
- •1)Экономиканы техно-экономикалық тұрғыдан қарау немен сипатталады:
- •2)Экономикаға ұйымдастыру-экономикалық жағынан келiп анықтау - бұл:
- •3)Экономиканы әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан қарастыру:
- •1)Саяси экономия" сөзiн алғашқы болып өз еңбегiнiң атауы ретiнде алып, ғылыми қолданысқа енгiзген:
- •2)Экономикалық теория пәнiн ең толық ашатын анықтаманы таңдаѕыз:
- •3)Экономикалық теория:
- •4)Экономикалық теория ненi зерттейдi:
- •Қазақ бас сәулет құрылыс академиясы
- •Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы
- •Қазақ бас сәлет-құрылыс академиясы
- •Тепе-теңдіктің бұзылуы Факторлар
- •3. Пайда және процент.
- •Өзін өзі тексеру сұрақтары
- •1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы.
- •2. Инвестициялар және олардың қызметі атқару ролі.
- •3. Мультипликатор түсінігі.
- •Өзін өзі тексеру сұрақтары
- •Инфляция себептері.
- •Инфляция зардаптары және инфляцияға қарсы саясат.
- •Филлипстің қисық сызығы.
- •2. Ақшаға сұраныс пен ұсыныс
- •Өзін өзі тексеру сұрақтары
- •2. Бюджет тапшылығы және оның себептері.
- •3. Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Салық түрлері. Лаффер сызығы.
- •Өзін өзі тексеру сұрақтары
- •Өзін өзі тексеру сұрақтары
2012 ҚазБСҚА Экономикалық теория негіздері Ажигужаева А.Б.
Белсенді тарату материалы
ҚАЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
Пән: Экономикалық теория негіздері |
|
2 кредит |
1-2 семестр 2012-13 оқу жылы |
Тәжірибе №1: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. |
|
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің бағыты миркантелистер мектебі. Ол «мирконтэ» деген италиян сөзінен аударғанда сауда, пайда табу деген мағынаны білдіреді.
Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын адамның әл-ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады. Екінші сөзбен айтқанда тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар жаңа құн жасамайды. Физокрттар Ф.Кенэ, А.Тюрго және т.б. өндіріс қатарына тек қана ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше қоғам байлығын ауыл шаруашылығының өнімдері болып табылады. Физократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық болды. Бірақ олардың өндіріске тек қана ауыл шаруашылығын жатқызып, басқа халық шаруашылығын салаларын дұрыс болмады. Оны буржуазиялық саяси экономиканың өкілдері А. Смитт, Петти, Д.Рикардо еңбектері айқын көрсетті.
Экономикалық теория- адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек
шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.
Функциялары.
Танымдық – экономикалық құбылыстарды, заңдарды зерттеу және түсіндіру.
Практикалық – іс жүзінде зерттелген обьектілер теориясын қолдану. Мемлекеттің экономикалық
саясатының негізін құру.
Болжамдық – экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау.
Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген көзқарастар жүйесін құру.
Методологикалық – экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және методологикалық негіз
болады.
Экономикалық жүйе.
Экономикалық жүйе – бұл материалдардың рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі. Экономикалық жүйенің дамуына әсер ететін факторлар:
елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі шаралар жүйесі.
меншік құрылымы.
ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер.
мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
Бұл факторлар келесі үш топқа топталады:
шаруашылық құрылымы
әкімшілік
ақпараттық
Шаруашылық құрылым – шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалдарды техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік құрылым – лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.
Ақпараттық құрылым – алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы мәліметтерді топтастырады және таратады. Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әртүрлі сипатқа ие болады; патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Осы аталғандардың бір елде, бір мезгілде бірнеше сипаты бола алатынын алуы мүмкін. Бұл жағдай экономикалық жүйенің өзінің қарама-қарсы және толқынды қозғалысына әкеледі. Осылайша егер елде мемлекеттік сипат күшейе бастаса, ұлттандыру процесі жүруде деп білеміз, ал керісінше жеке шаруашылықтың сипаты алғы кезекке шықса, орталықтандыру орталықсыздандырумен алмастырылады. Қазіргі заманғы әлем әр қайсысы қзақ тарихи даму процестерінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды қалайда бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның тарихи даму процесін әр экономист әр түрлі түсінетін болғандықтан олардың таңдап алған критерийлері де біркелкі емес. Әр түрлі көзқарастар негізінде құрылған экологикалық жүйелердің классификациялаудың кейбіреуін қарастырсақ:
Формациялық көзқарас- Маркстік теорияға тән үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды. Алғашқы құрылыс - алғашқы қауымдық және өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл жерде біз өндіріс әдісіне көңіл бөлеміз. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібімен жерге ұжымдық меншікке негізделген шығыстық қауым.
