Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
226.78 Кб
Скачать

8.2. Фирманың жалпы, орташа және шекті табыстары

Кәсіпорынның жалпы табысы - бұл кәсіпорының белгілі бір уақыт ішінде өндірілген өнімді сатудан алынатын табыс.

Орташа табыс – өнімнің бір бірлігіне жататын табыс, ол жалпы табыстың сатылған өнім көлеміне қатынасы. және игіліктің нарықтық бағасына тең.

Шекті табыс – әрбір қосымша өнім бірлігің өндірумен байланысты табыстың ұлғаюы.

Шекті өнім – бұл қосымша өнім, яғни өндірістің басқа факторлары тұрақты болған жағдайда қандай болса да өндіріс фактордың қосымша бірлігімен өндірілітің өнім көлемі.

Жеке бизнесті жүргізуге мүддесі болу ушін кәсіпкер минималды табыс алу керек. Бұл қажетті минималды табыс әдеттегі пайда деп аталады. Әдеттегі пайда кәсіпкердің жеке ресурстарын альтернативті пайдалану арқылы алынатын табыстарты толықтыру керек. Әдеттегі пайда өндіріс шығындарының элементі болып табылады.

Әдеттегі пайдадан аса алынатын табыс экономикалық немесе таза пайданы құрады. Экономикалық пайда жалпы табыстан жалпы шығындарды алу арқылы есептеледі.

Бухгалтерлік пайда жалпы табыстан сыртқы (бухгалтерлік) шығындарды алу арқылы есептеледі.

8.3. Жетілген бәсеке рыногындағы фирманың жағдайы

Фирма экономикалық тепе-теңдігің максималды пайданы өндірген жағдайда ғана қол жетеді. Фирма шекті табыс шекті шығынға тең болған жағдайда өзіне максималды пайданы қамтамасыз етеді (8.5 сурет):

МС = MR = P

8.5 сурет - Фирманың экономикалық тепе-теңдігі

Фирма өндіріс көлемің әрбір қосымша шығарылытын өнім бірлігі қосымша пайда әкеліп тұрғанда арттырады. Яғни шекті шығындар шекті табыстан аз болып тұрғанда фирма өндірісің кеңейте алады. Егер шекті табыстан шекті шығындар асып тускен жағдайда, фирма залал шеге бастайды.

9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар

Өндiрiс факторы нарығындағы тепе-теңдік. Фактор иесiнiң табысы өндiрiс факторының бағасы ретiнде.

Еңбек ақы еңбектің бағасы ретiнде. Пайыз капитал иесiнiң факторлық табысы ретiнде. Жер рентасы - жер иелерiнiң факторлық табысы. Пайда кәсiпкердiң факторлық табысы ретiнде.

9.1. Өндіріс факторларына сұраныстың туынды сипаты

Бөлу – бұл әрбір шаруашылық жүргізетің субъект қоғамның және кәсіпорынның өндірілген өнімінде қатысатын және қоғамның әрбір мүшесіне немесе өндіріс факторына келетін үлесін, санын, пропорциясын анықтайтын процесс. Жалпы қоғамдық өнімді немесеұлттық табысты өндіріс факторлардын (еңбек, жер, капитал) арасында бөлу қызметтік (функционалды) бөлу деп аталады.

Бөлудің экономикалық және әлеуметтік қызметің ажыратады. Экономикалық қызметі бөлудің ұлттық экономикаға қажеттіліктер, мүдделер, стимулдар жүйесі арқылы ықпал жасауда көрінеді. Әлеуметтік қызмет әлеуметтік қажеттіліктерді дамыту және қанағаттандыруға бағытталған.

Бөлу баға арқылы жүргізіледі. Сондықтан, табыстардың пайда болу экономикалық механизімін түсіну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторларына бағаның қойылатынын анықтау қажет.

Өндіріс факторлары – бұл ерекше тауар және нарықта өзінің ерекшеліктері бар:

1) Барлық өндіріс факторлары экономикалық және технологиялық өзара байланысты және бөлек қолданылмайды. Тауар өндіру үшін, бір-бірімен анықталған арақатынастағы өндірістің үш факторы болуы керек.

2) Әр факторға сұраныс көлемі, басқа факторлардың бағасының деңгейіне байланысты. Мысалы, жұмыс күшіне сұраныс тек жалақы деңгейіне байланысты емес, сонымен қатар сатып алынған машина, шикізат санымен және олардың бағасымен байланысты..

3) Өндіріс факторларына сұраныс және бағаның мөлшері тұтынушы сұранысынан туынды болады, өйткені құрал жабдықтары және жұмыс күші ақырғы есепте адамға қажетті тауар өндіру үшін қажет. Сондықтан, өндіріс факторларға сұраныс осы факторлармен өндірілетін тауарлардын сұранысына байланысты: мысалы, бидай өсіруге жарайтын жерге сұраныс бидай сұранысымен анықталады.

