Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фииииин учет ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134.31 Кб
Скачать
  1. Есепті тұлғаға ақша беру тәртібі. Іс-сапар бойынша шығындарды төлеу.

Аванстық есеп беруді құру және өңдеу тәртібі.

Өнеркәсіптік – шаруашылық қызметі барысында ұйым өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс – сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақысыз есеп – айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғары да аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма – қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілген тұлғаларға беріледі. Есеп беруге тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының незізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерия тапсырады.Аванс есептерін бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайталылады.Есеп беруге тиісті адамдар өзіне берілген аванстарды толық қайтармаса, онда олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.Егер де ұйым қызметкері Қазақстан Республикасының аясында іс – сапарға баратын болса алты айлық есептік көрсеткіштер деңгейінде тәулік ақысы төленеді, демалыс және мейрам, сондай – ақ жолы болған күндері де қоса есептелінеді.Нақты іс – сапар орнына барған және сол жерден шыққан күндері бойынша іс – сапар куәлігіне белгі соғады. Егер де еңбеккер бірнеше мекен – жайларға жіберілсе, сол барған жерлері бойынша түгел белгі соғуы тиіс. Іс – сапарға шыққан және келген күндері куәлікке көрсетілген күнмен сәйкес келуі тиіс. Әдетте, іс – сапар мерзімі жолда жүрген уақытын есепке алмағанда қырық күннен аспауы керек.Іс - сапар бойынша өткізілген аванстық құжаттар бойынша белгіленген норматив деңгейінде және тиісті құжаттармен дәлелденген жағдайда: іс-сапарда көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындармен қоса броньга кеткен шығыстары да қоса алынады.Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша кәсіпорын қызметкері есеп береді. 1250 шотында жоғарыда келтірілген баптармен қатар, еңбеккерлердің кем шыққан және жоғалған нүктелерінің (ақша, тауарлы – материалдық құндылықтары т.б.) орның толтыру бойынша есебі көрніс табады.Кем шығудың нәтижесінде кәсіпорын шеккек зияны немесе құндылықтардың бұзылуы нарық бағасы бойынша есептеледі, егер де заңмен басқа да тәртібі қаралмаса.Келтірілген материалдық зиянды еңбеккерлердің жалақысынан ұсталуы мүмкін.

  1. Қаржылық есептіліктің мәні және түрі. Оған қойылатын талаптар.

Есеп беру деп кәсіпорының өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметің кешеді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ, мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін сондай-ақ шаруашылық қызметті талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективиті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын (үйлесімдігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Билет 12

  1. Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебінің міндеттері; жұмыс уақытын пайдалану есебі.

Еңбекақыны есептеуде жұмыс уақытын есепке алатын айлық еңбек табелі негізгі құжат болып саналады.Еңбекақы негізгі және қосымша болып бөлінеді.

1Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөледі.

Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер келесі екі топқа бөлінеді:

1.Өнеркәсіптің өндірістік жұмысщшылар мен қызметкерлері.

2.Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы-қызметкерлері.

Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.

Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.

Бухгалтерлік есепте жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындардағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың «тізімдегі саны» деп аталады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны кәсіпорындар мен ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс уақыты да есептеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі-кәсіпорындар мен ұйымдардың кадрлар бөлімінде жүргізіледі.

Кадрлар бөлімінде келесі алғашқы құжаттарды пайдаланады:

-Жұмысқа алу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-1;

-Басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық түрі Т-5;

-Демалыс беріуі жайлы бұйрық түрі Т-6;

-Жұмыстан шығарылуы жайлы бұйрық түрі Т-8.

Істелген жұмыс уақыты көрсеткіші жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген өнімнің өнімділігін есептеуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген мөлшерін орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күшінің балансын жасауға қолданады.

Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары бойынша реттік өмірі санына қарай жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]