Ірі формация – Маркс II-реттік, яғни жеке меншікке (құлдық, басыбайлық, капитализм) негізделген деп аталады.
Жекек меншікті – жоюға негізделген екі сатылы формация. Формациялық әдіске тән экономикалық жүйелер бес өндіріс әдістерінен көрінеді. Олар: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталаистік, коммунистік. Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндіретін қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді. Қатынастар сипаты өндіріс құралдарына меншіктің үстем формасы арқылы анықталады. Әр жүйенің материалдық өндірісінң даму деңгейі тұрақсыздығына көңіл бөлінеді. Бұлар өндіріс деңгейінің тиімділігін анағұрлым жоғары болуын жүзеге асырады.
Негізінен экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп, капиталлдың даму бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Европада XVI-XVII ғасырды қамтиды. Ал Ресейде товар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Ал Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында сауда капиталлы , товар-ақша айналымы, халықаралық рынок еңбек бөліндісінде қамту процесі бірте-бірте жанданған. Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің бағыты миркантелистер мектебі. Ол «мирконтэ» деген италиян сөзінен аударғанда сауда, пайда табу деген мағынаны білдіреді.
Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын адамның әл-ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады. Екінші сөзбен айтқанда тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар жаңа құн жасамайды. Миркантелистердің осы осалдығын физократтар байқады да, қоғамдық байлық саудада емес өнеркәсіпте екенін дәлелдеді. Бірақ физокрттар Ф.Кенэ, А.Норго және т.б. өндіріс қатарына тек қана ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше қоғам байлығын ауыл шаруашылығының өнімдері болып табылады. Физократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық болды. Бірақ олардың өндіріске тек қана ауыл шаруашылығын жатқызып, басқа халық шаруашылығын салаларын дұрыс болмады. Оны буржуазиялық саяси экономиканың өкілдері А. Смитт, Петти, Д.Рикардо еңбектері айқын көрсетті.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Экономикалық теория, саяси экономия және экономикс ұғымдарының өзара байланыстығы.
2. Экономикалық теория курсының қисыны (логикасы) және құрылымы.
3.Экономикалық категориялар және заңдар.
4.Позитивті жоне нормативті экономика.
5.Экономикалық теорияның қызметтері: тәжірибелік,теориялық,
методологиялық т.б. Экономикалық теория жөне экономикалық саясат.
ТЕСТ
1)Экономиканы техно-экономикалық тұрғыдан қарау немен сипатталады:
А) қоғам қолындағы ресурстарды өнiмге айналдыру процесi және экономиканың материалдық-заттық жағымен.
В) қоғам қолындағы ресурстарды өнiмге айналдыру процесiмен.
С) экономиканың материалдық-заттық жағы және экономиканың материалдық-заттық жағымен.
D) экономиканың әлеуметтiк-экономикалық бағытымен.
Е) экономиканы ұйымдастыру-экономикалық тұстарымен.
2)Экономикаға ұйымдастыру-экономикалық жағынан келiп анықтау - бұл:
А) қоғамдық еңбек бөлiнiсiне, өндiрiстiң мамандануына қоғамдануына, өндiрiстi ұйымдастыру формаларының көптүрлi болуына, еңбек пен басқарудың жан-жақтылығына негiзделген көзқарас.
В) ресурстарды оңтайлы пайдалану және ұдайы өндiру қатынастарын бөлiп көрсету әдiсi.
С) адамның өмiр сүру формаларының әртүрлi болуы.
D) экономикада жалпы мен жекенiң айырмашылығы.
Е) өндiрiстiк қатынастарын өндiргiш күштер формасы ретiнде талдау.
3)Экономиканы әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан қарастыру:
А) басқа қатынастарды анықтайтын негiзгi қатынастарды, меншiк қатынастары мен табыстарды бөлудi зерттеу.
