Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 7 Араашытытарды лшеу.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
174 Кб
Скачать

Жарық және радио қашықтық өлшеуiштер туралы түсiнiк

Жарық және радио қашықтық өлшеу принцпi электромагниттiк толқындардың жарық және радио диапазондарда өтетiн t уақытын өлшеуге негiзделген. Қашықтықты өлшеу үшiн өлшенетiн сызықтың басына таратқыш пен қабылдағыш, ал сызықтың соңына шағылдырғышты орналастырады. Электромагниттiк толқындар сызықтың бастапқы нүктесiнен жiберiлiп, шағылыстырышта шағылып, қайтадан бастапқы нүктеге келедi. Сөйтiп, толқын өлшенетiн қашықтықты екi рет - тура және керi бағытта жүредi. Егер де толқынның таралу жылдамдығы Ң белгiлi десек, онда қашықтық келесi формуламен анықталады.

  (9.16)

Электромагниттiк толқынның жүруi уақытын өлшеу үшiн екi әдiс қолданылады: импульстiк және фазалық.

Импульстiк әдiсте шағылыштырғыштан сәуле беру мен қабылдағышқа баратын импульстiң уақыт аралығы өлшенедi. Фазалық әдiсте толқынның жүруi уақытын анықтау үшiн үздiксiз сәуленудiң фазалары айырымын өлшейдi. Импульстiк әдiстiң өлшеу дәлдiгi төмен, сондықтан қазiргi кезде шығаратын жарық пен радио қашықтық өлшеуiштер фазалық болып табылады.

Мемлекеттiк стандартқа сәйкес (МЕСТ 19223-82) қызметiне, өлшеу қашықтығына және дәлдiгiне байланысты жарық қашықтық өлшеуiштiң үш тобы бар.

Бiрiншi топқа үлкен қашықтықты (50 км-ге дейiн), орта квадратты қатесi 5-10 мм плюс әр километрге 1-2 мм қатесi бар жарық қашықтық өлшеуiштер жатады. Бұл жарық қашықтық өлшеуiштер пландық мемлекеттiк геодезиялық торларда сызықтық өлшеулердi, сондай-ақ жоғарғы дәлдiктi инженерлiк геодезиялық жұмыстарды орындауға арналған. Бiрiншi топтың жарық қашықтық өлшеуiштерi стандартқа сәйкес Г (геодезиялық)  әрпiмен белгiленедi.

Екiншi топтағы қашықтық өлшеуiштер  Т (топографиялық)   әрпiмен белгiленедi, ол аз қашықтықты (бiрнеше километр) өлшеуге арналған, орта квадраттық қатесi 2 см. Бұл қашықтық өлшеуiштер толықтыру торларын дамытқанда және топографиялық түсiрiстерде сызықтық өлшеулердi

орындауға арналған.

Жарық қашықтық өлшеуiштiң үшiншi тобы қысқа қашықтықты (0,1-3 км) жоғарғы дәлдiкпен өлшеуге арналған. Бұл жарық қашықтық өлшеуiштер  П (қолданбалы)  0әрпiмен белгiленедi, қолданбалы геодезияда инженерлiк құрылыстарды салу және пайдалану кезiнде жүргiзiлетiн геодезиялық жұмыстарда қолданылады.

Радио қашықтық өлшеуiштердiң РДВТ, ""Луч"", ""Волна"" деген маркалары бар, олар қашықтықты 3-5 см плюс әр километрге 3 мм қатемен өлшейдi.

Әдебиеттер: Пентаев Т.П., Атымтаев Б.Б., Инженерлік геодезия, Алматы, 2005, -67-77 бет