Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.78 Кб
Скачать

5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі

Рынок тепе-теңдігі анықталған бағамен сатушы сатқысы келетін тауар көлемі мен сатып алушы алғысы келетін тауар көлемі сәйкес болғанда қалыптасады (5.3 сурет).

5.3 сурет – Рынок тепе-теңдігі

Ұсынылған тауар көлемі мен сұраныс көлемі тең болган жағдайда орналасатын баға Pо тепе-теңдік баға деп аталады. Ал басқа бағалар теңсіз деп аталады.

Pо бағасына сәйкес Qо тауар көлемі тепе-теңдік тауар көлемі деп аталады.

Рынок тепе-теңдігінің төрт ережесі бар:

  1. Сұраныстың ұлғаюы, тепе-теңдік баға мен тепе-теңдік тауар көлемінің өсуіне әкеледі.

  2. Сұраныстың төмендеуі, тепе-теңдік тауар бағасы мен тепе-теңдік көлемінің төмендеуіне әкеледі.

  3. Тауар ұсынысының өсуі, тепе-теңдік бағаның төмендеуіне, бірақ тепе-теңдік тауар көлемінің өсуіне әкеледі.

  4. Ұсыныстың азаюы, тепе-теңдік тауар бағасының өсуі мен тепе-теңдік тауар көлемінің азаюына әкеледі.

Егер нарықта баға P1 (P1 кіші P0) болса, онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болады. Бұндай жағдайда нарықта тауар тапшылығы пайда болады (артық сұраныс). Ал егер теңдік бағадан баға жоғары (Р2 баға Р0 бағадан жоғары) болса, онда сұраныс көлемі ұсыныс деңгейіне жете алмайды. Бұл жағдайда артық ұсыныс орын алады (артық өндіру) (5.4 сурет).

5.4 сурет - Рыноктағы тапшылық пен артықшылық

5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі

Икемділік – проценттік өзгерудің қатынасымен көрсетілген бір экономикалық ауқымдылықтың екіншісінің өзгеруіне әсерлестік деңгейі. Баға бойынша сұраныс икемділігі мен табыс бойынша сұраныс икемділігі деген түсініктер бар. Баға бойынша сұраныс икемділігі – сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда, бағанын 1% қысқаруына байланысты сұраныс көлемінің өсуі. Икемділік өлшемі – икемділік коэффиценті. Ол бағаның 1%-ға өзгеруінен сұраныс проценті қаншаға өзгеретіндігін көрсетеді.

Ed=(ΔQxP) / (ΔPxQ)

Сұраныс икемді, егер икемділік коэфиценті бірден көп болса; сұраныс икемсіз, егер коэффициент бірден төмен болса. Сұраныстын икемділік бірлігі Ed=1 жағдайда пайда болады.

Баға бойынша сұраныс абсолютті икемсіз келесі жағдайларда:

- бірінші қажеттілік таарларға;

- өте төмен бағасы бар тауарларға;

- сатыпалушынын таңдау мүмкіндігі жоқ.

Табыс бойынша сұраныстың икемділігі табыстың 1 пайызға өсуімен келген тауарға сұраныс деңгейінің пайыздық өзгерістерін көрстеді. Табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффиценті:

Ed=(ΔQxI) / (ΔIxQ)

мұндағы I – елдің табысы.

Ұсыныс икемділігі – ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермеген жағдайда, бағанын 1 пайызға өскендегі ұсыныс көлемінің өсуі. Баға бойынша ұсыныс икемділігінің коэфиценті: Es=(ΔQxP) / (ΔPxQ).

Ұсыныс икемді, егер икемділік коэфиценті бірден көп болса; ұсыныс икемсіз, егер коэффициент бірден төмен болса. Ұсыныстын икемділік бірлігі Ed=1 жағдайда пайда болады.

Ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторлар:

- ұзақ сақтауға қабілеті мен сақтау құны. Егер тауар ұзақ уақыт сақталмаса (мысалы, тірі балық), оның ұсыныс икемділігі өте төмен болады;

- өндірістік үдерістің ерекшелігі. Егер өндіруші тауар көлемің баға өскенде көбейте алса, немесе баға төмендегенде басқа тауар шығаруға мүмкідігі болса, ұсыныс икемді болады;

- Уақыт факторы. Өндіруші бағанын өзгерісіне тез уақытта жауап қайтара алмайды. Құрал жабдықтар, шикізат және қосымша жұмыс күшін жалдауға белгілі бір уақыт керек (өндірісті кеңейту), немесе жұмысшыларды қысқартып, банк несиесімен есептесу қажет (өндірісті қысқарту) және т.б.