
- •Силлабус
- •Лекция сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігіен жүргізетін өздік жұмыстарының тақырыптық жоспары
- •Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптық жоспары
- •Лекция сабақтарының мазмұны
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Бекіту сұрақтары:
- •Әдебиеттер
- •Семинар сабақтарының мазмұны
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігіен жүргізетін өздік жұмыстары
- •Студенттердің оқытушының жетекшілігіен жүргізетін өздік жұмыстары /45 сағат/
- •Терминдер:
- •Әдебиеттер:
- •8. Брей у., Трамп д. Археологический словарь. М.: Прогресс, 1990. — 368 с: ил.
- •Карталар тізімі:
- •Әдебиеттер:
- •Реферат тақырыптары:
- •Орындалған тапсырмаларға балл қою:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
Әдебиеттер
Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 5-том, Алматы, Атамұра, 2010.
Қосымша:Назарбаев Н. Қазақстан 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, Білім,1998-96 б.
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы, Өнер, 1996.
Назарбаев Н. Бейбітшілік кіндігі. Астана, Елорда, 2001.
Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. Алматы, Атамұра, 2003.
29-лекция. Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы
1. Елімізде қалыптасқан әлеуметтік құрылым.
2. Қазақстандағы жастар саясаты.
Тәуелсіздіктен кейінгі мемлекеттің әлеуметтік саладағы жүргізнен шаралары. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік қиындықтар. Жұмыссыздық білім беру жүйесі. Денсаулық сақтау жүйесі. Экология.
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты. Болашақ бағдарламасы. Кадрлық резерв.
Бекіту сұрақтары:
1. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік қиындықтар қандай болды?
2. Еліміздегі экологиялық апат аймақтарының бүгінгі келбеті қанадай?
3. Қазақстан Республикасының Болашақ бағдарламасы туралы не білесің?
Әдебиеттер
Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 5-том, Алматы, Атамұра, 2010.
Казахстанская молодеж на рубеже веков (А.С. сарсенбаев, Д.А. Калетаев, А.Т. Жайкенова). Астана, Елорда. 2000.
Қосымша:Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы, Өнер, 1996.
Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. Алматы, Атамұра, 2003.
30-лекция. Қазақстанның мәдени бет-бейнесі
1. Халыққа білім беру ісіндегі реформалар.
2. Қазақстанның қазіргі мәдениеті.
Білім беру жүйесі. Жалпыға ортақ орта білім жүесіне көшу. Балабақшалардың жабылуы. Жоғарғы оқу орындары және олардың дамуы.
Республиканың ғылыми өмірі. Ғылым академиясы. Ғылыми зерттеу институттары. Мәдени мұра бағдарламасы. Жаратылыстану және гуманитарлық саладығы ғалымдардың ғылыми еңбектері. Қазақстандықақын жазушылардың шығармашылығы. Театр, эстрада, бейнелеу өнері, кино салаларының дамуы. Телевидения, радио, баспа ісінің жетістіктері.
Бекіту сұрақтары:
1. Еліміздегі 100 мектеп бағдарламасы туралы не айтасың?
2. Еліміздегі мектепке дейінгі мекекмелердің жағдай қалай?
3. Мәдени мұра бағдарламасы бағдарламасы туралы не білесің?
Әдебиеттер
Негізгі:Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, 2004.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, 5-том, Алматы, Атамұра, 2010.
Қосымша:Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Егемен Қазақстан 2011.
Қазақстан Республикасының Президенті-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Егемен Қазақстан 28 қаңтар, 2012.
Семинар сабақтарының мазмұны
№ 1 семинар. Терминдерге анықтама беру.
Cеминар сабағының мақсаты: Тарих, тарих ғылымы, тарих ғылымының құрлысы.Тарихи процесс, тарихи құбылыс, тарихи оқиға, тарихи факт, тарихи деректер, тарихи уақыт, тарихи дәуір, тарихи кезең, Тарихнама, деректану, тарихи әдістер, тарихи пәндер, тарихи сана, терминдеріне анықтама беру. Сонымен қатар терминдермен жұмыс жасау арқылы тарихи терминдердің түсінігін игеру.
Негізгі түсініктер: Тарих, тарих ғылымы, тарих ғылымының құрлысы. Тарихи процесс, тарихи құбылыс, тарихи оқиға, тарихи факт, тарихи деректер, тарихи уақыт, тарихи дәуір, тарихи кезең, Тарихнама, деректану, тарихи әдістер, тарихи пәндер, тарихи сана, құлдық сана.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Тарих, тарих ғылымы, тарих ғылымының құрлысы.
