- •Сыртқы экономикалық қызмет есебі.
- •Негізгі құралдарды жөндеу есебі.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты.
- •2.Көмекші өндіріс сипаты.
- •Кассадағы ақша қаржыларын түгендеу.
- •Дайын өнім есебі.
- •Есеп айырысу есебі міндеттері. Кәсіпорынның қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны мен тәртібі.
- •Шығындардың жалпы сипаты.
- •Есепті тұлғаға ақша беру тәртібі. Іс-сапар бойынша шығындарды төлеу.
- •Қаржылық есептіліктің мәні және түрі. Оған қойылатын талаптар.
- •Бухгалтерлік баланстың мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақы жүйесі мен нысаны.
- •Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау тәртібі.
- •2.Пайда мен залал туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •2.Капиталдағы өзгерістер туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •1.Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысу тәртібі. Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысудың топтамалық және талдамалық есебі.
- •Қорлар есебінің міндеті, олардың жіктелуі.
- •Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жалпы сипаты.
- •Қорлар қозғалысын құжаттау.
- •Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі. Құрылыс материалдарының қозғалысын құжаттау.
- •Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.
- •Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттау.
- •Материалдардың топтамалық және талдамалық есебін ұйымдастыру; қоймадағы материалдарды түгендеу.
- •Сауда кәсіпорындарындағы тауарлық операциялар есебінің міндеттері. Сауда кәсіпорындарындағы жұмысшылардың материалдық жауапкершілігі.
- •Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айрысу есебі. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айрысу есебі.
- •Бөлшек сауда кәсіпорындарына тара және тауар түсу есебі, құжаттау.
- •Дебиторлық берешектер есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •Тауарлы материалдық қорларды бағалау әдістері.
- •1.Дебиторлық берешек есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •1. Негізгі құралдардың құн түрлері.
- •2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- •1. Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері.
- •2. Міндеттемелер есебі.
2.Капиталдағы өзгерістер туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
Ұйымның меншікті капиталы қозғалысы мен жадайы туралы жарияланған капитал туралы төленбеген және қосымша төленген капитал өзгерістер туралы сонымен қатар резервтік капитал және үлестірілмеген табыстың тұрылуы туралы көрсеткіштер қамтылды.меншікті капитал өзгерістер туралы есеп №1 ҚХЕС және Ұлттық қ,есептің №2 стандартына сәйкес жасалады мекеменің есепті кезеңіндегі қаржылық есеп берудың жеке нысаны түрінде ұсынылады.
Билет 16
1.Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысу тәртібі. Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысудың топтамалық және талдамалық есебі.
Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әр қайсысына бір айға төленуге тиісті еңбек ақыныңжалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбек ақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап одан ұсталынуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбек ақы сомаларын жинақтап қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу тізілімі деп атайды. Ұйымдарда бұл тізімдеме әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырылады.Еңбек ақы жөінде есеп айырысу төлеу тізімдемесі әрбір жұмысшылар мен қызметкерлер бойныша есептелген еңбек ақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Бұл тізімдемеде жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік нөмері, оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбек ақылары мен одан ұсталынатын ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен соңындағы кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорынға қарыз сомалары көрсетіледі.Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу тізімдемесі бойынша ұйымның кассасынан өзіне тиісті еңбек ақыны алып, қол қояды.Бұл тізімдеме бойынша біріншіден жұмысшылар мен қызметкерлермен еңбек ақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден бұл тізімдеме еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдамалы есебі болып табылады, ал үшіншіден ол тізімдеме арқылы жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбек ақыларын төлейді.Тізімдемені толтыру барысында оның ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебі 3350 – «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»деп аталатын топтамалық, пассивті шотта есептеліп жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерлерде көрсетіледі.
2.Бюджетке төленетін салықтар және міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу есебі. Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу есебі.Көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды. Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында Кодекстің нормалары қолданылады. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады. салық заңнамасының қолданылуы Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін. Салық салудың міндеттілігі принципі Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Билет 17
