Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фииииин учет ответ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134 Кб
Скачать
☆
  1. Дайын өнім есебі.

Дайын өнім негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның бір тұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сыпау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсімделеді.Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Қабылдау-тапсыру құжаты (накладнойы) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау- тапсыру құжатының (накладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін. Қабылдау-тапсыру құжаты (накладнойы) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау- тапсыру құжатының (накладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін. Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады.

  1. Тәжірибелік тапсырма.

Билет 10

  1. Есеп айырысу есебі міндеттері. Кәсіпорынның қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны мен тәртібі.

Кәсіпорында есеп айырысу екі түрлі әдіспен жүргізіледі.Қолма –қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз . Қолма-қол ақшасыз есеп-айырысу-төлем төлеушінің есеп-айырысу шотынан белгілі бір соманы алушының есеп-айырысу шотына аудару немесе талаптарды ақшасыз өзара есепке жатқызу.

Қолма-қол ақшасыз есеп-айырысу қаржы айналымын тездетеді, айналыс шығынын қысқартады.

Қолма-қол ақшасыз есеп-айырысу түрі несие мекемелері арқылы немесе солардың бақылауымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістер қолданылады: қолма-қол ақшаны аудару, төлем тапсырмаларын ұсыну, чектерді беру, вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беру, төлем карточкаларын пайдалану, тікелей дебеттік банкі шоттарына аудару, тапсырма-талап төлемдерін ұсыну, инкассалық жарлығын ұсыну, Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдалану.

Бұл есеп-айырысу түрінде қолданылатын негізгі төлем құжаттарының түрлері:

-төлем талаптары;

-төлем тапсырыстары;

-чектер;

-вексельдер;

-аккредетивтер;

-салық қызметінің инкассолық нұсқаулары;

-кеден органдарының инкассолық нұсқаулары.

Қаржылар банктердегі есеп-айырысу шоттарына және оларда сақтаулы салымдар есебінен немесе банк несиесі есебінен аударылады.

  1. Шығындардың жалпы сипаты.

Шыгындар - активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.

Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады.

Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:

  1. пайда болу орны бойынша- өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;

  2. өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша - оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек;

  3. шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша - экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау баптарымен.

Өндірістің технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есептеудің бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және өндіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, кәсіпорынның шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын атайды.

Өндіріске кететін шығын есебіне 8110 «Негізгі өндіріс», 8310«Көмекші өндіріс»шоттары пайдаланылады

Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды атауға болады:

- өндіріс типі;

- өндірістің күрделілігі;

- шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;

- өндіріс циклының ұзақтылығы;

- аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі.

Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін

  1. Тәжірибелік тапсырма.

Билет 11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]