? Неге? Сіз ол туралы досыңыздың бетіне айта аласыз ба?

Тапсырма: Мақал- мәтелдерге жетпей тұрған сөздерді қойып, жазыңыздар.

Алыстағы ағайыннан ........... көрші артық

Әдепті елдің баласы .............сәлем береді

Жақынын сыйламаған Жатқа қор болар

................адам айқай келеді, Жан-жағын жайпай келеді. ................адам жай-жай келеді, Жан жағын байқай келеді

.......... тамырымен мықты. ...........дос-жарымен мықты.

Жұрнақтар

Түбір сөз

Туынды сөз

-ша/ше

қазақ, орыс, ағылшын, жаңа,

қазақша, орысша, жаңаша

-дай/-дей, -тай/тей

гүл, құс, әке

гүлдей, құстай, әкедей

(қажетті сөздер: жақындағы, алыстан, ағаш, жатқа, адам, ақылсыз, ақылды)

Грамматика: Үстеу тудырушы –лай, -лей, -ша, -ше жұрнақтары, мақсат үстеулері: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана, көре тұра, біле тұра.

Тапсырма: Сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеулердің астын сызыңыздар.

Көршілермен туыстай араласып кеттік. Жаңа көршіміздің мінезі қызық бізді көргенде, балаша қуанады. Көршінің балаларымен ескі достарша араласамыз. Сені сағынғаным соншалық, саған құстай ұшып келемін. Бүгін түн сүттей аппақ. Оның көңілі баладай. Маған өкпелеп, әдейі келмей отыр. Біле тұра неге солай істейсің? Әдейілеп Сізді көру үшін келіп отырмын. Көре тұра неге үндемейсің? Жорта ешкімге айтпайық. Әдейі сенен сұрағалы отырмын. Әдейілеп оған хат жазып отырмын. Мен оны қасақана істемеймін.

Сөйлесейік!

Тапсырма: Жоғарыдағы сөйлемдерді пайдаланып, сұхбат құрыңыз.

Үлгі:

  1. Сен кеше киноға әдейі келмедің бе?

  2. Неге олай ойлайсың?

  3. ............................................

Ситуациялық тапсырма.

1-оқиға

Көше бойымен келе жатырсыз. Қолыңыз бос емес, алдыңызда ауыр сөмке көтерген жүкті келіншек келе жатыр. Қиналып келе жатқаны байқалады. Сіз не ойлайсыз? Не істейсіз? Не дейсіз?

2-оқиға

Сіз поезға отырғалы жатырсыз. Жүгін көтере алмай тұрған әжейге көмектескіңіз келді, бірақ әжей жүгін ұстатпай айқай салды. Әрине Сіз ыңғайсызданып қалдыңыз. Сіз не ойладыңыз? Кім қандай сөз айтты? Кім не істеді?

3-оқиға

Театрда отырсыз. Көршіңіздің телефоны шырылдады. Ол біраз сөйлесіп, түк болмағандай отыра берді. Екінші жағыңыздағы көршіңіз театр қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, біраздан кейін әртістерді суретке түсіре бастады. Сіздің бұл адамдар туралы ойыңыз.