
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •Дәрістің қысқаша конспекті
- •1. Экономикалық теорияның пәні және әдістері
- •Экономикалық теорияның пәні
- •1.2. Негізгі экономикалық түсініктер
- •1.3.Экономикалық теорияның әдістері
- •2. Қоғамдық өндірістің негіздері
- •2.1. Адам және экономика
- •2.2. Экономикалық ресурстар мен өндіріс факторлары
- •2.3. Қоғамдық өндіріс, оның құрылымы мен нәтижесі
- •2.4.Ұдайы өндіріс
- •2.5. Экономикалық жүйелер
- •3. Меншік қатанастары және олардың экономикадағы орыны
- •3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
- •3.2. Нарықтық экономикада меншік формаларының көп түрлі болуы
- •4. Қоғамдық өндірістің нышандары. Тауарлы өндіріс
- •4.1.Қоғамдық шаруашылықтың натуралды және тауарлы формалары
- •4.2. Құн теориясы және шекті пайдалық теориясы
- •4.3. Ақшаның пайда болуы, мәні, қызметтері
- •4.4. Рыноктың мәні
- •5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •5.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар
- •5.2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар
- •5.3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі. Рынок тепе-теңдігі
- •5.4. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныс икемділігі
- •5.5. Тұтынушы мінез-құлқы теориясының негіздері
- •5.5 Сурет -Бюджет сызығы және немқұрайлылық қисығы
- •6. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориясы
- •6.1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні және түрлері
- •6.2. Өндірістік функция
- •6.3.Факторлар тиімділігінің көрсеткіштері. Шекті өнімділіктің азаю заңы
- •6.4. Өндірушінің шығындырын азайту және пайдасын максималдау
- •7. Кәсіпорын капиталының (корларының) айналымы
- •7.1. Кәсіпорын капиталының айналымы және қайта айналымы
- •7.2. Негізгі және айналмалы капитал
- •7.3. Өндіру уақыты және айналым уақыты
- •8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •8.1. Кәсіпорын шығындарының жіктемесі
- •8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары
- •8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы
- •9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
- •9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты
- •9.3. Пайыз капитал иесінің табысы ретінде
- •9.4. Жер рентасы жер иесінің фактлолық табысы ретінде
- •9.5. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде
- •10. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
- •10.1. Ұлттық экономика түсінігі. Ұлттық байлық
- •10.1 Сурет - Табыстар мен шығындардың ауыспалы айналымының макроэкономикалық моделі
- •10.2. Макроэкономикалық мақсаттар мен көрсеткіштер
- •10.3. Ұлттық шоттар жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •10.1 Кесте – хшб мен ұшж-нің айырмашылығы
- •11. Жалпы экономикалық тепе-теңдік
- •11.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. «ad-as» үлгісіндегі макроэкономикалық тепе-теңдік
- •11.2. Тұтыну мен қор жинауды ұлттық экономика деңгейінде талдау
- •11.3. Инвестициялар және жинақтау
- •11.4. Мультипликатор нәтижесі
- •11.5. Туынды инвестициялар және акселератор. «Ұқыптылық парадоксы»
- •12. Аутқымалы экономика
- •12.1.Нарықтық экономиканың даму кезеңділігі
- •12.2.Экономикалық цикл және оның түрлері
- •12.3.Орта мерзімді циклдың фазасы
- •12.4. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс
- •12.5. Циклға қарсы мемлекеттік реттеу
- •13. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •13.1.Жұмыс бастылық және жұмыссыздық
- •13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
- •13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
- •13.4. Жұмыссыздық және инфляцияның өзара байланысы. Филлипс қисығы
- •14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары
- •14.1. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
- •14.2. Ақша – несие жүйесі
- •14.3. Мемлекеттің қаржы жүйесі
- •15. Экономикалық өсу
- •15.1. Экономикалық өсу, оны өлшеу
- •15.2. Экономикалық өсудің факторлары
- •15.3. Экономикалық өсудің модельдері
13.2. Жұмыссыздықтың жұө көлеміне ықпалы. Оукен заны
Оукен заңы жұмыссыздық пен экономикалық белсенділіктің сандық өзара байланыстылығын сипаттайды. Осы заңға сәйкес ЖҰӨ-нің жыл сайынғы өсімі 2,7 %-ға тең болса, жұмыссыздық деңгейі бір қалпында қалады. ЖҰӨ-нің қосымша 2 %-ға өсімі жұмыссыздықтар үлесің 1%-ға төмендетеді. Дәл сол сияқты, әрбір ЖҰӨ өсімінің 2% төмендеуі жұмыссыздық деңгейің 1% көбейтеді.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары төмендегідей:
1. Жұмыссыздық ЖҰӨ-нің деңгейін төмендетеді және эқономикалық шығындарға әкеледі.
2. Жұмыссыздық табыстың жоғалуына, өмір деңгейін төмендетуге, қылмыстық әрекеттің өрлеуіне, өлімнің көбейуіне ықпал етеді.
3. Созылмалы жұмыссыздық кезінде жұмысшылар біліктілігі жойылады.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудегі негізгі төрт түрлі бағытын атауға болады:
Жұмысбастылықты өсіруді және мемлекеттік сектордағы жұмыс орын көбейтуді ынталандыру бағдарламалары;
Жұмыс күшін дайындау және дамыту бағдарламалары;
Жұмыс күшін жалға беруге жәрдемдесу бағдарламалары;
Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бағдарламалары.
Еңбек нарығының негізгі элементіне еңбек биржасы жатады. Еңбек биржасы – жұмыс күшін сату-сатып алу мәмлелерін жасауда жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызмет жүргізетін және жұмыссыздарды тіркейтін мекеме.
13.3.Инфляция, оның себептері мен түрлері
Инфляция – ақша айналымының заңының бұзылу. Ол қоғамдық ұдайы өндіріс үрдісінің диспропорциясынан және ақшаның құнсыздауына және ақша массасының айналымдағы нақты қажеттіліктен артық болуына әкелетін экономикалық саясаттың жетіспеушілігінен туындайды.
Инфляция себептері әртүрлі. Оларға мыналар жатады:
мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны жабу мақсатында қағаз ақша шығарылады;
мемлекеттің биік деңгейідегі өндірістік емес шығындары;
тауар тапшылығы;
тауар және қызмет бағасын қисынсыз жоғарылатуына мүмкіндік беретін бөлек тауар өндірушілердің монополиялық жағдайы;
өндірістің төмендеуі және т.б.
Сұраныс пен ұсыныс инфляциясының концепциялары инфляцияның әртүрлі себептерін қарастырады.
Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныстың өзгеруінен пайда болады. Ол жиынтық сұраныстың әр жылдық даму қарқынының өнім шығару қарқынынан асып кеткен жағдайда туындайды.
Ұсыныс инфляциясы өндіріс шығындарының өсу салдарынан пайда болған баға өсуіне тәуелді (жалақы, шикізат, матариалдардың және т.б).
Бағаның орташа жылдық қарқынының өсуіне байланысты баға инфляцияның келесі түрлері бөлінеді:
бірқалыпты немесе жылжымалы инфляция – әдетте ол жылына 10%-дан артылмайды;
шоқырақ инфляция – жылына 200%-ға дейін;
гиперинфляция – жылына 200%-дан жоғары.
Көріну нысандары бойынша инфляцияның ашық және жабық (басыңқы) түрін өледі. Ашық инфляция бағаның жалпы деңгейінің өсуінде анық көрінеді. Жабық инфляция мемлекеттік бағалар тұрақты болатын және «ресми» өспейтін орталықтандырылған экономикасына тән.
Сонымен қатар күтілген инфляцияны күтілмеген инфляциядан айыра білу қажет. Күтілген инфляцияны белгілі бір уақыт аралығына болжауға болады, немесе ол үкімет тарапынан «жоспарланады». Күтілмеген инфляцияға кенет бағаның секірісі тән, бұл ақша айналымы мен салық салу жүйесіне қолайсыз әсерін тигізеді.
Әртүрлі тауар топтары бойынша бағаның өсуіне байланысты балансталған және балансталмаған инфляцияны бөледі. Балансталған инфляция кезінде әртүрлі тауарлардың бағасы біреуі басқасына қатысты үнемі пропорцияда ауысып отырады. Балансталмаған инфляцияда әртүрлі тауарлардың баға қарқыны әртүрлі болады.
Инфляцияның бірнеше негізгі салдары бар. Біріншіден, қоғамдағы табыстарды:
а) кәсіпорын-монополистерге;
б) қаржылық құрылыстарға (талаулы пайыз бен ақша саудасынан баитын);
в) көлеңкелі экономикаға;
г) басқа салалар мен бөлек тұлғаларға қайта бөлу. Бұл жағдайда тұрақты бекітілген табыс алушылар (зейнеткерлер, студенттер, бюджет саласындағы жұмысшылар) көбірек зиян шегеді. Екіншіден, қатты инфляция жағдайында әдеттегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар бұзылады. Ақша құнын жоғалтады және өз функцияларын орындауды тоқтатады. Тауар айырбас үрдісі бұзылады. Өндіріс қысқарады. Шаруашылық байланыстар үзіледі. Қаржылық алып-сатушылық арта түседі, кәсіпорындар банкротқа ұшырайды, қоғамдық-саяси ретсіздік және т.б. орын алады.
Антиинфляциялық саясат – ақша айналымын реттеу, ақша көлемін қысу және тауар бағасының тез көтерілуін тоқтату мақсатында қабылданған мемлекеттің бағытын таңдап және оларды орындалу шаралары. Нарық экономикасы дамыған елдердің антиинфляциялық саясатының негізгі объектісі шығындар инфляциясы болып табылады. Сондықтан осындай саясат бағаларды және табыстарды шектеу және тоқтату, іскерлік белсенділікті несиені қымбаттату жолымен тежеу арқылы жүргізіледі.