В) басқа қатынастарды анықтайтын негiзгi қатынастарды зерттеу.
С) меншiк қатынастары мен табыстарды бөлудi зерттеу, қоғамның өндiргiш күштерiн анықтау.
D) қоғамнық өндiргiш күштерiн анықтау, меншiк қатынастары мен табыстарды бөлудi зерттеу
Е) өндiрiстiң технологиясын айқындау.
Глоссарий
Ашық экономика Открытая экономика Open эkonomu |
Әлем мемлекеттерінің бір-бірімен өзара тауарлар мен қызметтерді экспорттайтын және импорттайтын әлемдік қаржы нарығында несиелік алып-сату қатнасттарын жүзеге асыруға негізделген макроэканомиканың жүйелік қанынастары |
Инфляция Инфляция inflation |
Көп факторлы құбылыс ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнзысдануы арқылы бейнеленеді |
Макроэкономика Макроэкономика Makroekonomics |
Әлемде болып жатқан ғаламдық экономикалық мәселелерді және олардың кез-келген ұлттық экономикамен өзара байланысын және оған әсер етүін зерттейтін ерекше ғылым. |
Экспорт Экспорт Export |
Таурларды сыртқы нарықтарды өткізу үшін сыртқа шығару,сондай-ақ, шетелдерде шығарылатын тауарларды кері экспорттау. |
Дедукция Дедукция Deduction |
Нақты экономикалық фактілер көмегімен гипотеза тесерілетін ойлап сараптау тәсілі. |
Индукция Индукция Inuction |
Фактілерді жалпылау негізінде тужырымдама жасайтын ойлап сараптау тәсілі |
Қолданатын әдебиеттер:
І.Экономикалық теория негіздері. Оқулык- Алматы. Қазақ
университеті.2010.
2.Экономикалық теория.Оқулық.Алматы. Қазақ университеті.2000.
З.Р.Дорнбуш.,С.Фишер. Макроэкономика. Оқулық. Алматы.
ҚазМБА. 2007.
4.Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу қүралы. Алматы.
Қаз.университеті. 2004.
5.Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу қүралы.
Алматы, 2006,б.
6.Мөдешев Б.Р. Нарықтық экономикаға кіріспе. Оқу құралы.
Алматы. Экономика, 2006.
7.В.П.Самуэльсон, С.Нордхаус. Экономикс. Оқу қүралы.
Алматы. 2006.
8.Экономичсская теория (политэкономия). Учебник. Под
общ. Ред. Акад. В.Н.Видяпина, Г.П.Журавлевой.;ИНФРА,
2009
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
Пән: Экономикалық теория негіздері |
|
2 кредит |
1,2 семестр 2012-13 оқу жылы |
Тәжірибе № 2 Қоғамдық өндірістің негіздері
|
|
Экономикалық қатынастар – адамдар арасында қызметтер мен материалды рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметтің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында 4 сатыдан тұрады. Олар - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты. Оның қоғам-ң өнімнің қозғалыстағы орнына қарай экономистер әртүрлі бағыттар ұсынады. Біреулер бұл саты шешуші мағынаға ие дейді.
Бөлу - өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.
Айырбас – бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбастау процесі.
Тұтыну – адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игілектерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмәмданушысы болып табылады.
Тұтыну екі сипатта - өндірістік және өндірістік емес болады.
Өндірістік емес тұтыну- жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.
Жеке тұтыну- бұл адамдардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну- қоғамның ғылымға, мәдениетке, білімге, басқаруға және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады. Яғни, оларды ұдайы өндіріп тұру қажет. Ұдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Экономика және адам. Адамның экономикалық қызметтері (іс-әрекеттері).
2.Экономикалық мүдделер және экономикалық іс-әрекеттің басқа да ішкі себептері, Экономикалық адамның оңтайлы (ұтымды) іс- әрекеттерінің үлгі-модельлері.
3.Қоғамдық өндірістің құрылымы.
4.Өндіріс және ұдайы өндіріс. Өндіру, бөлу, айырбастау жөне тұтыну. Жай және ұлғаймалы (экстенсивті, интенсивті) ұдайы өндіріс.
5.Экономикалық игіліктердің ұдайы айналымы және экономикалық тұлғалардың өзара іс-әрекеттері.
ТЕСТ