2. Тарихи процесс, тарихи құбылыс, тарихи оқиға, тарихи факт, тарихи деректер, тарихи уақыт, тарихи дәуір, тарихи кезең,
3.Тарихнама, деректану, тарихи әдістер, тарихи пәндер, тарихи сана,
Әдістемелік нұсқау: Бірініші мәселе бойынша, тарих, тарих ғылымы, тарих ғылымының құрлысы деген терминдерге анықтама беру үшін, тарихи терминдік еңбектер мен энциклопедиялық анықтамалардың көмегіне жүгіну арқылы терминдердің анықтамасын табу керек. Екініші мәселе бойынша, Тарихи процесс, мәселесіне түсінік беру сонымен қатар деріктік мәліметтер бойынша, тарихи процеске мысал келіту керек. тарихи құбылыс, тарихи оқиға, тарихи факт, тарихи деректер, тарихи уақыт, тарихи дәуір. Дәуір – ғылымда негізгі үш мағынада орныққан ұғым. Астрономияда, геологияда және гуманитарлық ғылымдар мен философияда (жекелей алғанда тарих философиясында). Нақты мағынада қолданылмайды. Осы мәселерге қатысыты тарихи дәуірдің анықтамалақ түсінігіне тоқталу керек. Тарихи кезең - тарихи немесе әлеуметттік процестердің басталуынан аяқталуына дейінгі белестік уақыт аралығы. Адамзат қоғамының даму тарихын бөліп қарастыру жүйесі орнықан. Ал кезең деп, көбінесе жалпы адамзат тарихындағы немесе жеке ел тарихындағы белгілі бір әлеуметтік процес басым көрініс тапқан мерзімді атайтындығына тоқталу керек. Үшінші мәселе бойынша, тарихнама – тарихнама сөзінің мағынасына түсінік беру керек. Тарих ғылымындағы тарихнама ғылымының саласының даму кезеңдері туралы жалпы шолу жасау керек. Мәселен кеңестік дәуірдегі тарих ғылымындағы тарихнама ғылымының саласы мен Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымының тарихнамалық саласының ерекшіліктері мен айырмашылықтарына тоқталу керек. Деректану – дерек дегніміз не оның түрлері тарихи дерек, деректану ғылымының маңызы деген сұрақтарға жауап табу керек. Тарихи әдістер – оның түрлері тарих ғылымының зерттеуіндегі сүйенетін әдістерге тоқталу қажет. Тарихи пәндер, тарихи сана терминдеріне анықтама беру керек.
Әдебиет:
1. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негiздерi: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университетi, 2002. - 302 б.
2. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Ред. Басқ. М.Қ. Қаратаев. 12 томдық. Алматы. 1972- 1982.
3. Қазақ ССР. 4 томдық қысқаша энциклопедия. Бас. ред. М.Қ. Қозыбаев. Т.1, Алматы, 1984.
4. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Тарих./ жалпы редакциясын баскарған.,проф. А.Қ. Құсайынов – Алматы; «Рауан» баспасы, 2000.-312 б.
5. Қазақтар: Көпшілікке арналған 9-томдық анықтамалық Алматы, Қазақстанның даму институты, Т.1. Тарихи оқиғалар.1998. 432 б.
6. Қазақстан:Ұлттық энциклопедия. Бас. Ред. Ә. Нысанбаев, – Алматы, Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 10-томдық. 1- том. 1998, – 720 б.
8. Әбіл Е.,Әлібек Т., А. Күзембайұлы Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері (Некотрые вопросы методологии и теории истории Казахстана) Костанай – 2009. – 309 б.
№ 2 семинар. Қазақстан тарихының әлеуметтік, саяси және ғылыми рөлі.
Cеминар сабағының мақсаты: Тарих ғылымының тармақтары (әскери тарих, саяси тарих, экономикалық тарих, әлеуметтік тарих, дін тарихы, ғылымның тарихы, дипломатия тарихымен танысу арқылы тарих ғылымының тармақтарын танып білу. Тәуелсіз елдің жастарына ұлттық тарихи санананы қалыптастыру.
Негізгі түсініктер: әскери тарих, саяси тарих, экономикалық тарих, әлеуметтік тарих, дін тарихы, ғылымның тарихы, дипломатия тарихы, тәуелсіз тарихи санана, құлдық сана.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Тарих ғылымының тармақтары (әскери тарих, саяси тарих, экономикалық тарих, әлеуметтік тарих, дін тарихы, ғылымның тарихы, дипломатия тарихы және т.б.).
2. Қазақстан тарихының маңыздылығы және оның гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі рөлі
3.Тәуелсіз қазақ тарихы ғылымының дамуы және оның тәуелсіз тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
Әдістемелік нұсқау: Бірініші мәселе бойынша, тарих ғылымының тармақтары – әскери тарих, саяси тарих, экономикалық тарих, әлеуметтік тарих, дін тарихы, ғылымның тарихы, дипломатия тарихы және т.б. салаларына сипаттама беру. Зерттеу салаларына тоқталу қажет. Екінші мәселе бойынша, Қазақстан тарихының маңыздылығы және оның гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі рөлін деректерге сүйене отырып, ашып көрсету. Үшінші мәселе бойынша, Тәуелсіз қазақ тарихы ғылымының дамуы және оның тәуелсіз тарихи сананы қалыптастырудағы маңызына тоқталу. Қазақстан үкіметінің «Мәдени мұра» бағдарламасы оның тарих ғылымының дамуына қосқан үлесіне, тарихи жәдігерлермен тарихи еңбектердің халық игілігіне айналғандығына нақты мысалдар бойынша тоқталу қажет. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналаған аймақтық, республикалық және халықаралық дәрежедегі тарихи тәжірибелік конференциялардың өту ондағы баяндамалардың жинаққа басылып шығуы және тарихи ақтаңдақтардан арылған қазақ тарих ғылымының дамуына қосқан үлесіне тоқталу керек.
Әдебиет:
1. Қозыбаев М.Қ. Өркениет және ұлт-Алматы: 2001.– 369 б.
2.Күзембайұлы А., Әбіл Е., Әлібек Т., Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері. Қостанай, 2009. (инст. кітапханасы)
3. Күзембайұлы А. Тарих ғылымиы пәнінің қалыптасу белестері. // Ғасырлар тоғысындағы философиясы. Халықаралық ғылы-ми-практикалық конференциясының материалдары. – Қостанай, 2006. – 15-18 б.
№ 3 семинар. Тарих ғылымының теориялық мәселелері.
Cеминар сабағының мақсаты: тарих ғылымының теориялық мәселелері туралы семинар сабағында талдау арқылы студенттердің біліктілік дағдыларын арттыру.
Негізгі түсініктер: Тарих ғылымының функциялары, әлеуметтік ес функциясы, ғылыми-танымдық функциясы, тәрбиелік функциясы және саяси-идеологиялық функциясы, тарихи деректердегі ақпарат объективті және субъективті ақпарат, тіркелген және тіркелмеген ақпарат, жасырын ақпарат.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Тарих ғылымының функциялары (әлеуметтік ес функциясы, ғылыми-танымдық функциясы, тәрбиелік функциясы және саяси-идеологиялық функциясы)
2. Тарихи фактілердің түрлері
3. Тарихи деректердегі ақпарат (объективті және субъективті ақпарат, тіркелген және тіркелмеген ақпарат, жасырын ақпарат)
Әдістемелік нұсқау: Бірініші мәселе бойынша, тарих ғылымының функциялары (әлеуметтік ес функциясы, ғылыми-танымдық функциясы, тәрбиелік функциясы және саяси-идеологиялық функциясы). Екінші мәселе бойынша, тарихи фактілердің түрлеріне тоқталу қажет. Үшінші мәселе бойынша, тарихи деректердегі ақпарат оның түрлері: объективті және субъективті ақпарат, тіркелген және тіркелмеген ақпарат, жасырын ақпарат дегендер не? деген сұрақтардың жауабын ашу керек.
Әдебиет:
1. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негiздерi: оқу құралы.- Алматы : Қазақ университетi, 2002. - 302 б.
2 Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, Санкт-Петербург, 2004.
3. Күзембайұлы А., Әбіл Е., Әлібек Т., Қазақстан тарихы әдіснамасы және теориясының кейбір мәселелері. – Қостанай, 2009. (институт кітапханасында бар.)
№4 семинар. Қазақстан тарихының тарихнамасы
Cеминар сабағының мақсаты: Қазақтың дәстүрлі тарихнамасы тарихын таныту және кеңес уақытындағы Қазақстан тарихнамасының «ақтаңдақтарының» саяси астарын мәселені талқылау барысында ашу. Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымының дамуындағы соны пікірлер арқылы көздерін жеткізу.
Негізгі түсініктер:Қазақтың дәстүрлі тарихнамасы. Кеңес уақытындағы Қазақстан тарихнамасы. Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қазақтың дәстүрлі тарихнамасы.
2. Кеңес уақытындағы Қазақстан тарихнамасы.
3. Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымы.
Әдістемелік нұсқау: Бірінші мәселе бойынша, Қазақтың дәстүрлі тарихнамасы тарихын таныту және қазақи тарих, қазақ шежіресі, тарихи әңгімелер, тарихи аңыздар олардың тарихилығы мәселелерін еңбектер негізінде қарастыру керек. Мәселен, Қазақтың дәстүрлі тарихнамасы: «Әйгілі А.Левшин, В.Вельяминов-Зернов, Н.Аристов, А. Харузин, В.Радлов, Н.Остроумов, А.Нестеров және т.б. белгілі ғалымдар өз еңбектерінде шежіре мәліметтерін қазақтың этноқұрамын қарастыруға ғана қолданған. Халықтың тарихи жады сақтаған тарихи мәліметтер зерттеушілер үшін қызықты, құнды болуына қарай, әр заман тарихнамашылары қазақтың тарихи фольклор деректерін қажетсінді. Ш.Уәлиханов, Г.Потанин, Ә.Диваев, Н.Гродеков, И.Шангин сияқты шежіре жинаған ғалымдардың топтамалары архивте сақталған. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында еңбек еткен Ә. Диваев (1856-1933) қазақ халқының фольклор үлгілерін мол жинады. Шежіре деректерін этнография, этникалық тарих тұрғысынан зерттеп жазған Ә. Х. Марғұлан, Х. Арғынбаев, М.С. Мұқанов, В. Востров сияқты кәсіби тарихшылардың зерттеулерімен байланысты. ХІХ ғасырда «Қазақ шежіресі» атты мағынасы терең ғылыми мақала жазған ірі ғалым Ш. Уәлихановтың еңбегі елеулі. М. Тынышпаев, өз еңбегінде қазақ руларының жүйесі, шығу тегі, ата-тек кестелері мен халық саны туралы мәліметтер келтірген. Оның ізденістеріне А. Харузин, Н. Аристов, В. Бартольдтің еңбектері қатты әсер еткен. Орыстың шығыстанушы ғалымдарымен жақын таныса отырып, М. Тынышпаев бұл еңбекте олардың зерттеу әдістерінен көп тәлім алған. Тарихи мазмұн тұрғысынан шежірелердің деректеріне аса зор көңіл бөлген Ә.Марғұлан мен Е. Бекмаханов, М.Вяткиндердің есімдері алдыңғы қатарда тұр. Ерте және ортағасыр дәуірі тарихына қатысты қазақтың шежіресін қолдану нәтижелігін дәлелдеген ғалымдар осылар. Е.Бекмаханов өз зерттеулерінде қазақтың қария сөзін қолдану қажеттілігін дәлелдеп, қазақы тарихи деректерді қолданса, М.Вяткин тарихи-шежірелік деректерді Сырым батыр қозғалысын қарастыруға пайдаланды деген сықылды мәселер тұрғысынан баяндау керек.
