Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
55.95 Кб
Скачать

Ұсынылытын әдебиет тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Темірбекова А.Б. Экономикалык теория. – Алматы: Экономика, 2008.⃰

  2. Экономикалық теория негіздері . Оқулық (Я.Ә.Әубакиров , К.Нәрібаев, М.Есқалиев) . – Алматы: Санат, 1998 .

  3. Экономикалық теория : оқу құралы (Я.Ә.Әубакиров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев).- Алматы: Қазақ университеті , 1999.

  4. Жалпы экономикалық теория . Оқулық / Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И./- Алматы , - Ақтөбе, 2002.

  5. Экономикалық теория : Оқу құралы / Мәуленова С-Ж.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. – алматы : Экономика , 2003

Қосымша әдебиеттер:

        1. Нарықтық экономиканың негіздері . Оқу құралы (Б.А.Жүнісов , Ұ.Е.Мамбетов, Ү.С.Байжомартов)- Алматы Республикасының баспа кабинеті , 1994

        2. Экономикс. Оқу құралы/ Я.Ә.Әубакиров , Д.Қ.Қабдиев , жіне т.б./ - Алматы: Экономика 1995.

        3. Б.Мәдешев . Нарықтық экономика теориясына кіріспе . Оқу құралы .- Алматы: экономика, 1995

        4. Экономикалық ілімдер тарихы: оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті , 1997.

        5. Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997

* Ескертпе: ХБА кітапханасында бар әдебиет жұлдызшамамен көрсетілген

Бақылау түрлері бойынша рейтингілік баллдарды бөлу

Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады. Пән 100 -балдық өлшемде бағаланады.

Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған(ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.

Емтиханға жіберу рейтингі (Рж), 1Рейтинг пен 2Рейтинг қорытынды бағаларының 60 балдан (ұпайдан) кем болмауын талап етеді.

Емтиханға жіберу рейтингі (Рж) төмендегідей есептеледі:

(1 рейтинг + 2 рейтинг):2 (орташа арифметикалық мәні)

Рейтинг 1 (рейтинг 2 де) ағымдағы бақылауларда алған бағалардың жиынтығын, бағалар санына бөліп, аралық бақылаудың бағасына қосып, қосындыны екіге бөлу арқылы анықталады (орташа арифметикалық мәні).

«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша балдардың жинақталу тәртібі.

Семестрдің алғашқы 7 аптасында «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша 1-6 сабақтарын/тапсырмаларын/ өту қарастырылады («Практикалық және зертханалық сабақтар, бақылау мен бағалаудың түрлері», «ОБСӨЖ-ын өткізу кестесі» силлабуста кесте түрінде көрсетілген).

Ағымдағы бақылаудың (Аб) орташа бағасы алынған балдардың орташаарифметкалық мәні бойынша анықталады.

Семестрдің келесі 8 аптасында «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша 7-13 сабақтарын/тапсырмаларын/ өту қарастырылады.

2 Рейтинг = (2Аб + 2Рб) : 2 құрайды.

Қорытынды бақылау Қб (емтихан) 100 балдық өлшемде бағаланады. Емтиханның нәтижесі 50 балдан кем емес балл жинағанда ғана(ең жоғары өлшем 100 балл), қорытынды баға есептеуге жіберіледі.

Қорытынды баға (Қб): (Рж+Қб):2 құрайды.

Егер студент емтиханда 50 балдан кем жинаса, қорытынды баға шығарылмайдыда пәннен академиялық қарызы болып қалады. Курстық жұмыс(жоба) тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Себепсіз дәрістен(лекция) қалу тапсырған тапсырманың бағасын 20 балға, практикалық және зертханалық сабақтардан қалу тапсырған тапсырмалардың бағасын 30 балға төмендетеді.

Белгілі себептермен сабаққа қатыспаған жағдайда қайталап өту қарастырылады.

Пәннің қорытынды бағасы балмен кестеге сәйкес сандық баламасымен, әріптік және дәстүрлік жүйемен көрсетіледі.

Балмен қорытынды баға (ҚБ)

Балдардың сандық баламасы (С)

Әріптік жүйемен бағалау (Ә)

Дәстүрлі жүйемен бағалау (Д)

95-100

4

А

Өте жақсы

90-94

3,76

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Орташа (Қанағаттанарлық)

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз