
- •Казақ бас сәулет –құрылыс академиясы
- •Сызықтың ұзындығын өлшеудегi аспаптар
- •24 Метрлiк лентамен нақты ұзындықты анықтау үшiн 1,2 коэффициентiне көбейту керек, ол 20 метрлiк лентамен өлшенген ұзындықты тексеру үшiн арналған.
- •Сызықтың ұзындығын жанама өлшеудегi аспаптар
- •Ұзындықты өлшеуiш ленталармен өлшеу
- •Жарық және радио қашықтық өлшеуiштер туралы түсiнiк
Активтік үлестірме материал
Казақ бас сәулет –құрылыс академиясы
«Геодезия 1» |
Құрылыс технологиялары, инфроқұрылым және менеджмент факультеті |
3 кредит Мамандық–Құрылыс, ГжК,ВК, ТГВ,ПСМИК |
бірінші семестр 2010-2011 оқу жылы |
Лекция №7: CЫЗЫҚТЫҚ ӨЛШЕУЛЕР |
Ассоц. проф. Омиржанова Жанат Токтарбаевна |
Cызықтың ұзындығын өлшеудiң әдiстерi
Сызықтың өлшеудiң мақсаты жердiң бетiндегi нүктелердiң арасындағы горизонталь қашықтықты өлшеу болып табылады. Жерде сызықты өлшеу тiкелей немесе жанама әдiстермен жүргiзiледi және әр әдiстiң өзiнiң аспаптары мен тәсiлдерi бар.
Тiкелей өлшеу әдiсi жер бетiнде сызықты механикалық сызықтық аспаптармен тiкелей өлшеуге негiзделген. Бұл аспаптарға жататындар: лента, рулетка және өлшеуiш сымдар. Тiкелей әдiспен сызықтың ұзындығын өлшегенде өлшеуiш құралдарды бiртiндеп салады.
Жанама өлшеу әдiсiнде сызықтың ұзындығы геометриялық немесе физикалық қатынастар арқылы орындалады. Геометриялық қатынастарда ұзындықтарды анықтау үшiн базис пен бұрыштарды өлшейдi, бұған жататындар оптикалық қашықтық өлшеуiштер жатады. Электрофизикалық аспаптар - жарық пен радио қашықтық өлшеуiштердiң құрылғылары физикалық қатынасқа негiзделiп жасалған.
Осы екi әдiстi қолдану - геодезиялық жұмыстардың түрi мен қызметiне, талабы мен дәлдiгiне, сондай-ақ өлшеу жағдайына байланысты болады.
Сызықтың ұзындығын өлшеудегi аспаптар
Өлшеуiш ленталар. Геодезиялық жұмыстарда сызықты ұзындықтары 20 және 24 метрлiк өлшеуiш ленталармен өлшейдi. Өлшеуiш ленталар болаттан немесе инвардан (64% болаттан және 36% никельден тұратын қортпа, оның температуралық ұлғаюы коэффициентi аз) жасалынады. Ленталар құрылғысына байланысты штрихты және шкалалы болып бөлiнедi. Инженерлiк геодезиялық жұмыстарда көбiне маркасы ЛЗ штрихты болат өлшеуiш ленталар қолданылады.
Штрихты лента (9.1 cурет) ұзындығы 20 м және 24 м, енi 15-20 мм және қалыңдығы 0,3-0,4 мм болат жолақтан тұрады. Лентаның ұзындығы екi шетiндегi кертпедегi штрихтармен анықталады.Өлшеу кезiнде кертпелерге үшкiр (9.1 сурет) ұшы бар шпилькалар кiргiзiледi, сол арқылы жердiң бетiнде лентаның ұзындығы белгiленедi. 20 метрлi штрихты лента метрге, жарты метрге және дицеметрге бөлiнген. Метрлiк бөлiну латуннан немесе аллюминийден жасалған сопақ пластинкамен лентаның екi жағында санмен өрнектелiп белгiленген; ыңғайлы қолдану үшiн лентаның екi жағындағы сандардың өсуi қарама-қарсы өрнектеледi. Дицеметрлiк бөлiктерi лента жолағында тесiктермен, ал жарты метрлер дөңгелеп шегенделген шайбылармен белгiленген. Дицеметрмен аз өлшемдер көзбен 1 см-ге дейiн дәлдiкпен бағаланады. Өлшеу жұмысынан кейiн лентаны арнаулы металдан жасалған сақиналы қоршауға орап, бұрандамен бекiтедi. Лентаның құрамында 6 немесе 11 шпилька бар.