Екінші мәселе бойынша, кеңес уақытындағы Қазақстан тарихнамасының «ақтаңдақтарының» саяси астарын мәселені талқылау барысында ашу. Кеңестік кезеңдегі белгілі бір еңбектерді мысалға алып, сөйлеуге болады. Үшінші мәселе бойынша, Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымының дамуына тарихи мәселелерге қатысыты анықталаған соны пікірлерге тоқталу.
Әдебиет:
1. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Қазақ шежіресі. Алматы, 1993.
2. Шәкірім Құдайбердіұлы. Қазақ шежіресі. Алматы, 1993.
3. Козыбаев М.К. Историография Казахстана: уроки истории А. 1990.
4. Мұхаметқанұлы Н. Тарихи зерттеулер: Шежірелік деректер. /Дайынд. А.Қожабеков. А, 1994.
6. Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстана (1861-1917 гг.). - Москва, 1987.
7. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана: дореволюционный период / Академия наук Казахской ССР, Институт Истории, Археологии и Этнографии им. Ч. Ч. Валиханова .- Алма-Ата "Издательство "Наука" Казахской ССР", 1988.- 264 с.
№ 5. семинар. Көшпенділік - экономикалық өндірістің ерекше түрі.
Cеминар сабағының мақсаты: Қазақстандағы шаруашылық өмір және экономикалық қатынастардың дамуна байланысты тарихи біліктіліктерін семинар сабағы арқылы шыңдай түсу.
Негізгі түсініктер: Номадизм (грек. nomás, род. падеж nomádos - көшпенді). Көшпелілік шаруашылық-мәдени типі, еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақ.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Номадизм ұғымы.
2. Мал шаруашылығының негізгі формалары.
3. Номадтардың сыртқы әлемге бейімделуі.
Әдістемелік нұсқау: Бірініші мәселе бойынша, Номадизм ұғымы. көшпенді шаруашылықтың пайда болуы және дамуына тарихи еңбектер деректеріне сілтеме жасай отырып тоқталу керек. Мәселен, Номадизм-:Номадизм (грек. nomás, род. падеж nomádos - көшпенді) Көшпелілік –көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдықта еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта қалыптасты. Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері үшін мал күзету, аң, балық аулау, егін егу тұрмыстың дағдылы машығына айналды. Көшпелілік отырықшылар мәдениетімен тікелей өзара байланысты болды, өйткені олар Шығыс пен Батыс елдері арасында делдалдық рөл атқарды. Екінші мәселе бойынша, Мал шаруашылығының негізгі формалары оның даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау беру керек. Мәселен, Негізгі көшудің түрлері: ендік, бойлық, шеңберлі.Көшпелілік басталған б.з.д. 1-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының ортасына дейінгі аралықта малшы тайпалар алдымен шөл далалардағы сусыз аймақтарды қыстық жайылым ретінде игерді. Содан соң көшудің меридиандық, жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерін игерді. Шеңберлік немесе айналмалы көшпелілік дегеніміз — белгілі бір шеңбермен, ортадағы су көзінен алыстамай, айнала көшіп-қонып отыру. Әдетте, бұл көшпелілік малды құдықтан немесе көлден суаратын малшы тайпалар тәжірибесінде болған. Ендік көшпелілік – батыстан шығысқа, одан соң шығыстан батысқа көшіп-жылжып отыратын көшпеліліктің түрі. Негізгі формалары көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы. Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды? деген мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар: «Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты», – дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен – Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді. Олар: мал басының өсуі, ерте темір дәуірінің басында бақташының атқа мінуі, біртіндеп жылқыны мініске үйретіп, алдымен, сүйек ауыздықты, содан соң қола, кейініректе темір ауыздықты, одан үзеңгіні, ертоқымды пайдалануы көшпелі мал шаруашылығының дамуына, ғасырлар бойғы мал бағудың тәжірибесінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілік тек шаруашылықты жүргізудің түрі ғана емес, бұл тұрмыс-тіршіліктің де түрі екендігін дәлелдеу. Үшінші мәселе бойынша, Номадтардың сыртқы әлемге бейімделуі. Дәстүрлі көшпенділік шаруашылық оның өзіндік ерекшеліктері оның дәстүрлі шаруашылық мәдени экономикасының дамуына тигізетін маңызын ашу тағыда басқа мәсчелелерді қамту керек. Мәселен, Номадтардың тұрмыс-тіршілігі көшпенділікпен тығыз байланыста болды. Барлығы малмен байланысты. Мысалы киім, тамағы, ыдысы көшіп қонуға ыңғайлы болған. Одан кейін киіз үйдің пайда болуы көшіп қонуға ыңғайлы жасалуы. Сөйтіп номадтар сыртқы әлемге бейімделу үшін түрлі амал шарттар қолданғандығына тоқталу керек.