Өндіріс факторлардын бағасы сұраныс пен ұсыныс қатынасына тәуелді. Өз кезегінде, баға деңгейі және өзгеруі сұраныс пен ұсыныс динамикасына әсер етеді. Бәсекелестік күресте сұраныс пен ұсыныс, тауарларға баға өзгеруі арқасында өндіріс факторлардын иелері арасында табыс бөлінеді. Өндіріс факторлары рыногында тепе-теңдік басқа рыноктағыдай сұраныс пен ұсыныс тең болған жағдайда орналасады.

Өндіріс факторларынын өзара ауыстыру қасиеті бар. Бұл өнімнің әртүрлі тұтыну қасиеттерімен байланысты. Соңдықтан, кез келген өнімді әртүрлі факторлардың әртүрлі пропорциямен пайдалану жолымен өндіруге болады. Факторлардын өзара ауыстыру қасиеті ресурстардың шектелуімен және оларды тиімді пайдалану қажеттілікпен байланысты. Кәсіпкер тапшалықты және салыстырмалы қымбат өдіріс факторын азырақ пайдалануға сәйкес өндіріс технологиясын таңдайды.

Табыс – бұл белгілі бір уақыт аралығындағы шаруашылық қызметтер арқылы алынған ақша құралдары. Өндіріс факторлары иесіне табыс болып табылатындар, осы факторларды сатып алушылар үшін шығындар болып есептеледі.

Табыстар әр түрлі критерийлер бойынша жіктеледі. Субъекттердің иемденуі бойынша олар былай жіктеледі:

1) тұрғындардың;

2) кәсіпорындардың;

3) мемлекеттің;

4) қоғамның (ұлттық табыс).

Тұрғындардың табыстары ішінде алынған және нақты қолдағы бар табыстар шамасына байланысты:

1) номиналды табыс – бұл алынған ақшаның жалпы сомасы;

2) қолда бар немесе таза табыс – бұл салық төлегеннен соң қалған қалдық;

3) нақты табыс – баға өзгеруіне байланысты өңделген таза табыс.

Кәсіпорын табысы былай бөлінеді:

1) барлық өнімді өткізгеннен сон алынған шамаға тең жалпы табыс;

2) сатылған өнім бірлігі бойынша, жалпы табысты өткізілген өнім санына бөлу арқылы алынған орташа табыс.

3) қосымша өнім бірлігін сатқаннан қалыптасқан жалпы өнім өсімшесін білдіретін шекті табыс.

Дайындалған өнімді сату бойынша алынатын кәсіпорын табысы өндіріс факторларына байланысты таратылады. Еңбек ақы тиесілі еңбек үлесі бойынша, ал рента – қолданылған жер бөлігінің құны бойынша, пайда – пайдаланылған капитал көлеміне сәйкес қалыптасады. Осы факторлық табыстардың барлық түрлері нарықтық экономикада өндіріс факторларының бағасы ретінде жүреді.

Тұрғындардын табыстары тең емес, дифференциалған. Табыстардың теңсіздігінің себептері келесі: білім алу, оқу, қабілеттілік айырмашылықтар, мамандық ұнату және тәуекел, меншікті иелену, рыноктағы үстемлік, сәттілік, байланыстар, бақытсыздық және т.б.

Табыстардың теңсіздік дәрежесің өлшеу үшін Лоренц қисығы пайдаланады (графикте төмен майысқан қисық) (9.1 сурет).

АЕ сызығы елдегі абсолютті теңдікті көрсетеді. Бірақ тәжрибеде табыстар ешқашан тең бөлінбейді. Нақты жағдайды Лоренц қисығы көрсетеді. Қисықтың биссектрисадан майысу шамасы табыстарды бөлуінің теңсіздік дәрежесін көрсетеді. Осы дәрежені Джини коэффициентімен сипаттайды. Ол - графикте М алаптын осы алап жататын үшбұрыш алапына қатынасы:

Кдж = SM / SΔAEF

9.1 сурет - Лоренц қисығы

Табысты бөлу теңсіздігі өскен сайын коэффициент бір санына тырысады.

9.2. Еңбек ақы еңбек бағасы ретінде

Еңбек ақы – бұл еңбекшіге, оның еңбек күшің – табиғи және интеллектуалдық қабілеттерін - қолданған үшін төленетін төлем. Еңбек ақының шамасы келесі факторлардан тәуелді:

1. Еңбек күші құны, яғни өмір сүру мен жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз ететін жабдықтар құны. Бұл жерде жұмысшының өзі мен оның жанұясы материалдық және рухани тұрғыда қажет ететін шығындар мен жұмысшының кәсіби деңгейін жетілдіру шығындары қамтылады.

2. Жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі.

3. Жұмысшы біліктілігі мен оның еңбегінің сипаты.

4. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынас арқылы сипатталатын еңбек нарығының конъюнктурасы. Нақты еңбек ақы деңгейі мен кәсіпкерлер тарапынан еңбекке сұраныс арасындағы функционалды тәуелділік келесі графиктен байқалады (9.2 сурет):

9.2 сурет - Еңбекке сұраныс қисығы

Мұндағы L –сұраныс болып тұрған еңбек мөлшері, W/P - нақты еңбек ақы.

Нақты еңбек ақы өскенде кәсіпкерлер тарапынан еңбекке сұраныс кемиді.

Жұмысшылар тарапынан ұсыныс пен еңбек ақы арасындағы тәуелділік тікелей - еңбек ақы өскен сайын, жұмыс орнын алғысы келетіндер саны да өседі.

Еңбекті ұсыну қисығы қысқа мерзімінде вертикаль сызық болып көрінеді (LS1) (бұл кезде еңбек ұсынысының икемділігі төмен), ұзақ мерзімді кезеңде қисық дәстүрлі түрде бейнеледі (LS2) (9.3 сурет).

L

9.3 сурет - Еңбек ұсынысы қисығы

Бірақ басқа факторлардан басқа еңбек ұсынысына қарама қарсы әсер ететін екі фактор ықпалын тигізеді: ауыстыру эффекті және табыс эффекті. Ауыстыру эффекті еркін уақыт жоғары жалақыда потенциалды зиян ретінде қарастырылған кезде қалыптасады. Демалыс уақыты жұмыскерге өте қымбат болып көрінеді, сондықтан ол демалғаннын орнына жұмыс істеуге тырысады. Бұл еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі. Табыс эффекті жоғары жалақы бос уақытты көбейту мүмкідігінің көзі ретінде қарастырылғанда қалыптасады. Бос уақыттың өсуі еңбек ұсынысын азайтады. Еңбек ұсынысының графигі келесі түрде болады (9.4 сурет):

9.4 сурет - Ауыстыру эффекті және табыс эффекті

Еңбек күшіне сұраныс пен ұсыныс сәйкес келгенде, еңбек нарығында тепе-теңдік қалыптасады.

  1. Еңбек ақыны қоғамдастыру дәрежесі. Еңбек ақының бір бөлігі әр түрлі

салықтар мен мемлекеттік төлемдер арқылы қоғамдық қорға аударылады. Одан зейнет ақыны қамтамасыз етуге, тегін немесе жеңіл медициналық көмек көрсету қызметтеріне, білімге және т.б. бөлінеді. Бұл қорға неғұрлым көм төлем аударылса, соншалықты алынатын еңбек ақы қысқарады.

  1. Ұлттық, жыныс және діни ерекшеліктер.

Еңбек ақының номиналды және нақты түрлері болады. Номиналды еңбек ақы – жұмысшының еңбегіне төлегенде алатын ақша сомасы. Нақты еңбек ақы – жұмысшының номиналды еңбек ақыға алатын тауарлар мен қызмет көрсетулер мөлшері. Нақты еңбек ақы номиналды еңбек ақы мөлшерінен, алынатын салық шамасынан, тұтыну тауарлардың бағасынан тәуелді.

Еңбекке төлемді өлшеу тәсілдеріне сәйкес мерзімді және келісімді жалақы түрлерің бөледі. Мерзімді жалақы жұмыс жасалған уақытқа байланысты анықталады. Келісімді жалақы жұмысшының өндірген өнімінің көлеміне байланысты белгіленеді. Бұл жалақылардың әрқайсысы еңбек ақы жүйесін қалыптастырады. Олардың сипаты төмендегідей:

а) мерзімді қарапайым жалақы – сағат мөлшерлемесі және нақты жұмыс жасалған уақыт есебінен еңбек ақыны төлеу;

б) мерзімді-сыйақылы жалақы – сағат бойынша төлемдерге нақты сандық және сапалық көрсеткіштер бойынша жетістіктер үшін қосымша сыйақылар қосылып қарастырылады;

в) тікелей келісімді жалақы – мөлшерлі орындау дәрежесінен тәуелсіз, өзгермейтін даналық бағалау бойынша нақты өндірілген өнімге төлеу;

г) келісімді-сыйақылы жалақы – өзгермейтін бағалау бойынша төленетін төлемдермен қоса нақты еңбек көрсеткіштері бойынша жеткен жетістіктері үшін төленетін сыйақылы төлемдер.

д) келісімді-прогрессивті – орындау нормасы ішінде жалақы негізгі және өзгермейтін даналық төлем бойынша төленеді, ал мөлшерден тыс жоғары өнім өндіру – жоғарғы бағалаумен төленеді.

г) еңбекті аккордты төлем – орындалған жұмыс сапасын мен мерзіміне, көлеміне сәйкес жалпы еңбек ақыны келісім негізінде бекітіп төлем жүргізу (мысалы, әртүрлі ғимарат салу үшін).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]