Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ О.Э.Т КАЗ .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
523.26 Кб
Скачать

Қазақ бас сәулет құрылыс академиясы

Пән: Экономикалық теория негіздері

2 кредит

1,2 семестр 2012-13 оқу жылы

Тәжірибе № 4: Қоғамдық өндірістің нышандары, Тауарлы өдіріс.

Айырбас- тауардың белгілі пропорцияда басқа тауармен айырбасталу қасиеті.

Қоғамдық өндірістің екі формасы бар: натуралды және тауарлы. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолыңмен жасау жатады. Ол өндіріс күшінің әлсіз дамуы мен өндірген өнімге қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігінмен сипатта. Біріншісі қандай да бір болсын өндірістің табиғи элементі болып табылады. Ал екіншісі болса тарихи сипатқа ие, ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болды. Өзінің өрленуіне басымдылық жағдайға жетті, кейін анағүрлым жетілген формаға ороын беріп, құлдырауға түсті. Сондықтан натуралды – адамдар өнімді айырбасқа рынокқа жеткізуге ұмтылған. Басым форма ретінде натуралды шаруашылық тарихтың өлшеп берген жолын өтеп берді. Алайда өндіріс тұтынушы принципі бойынша байланыс (айырбассыз және қоғамдық бөлусіз) аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементін қазіргі заманғы қоғамның макро, микро деңгейлерінде көрінеді.

Микро деңгей- натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсеткен бау-бақша жеріндегі жұмыс мысал бола алады.

Тауарлы- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірілген тұтынушылар арасындағы байланыс рыноктың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық. Тауарлы шарушылықтың пайда болуының шарты – нақты бір өнімді шығаруға өндірістің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.

Қоғамдық еңбек бөлінісі үш кезеңнен тұрады:

1) мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасында ұдайы айырбастың пайда болуына жағдай жасады.

2) қол өнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды.

3) сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты.

Тауар сату және сатып алу үшін өндірістен өнім тауардың екі түрі бар: тұтыну құны және айырбас.

Тұтыну- адамның, қоғамның қандай да болмасын бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас- тауардың белгілі пропорцияда басқа тауармен айырбасталу қасиеті. Сондықтан осы тауарды өндіруге кеткен еңбектің де екі сипаты бар.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қоғамдық өндіріс нышандары ұғымының сипаттамасы.

2.Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нышандары: натуралды және товарлы.

3.Еркін бәсекелік тауар шаруашылығы жэне ұйымдастырылған рынок.

ТЕСТ

1)Келесi пiкiрлердiң қайсысы дұрыс:

А) экономикалық заңдар объективтi болады, бiрақ адамдар оларды зерттеп, iс жүзiнде қолданулары қажет.

В) экономикалық заңдарды адамдар анықтап бекiтедi.

С) экономикалық заңдар адамдардан тыс, бөлек әсер етедi.

D) экономикалық заңдар мен құқық заңдары бiрдей.

Е) дұрыс жауаптары: В және D.

2)Экономикалық заңдар деген не:

А) өндiрiс қатынастарының ең маңызды iшкi, тұрақты себеп-салдарлық байланыстары.

В) экономикалық құбылыстар тұралы қалыпты түсінік.

С) экономикалық құбылыстардың мәнiн анықтайтын ғылыми ұғым.

D) экономикалық қатынастар мен қызметтердi реттеп, анықтайтын азаматтың заң жүйесiнiң баптары.

Е) құқық заңдары.

3)Өндiрiстiк мүмкiншiлiктер сызығында өнiмнiң бiр түрiнің өсуi, екiншi өнiмнiң қандай жағдайымен тiркеседi:

А) тұрақты көлемiмен.

В) көлемiнiң өсуiмен.

С) көлемiнiң қысқаруымен.

Д) көрсетiлген жауаптардың кез-келгенi дұрыс.

Е) тұтынудың пропорционалды өсуiмен.

4)Экономикалық жүйенiң тиiмдi қызметi өндiрiстiк мүмкiншiлiктер сызығында қалай көрiнедi:

А) графиктiң кез келген нүктесi ретiнде.

В) қисық сызықтың iшкi аумағындағы нүктемен.

С) қисық сызықтың сыртында орналасқан нүктемен.

Д) координаттар сызықтарына тең аралықта орналасқан графиктiң нүктесi ретiнде.

Е) тұтынушы таңдауын.

Глоссарий

кругооборот капитала

капиталдың ауыспалы айналымы – ақшалай қаражаттың өндіріс пен айналыс аясындағы қозғалысы‚ бұл қозғалыс барысында ол толық айналым жасайды.

circulation of capital

инвестиции

инвестициялар (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Investment

валовые частные внутренние инвестиции

жалпы жеке ішкі инвестициялар – бір жылда сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлттық сипатына қарамастан, бір жылда өндірген және сатқан тауарлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.

gross private domestic investment

оборотный капитал

айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді

circulating capital

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2010.

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 2007.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 2004.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 2006,б.

6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 2006.

7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 2006.

8..Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,

2009.

ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Пән: Экономикалық теория негіздері

2 кредит

1,2 семестр 2012-13оқу жылы

Тәжірибе № 5: Құн заңы

Ақша– бұл жалпы эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Ақшаның атқаратын қызметтері:

- құн өлшемі;

- айналыс құралы;

- төлем құралы;

- қордану (қазына жинау);

- әлемдік (валюта);

Құн заңы тауар өндірілетін тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңы іс-әрекетінің мәні мынада: тауарды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан құн заңы тауарлы өнімнің ең мәнді сипатын көрсетеді. Ал тауар-ақша айналысында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға- құн заңының көрінісі.

Еңбек өнімдерінен бастап, қүн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Құн заңы әрекет етуге тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді.

Ақша айналыс құралы қызметін тауар ақша тауар (Т-А-Т) формасы бойынша тауарды делделдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл форма екі актіге бөлінеді.

1. сату тауар ақша;

2. сатып алу тауар ақша;

Ақша айналысы – төлем құралы мен айналыс құралы қызметін атқаратын ақшаның үздіксіз қозғалысы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

4.Құн заңы. Құн және баға.

5.Субъсктивті бағалау теориясы салыстырмалы құндылық негізінде тауар айырбасы туралы. Шекті құндылық ұғымы.

6.Осы күнгі ақшаның түрлері, олардың табиғаты жөне түрлері.

ТЕСТ

1)Студенттер үшiн университетте оқудың таңдау (альтернативтi) құндылығы немен анықталады:

А) оқудың орнына жұмыс iстеп, табатын табысының ең жоғары көлемiмен.

В) алатын стипендиясының мөлшерiмен.

С) мемлекеттiң орта статистикалық маманды дайындауға жұмсаған шығындарымен.

D) студентiң тұрмысына ата-анасы жұмсаған қаржысымен.

Е) жас адамның оқуға жiберген уақытымен.

2)"Меншiк" санаты (категориясы) қандай қатынастарды бiлдiредi:

А) басқаруды.

В) адамның табиғатқа қатынасын.

С) адамдардың таптық белгiсi бойынша қатынастарын.

D) өндiрiс құралдарын және нәтижелерiн иелену қатынастарын.

Е) мүмкiншiлiктер жүйесiн.

3)"Иемдену" қатынасын қалай сипаттауға болады:

А) сыйға тарту құқығы.

В) белгiлi бiр қатынастар объектiсiнiң жеке тұлға үшiн оның өмiр сүруiне айналуы мүмкiн еместiгi.

С) өндiрiс құралдарының қоғамдастырылуы.

D) пайдалану құқығы.

Е) белгiлi бiр қатынастар объектiсiнiң жеке тұлға үшiн оның өмiр сүруiне айналуы.

4)"Меншiктен айыру" деген не:

А) бұл адамның өмiр сүру игiлiктерi мен ресурстарды өзiнiң тiршiлiк ету мүмкiншiлiгiне айналдыра алмауы.

В) бұл адамды табиғат өнiмдерiнен айыру.

С) бизнес мәселесiмен өзi шұғылданғысы келмейдi.

D) кәсiпорынды басқара алмау.

Е) қарызды төлеу мақсатында меншiгiнен айыру.

Глоссарий

Айырбас Обмен Exchange

Тауардың белгілі пропорцияда басқа тауармен айырбасталу қасиеті.Сондықтан осы тауарды өндіруге кеткен еңбектің де екі сипаты бар.

Тауар Товар Product

Қоғамда айырбастау,сатып алу-сату жолымен бөлінетін,қүны бар еңбек өнімі,яғни материадық заттық пішіндегі өндірістік экономикалық қызметтің кез-келген өнімі.

Макродеңгей Макроуревонь Macrolevel

Бір ғана елдің шегінде өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған автархия саясатын келтіруге болады.

Микродеңгей Микроуревень Microlevel

Натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзелік кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсетткен бау-бақша жеріндегі жұмыс мысал бола алады.

Құн Стоимость Cost

Тауар өндіруге жұмсалған және осы тауар түрінде затқа айналған қоғамдық еңбекті көрсететін саяси экономия санаты.

Тұтыну Потреблять Consume

Адамның қоғамдық қандай да болмасын бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.

Қолданатын әдебиеттер:

І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ

университеті.2010.

2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.

З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.

ҚазМБА. 2007.

4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.

Қаз.университеті. 2004.

5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.

Алматы, 2006,б.

6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.

Алматы. Экономика, 2006.

7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.

Алматы. 2006.

8.Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под

общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,2009.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]