Әдебиет:
1. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, Т.1. Алматы, Атамұра, 1996.
2. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, Т.2. Алматы, Атамұра, 1998.
3. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, Т.3. Алматы, Атамұра, 2002.
4. Кузембайулы А., Абиль Е. История Казахстана. Алматы, «Санат», 1996.
5.Масанов Н.Э.Кочевая цивилизация казахов: основы жизнедеятельности номадного общества. М.; Алматы: Социвест-Горизонт, 1995.
6. Толыбеков С.Е. Кочевое общество казахов в ХVІІ – начале ХХ века: Политико-экономический анализ. Алма-Ата: Наука, 1971.
7. Хазанов А.М. Кочевники и внешний мир. Изд. 3-е, доп. – Алматы: Дайк-Пресс, 2000.– 604с.
№ 6 семинар. Қазақстандағы шаруашылық өмір және экономикалық қатынастар.
Cеминар сабағының мақсаты: Қазақстандағы шаруашылық өмір және экономикалық қатынастардың дамуна байланысты тарихи біліктіліктерін семинар сабағы арқылы шыңдай түсу.
Негізгі түсініктер: Отырықшы шаруашылық, қала және қала мәдениеті, сауда, қолөнер.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Отырықшы шаруашылықтың пайда болуы және дамуы.
2. Қала және қала мәдениеті.
3. Сауда және қолөнер.
Әдістемелік нұсқау: Бірініші мәселе бойынша, Отырықшы шаруашылықтың пайда болуы және дамуына тарихи еңбектер деректеріне сілтеме жасай отырып тоқталу керек.
Екінші мәселе бойынша, қала және қала мәдениеті оның даму ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау беру керек. Үшінші мәселе бойынша, сауда сауданың маңызы оның ел экономикасының дамуына тигізетін маңызын ашу және қазақ ұлттық қолөнер оның даму ерекшелігінің тарихына тоқталу керек.
Әдебиет:
1. Кузембайулы А., Абиль Е. История Казахстана. Алматы, «Санат», 1996
2.Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, Т.1. Алматы, Атамұра, 1996.
3. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, Т.2. Алматы, Атамұра, 1998.
4. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, Т.3. Алматы, Атамұра, 2002.
5. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия. Астана: «Фолиант». 2000-260б.
№ 7 семинар. Этнос және этникалық тарих
Cеминар сабағының мақсаты: «Этнос», «этникос», «халық», «ұлт», «ру» және «тайпа» терминдері ғылыми тұрғыда игеру. Этногенез, этникалық тарих және этникалық процестер түсінігі. Этнос теориясы туралы білімді семинар сабағында талдау арқылы игеру. Алғашқы адамдар туралы археологиялық деректерді келтіру, сақ-скиф тайпаларының қазақ этносының қалыптасуындағы ролі, ұқсастықтары, айырмашылықтарын көрсету, қаңлы, үйсін, ғұн тайпаларының қазақ этносына ықпалы, оның қалыптасуындағы тигізген әсерін талдау арқылы тарих білімін меңгеру.
Негізгі түсініктер: «Этнос», «этникос», «халық», «ұлт», «ру» және «тайпа» терминдері.
2. Этногенез, этникалық тарих және этникалық процестер түсінігі.Этнос теориясы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. «Этнос», «этникос», «халық», «ұлт», «ру» және «тайпа» терминдері.
2. Этногенез, этникалық тарих және этникалық процестер түсінігі.
3. Этнос теориясы.
Әдістемелік нұсқау: Бірініші мәселе бойынша, «Этнос», «этникос», «халық», «ұлт», «ру» және «тайпа» терминдерінің түсінігіне берілген шежірелік деректер, жазба тарихи мәліметтер, антропологиялық зерттеулермен тарихи еңбектердегі анықтамалар арқылы тоқталу. Екінші мәселе бойынша, Этногенез, этникалық тарих және этникалық процестер түсінігіне тарихи еңбектер бойынша таладу жасау. Үшінші мәселе бойынша, этнос теориясы бойынша жазылған авторлордың еңбектерін салыстыра отырып, берілген анықтамалар мен түсініктері бойынша пікір қорыту.
Әдебиет:
1. Абиль Е. Этногенез казахов. Опыт системного подхода.- Костанай, 1997.
2.Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, Т.1. Алматы, Атамұра, 1996.
3. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. Л. 1990. Историография дореволюционного Казахстана. Алма-Ата, «Наука», 1984.
4. Қ.Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы.1997,-128б.
5. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Қазақ шежіресі. Алматы, 1993.
6. Шәкірім Құдайбердіұлы. Қазақ шежіресі. Алматы, 1993.
7. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы. Алматы, 1994
8.Тоқтабай А.У. Түрік халықтарының этнографиясы (анықтама). Алматы 2002.
