Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ О.Э.Т КАЗ .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
523.26 Кб
Скачать

2. Бюджет тапшылығы және оның себептері.

Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет рөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты көлемінің өсуі және т.б. себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді , сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды.

Мемлекеттік бюджеттердің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарында жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек және т.б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпы мемлекеттік Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет рөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты көлемінің өсуі және т.б. себептер. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді , сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды.

Мемлекеттік бюджеттердің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарында жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек және т.б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпы мемлекеттік маңызы бар салаларға инвестиция көлемін сақтауға да қаражат керек. Бюджеттік тапшылық мемлекеттік қаржылардың терең сәйкессіздігінің салдары. Сонмен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды.

3. Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салық түрлері. Лаффер сызығы.

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдерде салықтардың үлесі 90 процент. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар жатады. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.

Салық мәлімдемесі салық төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.

Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсіруің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді.

Салық салу жүйесінің басты буыны – І-ші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациядан алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады, яғни жалпы пайдадан басқаларды шегергеннен кейін мысалы, жедел амортизизация , табиғи кендердің азаюы, қайрымдылық қорыц төлемдері және т.б. шығындар.

Табыс салығының қатарына мүлік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты атқарылған істер салығы да жатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай ( жер, құрылыс ) әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады. Тікелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды роль атқарады. Олар тауарлар немесе қызмет көрсету бағаларына қосылады.

Капитал ісінен алынатын салық корпорациялардың бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады.

Жанама салықтар бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фискалды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардың ішіндегі ең бастысы – акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшелітеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түрлеріне салынады.

Фискалды, монопольді салық мемлекеттің монопольді өндіретін тауарларына салынатын жанама салық. Нақты елдердің ерекшеліктеріне қарай бұлардың қатарында темекі бұйымдары, алкогольдік ішімдіктер, сусындар, тұз және т.б. болуы мүмкін. Фискалды, монопольді салықтың түсімдері әдетте мемлекеттік бюджетке, біраз бөлігі жергілікті үкіметтің бюджетне түседі.

Кеден, баж салығы да бар. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі-бері алып өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезде әсіресе, шет елдер тауарларынан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі арқылы мемлекет белгілі бір тауарлардың шеттен әкелінуін тежеп, өзінің ішкі рыногын шетелдік бәсекеден қорғайды.

Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық коньюктураға ықпал етеді. Бүкіл экономикалық коньюктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы, АҚШ үкіметінің басына келген Рейген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А. Лаффердің есебі алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Мемлекеттік бюджет пен салық ставкасының арасындағы тәуелділік графикалық бейнесі « Лаффердің қисық сызығы » деп аталады.

R

100

R1

O Y1 Y

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]