
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1. Бүйректің сүзіліс, қайта сіңіріліс және сөлініс шамаларын бағалайтын әдістер.
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •1.Несеп шығарылуына қабылданған су мөлшерінің әсері және питуитриннің несеп түзілуіне қарсы әсері.
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
1.Тақырып 1: Несеп түзілу механизмдері (шумақтық сүзіліс, түтікшелік кері сіңірілу және сөлініс). Балалардағы ерекшеліктері.
2.Мақсаты: несеп түзілуінің физиологиялық механизмдерін түсіндіру; бүйрек қызметтерінің сан алуандығымен танысу; жалпы несеп анализін интерпретациялай білуді үйрету және сүзіліс, қайта сіңірілу, сөлініс мөлшерлерін бағалай білу.
3.Оқытудың міндеттері:
Студент білу керек:
-несеп түзілу механизмін және бүйректің гомеостатикалық қызметін;
-бүйректің функциональдық күйінің көрсеткіштерін есептеу, бағалау және анализдеу.
Студент жасай білуі керек:
-шығару жүйесінің қызметін, маңызын және бүйректің қызметін- осы жүйенің гомеостатазды және бейімделу реакциясын қамтамасыз ететін негізгі ағза
-нефрон жұмысының негізгі механизмін түсіндіру (сүзіліс, қайта сіңірілу және сөлініс)
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Бүйректің негізгі қызметтері (экскреторлық, инкреторлық, метаболикалық, гомеостатикалық). Нефрон- бүйректің қызметтік бірлігі. Бүйректегі қанайналым.
2. Шумақтық сүзіліс механизмі, бірінші реттік несептің құрамы.
3. Түтікшелік қайта сіңірілу механизмі. Айналдыра кері ағызу жүйесі.
Бүйрек түтікшелеріндегі сөлініс. Соңғы несептің құрамы.
4. Бүйректің гомеостатикалық қызметі. Бүйректің эндокриндік қызметі
5. Бүйрек қызметін зерттеу әдістері. Несеп түзілу мен несеп шығарылуының жасқа сай өзгерістері.
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
1.Бүйректің сүзіліс, қайта сіңіріліс және сөлініс шамаларын бағалайтын әдістер.
2. Бүйрек қызметін зерттеу әдістері
3.Несеп шығарылуына қабылданған су мөлшерінің әсері және питуитриннің несеп түзілуіне қарсы әсері.
Зертханалық жұмыстарды орындау жолдары:
1. Бүйректің сүзіліс, қайта сіңіріліс және сөлініс шамаларын бағалайтын әдістер.
Бүйректің қан айналамын кейбір заттардан тазарту қабілетін гемо-ренальдық клиренс деп атайды. Кез келген заттың клиренсін (С) анықтау үшін осы заттың плазмадағы (Р), несептегі (U) мөлшерін және белгілі уақыттағы (1-минуттегі) шығарылатын несеп шамасын (V-минуттық диурезді) білуі керек. Клиренстің (С) формуласы:
U
С=- --------------- x V;
P
Бүйректің сүзіліс қызметі оның түтікшелерінде қайта сіңірілмейтін және тек қана сүзіліс арқылы шығарылатын заттардың тазарту коэффиценті бойынша анықталады. Осындай заттарға инулин мен креатинин жатады. Инулиннің (фруктозаның полисахариды, молек. салмағы 5000) тазарту коэффиценті сүзіліс мөлшері немесе стандарт ретінде алынады. Оның клиренсі 125 мл/мин/кв.м тең. Сондықтан қандай да бір заттың клиренсі осы саннан жоғары болса,онда ол зат қаннан тек шумақтар арқылы сүзіліспен ғана емес сонымен бірге ол түтікшелерде сөлініс бойынша бөлінеді (мысалы: диодраст). Ал егер заттың клиренсі 125мл/мин төмен болса, онда осы заттың едәуір бөлшегі капилляр шумақтарындағы сүзілістен кейін түтікшелерде қайтадан сіңіріледі (мыс: глюкоза, оның клиренсі О мл/мин).
Практика жүзінде бүйректің сүзіліс-қайта сіңіріліс қызметтерін есептеп шығару эндогенді креатинин және инулин бойынша жасалады. Креатининнің сүзіліс мөлшерін анықтау формуласы:
Uкр
Скр=----------------х V,
Ркр
Мұнда-Uкр-несептегі мөлшері;
Ркр-плазмадағы мөлшері
V-мин. диурез
Қалыпты жағдайда креатининнің сүзіліс мөлшері 100мл/мин (Е.М.Тареев 1950)
Бүйрек түтікшелеріндегі креатининнің қайта сіңірілуін (R) анықтау формуласы:
Cкр-V
R=--------------х 100,
Скр
Мұнда- Скр- креатининнің клиренсі;
V-минуттық диурез
Қалыпты жағдайда креатининнің қайта сіңірілуі 97-99 %-ке тең болады.
Есеп: Креатинин мен инулиннің берілген шамалары бойынша бүйректің сүзіліс және қайта сіңірілу қызметтерін анықтау керек.
1.Pкр= 0 , 001 мг% Uкр=0 , 075 мг% V= 1,6 мл/мин
2 Рин= 0, 095 мг% Uин=2,76 мг% V=4,2 мл/мин
Есептелген көрсеткіштер шамасы қалыпты жағдаймен салыстырылып бағаланады.
2. Бүйрек қызметін зерттеу әдістері оқу құралы Г.И. Косицкийдің 69 бет,54 жұмысынан қараңыздар