
- •Сыртқы экономикалық қызмет есебі.
- •Негізгі құралдарды жөндеу есебі.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты.
- •2.Көмекші өндіріс сипаты.
- •Кассадағы ақша қаржыларын түгендеу.
- •Дайын өнім есебі.
- •Есеп айырысу есебі міндеттері. Кәсіпорынның қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны мен тәртібі.
- •Шығындардың жалпы сипаты.
- •Есепті тұлғаға ақша беру тәртібі. Іс-сапар бойынша шығындарды төлеу.
- •Қаржылық есептіліктің мәні және түрі. Оған қойылатын талаптар.
- •Бухгалтерлік баланстың мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақы жүйесі мен нысаны.
- •Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау тәртібі.
- •2.Пайда мен залал туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •2.Капиталдағы өзгерістер туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •1.Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысу тәртібі. Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысудың топтамалық және талдамалық есебі.
- •Қорлар есебінің міндеті, олардың жіктелуі.
- •Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жалпы сипаты.
- •Қорлар қозғалысын құжаттау.
- •Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі. Құрылыс материалдарының қозғалысын құжаттау.
- •Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.
- •Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттау.
- •Материалдардың топтамалық және талдамалық есебін ұйымдастыру; қоймадағы материалдарды түгендеу.
- •Сауда кәсіпорындарындағы тауарлық операциялар есебінің міндеттері. Сауда кәсіпорындарындағы жұмысшылардың материалдық жауапкершілігі.
- •Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айрысу есебі. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айрысу есебі.
- •Бөлшек сауда кәсіпорындарына тара және тауар түсу есебі, құжаттау.
- •Дебиторлық берешектер есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •Тауарлы материалдық қорларды бағалау әдістері.
- •1.Дебиторлық берешек есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •1. Негізгі құралдардың құн түрлері.
- •2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- •1. Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері.
- •2. Міндеттемелер есебі.
Еңбекақы жүйесі мен нысаны.
Еңбекақы негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді:
а)Негізгі еңбекақыға төмендегі тәсілдермен есептелген жалақы жатады: -тариф және бекітілген жалақы бойынша нақты атқарған жұмыс күндеріне сәйкес есепптеу;
-дайындалған өнім көлеміне,атқарылған қызмет пен жұмыс түрлеріне қарай арнайы бағалау арқылы есептеу
б)Қосымша еңбекақыға келесілер жатқызылады:
-Ақылы демалыс
-мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған кездегі төлемдер
-өндірістен қол үзіп оқу кезінде төленетін төлемдер
-тұрақты жұмысқа жол үстінде немесе жолшыбай сипатта болған жағдайда төленетін төлемдер
-жұмысқа жарамсыздық парақтары бойынша төленетін төлемдер
-әртүрлі сыйлықтар
Және т.б.
Ұйымның әр жұмыскері жұмысқа қабылдаған кезде Еңбек Келісім шартында көрсетілген еңбекақы төлеу шарттары мен жүйесіне сәйкес еңбекақы ақшалай немесе натуралдық түрде есептеліп төленуі мүмкін.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
"Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық (өріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және каржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеру нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғысынан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттісінің есепті жылдың ішінде қаржылық есебінің құрамында беріледі.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді (таблицаны) пайдаланады, онда келесі акпараттар келтіреді (ақша қаражатының қозғалысын жанама әдәспен есептеу):
өткен және есепті жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырмалы және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады;
өткен және есепті жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметтің этикесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, сондай-ак есепті кезеңнің срнындағы таратылмаған табысы (зияны) салыстырылаады.
Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда қызмет түріне (операциондық, инвестициялық немесе қаржылық) сомалардың үлес салмағын анықтауға болады.
Тәжірибелік тапсырма.
Билет 14
Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау тәртібі.
Еңбекақыға қатысты төленетін салық түрлері:Табыс көзінен ұсталатын жеке табыс салығы,Әлеуметтік салық,зейнетақы жинақтау қорына аударылатын міндетті жарналар және еңбеккерлердің міндетті әлеуметтік сақтандыру аударымдары.
Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар:Жеке табыс салығы және зейнетақы жарнасы.Салық жылындағы салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар салық төлеуші болып танылады.
Салық салынатын нысандар:
Салық салынатын табыс көздері
Салық салынбайтын табыс көздері
Еңбекақыға теңгерілген жеке тұлғалардың табысынан ұсталатын салық ставкасы 10%.ЖТС есептеу кезінде еңбекақысының ең төменгі жалақы мөлшеріне тең бөлігі салық салудан босатылады.
Жеке тұлғаларға қатысты жеке табыс салығының есебі 3120 «ЖТС» пассивтік шотында жүргізіледі.Табыс салығының есебі ай сайын жасалады.Айлық төленгеннен кейінгі 25 жұлдызынан кешіктірілмей еңбекақыдан ұсталған ЖТС бюджетке аударылады.Есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 жұлдызынан кешіктірілмей салық комитетіне тоқсандық есеп тапсырылып отырады.
ЖТС=(еңбекақы сомасы – 10% - төменгі жалақы18660)*10%