
- •Казақ бас сәулет –құрылыс академиясы
- •Сызықтың ұзындығын өлшеудегi аспаптар
- •24 Метрлiк лентамен нақты ұзындықты анықтау үшiн 1,2 коэффициентiне көбейту керек, ол 20 метрлiк лентамен өлшенген ұзындықты тексеру үшiн арналған.
- •Сызықтың ұзындығын жанама өлшеудегi аспаптар
- •Ұзындықты өлшеуiш ленталармен өлшеу
- •Жарық және радио қашықтық өлшеуiштер туралы түсiнiк
Ұзындықты өлшеуiш ленталармен өлшеу
Сызықтың бойымен желi қадалау. Инженерлiк-геодезиялық жұмыстарда сызықты тiкелей өлшеу үшiн штрихты ленталар кең қолданылады. Өлшеу кезiнде лентаны сызықтың створымен жатқызып өлшеу керек. Створ дегенiмiз сызықтың екi шетiндегi нүктелермен өтетiн вертикаль жазықтықтың сызығын айтамыз. Өлшеудiң алдында створ сызығын белгiлеу үшiн қадалар қойылады. Қадалар - биiктiгi 2-2,5 м және жуандығы 3,5-4 см ұштары үшкiрленген ағаш сырық. Олар кезекпен 1 дм қызыл
және ақ жолақтармен сырланады.
Жазық жерлерде қысқа қашықтықтарды (100-150 м) өлшегенде, қадаларды сызықтың екi шетiне орналастырады. Ал егер үлкен қашықтықтарды, әсiресе күрделi рельеф жағдайында сызықтың створына қосымша қадалар қойылады. Өлшенетiн сызықтың створы бойымен қадаларды қоюды желi қадалау деп атайды. Сызықтың ұзындығына, жер бетiнiң сипатына және қажеттi дәлдiкке байланысты желi қадалау көзбен, бинокль немесе теодолитпен орындалады. Желi қадалау екi әдiспен жүргiзiледi: "өзiңе қарай" және "өзiңнен әрi қарай". Желi қадалау "өзiңе қарай" әдiсi келесi ретпен орындалады. А және В нүктелерiнiң арасына қадаларды қою үшiн бақылаушы А нүктесiнде тұрып, В-ға қарап, створ сызығын жасайды. Содан кейiн жұмысшы В нүктесiнен А нүктесiне қарай 1,2,3,... қадаларды қояды (9.5 сурет). Ал “өзiңнен әрi қарай” әдiсiнде қадалар А нүктесiнен В нүктесiне қарай жалғасып жүргiзiледi (9.6 сурет). Бұл әдiстегi дәлдiсi "өзiңе қарай" әдiсi. Төбелi жерлерде желi қадалау күрделi болады, себебi А және В нүктелерi көрiнбейдi. Бұнда iстеу әдiстемесi келесiден тұрады (9.7 сурет). Бiр жұмысшы сызықтың створына жақын жерге D қаданы қояды да DA сызығын желi қадалап, С нүктесiне қаданы қояды. Содан кейiн СВ сызығына желi қадалап, қаданы D нүктесiнен D нүктесiне орналастырады. Осыдан кейiн AD сызығына желi қадалап, С нүктесiндегi қаданы С нүктесiне қояды. Осындай ретпен қадаларды әрi қарай орналастыру арқылы, D нүктесiндегi қада СВ створына, ал С нүктесiндегi қада DA створына келгенде желi қадалау тоқталады. Бұл жағдайда С және D қадасы АВ сызығының створында жатады.
Жыралар немесе сайлар арқылы желi қадалау (9.8 сурет) екi жақтан жүргiзiледi. А нүктесiндегi бақылаушы АВ сызығының створына 1-шi қаданы қояды, содан кейiн “өзiң- нен әрi қарай” әдiсiмен А1 створына 2-шi қаданы қояды. Екiншi бақылаушы В нүктесiнен В1 створымен 3-шi қаданы қояды. Содан кейiн 2-3 створы бойынша 4-шi қаданы сайдың түбiне қояды. Жердiң жағдайына байланысты желi қада лаудың басқа варианттары қолдануы мүмкiн. (9.8 сурет ) Орман арқылы желi қадалағанда, егер А және В нүктелерi өзара көрiнбесе (9.9 сурет), онда екi нүктеге көрiнетiн D нүктесiн таңдайды. Содан кейiн теодолиттi D нүктесiне қойып, АDВ бұрышын өлшейдi. Теодолиттi DА створындадағы Е нүктесiне орналастырып, бұрышын салып, салынған бағытта еркiнше F нүктесiн белгiлейдi. Лентамен DB, DE және EA ұзындықтарын өлшеп, үшбұрыштар AEC және ADB ұқсатығына байланысты EC=BD AE/AD қабырғасының ұзындығын анықтайды. Содан кейiн EF бағытымен EC кесiндiсiн салып, С нүктесiнiң орнын тауып, қада қояды. AC бағыты бойынша В нүктесiне қарай кесiк жол салады.