24 Метрлiк лентамен нақты ұзындықты анықтау үшiн 1,2 коэффициентiне көбейту керек, ол 20 метрлiк лентамен өлшенген ұзындықты тексеру үшiн арналған.
Жердiң бетiнiң жағдайына байланысты штрихты лентамен сызықты өлшеу дәлдiгi 1:1000-нан 1:3000-ға дейiн болады.
Шкалалы лента. Сызықты үлкен дәлдiкпен өлшеу үшiн маркасы ЛЗШ шкалалы ленталар
қолданылады ( 9.2 сурет). Бұл ленталар тұтас жолақтан тұрады, екi шетiнде миллиметрге бөлiнген 10 см
шкала орналасқан. Лента метрлiк және дицеметрлiк (9.2 сурет) кесiндiлерге бөлiнбейдi. Лентаның ұзындығы ретiнде екi шетiндегi шкаланың нөлдiк бөлiгiнiң аралығы алынады. Шкалалы ленталармен өлшеу жердiң бетiнде немесе штативке блоктар орнатып жүргiзiледi. Шкалалы лентамен ұзындықты өлшеу 1:7000, ал инвардан жасалса 1:100000 дәлдiкпен орындалады.
Рулеткалар қысқа қашықтықтарды өлшеуге арналған. Рулеткалар болаттан жасалады, оның ұзындықтары 10,20,30,50 м, ал таспа рулеткалардың ұзындықтары 5,10 және 20 м. Металл рулеткалар сантиметрлiк немесе миллиметрлiк бөлiктерге бөлiнген, олардың өлшеу дәлдiктерi 1:50000 және оданда жоғары болады. Таспа рулеткалар аз дәлдiктi өлшеулерде қолданылады.
Өлшеуiш сымдар. 0Дәлдi және жоғары дәлдiктi сызықтық өлшеулерде ұзындығы 24 және 48 м, диаметрi 1,65 мм болат пен инвар сымдары қолданылады. Сымдардың екi жақ шетiнде миллиметрге бөлiнген ұзындығы 8 cм шкала орналасады. Өзындықты өлшеу үшiн өлшеуiш сымдар штативке орналастырып, 10 кг жүкпен керiледi (тартылады).
Инварлық сымдар базистiк аспаптардың БП-1, БП-2 және БП-3 құрамына кiредi, олар триангуляция торларында базистердi, ал полигонометрияда қабырғалардың ұзындығын өлшеуге арналған. Болат сымдармен өлшегенде өлшеу дәлдiгi 1:10000-нан 1:25000-ға дейiн, инвар сымдармен өлшеу дәлдiгi 1:30000-нан 1:1000000-ға дейiн болады.
Қолданудың
алдында өлшеу аспаптары тексерiледi.
Бұл тексеру де лентаның ұзындығы
алдын-ала жоғары дәлдiкпен өлшенген
ұзындық-эталонмен салыстырады, бұл
процесстi компораторлау дейдi. Олар
арнаулы аспап-компораторларда орындалады.
Компораторлауда өлшеу аспабының
ұзындығы
ен эталондық аспаптың ұзындығының
айырмашылығын анықтайды.
(9.1)
Cонда жұмыс лентасының (рулетканың) нақты ұзындығы
(9.2)
бұнда - жұмыс лентасының немесе рулетканың номиналь ұзындығы.
Компораторлау
түзетпесi оң болады, егер жұмыс лентасының
ұзындығы лентаның номиналь ұзындығынан
көп болса, ал керiсiнше болса, онда
таңбасы терiс болады.