- •Казақ бас сәулет –құрылыс академиясы
- •Сызықтың ұзындығын өлшеудегi аспаптар
- •24 Метрлiк лентамен нақты ұзындықты анықтау үшiн 1,2 коэффициентiне көбейту керек, ол 20 метрлiк лентамен өлшенген ұзындықты тексеру үшiн арналған.
- •Сызықтың ұзындығын жанама өлшеудегi аспаптар
- •Ұзындықты өлшеуiш ленталармен өлшеу
- •Жарық және радио қашықтық өлшеуiштер туралы түсiнiк
Сызықтың ұзындығын жанама өлшеудегi аспаптар
Оптикалық қашықтық өлшеуiштер - горизонталь және көлбеу арақашықтықтарды жанама әдiспен өлшейтiн аспаптар тобына жатады.
Оптикалық
қашықтық өлшеуiштерде арақашықтықты
анықтаудың негiзiне қысқа қабырғасы бар
теңбүйiрлi үшбұрыштың шешiмi кiредi
(9.3сурет). Үшбұрыштың
сүйiр бұрышын (9.3 сурет) параллактикалық
бұрыш (
)
дейдi, ал сол бұрышқа қарама-қарсы
жатқан қабырғаны
база (базис-
)
деп атайды.
Арақашықтық
параллактикалық үшбұрыштың шешiмiмен
келесi формула арқылы анықталады
(9.3)
Бұрыш
кiшi болғандықтан (1о
-тан кiшi), онда функция
радианмен
көрсетiлген
аргументтiң мәнiне
тең
болады. Сонда
(9.4)
Оптикалық
қашықтық өлшеуiштiң құрылғыларындағы
екi шаманың бiреуi (
-бұрыш
немесе базасы) тұрақты болады, ал
екiншiсi өзгермелi болып
тұрады. Сондықтан
оптикалық қашықтық өлшеуiштiң екi түрi
бар.
1. Тұрақты параллактикалық бұрышы бар қашықтық өлшеуiш. Бұндай қашықтық өлшеуiштермен жұмыс iстегенде ұзындық шеткi нүктеде орналасқан қашықтық өлшеуiш рейкалардың көмегiмен өзгермелi шамасын өлшеумен анықталады.
Егер
формулада (9.4) тұрақты шама
-ны С арқылы белгiлесек,
яғни айтқанда
= С, онда
(9.5)
бұнда С - қашықтық өлшеуiштiң коэффициентi
2. Тұрақты базасы бар қашықтық өлшеуiш. Қашықтық өлшеуiштiң бұл түрiмен жұмыс iстегенде бұрышы өлшенедi. Тұрақты база қашықтық өлшеуiш рейкасына арнаулы маркамен бекiтiледi. Бұл жағдайда iзделетiн қашықтықты келесi формуламен анықтайды
(9.6)
бұнда
-қашықтық өлшеуiштiң коэффициентi
Қашықтықты жiптiк қашықтық өлшеуiштермен анықтау. Жiптiк қашықтық өлшеуiш оптикалық қашықтық өлшеуiштiң қарапайым түрiне жатады, бұнда параллактикалық бұрыш тұрақты, ал базасы өзгермелi болады. Ол көру дүрбiсiнiң iшiндегi жiптiк тордың орта сызығының жоғары және төменiнде орналасқан екi штрихпен көрсетiледi. Оның принцптiк схемасы келесi түрде берiледi
(9.4 cурет). 1 және 2 нүктелердiң арасындағы D арақашықтығын анықтау керек. 1 нүктеде теодолит орналасады, ал 2 нүктеде вертикаль жағдайда рейка қойылады. Сонда сурет бойынша анықталатын қашықтық
(9.7)
бұнда
- объективтiң алдыңғы фокусi мен рейкаға
дейiнгi қашықтық;
- объектив пен аспаптың айналу өсiне
дейiнгi қашықтық;
- объективтiң фокустық қашықтығы. 9.4
суретте үшбұрыштың ұқсастығына байланысты
келесi қатынас құруға болады
,
одан
бұдан
және
тұрақты болғандықтан, олардың қатынасы
аспап үшiн тұрақты болады, бұны
қашықтық өлшеуiштiң коэффициентi деп
атайды, яғни айтқанда
сонда формула (9.7) келесi түрде болады
D,
(9.8)
бұндағы
- қашықтық өлшеуiштiң тұрақты қосылысы.
Арақашықтықты оңай өлшеу үшiн және шамаларын аспапта С=100 жағдайына байланысты таңдайды.
Егер
дүрбi сыртқы фокустелу болса,
0,6 м дейiнге жетедi, сондықтан iрi масштабты
түсiрiстерде (1:500, 1:1000, 1:2000) ол шаманы
ескеру керек. Дүрбi iшкi фокусировкамен
болғанда,
4 см-ден аспайды, сондықтан ұзындық
өлшегенде бұл шама ескерiлмейдi.
Үлкен
қашықтықтарды өлшегенде, сондай-ақ
шөптiң биiк өсуiне
байланысты
жiптiк қашықтық өлшеуiштiң төменгi штрихы
көрiнбесе, онда
жоғары штрих
пен орта сызықтың арасындағы санақты
алуға болады.
Бұндай жағдайда
қашықтық өлшеуiштiң коэффициентi
= 200 болады.
Жiптiк қашықтық өлшеуiш арқылы 200 м-ге дейiнгi қашықтықты өлшеуге болады, ал егер 200 м-ден көп болса, онда сызықты бөлiп өлшейдi.
Жiптiк қашықтық өлшеуiштiң құндылығы - оның өлшеу кезiндегi жеңiлдiгiнде, ал оның кемшiлiгi - өлшеу дәлдiлiгi төмен 1:200-1:400. Бұлай болу себептерi: ауа райының қолайсыздығы, рейкадан дәл санақ алынбайды, жiптiк тор сызығының жуандығы, қашықтық өлшеуiш коэффициентi мен рейканың бөлiктерiнiң дәл болмауы.