№ 8 семинар. Қазақ этногенезінің негізгі кезеңдері.
Мақсаты: Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың этникалық тарихын, қазақ этногенезінің негізгі кезеңдерін қарастыру, этникалық процестердің мазмұнын ашып көрсету.
Негізгі түсініктер: этногенез, этникалық бірлестік.
Қарастырылатын сұрақтар:
Қазақ этногенезінің көне дәуірі.
Түркі этникалық бірлестігінің қалыптасуы және оның түркі халықтарының негізіне айналуы.
XII-XV ғасырлардағы қазақ этникалық қалыптасуы.
Әдістемелік нұсқаулар:Бірінші сұрақты қарастыру кезінде Қазақстан территориясын көне заманда мекендеген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының шығу тегіне тоқталу керек. Осы тайпалар жөніндегі ежелгі авторлардың мәліметтерін саралау. Ғұн, хұн этнонимдері. Тайпалардың орналасуы.
Екінші мәселені талқылау барысында Түркі тайпалар одағының қалыптасуына назар аудару керек. Түркі мемлекеттерінің этникалық құрылымын қарастыру. «Түркі» терминінің мазмұнын ашу. Түріктердің этносаяси тарихы. Еуразия тарихындағы Түрік қағанатының рөлі. Қарлұқтар арасында исламның таралуы. Найман, керей ұлыстары. Қарахандар мемлекеті. Оғыз мемлекеті. Қимақ қағанаты. Қыпшақ хандығы. Қыпшақ этносының қалыптасуы.
Келесі сұрақты қарастырғанда қазақ халқының шығу тегін және этникалық тарихын жан-жақты талдаған жөн. Моңғол шапқыншылығы (Алтын Орда) дәуірінде қазақ жеріне келіп қосылған тайпалар. Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Көшім хандығы тұсындағы ру-тайпалардың қазақ хандығығының негізін салуға қосқан үлесі. Қазақ этносының қалыптасуы ықпал еткен факторлар.
Әдебиет:
1. Абиль Е. Этногенез казахов. Опыт системного подхода.- Костанай, 1997.-110 с.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 1996.
3. Қазақстан тарихы. Ежелгі уақыттан қазіргі кезеңге дейін. Очерк. Бас. ред. М.Қ.Қозыбаев. Алматы, Дәуір, 1993.
4. Қ.Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы.1997,-128б.
5. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Қазақ шежіресі. Алматы, 1993.
6. Шәкірім Құдайбердіұлы. Қазақ шежіресі. Алматы, 1993.
№ 9 семинар. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының теориялық мәселелері
Мақсаты: Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің пайда болуының алғышарттарын ашып көрсету, қазақ даласындағы ежелгі мемлекеттердің ерекшеліктеріне тоқталу.
Негізгі түсініктер: Мемлекет теориясы, теологиялық теория, патриархалдық теория, қоғамдық келісім теориясы, географиялық теория және т.б.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Мемлекет теориясы.
2. Қазақстан территориясындағы ежелгі және ерте ортағасырлық қоғамдарда мемлекеттілік элементтерінің қалыптасуы.
3. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы.
Әдістемелік нұсқаулар: Жоспардың алғашқы сұрағын талдау барысында мемлекет, мемлекеттілік ұғымдарына анықтама беру қажет. Мемлекет туралы теориялар: теологиялық теория, патриархалдық теория, қоғамдық келісім теориясы, географиялық теория және т.б. Сондай-ақ мемлекеттің негізгі белгілері мен атқаратын функцияларын атап көрсеткен жөн.
Екінші мәселені ашу барысында Қазақстан территориясындағы ежелгі протомемлекеттерге сипаттама беру керек. Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттері. Территориясы мен әкімшілік аумағы. Соғыс өнері. Билік жүргізу. Басқа халықтармен қарым-қатынасы. Түрік және Батыс түрік қағанаттары. Түркеш қағанаты. ХІ-ХІІІ ғғ. Түрік мемлекеттері. Басқару жүйесі және мемлекеттік аппарат.
Үшінші сұрақты қарастырғанда Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Қазақ хандығының құрылуы. Саяси тарихы. Территориясы мен әкімшілік аумағы. Хандық таққа отыру ережесі. Билік жүргізу. Көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасы. Салық жинау. Басқару жүйесі. Лауазым қою.
Әдебиет:
1. Кузембайулы А., Абиль Е. История Казахстана. Алматы, «Санат», 1996.
2. Абиль Е. История государства и права Республики Казахстан с древнейших до начала ХХ века. Курс лекций. Астана: ИКФ «Фолиант». 2000 г. -188 с.
3. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1, 2, 3-том, Алматы, Атамұра, 1996, 1998, 2002.
4. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия. – Астана: «Фолиант». 2000–260б.
№ 10 семинар. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
Мақсаты: дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан әр әлеуметтік топтың қоғамының әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамудағы өзіндік орнын анықтау.
Негізгі түсініктер: ақсүйектер, қарасүйектер, ақсақалдар, қоңсылар, жатақтар, төлеңгіттер, байғұстар, және құлдар.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қазақ қоғамындағы шаруалардың рөлі.
2. Қазақ қоғамындағы ақсүйектер тобы.