Өлшеуiш лентамен сызықтарды өлшеудiң ретi. Сызықтың створымен желi қадалағаннан кейiн өлшеуге дайындық жасалынады: тастардан, томар-төмпешiктерден тазалайды, биiк шөптердi және бұталарды екi жаққа ажыратады және т.б. Сызықты өлшеу сызықтың створы бойынша ретiмен өлшеуiш лентаның екi шетiн шпилькамен белгiлеп, салудан тұрады. Сызықты өлшеудi екi адам келесi ретпен орындайды. Артқы адам шпильканы бiрiншi нүктеге кiргiзедi, ал алдыңғы адам қолына 10(5) шпильканы алып, сызықтың створы бойынша лентаны жазады. Содан кейiн артқы адамның көрсетуi бойынша створмен жазылған лентаның кертпесiне шпильканы кiргiзiп, жерге орналастырады. Бұл лентаны бiрiншi салу.
Лентаны әрi қарай салғаннан кейiн, артқы адам жердегi бiрiншi шпильканы қолына алады, ал алдыңғы адам лентаны шпилькадан босатып, әрi қарай сызықтың бойымен жылжиды. Артқы адам екiншi шпилькаға келiп, лентаның кертпесiн шпилькаға кигiзедi де, алдыңғы адамға створды
көрсетедi. Алдыңғы адам створ жасалғаннан кейiн, лентаның кертпесiне кiргiзiп, 3 шпильканы жерге бекiтедi. Бұл жұмыс әрi қарай жоғарғыда көрсетiлген сияқты алдыңғы адамның шпилькасы таусылғанша iстелiнедi. Сол кезде артқы адамның қолында сақинаға iлiнген 10(5) болады да, ал жерде 11(6)-шi шпилька кiргiзiлген қалыпта тұрады. Артқы адам алдыңғы адамға 10(5) шпильканы тапсырады, тапсыру ретiн журналға жазады. Осыдан кейiн сызықты өлшеу жоғарыда көрсетiлген
ретпен жүргiзiледi. Сызықтың соңғы өлшенетiн бөлiгi өлшеуiш лентаның ұзындығынан қысқа болады, оны қалдық деп атайды.
Өлшенген сызықтың жалпы ұзындығы келесi формуламен есептеледi
(11
шпилька болса)
(6
шпилька болса)
(9.9)
"бұнда
- шпилькаларды тапсыру саны;
- артқы адамдағы шпильканың
саны;
- қалдық
Көлбеу бұрыштарды өлшеу. Жердiң бетiнде сызықтың горизонталь проекциясын бiлу үшiн, оның горизонтқа көлбеулiгiн яғни айтқанда көлбеу бұрыштарды бiлу керек. Көлбеу бұрыштар теодолиттiң вертикаль дөңгелегi арқылы немесе қарапайым бұрыш өлшейтiн құрал - эклиметр
арқылы өлшенедi. Практикада кең қолданылатын эклиметрдiң түрлерiне дөңгелек маятниктi эклиметр және биiктiк өлшеуiш эклиметр ЭВ жатады.
Көлбеу бұрыштарды эклиметрмен өлшегенде 15-30 қате жiберiледi, сондықтан олармен көлбеу бұрыштардың шамасы 5-6 -қа дейiн болса ғана өлшеуге болады, одан көп болса көлбеу бұрышты өлшеу теодолитпен орындалады.
Сызықты өлшегендегi кiргiзiлетiн түзетпелер. Жердiң бетiнде сызықтардың ұзындығын өлшегенде өлшеуiш аспаптың компораторлану, температура және көлбеу сызықтар (сызықты горизонтқа келтiру) үшiн түзетпе кiргiзiледi.
Компораторлану үшiн түзетпе өлшенген ұзындықты келесi формуламен есептеледi
(9.10)
- өлшеуiш аспаптың компораторлану түзетпесi; D - өлшенген сызықтың ұзындығы; l - өлшеуiш аспаптың ұзындығы. Егер < 2 мм болса,онда компораторлану үшiн түзетпе кiргiзiлмейдi.
Температура үшiн түзетпе келесi формуламен анықталады.
(9.11)
бұнда
- сызықтың ұлғаю коэффициентi (болат
үшiн
=
12,5 10 ); t
- өлшеуiш аспаптың өлшеу кезiндегi
температурасы; t0
- компораторлану температурасы, егер
(t – t0
)< 8 болса, онда температура үшiн
түзетпе кiргiзiлмейдi.
Көлбеу сызықтар үшiн түзетпе. Көлбеу сызықтың D горизонталь ұзындығын d анықтау үшiн көлбеу бұрышты немесе өзара биiктiктi анықтайды ( 9.10 сурет). Егер көлбеу бұрыш белгiлi болса, онда
(9.12)
Есептеудi жеңiлдету үшiн D-ны өлшеу кезiнде түзетпе берiледi
(9.13)
Көлбеу сызықтар үшiн түзетпе әрқашанда терiс сан болады, себебi горизонталь ұзындық көлбеу ұзындықтан кiшi.
Егер
сызықтың соңғы нүктесiнде өзара биiктiк
белгiлi болса, онда
;
бұнда
деп, ал
алсақ, онда
(9.14)
Горизонталь ұзындықтың соңғы ұзындығы келесi формуламен анықталады
(9.15)