
- •Сыртқы экономикалық қызмет есебі.
- •Негізгі құралдарды жөндеу есебі.
- •Шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты.
- •2.Көмекші өндіріс сипаты.
- •Кассадағы ақша қаржыларын түгендеу.
- •Дайын өнім есебі.
- •Есеп айырысу есебі міндеттері. Кәсіпорынның қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нысаны мен тәртібі.
- •Шығындардың жалпы сипаты.
- •Есепті тұлғаға ақша беру тәртібі. Іс-сапар бойынша шығындарды төлеу.
- •Қаржылық есептіліктің мәні және түрі. Оған қойылатын талаптар.
- •Бухгалтерлік баланстың мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақы жүйесі мен нысаны.
- •Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жеке тұлғалардан табыс салығын ұстау тәртібі.
- •2.Пайда мен залал туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •2.Капиталдағы өзгерістер туралы есептілік мазмұны және құру тәртібі.
- •1.Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысу тәртібі. Еңбекақы бойынша персоналдармен есеп айырысудың топтамалық және талдамалық есебі.
- •Қорлар есебінің міндеті, олардың жіктелуі.
- •Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жалпы сипаты.
- •Қорлар қозғалысын құжаттау.
- •Құрылыстағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі. Құрылыс материалдарының қозғалысын құжаттау.
- •Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі.
- •Негізгі құралдардың қозғалысын құжаттау.
- •Материалдардың топтамалық және талдамалық есебін ұйымдастыру; қоймадағы материалдарды түгендеу.
- •Сауда кәсіпорындарындағы тауарлық операциялар есебінің міндеттері. Сауда кәсіпорындарындағы жұмысшылардың материалдық жауапкершілігі.
- •Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айрысу есебі. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айрысу есебі.
- •Бөлшек сауда кәсіпорындарына тара және тауар түсу есебі, құжаттау.
- •Дебиторлық берешектер есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •Тауарлы материалдық қорларды бағалау әдістері.
- •1.Дебиторлық берешек есебі.
- •Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.
- •1. Негізгі құралдардың құн түрлері.
- •2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі
- •1. Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері.
- •2. Міндеттемелер есебі.
1. Негізгі құралдардың тозуы және амортизация есептеу әдістері.
Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысы отырып, біртіндлеп тозады, яғни физикалық күштердің , техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы өндіріс процесіне қатысу негізінде тозады. Тозу – бұл табиғи және сапалық қасиеттерін жоғалту процесі. Табиғи тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың ықпалының нәтижесі болып табылады. Сапалы тозу негізгі құралдардың ғылым мен техниканың даму талаптарына сәйкес келмеуі.
Негізгі құралдардың амортизациясы – бұл біртіндеп тозып жатқан негізгі құралдардың құнын дайындалған өнімге немесе кезең шығындарына апару процесі. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгілі бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды
Ұйымдардағы негізгі құралдардың тозу есебі бухгалтерлік есепте 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» бөлімше шоттарында жүргізіледі.
2421 – үйлер мен ғимараттардың тозуы;
2422 – машиналар мен жабдықтардың тозуы;
2423 – көлік құралдарының тозуы;
2424 – басқадай негізгі құралдардың тозуы;
Толық амортизацияланған негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінбейді. Тозуды есептегенде 8040 "Үстеме шығындар" бөлімшесіне өндірістік шоттары, 8045 "Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы" қолданылады.
Бұл кезде төмендегідей бухгалтерлік жазу беріледі:
Дт 8045 "Негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің амортизациясы"
Кт 2420
Жалпы шаруашылық мақсаттағы және коммерциялық құрылымдардың негізгі құралдарының тозуы 7210"Жалпы және әкімшілік шығындар" шотында ескеріледі.
Бұл кезде төмендегідей бухгалтерлік жазу беріледі:
Дт 7210
Кт 2420
Өткізілетін орындарда тауарларды сақтауға арналған негізгі құралдар бойынша 7110"Тауарларды өткізу бойынша шығындар" шотында негізгі құралдардың тозуы көрсетіледі. Бұл кезде төмендегідей бухгалтерлік жазу беріледі: Дт 7110
Кт 2420
Амортизацияны есептеген кезде ұйым келесі әдістердің біреуін пайдалана алады:
а) Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі;
б) Өндірістік әдіс;
в) Жылдамдатып есептен шығару әдісі:
- Қалдық құнның кему әдісі;
- Кумулятивтік әдіс.
Жоғарыда аталған әдістік тек біреуі ғана таңдап алынып, есеп саясатында көрсетілуі тиіс, және есепті кезең ішінде өзгертуге жатпайды. Материалдары пайдаланылған «Альянс» серіктестігінде барлық негізгі құралдарына осы жоғарыда аталған амортизациялық аударым есептеудің тек бір ғана бірқалыпты түзу сызықты әдісі қолданылып отыр. Бұның себебі не деген сұраққа қәсіпорынның бухгалтерлік бөлімінің мамандары қай әдісті қолданғанмен салық кодексі негізінде салықтарды төлеуге тиіспіз және онсыз болмайды деп жауап береді. Екіншіден барлық есеп жұмысы қолмен жасалатын ұйым үшін негізгі құралдардың түрлеріне немесе пайдалану орнына қарай әрбір әдісті қолданып отыру көп еңбекті, уақытты қажет ететіндігі сөзсіз.