3. Қазақ қоғамындағы басқа әлеуметтік топтар.
Әдістемелік нұсқаулар: Семинардың бірінші мәселесін талдау кезінде алдымен қоғам, әлеуметтік құрылым және әлеуметтік топ түсініктерінің мәнін ашу керек. Сосын қазақ қоғамының негізгі тірегі – қазақ шаруаларының қоғамдағы рөлін анықтау қажет. Билер, батырлар институты. Рубасылар мен ақсақалдардың қызметі.
Екінші сұрақты талдауды ақсүйектердің шығу тегін анықтаудан бастаған жөн. «Төре», «ақсүйек» терминдеріне анықтама беру. Қазақ заңдарындағы әлеуметтік топтардың құқықтары. Сұлтандардың мүліктік және әлеуметтік жағдайы. Қожалар. Қожа сөзінің этимологиясы.
Келесі сұрақты қарастырғанда қазақ халқының құрамындағы басқа да әлеуметтік топтардың шығу тегіне, ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Қоңсылар, жатақтар, төлеңгіттер, байғұстар, және құлдар.
Әдебиет:
1. Кузембайулы А., Абиль Е. История Казахстана. Алматы, «Санат», 1996.
2. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1, 2, 3-том, Алматы, Атамұра, 1996, 1998, 2002.
3. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында. – Алматы, 1992.
4. Исенов Ө.И. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым жүйесі. ҚМПИ, 2010.
5. Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и иновации. – Караганда, 1993.
№ 11 семинар. Қазақ хандығының құқықтық жүйесі.
Мақсаты: Қазақ мемлекетіндегі құқықтық нормаларды қарастыру, түрлі кезеңдерде құқықтық жүйеге енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды саралау.
Негізгі түсініктер: . «Қасым ханның қасқа жолы»: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мүлік дауы. «Есім ханның ескі жолы»: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мүлік дауы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағы.
2. «Жеті Жарғы» заңдар жинағы.
3. Билер институты.
Әдістемелік нұсқаулар:Көрсетілген алғашқы сұрақты талдау кезінде қазақ жерінде құқықтық жүйенің қалыптасуын, Қасым хан мен Есім ханның заңдар жинағын салыстыру қажет. «Қасым ханның қасқа жолы»: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мүлік дауы. «Есім ханның ескі жолы»: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мүлік дауы.
Екінші мәселеде «Жеті Жарғы» заңдар жинағына енгізілген өзгерістерді талдаған жөн. Қылмыстық құқық. Әмеңгерлік. Сот шешімін орындау амалы. Жазалау түрі. Отбасы-неке құқығы. Меншік құқығы. Шарттар мен міндеттемелер.
Студенттер келесі сұрақта қазақ қоғамындағы билердің атқарған қызметін ашып көрсетуі тиіс. «Би» термині. Қазақтың атақты билері. Шешендік өнер.
Әдебиет:
1. Кузембайулы А., Абиль Е. История Казахстана. Алматы, «Санат», 1996.
2. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1, 2, 3-том, Алматы, Атамұра, 1996, 1998, 2002.
3. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, Жалын, 1994.
4. Зиманов С. Өсеров Н. Қазақ әдет – ғұрып заңдарына шариаттың әсері (монография). Алматы: Жеті жарғы, 1998.
5. Культеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. - Алма-ата, 1995.
№ 12 семинар. Қазақстан халқының рухани мәдениеті.
Мақсаты: студенттерге қазақ халқының рухани мәдениеті жөнінде ақпарат беру, қазақ халқының мәдениет саласындағы жетістіктерін насихаттау.
Негізгі түсініктер: Пиктография, Діни жоралар, анимизм, тотемизм және магия.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Діни нанымдар мен табынушылықтар.
2. Бейнелеу өнері.
3. Тіл және жазу.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселеде мәдениет ұғымына анықтама беріп, рухани және материалдық мәдениетті бір-бірінен ажырата білу керек. Рухани мәдениеттің пайда болуы және дамуы. Археологиялық ескерткіштер. Жерлеу ғұрпы. Өнер мен діннің шығуы. Діни жоралар. Анимизм, тотемизм және магия.
Келесі сұрақты қарастырғанда бейнелеу өнерінің тарихына тоқталу керек. Скифтік-сібірлік аң стилі. Аңдарды, хайуандарды және аңыздардағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу. Ою-өрнектер. Ою-өрнек түрлері: геометриялық, өсімдік тектес, зооморфтық, символдық. Петроглифтер – жартастардағы суреттер. Таңбалы аңғары.
Адамдардың ойлау жүйесі мен сана сезімінің дамуы. Адам тілінде абстрактілі түсініктердің пайда болуы, ақпарат алмасу. Пиктография. Жазудың пайда болуы. Руналық жазулар.
Әдебиет:
1. Кузембайулы А., Абиль Е. История Казахстана. Алматы, «Санат», 1996.
2. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1, 2, 3-том, Алматы, Атамұра, 1996, 1998, 2002.
3. Н. Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, Жалын, 1994.
4. Х. Маданов. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы: 1995.
5. Хасенов Ә. Қазақстанның ХІV-ХVІІІ ғасырлардағы мәдениеті, Алматы,1987.
