Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фииииин учет ответ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
134.31 Кб
Скачать

1.Дебиторлық берешек есебі.

Дебиторлық берешек дегеніміз- білгілі бір ұйым алдындағы басқа бір ұйымның, жеке азаматтың , тағы басқа дебиторлардын ақшалай түрдегі берешегі. Дебиторлық берешек әр түрлі операциялардың жүруі барысында көбіне несиеге тауарлар алғанда, қызмет көрсеткенде пайда болады. Дебиторлық берешек- ол сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздық міндеттемелері болып табылады.

Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, туарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынадай шоттарында жүреді:

1210 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты;

1220 "Алынған вексельдер" шоты;

1230 "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқадай қарыздары" шоты. Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымддстырылуын қарастырайық. 2110 "Алынуға тиісті қарыздар" шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық қарыздар, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.

  1. Тауарларды бөлшектеп сату есебі және құжаттау.

Бөлшек саудадағы тауарлар есебі 222 «Алынған тауарлар» шотында жүргізіледі ,оған мынадай субшоттары ашылады:

1330\1 субшоты – «Бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы тауарлар» ,онда бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы сақталып тұрған тауарлар есепке алынады. Есеп дайын өнім және материалдар есебі сияқты санына және құнұна қарай, сатып алу бағалары бойынша жүргізіледі.

1330\2 субшоты – « Бөлшек сауда сату үшін алынған ,сатып алынған тауарлар» ,онда материалдық жауапты адамдардың (аға сатушылардың,бөлім меңгерушілердің т.б.) жауапкершіліктеріне тұрған тауарларды есепке алады. Есепке алу сату бағалары бойынша (сатып алу бағасы, ҚҚС және сауданың үстеме бағасы қосылады) жүргізіледі. Есепке алу сол тауардың құны бойынша жүргізіледі.

1330/3 субшоты - «Тауардың үстеме бағасы». Бұл субшотта сату үшін берілген тауарлардың барлық түрі (тауар топтары бойынша сараланып) белгіленген мөлшердегі үстеме бағасы бойынша есепке алынады. Соның нәтижесінде сатуға берілген тауарлардың бағасы үстеме бағасынан асып түседі. Тауарлар сатылғаннан кейін тауардың үстеме баға қызылмен жазылып, олардың құқын кемітеді; үстеме баға кәсіпорынның тауарларды сатқаннан тапқан табысы болып табылады. Сатылған тауардың үстеме бағасын белгіленген үлгі бойынша есептен шығарады.

1330/4 субшоты «Тауар бағасына қосылған құн салығы». Бұл субшотта сатуға берілген тауар бағасына енгізілген ҚҚС сомасын көрсетеді. Тауар бағасына үстеме бағасы мен ҚҚС қосылады да, сөйтіп ол тауардың сатылу құнын құрайды (қалыптастырады). Осы бағалар бойынша тауарлар түтынушыларға және басқа сатып алушыларға сатылады. Сатып слынған тауардың сомасына тек бақылау-кассалық машинасынан алынған чек беріледі, онда сатылған тауардың сату бағасы бойынша құны көрсетіледі, бірақ бір күнде қанша тауар сатып алынған бағасы бойынша сатылғаны туралы мәлімет көрінбей қалады.Міне, бөлшек саудада құжаттау жұмысының қиындығы осында.

Тасымалдау, сақтау және жіберу кезінде өнімдердің, тауарлардың сақталуын ұйымдастыру сауда кәсіпорындарында үлкен мән беріледі.Тара- өткізу үрдісінде тауарлардың сапалы және санды сақталуын қамтамасыз ететін, тауарларды тасымалдау және сақтауға арналған өнім (бочка, жәшіктер, мешоктар, коробкалар, контейнерлер, бутылкалар және т.б.). Тауардың бір бөлігі ретінде саналуына байланысты тараларды ішкі және сыртқы деп екіге бөледі. Қолдану мақсатына байланысты таралар бір рет қолданылатын және көп қолданылатын болып екіге бөлінеді.Бір рет қолданылатын тараға қолданылғаннан кейін есептен шығарылған тара жатады, олар ұсталғаннан соң қайта пайдалануға жарамайды (балық сақтайтын жәшіктер мен бочкалар және т.б.).Көп қолданылатын тара міндетті түрде қайтаруды талап етеді, ал жабдықтаушы құжатында жеке көрсетілгендері төлеуге жатады.Сауда кәсіпорындарында тараның келіп түсуінің негізгі көзі тауармен жабдықтаушылар болып табылады.Тараны қабылдау кезінде нақты санының ілесе жүретін құжаттардағы санымен сәйкестігін; тара сапасының техникалық жағдайларға сәйкестігін тексеру қажет.Тауарларды жеткізу келісім шартында тараларды қайтару қарастырылған болса, онда осы тараға екі данада сертификат жазылады, оның біреу жабдықтаушыда, екіншісі жүкалушыға шотпен қосып жіберіледі.Сертификатта тараның атауы, саны , бағасы, қайтару уақыты көрсетіледі.Тараның топтамалық есебі 1314 «Тара және таралық материалдар» шотында жүргізіледі. Сауда кәсіпорындарындағы таралардың топтамалық есебі материалды жауапты тұлғалар арқылы сандық және сомалық мағынада тұрған орны бойынша жүргізіледі.

Билет 24

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]