№ 13 семинар. Көшпенділердің әскери өнері.
Мақсаты: әскери өнердің даму тарихын қарастыру, қазақ батырларының ерен ерліктерін баяндау арқылы патриоттық тәрбие беру.
Негізгі түсініктер: қазақ-жоңғар соғысы, Тоныкөк, Күлтегін.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Әскери іс және қару-жарақ.
2. Көне замандағы және ортағасырдағы батырлар.
3. XVI –XVIII ғасырлардағы қазақ батырлары.
Әдістемелік нұсқаулар:Бірінші сұрақты талдау кезінде көшпенді тайпалардың әскери өнеріндегі ерекшеліктерді ашып көрсету қажет. Соғыс жүргізу тәсілдері. Қару жарақ түрлері: садақ, айбалта, қылыш, шоқпар, найза және т.б. Жауынгерлік киім үлгілері. Жауынгерлік тулар.
Екінші мәселені сақ патшайымдары Томирис пен Зарина, Еуропаны дүр сілкіндірген Еділ патша ерліктерін қарастырудан бастаған жөн. Тоныкөк, Күлтегін. Қырымның қырық батыры.
Аталмыш мәселені қарастырғанда қазақ-жоңғар соғысы кезінде ерлік көрсеткен батырларға ерекше назар аударған жөн. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек және т.б. батырлар.
Әдебиет:
1. Аманжолов К. Тасболатов А. Қазақстанның әскери тарихы. А.1999
2. Жолдасбекұлы М.Ж. Елтұтқа: Ел тарихының әйгілі тұлғалары.( М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғара ұлы., А. Сейдімбек). Астана Күлтегін, 2001, 357 б.
3. Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы әфсаналар. Алматы, Жалын, 1994. 2-кітап.
4. Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1, 2, 3-том, Алматы, Атамұра, 1996, 1998, 2002.
№ 14 семинар. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі.
Мақсаты: Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қызметіне тоқталу, партиялардың саяси өмірдегі рөлін ашып көрсету.
Негізгі түсініктер: «Азат», «Поколение», «Лад», «Азамат» саяси қозғалыстары. «Өрлеу» қоғамдық қозғалысы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қоғамдық ұйымдар
2. Қоғамдық қозғалыстар.
2. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы.
Әдістемелік нұсқаулар:Бірінші сұрақта қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру үрдісіне тоқталу керек. 1991 жылғы «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң. Кәсіподақ ұйымдары.
Екінші мәселеде «Невада-Семей» қозғалысының құрылуын, әйелдер қозғалысын қарастыру керек. «Азат», «Поколение», «Лад», «Азамат» саяси қозғалыстары. «Өрлеу» қоғамдық қозғалысы.
Келесі сұрақты талқылау кезінде Қазақстан қоғамында партиялар рөлінің күшеюін айқындау керек. Саяси партиялардың құрылуы. «Алаш» ұлттық бостандық партиясы. Қазақстанның Халық Конгресі партиясы, Қазақстанның комунистік партиясы, «Отан» партиясы, «Ауыл» партиясы және т.б.
Әдебиет:
1. Кузембайулы А., Абиль Е. История Казахстана. Алматы, «Санат», 1996.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, V-том. Алматы, Атамұра, 2010.
3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия. – Астана: «Фолиант». 2000–260 б.
№ 15 семинар. Қазақстандағы білім және ғылым реформалары.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның білім және ғылым саласында болған өзгерістерді қарастырып, жүргізілген реформаларды талдау.
Негізгі түсініктер: «Білім туралы» Заң, «Болашақ» бағдарламасы, Оқытудың несиелік технологиясы. «Бакалавр-магистр» жүйесі.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Білім жүйесінің реформалары.
2. Ғылымның дамуы.
3. Қазақстанның тарих ғылымы.
Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші мәселе бойынша студент мектепке дейінгі білім, орта білім және жоғарғы білім беру салалларында болған өзгерістердің оң және теріс жақтарын саралай білуі керек. 1999 жылғы маусымда қабылданған «Білім туралы» Заң. Бірыңғай ұлттық тестілеуді енгізу. «Болашақ» бағдарламасы. Оқытудың несиелік технологиясы. «Бакалавр-магистр» жүйесі.
Екінші сұрақты қарастыру кезінде жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы Қазақстан ғылымын реформалаудың нәтижелерін ашып көрсету қажет. Ұлттық Ғылым академиясы. Ғылымды басқару. Ғылыми қызметкерлердің жағдайы.
Семинардың үшінші сұрағын талқылағанда тарих ғылымына тәуелсіздікпен келген тың өзгерістер туралы айту керек. Байсалды ғылыми еңбектердің жазылуы. Қазақ мемлекеттіліг мен халықтың қалыптасуы, мемлекеттік шекараның орнығуы тарихын зерделеу. Ұлт-азаттық қозғалыстардың өзекті проблемалары. Тарих жөніндегі оқулықтардың қазіргі жағдайы.
Әдебиет:
1. Кузембайулы А., Абиль Е. История Казахстана. Алматы, «Санат», 1996.
2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, V-том. Алматы, Атамұра, 2010.
3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия. – Астана: «Фолиант». 2000–260 б.
4. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. ХХ век. А., 1997